Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

ЕЛБАСЫ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДАҒЫ СЫР ЕЛІ

Жаны жарқын, көңілі дархан Сыр елі Елбасымыздың назарынан ешқашан тыс қалған емес, тәуелсіздік жылдары Президент Н.Ә.Назарбаевтың облысымызда 13 рет болғаны сөзіміздің дәлелі. Өзі айтқандай, «Сыр - Алаштың анасы» тарихына жүгінсек, бұл жерде қазақтың үш астанасы болған: Жент, Сығанақ және Қызылорда. Бұл дана Қорқыт бабамыздың, Жанқожа мен Бұхарбай сынды батырлардың, Мұстафа Шоқайдың, Сыр сүлейі Кердері мен ғұлама Тұрмағанбеттің, ақын Әбілда мен Нартайдың, тамаша жазушылар Әбдіжәміл мен Қалтайдың, тағысын тағы көптеген ардақты, дарынды перзенттердің туған өлкесі.

1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. 10-желтоқсандағы алғашқы Президентті ұлықтауға (инагурация) арналған салтанатты жиынның таңертеңгі отырысында ҚКСР - Қазақстан Республикасы деп аталынатын шешім қабылданып, кешке Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің отырысында Президент лауазымды жоғарғы мемлекеттік қызметке тағайындалды. 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң күшіне енді.

10-желтоқсандағы Президентті ұлықтау рәсіміне облыс делегациясының құрамына еніп, Н.Ә.Назарбаевтың ант беру рәсімінің куәгері болғанымды мақтанышпен еске аламын. Н.Ә.Назарбаев ҚР Ата заңына оң қолын қойып, ант беріп тұрғанда арт жақтан сахнаға ілінген құлап бара жатқан республика туын көз ілеспес шапшаңдықпен ұстап қалды. Уақыт көрсеткендей, көптеген қиындықтарды артқа тастап, барлық жағынан алғанда әлем картасынан өз орнымызды ойып алып, ант берген сағатынан бастап Елбасымыз бекем ұстаған көк байрағымыз әлемнің көптеген елдерінде мен мұндалап тұрғанының бәріміз де куәгеріміз.

1989 жылы 1 ақпанда Қызылорда қаласында Арал проблемаларына арналған республикалық кеңес өтті. Елбасымыз ол кезде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметінде еді. Н.Ә.Назарбаевтың Арал туралы шешіле сөйлегені есімде. Міне, сол бір қиын шақтан бастап Елбасымыз Аралды бір сәт есінен шығарған емес. Бүкіл әлем халқының назарын Аралға қарай бұрды. Орталық Азия елдерінің басшыларын Арал проблемасына байланысты Қызылорда қаласында кездесуге шақырды.

Бұл мәслихаттың маңыздылығына тоқталып, біздің күшіміздің бірлікте екенін, Арал тағдыры тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл дүние жүзінің қасіреті екенін, оны қазірден бастап қолға алмасақ, келешекте кеш болатынын нақты дәйектермен түйіндеді. Көп ұзамай Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық қор құрылды.

Арал үшін шарқ ұрған Елбасының талай бастамаларына куә болдық. Аралдықтарға таза ауыз су келуінің ашылу салтанатына Елбасымыз да қатысты. Ол да бір тарихта қалатын күн. Аралға келген бұлақтың суынан алғаш дәм татқан Президентіміз: - Мынадай таза да дәмді су Қазақстанда жоқ,- деген-ді. Сол таза судың рахатын қазір Арал мен Қазалының барлық елді мекендеріндегі тұрғындар көріп отыр.

Ал, 1997 жылдың 24 ақпанындағы «Арал аймағы қазақстандық бөлігінің қазбалар кен орнын игеру туралы» Президент Жарлығының шығуы Арал өңіріне соны серпін әкелгеніне ешкім дау айта алмас.

2015 жылы Мемлекет басшысы Қызылорда облысында жұмыс сапарының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Индустрияландыру аясында облыста ірі кәсіпорындар іске қосылатын болды, соның ішінде бүкіл Қазақстанды өз өнімімен қамтамасыз ете алатын әйнек зауыты да бар. Жалпы, елдің барлық өңірінің ахуалы жақсарды, олардың бәрі Елордаға қарап бой түзеуде, - деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ, осы сапарында рекордтық көлемде күріш жинаған жергілікті диқандарды құттықтады.

Мемлекет басшысы Сыр бойындағы экологиялық апаттан зардап шеккен халықты қат-қабат қасіреттен құтқаруды екінші кезекке ысырып қоймады. Ғасырдың ғажайып жобасы Елбасының Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу» жобасы (САРАТС) дүниеге келді. Қазақстанның Дүниежүзілік Банкпен ынтымақтастығына негіз қаланды. Теңізді бөліп тұратын 14 шақырым Көкарал бөгеті тұрғызылып, Ақлақ су тоспасы салынды. Сырдария өзенінің арнасы реттеліп, Қараөзек, Әйтек тоспалары қайта жаңғыртылды. Кіші Арал суы бұрынғы жағалауына жетіп, теңіз акваториясы бес есе ұлғайды. Аймақтың ауа райы өзгеріп, климаттың табиғи болмысы қалыптасты. Ауданда балық шаруашылығы өркендеп, балықшылар ата кәсібіне қайта оралды. Жағалаудағы елді мекендердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарды. Қазіргі таңда Аралда бұрынғы кеңес заманында салынбаған жаңа технологиялы балық зауыттары жұмыс істейді.

