Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

ЗАКАШ КАМАЛИДЕНОВ ЖӘНЕ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ

    Белгілі мемлекет қайраткері Закаш Камалиденов дүниеден озар алдында, бір апта бұрын «Дорогами судьбы» атты естелік кітабын ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің мұражайына табыс етті. Бұрынғы Қазақ КСР МҚК-нің төрағасы қолтаңбасында былай депті: «Құрметті қызылордалық чекистер! Департаментте мұражай ашылды деп Абдат (Бапалақов) хабарласты. Өте дұрыс. Менің өзім көрген Алматының департаментінде мұражайда экипировка, чекистердің киім-кешектері, қару-жарақтары қойылған. Атырауда ЧК-ның бүкіл тарихы бар. Мұражайды тарихи жақсы жасауларыңа тілек айтамын. Жас офицерлер жұмысты мұражаймен танысудан бастаулары керек. Құрметпен генерал-майор Камалиденов Закаш Камалиденович. 31 қаңтар, 2017 жыл. Алматы қаласы».

Сексеннен асқан қауіпсіздік органдарының құрметті ардагері «чекист» деген ұғым, түсінік әлдеқашан келмеске кеткенін қайдан білсін. Қазіргі Ұлттық қауіпсіздік комитеті 1992 жылы 13 шілдеде құрылды. Сондықтан да мұражайдағы экспонаттар, тарихи құжаттар мен мәліметтер жаңа құрылған мемлекеттік органмен тығыз байланысты. Өзін бұрынғы ВЧК-ОГПУ-КГБ-нің мұрагері деп есептемейді. Қысқасы, Закаш Камалиденовтің аталмыш кітабы осы жолдардың авторына бұйырды.

Закаш Камалиденов 1936 жылы Атырау облысы (бұрынғы Гурьев облысы), Исатай ауданы, Орпа ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Мәскеудегі академик И.М.Губкин атындағы мұнай институтын үздік бітіреді. Бір жыл шамасы мұнай айдау өндірісінде жұмыс істеп, кейін комсомол, партия және қауіпсіздік органдарында қызмет атқарады. Алғашқы «Өмір жолдары» атты естелік кітабы «Арыс» баспасында жарыққа шықпай, белгісіз себептермен төрт-бес жылдай жатып қалады. Ақырында, 2010 жылы басылып шығып, республика бойынша лезде тарап кетеді. Автор оқырмандардың сұрауы бойынша кітапты бір жылдан кейін орыс тіліне аударған екен.

Кітап көлемді, автордың өмірі мен еңбек жолы толық қамтылған. Ұзақ жылдар бойы жоғары лауазымда қызмет атқарған тұлға ғой. Көптеген елге танымал, белгілі адамдармен бірге қоян-қолтық жұмыс істеген. Кейбір тарихи оқиғаларға куә болған. Сондықтан да, әңгімелері тың деректерінен алынған. Алайда, таңдалған тақырыпқа байланысты естеліктен Желтоқсан оқиғасына қатысы бар тұстарын ғана баян етуді жөн көрдік.

1985 жылғы сәуір айындағы КОКП ОК Пленумынан кейін республикаларда кешікпей кадрлық өзгерістер болатыны баршаға мәлім болды. Қазақстанға байланысты Мәскеу үш үміткерді басты назарда ұстады. Олар Н.Ә.Назарбаев, Е.Н.Әуелбеков және З.К.Камалиденов еді. Өзіне байланысты З.К.Камалиденов былай дейді: «1986 жылғы қараша айында мені Мәскеуге шақырды. КОКП ОК ұйымдастыру бөлімінде Мищенко қабылдап, бір тәулік бойы сөйлесті. Республикада қалыптасқан жағдайға байланысты, кадрлар құрамы жөнінде егжей-тегжейіне дейін сұрап білді. Ертеңіне ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі К.Н.Могильчен-ко қабылдады. Ол да бір тәулік бойы әңгімелесті. Әңгіме соңында: «Хотим предложить вашу кандида-туру вместо Кунаева, как смотрите? –деп, сұрады. Менде ондай ниет болған жоқ, сол себепті кәдімгідей абыржып, сасып қалдым. Бірақ лезде есімді жиып: «Я не могу принять это предложение. Во-первых, здоровье не позволяет брать на себя эту непростую ношу. Кроме того, Димаш Ахметович очень уважае-мый человек и работать на таком высоком уровне не смогу. Знаю свои возможности и способности. Обязанности секретаря немалые, если доверите, то продолжу работать в этом направлении...».

К.Н.Могильченко тыңдап болып: «На ваш взгляд, кто в республике сможет исполнять эту работу, кто справится с должностью первого руководителя? – деп сұрады. Мен: «Я знаю лишь одного человека. Это – Назарбаев Нурсултан Абишевич. Богатый опыт. Возглвляет Совет Министров. Хорошо знает экономику» дедім. Ол: «Ты подумай. Вечером примет секретарь ЦК по кадровым вопросам Разумовский, готовься» деп, қоштасты. Орталық Комитетінің хатшысымен кездестім. Сағат таңертең 8-ден 10-ға дейін әңгімелестік. Көптеген сұрақтарға жауап бердім. Ол көбінесе тыңдап отырды. Ең бастысы, ешқандай ұсыныс айтқан жоқ. Расын айтсам, мен осыған риза болдым...».

