Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

ӨНЕРЛІ ХАЛЫҚТЫҢ ӨРКЕНІ ЕДІ

Елбасы Н.Назарбаев "Ұлы Дала ұлағаттары" ең­бе­гінде: "Мемлекеттің дамуы рухани әлемнің дамуы­мен тікелей сабақтас. Адамның эстетикалық және эти­калық талғамы қатар өс­кен жағдайда ғана, елдің де зерде зейіні толы­ғып, қоғамның моральдық келбе­ті кемелдене тү­седі. Мәдениет қайраткерлерінің ар таза­лығы мен жан тазалығы алдыңғы орынға шы­ғады. Өнер сонда ғана қанатын кеңге жаяды" деген бо­ла­тын. Өнер - халықтың сарқылмайтын рухани қа­зы­насы. Қайбір өнердің болмасын өзе­гінде ұлттық рух жатпаса, ол ұлтымыздың ұлы қазынасына қосы­ла алмайды. Өнерлінің еңсе­сі биік, бәсі жоғары екені дау­сыз. Сыр өңі­рінде әлемдік көрмелерде Ұлы Дала­ның ғажа­йып сырларын өрнектеп, ұлттық рухани қазы­намызды байытып өз табынушыларын тапқан бей­нелеу және кескіндеме өнерінің өкіл­дері, тасқа жан бітіріп, темірден түйін түй­ген саңлақ сәулет­ші­лердің шынайы шығарма­лары жетерлік.

2015 жылдың қоңыр күзі. Республика­мыз­дың жер-жерінен жоғары оқу орындары оқы­тушылары білікті арттыру мақсатында Алматы қаласына бар­дық. Өскеменнен екі жігіт ағасы біздермен бірге бол­ды. Жөн сұрастық. Мен қызылордалық екенімді, олар өр Алтайдан келгендерін айтты. Алғашқы сұра­ған­дары "Мамақова Өркенді білесіз бе?"-деді. Мен ол кісі­ні жақсы білетінімді, тіпті меншіктеп Сыр елі­нің өнер қайраткері суретші ағайым Айтбаев Бақыт­бек­тің досы болғандығын және жуық арада Өркеннің өмір­ден озғандығын айттым. Екі жігіттің бірі: "Ол та­лантты суретші болатын, оң қолынан өнері тамған өнер­дің иесі еді. Өскеменімнің өнерлі Өркені еді",- деп кө­зі­не жас алды. Туған жеріне, ол жігіт ағасының өн­ер иелеріне деген тағзымын, құрметін көріп, "көк түр­кі­лер кіндігінен тараған барша ұл-оғ­лан­дар осы­лар­дай болсайшы" дедім.

Өркен Мамақова өмірден озғанда А.Тоқма­ған­бе­тов атындағы мәдениет үйінде қоштасу болған­ды­­ғын білемін. Туған ағайым Б.Айтбаев ол кезде Қазақстан Суретшілер одағының Қызы­­лорда облы­сын­­дағы филиалын басқарды. Қош­тасу митингісінде Бәкең­нің де қатты қай­ғыр­ғанын көргенмін. Қазақ әйелі Өркен апа­мыз­дың тағдыры, ұлттық көркем­су­рет сала­сындағы орны қандай болды, елінің азама­ты мен ағам қайғысының сыры неде деген сұрақ­тар санамда жазулы тұрды. Жалпы, мені неге ек­е­ні өзі­ме де белгісіз қыл қалам шеберле­рінің сырлы әле­мі, жұмбақ әлемі үнемі өзіне тар­тып тұрады.