Сыр өңірі үшін маңызы аса зор ғасырдың ғажайып «САРАТС» жобасының алғашқы нәтижелерімен танысқан Нұрсұлтан Назарбаев оның екінші кезеңін жалғастыруға тапсырма берді. Қасиетті Арал топырағында тұрып, «Мен Аралға көмектессем деген арманыма жеткеніме қуаныштымын» деген сөзі халық жадында мәңгі қалды. Теңіздің оралуы туралы әлемдік ақпарат құралдары жарыса жазып, табиғи апат салдарын жоюдың осынау үлгісіне таңдай қақты. Қазіргі таңда «САРАТС-2» жобасын жүзеге асыруды бастау қолға алынуда. Мамандардың талқысынан өткен, қабылданған шешімдер бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан ел ежелден бері Жер-анадан ризығын теріп келеді. Қайсыбір жылдары қыс айларында арнасы толған дария асау мінез көрсетіп, қала іргесіндегі мекендер мен саяжайларды су басып қалды. Арнасына сыймай жатқан өзеннің суы егістікке керек кезде тапшылық етті. Бұл күрделі мәселенің де шешімін Елбасы айтты. Ол Оңтүстік Қазақстанның аумағынан Көксарай су реттегішін салу идеясы еді. Су реттегіші пайдалануға берілгеннен кейін қыс соңында судан құтыла алмай, көктемде су таба алмай қиналатын еңбекшілердің уайымы азайды. Қазір Көксарай су реттегіші дарияның төменгі ағысындағы елдің игілігіне жарап тұр.

Экономикалық құрылымы жағынан жылдар бойына аграрлық аймақ болған Сыр өңірі тәуелсіздік алған мұнайлы аймаққа айналды. Елбасының тікелей тапсырмасымен жылдық мерзімі аяқталған Құмкөл жерін әлі де біздің облыстың еншісіне қалдыра тұруға шешім қабылданды. Қазақтың дархан даласының, қойнауы қазынаға толы жерінің байлығы баршаға ортақ. Ширек ғасырдан астам уақыт бұрын мұнайшылық кәсіпті игерген сырбойылықтар бүгінде Елбасының осы шешімінің пайдасын көріп отыр.

Қызылорда халқы кеніштерде есепсіз жанып жатқан ілеспе газды жылдар бойы тұтына алмады. Қисапсыз байлық босқа жанып жатқанда қала халқы құны аспандап тұрған отын мен көмірді пайдалануға мәжбүр болды. Елдің қамын ойлайтын Елбасы бұл істе де бастамашылық танытып, Қызылорда қаласын газдандыру жобасына қыруар қаржы бөлгізді. Жыл сайынғы Жолдауларында газдандыруды аяқтау туралы Үкіметке тапсырма берді. Міне, осының арқасында облыс орталығы мен аудандар арзан көгілдір отынның игілігін молынан көріп отыр.

Қаржы бөлініп, техникалық-экономикалық негіздемесі Елбасы назарында болған, аяқталған «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралі Сыр елінің әлеуетінің артуына қызмет етуде. Қытай мен Еуропаны жалғастыратын транзиттік дәліздің 800 шақырымынан астамы Қызылорда облысынан өтеді. Президент бастамасымен қолға алынған бұл ұлы жол облыстың барлық аудандарын басып өтіп, өн бойында көптеген инфрақұрылымдық нысандар іске қосылды. Нәтижесінде көптеген адамдар үшін жұмыс орындары ашылды.

Сырбойылықтар облыстардың мәдени күндерін өткізудің бастамашысы болғанын мақтан етеміз. 1996 жылдың 6-қарашасында 1-ші рет Алматыда Қызылорда облысының мәдениет пен өнер күндері Тәуелсіздіктің 5 жылдығына орай өтті. Онда да Елбасымыз ризашылық сезіммен қызылордалықтарды барып құттықтады. Кейінгі жылдары Астанада өткен біздің облыстың мәдени күндеріне Елбасымыз өзі келіп, құттықтауды әдетіне айналдырған. Сыр елі халқын оған жақындата түсудің тұрақты тетігіне айналдырғаны ерекше сезімге бөлейді.

«Тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткен табыстарымызды Қызылорда облысының мысалынан көруге болады» деген Елбасының қадап айтқан сөзі Сыр халқының еселі еңбегінің бағасы деп түсінеміз, өңір басшысы Қ.Көшербаев ініміздің Ұлт Көшбасшысының сенімінен шыққаны деп қабылдаймыз.

Иә, Президентімізбен 5 рет жүздескенімді, оның екеуінде де оның алдында сөйлегенімді мақтанышпен еске аламын. Студенттеріме, ұл-қыздарыма, немерелеріме осы болған жайттарды тебірене айтып отырамын.

Қазбай Құдайбергенов,

Қорқыт ата атындағы

 

ҚМУ профессоры

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 76 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.