Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

БАТАҚТЫҢ САРЫСЫ

Иә, әр заманның, әр қоғамның өз бұлбұлы, өз сұрқылтайы болатыны бесенеден белгілі. Әрине, олардың баршасы бүгінгі күнге түп-түгел тұяқ іліктірген жоқ. Тарих шаң-тозаңында көбісінің есімі жоғалып кетті. Біздегі халық әндерінің бір заманда авторлары болғаны ақиқат. Бірақ уақыт өте келе олардың аты жаппай ұмытылып, шығармалары халықтың өлмес, өшпес меншігіне айналды. Шынында, тарих әділ таразы. Уақыт шөміші тарих қазанын сапырғанда көбіктері басылып, саф алтындары түбінде қалады. Енді соны тәуелсіздік кезеңі алашқа әйгілеп жатқан жайы бар. Соның бірі - жерлесіміз, Құланды түбегінде қамшының сабындай, қысқы ғұмыр кешкен, әйгілі, бірақ есімі ел арасында белгісіздеу өнер иесі Батақтың Сарысы. Кешегі кеңестік, бүгінгі тәуелсіз қоғамның тұсында да осынау айтулы өнер иесі туралы әрі сарас, әрі сараң айтылып жүргені аян. Біз осы олқылықтың оялы орнын аз да болса түгендеу мақсатында қалам тербеп отырмыз.

Бұрын да, қазір де оқта-текте Қазақ радиосы арқылы Сарының сағынышқа, мұңға толы ғұмырбаяндық әйгілі әні шырқалып жүр. Әзірге ғана қанағат. Осыдан 77 жыл бұрын "әйгілі академик, композитор Ахмет Жұбанов "Сары" атты көлемді музыкалық шығарма жазыпты" дегенді ілгеріде баспасөзден оқығанымыз бар еді. Соған қарағанда, шын алтынды замана шаң-тозаңы қаншама уақыт өтсе де бүркей алмайды екен. Осындайда ғой қазақтың: "Су түбінде жатқан тас жел толқытса шығады, ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады" дейтіні. Соның кезеңі енді келе жатқан сыңайлы.

 

Шын мәнінде Батақтың Сарысы деген өнер иесі кім? Кім болған, қай кезеңде өмір кешкен адам? Біз бұл сауалға жауапты толық болмаса да, 1985 жылы "Жазушы" баспасынан жарық көрген "Бес ғасыр жырлайды" атты үш томдық антологияның 103-110 беттерінен тауып алдық. Онда Сарының ғұмырбаяны төмендегіше баяндалады: "Сары Батақұлы 1863 жылы қазіргі Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында (бұл аумақтың Арал теңізінің батыс жағындағы Құланды түбегі Арал ауданына қарайтынын оқырман қауым жақсы біледі) туған. Жасынан ән салуға әуестеніп, ел арасында "Әнші бала" атанған. Ол әндері арқылы өз заманындағы әділетсіздік пен озбырлықты әшкерелейді. Үстем тап өкілдерінің қуғындауымен Ырғыз, Орынбор, Орск түрмелерінде болады. Орск түрмесіндегі тұтқындарды Сібірге айдап бара жатқан патша жендеттері "қашайын дегенде атып тастадық" деп жалған акті жасайды да, Орскінің солтүстік жағындағы Шиелісай деген жерде 1895 жылы Сарыны сотсыз атып өлтіреді. Оның "Қыз Қосан", "Дариға", "Әридау", "Дүния", "Сарының Сібірге айдалып бара жатқандағы әні", "Туған ел" сияқты әндері адамның жан-дүниесін, ой-арманын, қиял-сезімін қозғайды. 1940 жылы академик Ахмет Жұбанов "Сары" атты музыкалық пьеса жазды. Сарының әні "Аманкелді" көркем фильміне пайдаланылды".

Заманында Ресей патшалығының отаршылдығына, оның жергілікті жердегі жандайшаптарына қарсы күрескен Сарының нәзік лиризмге, сағынышын мұңға ораған әуезді ән-жырларының кейбірі уақыт тезінен аман-сау өтіп, бізге жетті. Осының өзінен көп нәрсені аңғаруға болады. Біріншіден, Сары патшаның билікке қасқайып қарсы тұрған, өзі "итжеккенге" (Сібірге) айдалып кетіп бара жатып халқының мұң-зарын "Сарының әні" атты шығармасы арқылы жалпақ қазақ даласына жеткізген күрескер әнші. Екіншіден, елдегі айдай сұлу Қосан атты аруға ғашық Сарының бүкіл өнерпаздық болмысы "Қыз Қосан" атты әнінің жыр жолдарынан қолмен ұстағандай айқын көрінеді.

Әнші Сарының келесі бір әнінде мынадай жолдар бар:

Баласы мен, Батақтың атым Достан,

Достанға бата алмаған ешбір дұшпан.

Тапсырдым жолыққанша бір Құдайға,

Хош сау бол, жолыққанша жаным Қосан.