Тапсырма десем де болады, өтініш десем де дұ­рыс суретші өмірі мен оның шығарма­лары жайлы бі­луіме, бірнәрсе жазуыма ықпал ету­ші Бақытбек ағай­ым: "Айман-ау, ән салатын бар әншіні ел біледі. Сал­ған әндеріне түсінсін, түсін­бесін бас шұлғып ба­ра жатқандарды кө­ріп, біреулерін тіпті аяп та кетем. Не­ге ғалым­дар мен суретшілерді ел білмеуге тиіс? Сен ме­нің көркемөнердегі шын мойындаған досым­ның бірі Өркен Қабыкенқызы жайлы да жа­зып көре­сің бе?" деп көңілдегі көмулі жат­қан дүниеге қозғау са­лып, Ө.Қабікенқызының суреттер топтамасын "Әлем­мен тілдесу" атты жи­нақ­ты ұстатты. "Шын­дық­ты айтсаң ғана жаза­­мын. Өзіңіз соншалықты неге Өркенді жақсы көрдіңіз, сыры неде?"- дедім. Бәкең (Б.Айтбаев): Біздер, Өркенмен бір шебер­хана­да жұмыс жасайтын ер-азаматтар адам ретін­дегі оның ерекше болмысына қызыға қарай­тынбыз. Сөз­ге сараң, кез келгенге сыр ақ­тара қоймайтын Өркен өз кәсібінің шын ма­маны еді. Көз сұлулық пен сұм­пайы­лықты қа­тар көруге жаралған ғой. Әйелдің тым та­лантты бо­луы - қасірет. Ол барынша талантты бо­ла­­тын. Оның талантын, шығармашылық шебер­лігін, өнер бағындағы келбетін біріміз мойын­дасақ, бірі­міз­дің кегежеміз кері тартқаны да рас болатын. Өнер­дегі бәсекелестік іштарлық пен қызғаншақ­тық­қа бой алдырмаған дұрыс қой. Мұндай дерттің өнер са­ла­сында көбірек кез­де­сіп қалатыны шындық. Де­ген­мен, Алла тағаланың дәрменімен көкірегіне да­рын сәу­лесі берілген жанның түбінде жарыққа шыға­ты­ны хақ. Өркен Қабікенқызы - адал еңбегінің арқа­сын­да биікке көтерілген өнер иесі. Мен Өркеннің өне­ріне ғашық адаммын. Бір ғана өкінішім: бұл пәниден өтер­ден бір жұма бұрын ғана "Бақыт сені туған же­рі­ме апарам, менің елімді көріп, кім екенімді сонда та­ни­сың" деген сөзі болатын. Бірақ, бұл соңғы сөзі еке­­нін білмедім. Озсаң өнеріңмен оз, талантыңмен та­ныл, дарыныңмен даралан деген. Өркен Қабікенқызы өз соқпағымен жүріп, өнердегі ор­нын тап­қан жан. Өркен - қазақ көркемсурет өнерінің тө­рінде тұруға тиіс". Ағайымның осы айтылған ойла­ры­ның бедері Өркеннің "Шабыт" шығармасында кесте­ленгендей. Суретші "Шабытта" құстай ұшып, жұл­дыздай ағып бара жатқан жылқымен жарыса шап­қан қазақ қызы мен жігіттерінің бейнесін бедер­леген. Шабыт -жалқаулардың үйіне бас сұқпайтын ару­мен теңестірілген ғой. Шабыт - тек іздеген адам­ға ғана кезігетін қонақ. Жалқау адамда шабыт бола ма? Шабыт-шығармашылықтың нақты құралы, сүйіс­пен­­шіліктің дәнекері, ұзақ өмірдің арқа­уы. Фариза ақын: "Әйел заты қаншама құс қанат жүйрік бол­сын, Құртқа анамыздай парасат пен са­быр, ақыл ие­сі болсын еркек атаулы оны мойын­да­ғысы кел­мей­ді. Жаратушы о баста ер­кек­терді үс­темдік етуші, әйел­ді мойындамау үшін жа­рат­­қан. Бұған оларды кі­­нә­­лауға да бол­май­ды, бұл олардың еркінен тыс қа­сиет. Екін­шіден өнер адамдарында такәппарлық пен іш­­­тар­лық, мен­­мендік болады. Ол сезім өнер ие­сін ай­­ға ұмтыл­дыратын фактор. Бұл жөнінінде оларды бәй­­ге аттарымен салыстыруға болады" дей­ді. Егер сол суретті көрсеңіз, Жаратқан ие­міз бер­ген талант­тың, зор шабыттың арқасында өн­ер бәй­ге­сіне түс­кен қазақ қызының "Жайсаң­дар­ды қашан да жақын құрт­­қан//Мен тілеймін: күң­кіл мен ұсақтықтан /сақ­та­ғай­сың деп да­лам­­­ның жігіттерін" деген жүрек дүр­сілін есті­гендей күй кешесіз. Егер бұл мақаланы Сыр­­­дың қыл қалам шеберлері оқитын болса, менің ойым­­мен келісуі де келіспеуі де мүмкін. "Ша­быт" по­­лот­насы жайлы бұл менің жеке пікірім.