1986 жығы шілде айында КСРО Жоғарғы Кеңесінің кезекті отырысы болды. М.С.Горбачев кейбір республика және облыс басшыларын отырыс залынан шығарып алып, қабылдады. Солардың қатарында Н.Ә.Назарбаев, О.С.Мирошхин және З.К.Камалиденов болған еді. Қабылдау бөлімінде оларға бейтаныс біреу келіп: «Я – Колбин, первый секретарь Ульяновского обкома партии»,- деп, өзін таныстырды. Бұл кездейсоқ кездесу емес еді. Мұ-ның сырын кейін түсіндік...» дейді З.К.Камалиденов. Кезекті күтіп тұрғанда М.С.Горбачевтың: «Казахов в конце» деп, біреуге берген бұйрық дауысы естіледі. Осы нұсқамаға байланысты Қазақстаннан келген делегацияны М.С.Горбачев бір сағаттан кейін, ең соңынан қабылдаған. Әңгіме барысында Бас хатшы: «Продолжайте работать, не ослабляйте ритм. Димаш Ахметович выразил просьбу. Сказал, что сдадим еще один миллиард зерновых и подаст заявление в отставку» деді.

1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Орталық Комитетінің Пленумы болып өтті. КОКП Орталық Комитетінің кадр жөніндегі хатшысы Разумовский Пленумды ашып, өтініші бойынша Д.А.Қонаевтың қызметінен босатылғанын айтты. Орнына бір ауыздан Г.В.Колбин сайланды. З.Камалиденов естелігінде: «Выше я уже говорил, что в июле 1986 года он (М.С.Горбачев) познакомил нас ни с того, ни с сего с Г.В.Колбиным. О чем это говорить? Говорит о том, что за полгода вперед М.С.Горбачев задумал план, который вскоре осуществил».

Әрине, республика басшылары Д.А.Қонаевтың орнына сырттан адам келетінін сезген. «Тогда ходили разговоры, что к нам, возможно, придут Н.Е.Кручина, В.К.Месяц, В.П.Никонов» дейді З.Камалиденов. Қалай дегенде де, Бірінші хатшы болып В.Г.Колбин сайланды. Нәтижесінде, Пленумның шешіміне наразылық білдірген оқушы жастар алаңға шықты. Қақтығыс кезінде милиция қызметкерлері алаңға келген КСРО Халық әртісі Азербайжан Мамбетовті ұрып-соғып, екі қолын арқасына қайырып, Орталық партия комитетінің ғимаратына алып келеді. З.Камалиденов былай дейді: «Узнав об этом, я тут же рапорядился, чтобы его привели ко мне. Лицо Азеке было искалечено, сочилась кровь. Одежда грязная, в одном сапоге. Увидев такое, ничего кроме грубых ругательств в голову не приходит. По моему распоряжению наши сотрудники отвели его в поликлинику ЦК, расположенную в цокольном этаже здания, где ему оказали первую медицинскую помощь, одежду немногшо почистили и на машине отвезли домой». Бұл жағдайды естіген Г.В.Колбин кабинетіне З.К.Камалиденовты шақырып. «Отпустил национа-листа? Это они же все организовали», - қатты сөгеді. Осы оқиғадан кейін В.Г.Колбин оған сенімсіздік білдірген көрінеді.

З.К.Камалиденов кітабында Желтоқсан оқиғасына байланысты көпшілікке белгілі деректерді келтірген. Кезінде баспа беттерінде жарияланған Қазақстан Компартиясының ХVІ съезінде сөйлеген сөзін, 1985-1987 жылдар аралығында түрлі мінбелерден сөйлеген сөздерінің тізімі мен түсініктемелерін және парламенттік комиссияға жазбаша берген жауабын толығымен жариялаған. Сонымен қатар, бұрынғы КСРО МҚК-нің басшыларының бірі Ф.Д.Бобковтың «КГБ и власть» атты кітабынан бірталай үзінді келтірген. Әсіресе, мәскеулік чекистің мынадай сөздері З.Камалиденов-тың жанына қатты батқан секілді: «Главный его недостаток был в том, что он добиваясь поддержки ЦК КПСС, допустил грубые ошибки. Он хотел показать себя русским больше, чем сами русские. Некоторые его высказывания не могли не задеть национальные чувства казахов... Не раз беседовал с ним во время работы в КГБ, хотел уберечь его от ошибок, которые могли скомпрометировать его в глазах общественности. Однако, он слушал лишь тех, чей слух ласкали его интернационалистические речи». Ф.Д.Бобков: «Көбісі Д.А.Қонаевтың орнын осы З.Камалиденов басады деп жүрген. Өзі де «бірінші» болуға қатты ынталанып еді, бірақ өзін дұрыс ұстамады» дейді. З.Камалиденов оның бұл сөздерін жоққа шығарады. Қоғам және мемлекет қайраткері Сағидулла Құбашев өзінің «Адамның өмірі адаммен» атты кітабында: «Қазақ интеллигенциясымен, идеология жұмысымен айналасуы Зақашқа (Камалиновке) оңай болмады. Ол екі оттың ортасына түсті. Орталық Комитетте бірге қызметте болған кезде мен оның қатты қиналып жүргенін жақсы білемін» дейді.

Расын айтқанда, қолыма қалам алмай тұрып Закаш Камалиденов туралы жазылған танымал авторлардың бірқатар естеліктері мен мақалаларын оқыдым. Жалпы, өтпелі кезеңде, саяси ахуал ушығып тұрған сәтте қызмет атқарған қоғам және мемлекет қайраткерлерінің іс-әрекеттеріне баға беру оңай емес. Шындық әр кезде қымбат әрі өткір. Көкейдегі сауал сол: олар билік басында жүріп, өнегелі бола алды ма? Ерте ме, кеш пе, бұл сауалға жауапты тарих беретін болады.

Әмірхан БӘКІРҰЛЫ

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінгі күні оқушылар мамандықты қалай таңдайды?

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 59 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.