Сарының осы жыр жолдарынан оның шын есімі Достан екенін, ал Сары деген атты еркелетіп, не жеңгелері, не түр-түсіне қарап ел азаматтары еншілеген болса керек. Ендеше, біз әңгімелеп отырған Сарыны да ел намысын қуған ер жүрек жігіт, асқақ рухты әнші деп бағалағанымыз жөн шығар. Оның адами биік қасиетін, күрескерлік сипатын сол замандағы билік иелеріне мына тұрғыда баян еткенінен білуге болады:

Емес қой дәреже, ақыл бәрі бірдей,

Мырзағұл іс қылады әлін білмей.

Қантөгіс болып қалды кәдімгідей.

Басында Бақсыкөлдің Есенаман,

Таяқтан өліп кетті Сәлімгерей.

Ағаңның кегін қуып жоқтаймын деп,

Жаланың жаптың Шолан, бәрін бірдей.

Иә, "жаптым жала, жақтым күйе" талай адал адамды нақақтан нақақ кірлеткені белгілі. Сол күйге түскен Сары әнші мейманасы тасыған Мырзағұл болыстың жағымсыз әдеттерін, жебірлігін жіпке тізгендей етіп, өзінің ән арқауына айналдырды. Сонан барып Сары қудалауға түседі. Қолында билігі бар, бірақ жан сарайы таяз, көзінің еті өскен болыс Сарының үстінен хаттап, қаралап Сібірге айдату қамына кіріседі. Әлеңкедей жаланған жанындағы жағымпаз жандайшаптары Мырзағұл болыстың бопсалауымен азаттық аңсаған Сарыны әуелі Жармоланың абақтысына айдатады. Ен далада еркін тіршілік кешкен, сол даланың лүп-лүп ескен ерке самал желіне бетін сүйгізіп өскен қазақ баласына "абақты" деген ұғым беймәлім болатын. Сол абақтының (қазақтар патшалық қоғамның тұсында оны "қараңғы үй" деп те атаған екен) қандаласына таланып, асты сыз, үсті сыз тас үйінде әнші Сары, сері Сары айлап-жылдап жатады. Осы кезеңді ол төмендегіше жырлайды:

Баласы мен Батақтың атым Сары,

Дейтұғын Сары, Сары жұрттың бәрі.

Он екі ай абақтыда жатқанымда,

Қара шай бір қайнатым болды дәрі.

Баласы мен Батақтың, атым - батыр,

Шайнаймын қара нанды қатыр-қатыр.

Жатқанда Жармоланың түрмесінде,

Тұсыма екі келді губернатор.

Тағдыры торға түскен торғайдай болған есіл әншінің осы жолдарынан оның тегін азамат, осал талант иесі болмағанын көруге болады. Әйтпесе, "ту" деген түкірігі жерге түспей тұрған орыс патшасының губернаторы қазақ даласының қиыр шетіндегі Арал теңізінің Құланды түбегінен түрмеге айдалып келген, аяқ-қолы кісендеулі бейшара тұтқынға не күні түсіп тұр? Неге бір емес, екі рет келеді? Бәлкім, дабысы жер жарған губернатор түрме бастықтарынан Сарының әнші, өнер адамы екенін есітті ме, әлде тас түрменің қабырғасын қақыратып өзінің атақты "Сарының әнін" әуелете шырқаған әншінің далаға тән даңғайыр дауысын құлағы шалды ма?

Сол замандағы Ресей патша сарайының маңайындағы ақсүйектердің бәрі зиялы қауым өкілдері екені тарихтан белгілі. Ал, олардың тіпті патшаға қарсы төңкеріс ұйымдастыруға ұмтылған атақты декабристерге іш тартқаны аян. Мынау Азияның жалпақ даласындағы Жармола абақтасында айлап, жылдап жаралы арыстандай аласұрып жатқан Батақтың Сарысының сағынышқа, мұң-зарға толы әуелеген әніне губернатор неліктен іңкәр болды екен? Не де болса атынан ат түгілі, сол кездегі аймақ үркетін губернатор Сарының тұсындағы темір торлы терезеге екі рет бекерге келмеген болар.

Сарының "Сарының әні" атты жоғарыдағы әнінде Құланды түбегіндегі, оның маңайындағы жер-су атаулары арада бір жарым ғасыр уақыт өтсе де, сол баяғы күйінде жаңғырып жатыр. Ескірмеген, өзгермеген. Құлағыңа жиі-жиі естіледі. Мысалы, әншінің әйгілі әнінің алтын арқауы, өшпес өзегіне айналған "Ұлықұм", "Бақсы көл", "Қасқажол", "Қаратамақ" сияқты жер атаулары сол өңірде әлі бар.

Басы еді Ұлықұмның Қарашолақ,

Аяғы көрінеді Қаратамақ.

Суаттан мың жылқы ішкен айдын көлдей,

Ортада отырушы еді Тілеу-Қабақ.

Екібастан осы өлеңнің өзегінде өрілген Тілеу-Қабақ руы - Алты ата Әлімнің ішіндегі аты шулы тайпа. Бұл тайпадан атақты батыр да, от ауызды, орақ тілді шешен де, ел бастаған көсем де көп шыққан. Айтпақшы, осы арада айта кететін бір жәйт, бұл рудың атымен белгілі халық әні аталатынын айта кеткен жөн шығар.

Әрине, кезінде Батақтың Сарысының Арал теңізінің жоғарыдағы әйгілі түбегінде кіндік қаны тамғаны аян. Тап осы ауылда ержетіп, ат арқасына мінген күрескер әнші-композитордың өле-өлгенше жергілікті зорлықшыл үстем тап өкілдерімен жаудай жағаласып өткені және мәлім. Би-болыстарға басын имей, ырқына көнбей нағыз дала Робин Гудіндей қасқайып, патшалық қоғамға қарсы тұрған Сарының өмірі өнегелі өмір дер едім.

Қолымыздағы жоғарыда тілге тиек еткен үш томдықтың үшінші томына енген Сарының өлеңдерінен қазаққа тән кеңдік, паңдық, серілік сияқты қанға сіңген қасиеттер көзге ұрып тұр. Мысалы, 107-беттегі мына жыр жолдарынан Сарының өзінің салқамдығы, серілігі көрініп тұрған жоқ па?!

Үш жылым үш сағаттай енді міне,

Көргенде Сары серің туған жерін...

Осындағы Сары серің дегеніне қарап, әншінің Сырдың суы сирағынан келмейтінін, серілікпен, салдықпен өмір кешкенін көруге болады.

Қазақта "батыр әңгүдік, ақын аңқау" деген баяғыдан келе жатқан сөз бар. Ауылдағы кісі өліміне байланысты өзінің пұшайман халге түскенін, кісіге сенгіштігінен көргенін ол айдауға кетіп бара жатып былай дейді:

Дариға, торға түстім сенгенімнен,

Патшаға арыз айта келгенімнен.

Қор болды қайран басым, енді айла жоқ,

Сөзіне залымдардың ергенімнен...

Тіпті өзін абақтыға айдатқан залым Мырзағұл болысқа кіжініп:

Баласы мен Батақтың атым Сары,

Дейтұғын Сары, Сары жұрттың бәрі.

Мырзағұл аянбай-ақ түсті соңға,

Оның да мендей болсын балалары,- дейді.

Мынау бір жалған дүниеде бар болғаны отыз екі жыл жасап, арамыздан бейқапыл кеткен әнші-композитордың тегі Алты ата Әлімнің ішінде Тілеу руынан, оның ішінде Тәңірберген, одан Дастанның Қызай тайпасынан тарайды. Зерттеушілердің пайымдауынша, Сары ірі денелі, кең жауырынды, батыр тұлғалы, қыр мұрынды, қызыл шырайлы, көрікті адам болыпты. Жас кезінен атқа мініп, аң аулап, жаңа айтқанымыздай, өмірін беріректе, айдауға кеткенше серілікпен өткізген жігіт. Ал, мұндай жанның ауылдасы Қосан сұлу сияқты аруға ғашық болмауы мүмкін бе? Әрине, мүмкін емес.

Әншінің екі өлеңінің бірінде осы Қосан сұлу туралы айтылады. Біз енді осыдан оншақты жыл бұрын өмірден өткен ақтөбелік журналист Манасбай Оралбаевтың "Ескі сөз - ел мұрасы" атты деректі кітабындағы "Батақтың Сарысы мен қыз Қосанның ұрпақтары" атты зерттеу мақаласына тоқталайық. Онда Қыз Қосан жөнінде былай дейді: "Қабақ руынан шыққан Қосан сұлу - Сидақ атты кісінің қызы. Сарының Орынборға айдалатынын естіген Қосан сұлу оны артынан іздеп келеді. Бірақ, қос ғашықты патша солдаттары кездестірмейді. Сонда сүйгенін алыстан көрген Сары бар даусымен соңғы рет Қосан туралы ғашықтық әнін шырқайды. Сүйгенінен тірідей айырылған қыз Қосан екі көзінен қанды жасы парлап артында қала береді.

Сары айдалып кеткеннен кейін Қосан өзінің бұрынғы атастырылып қойған жеріне ұза­тылады. Қосанның Раманқұл, Ахметәли, Құтпан атты үш ұлы мен Алқа атты жалғыз қызының ұрпақтары қазір Ақтөбе облысы Шалқар ауданында тұрып жатқан көрінеді.

Бар болғаны 32 жыл ғұмыр кешіп, артына "Қыз Қосан", "Сарының әні", "Дариға", "Әридау", "Дүния", "Сарының Сібірге айдалып бара жатқандағы әні", "Туған ел" т.б тамаша әндерін өлмес мұра етіп қалдырған әнші-композитор Батақұлы Сарының туғанына 2013 жылы 150 жыл толған еді. Бірақ, бұл мерейтой кезінде аталмай қалғаны мәлім.

Жалпы Сары туралы жан-жақты тереңірек зерттеп оның шығармашылық жолдарын тәуелсіз еліміздің бүгінгі ұрпағына табыс ету келелі іс. Сондықтан осыны бір сәттен естен шығармайық.

Толыбай АБЫЛАЕВ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.