Мен Сыр елінің Өркені деп меншіктеген та­ны­мал суретші Өркен Қабыкенқызы - Өске­мен өлкесі­нің перзенті. 1953 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ше­монайха селосында дүние­ге келген. Балдан тәтті ба­ла­лық шағы да, алаң­­сыз, армансыз ойнаған жас­тық кезі де сон­да өткен. Өркен салған өрнектердегі қа­зақ елі­нің тарихы, табиғаты, тіршілік-тынысы  ше­жіре де­се де болғандай. Түркі әлемінің ғұламасы әл-Фараби: "Ағаштың өсіп жетілуін, жемісіне қа­рап ба­ға­лайды"деген. "Көзден кетсе де, кө­ңіл­ден кетпес" де­ген­дей Өркендей қыл қалам шебе­рінің еңбегіне, ала­сұрған арманына куә бол­ған суретшілер қауымы, за­­ман­дастары оны бір сәт ұмытқан емес. "Ерен ең­бек үшін" меда­лінің иегері, "Жігер" сыйлығының лау­ре­а­ты, ҚР Прези­дентінің стипендиаты, ҚР Сурет­ші­­лер ода­ғының мүшесі Мамақова Өркен Қабык­ен­қызы Қазақстан өнерінің даму жолында өзінің шы­ғар­­машылығымен халық ықыласына бө­лен­ген су­рет­­­шілердің бірі және бірегейі. Біре­гейі дейтініміз қай за­­манда да әйел сурет­шілер сирек кездескен, сау­сақ­пен санарлық­тай. Атап айтар болсақ А.Ғалым­баева, Г.Исмайы­лова, Г.Маханбетова, Ли Камилла т.б. Сурет­шіге шығармашылық жолында жанқияр­лық қажет. Бұл қасиет Өркенде жетіп арты­ла­тын. Шабыт келгенде дүниедегінің бәрін ұмы­та­тын. Егер жалыны күшті болса, суреткер жан тебі­рен­­тер­лік картина жасайды, өйткені шығар­ма тек ақыл мен байқағыштықты ғана емес, жү­­рек жы­луымен іске шексіз берілуден тұра­тын­дығын оның нә­зік жүрегі әлдеқашан-ақ сез­ген. Сондықтан да осы өнер жолында ол барын салды. Іште қамалған сыр­ды, көз тоймас таби­ғат ғажайыптарын, ежелгі көш­пен­ділер өмірін, заман көшін қыл қаламмен өрнек­теді.

Халық суретшісі, профессор Е.Мергенов Өр­кен Қабыкенқызының өнер жолындағы же­ті­луі, оның же­місі жайлы: "Өркен Қабы­кен­қызы - қызықты сурет­ші. Бар өмірін кескін­деме өнеріне арнады. Ол соны­мен бірге ана ре­тін­де, әйел қайраткер ретінде де та­ныл­ды. Бір­неше жыл Қазақстан Суретшілер ода­ғының Қызы­лорда облысындағы филиалын бас­қар­ды. Сурет­ші ретінде ол қол жеткізген жетіс­тікте­рі­­мен тоқталып қалмай, үнемі ізденіс үстінде бол­ды. Бұл жеке адам үшін де, жалпы өнер үшін де маңызды. Бұл мамандық өнерге жан тәніңмен қызмет етуді та­лап етеді, тіпті тұр­мыс, отбасы, жеке бастың қамы да екінші план­­ға кетіп, адамдарға өзіңді толқытып жүр­­ген, үндемей қалуға рұқсат бермейтін нәрсе­лер­ді көруге, іштегі сырды сыртқа шығаруға тырысу­шылық негізгі мақсат болып тұрады" десе, өнерта­ну­шы, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұра­жайы­ның "Қазақстан бейнелеу өнері" ҒО жетекшісі Л.Камилла "Мама­қова Өркен әлі жап-жас үлбіреген ша­ғында жұбайының соңынан Қызылорда қаласына кө­шіп, мүлде басқа жиһанға, басқа стихиялар - алтын құм­ды топырақ билеген, Сырдарияның сарғыш суы, тағ­дыры қайғылы Аралдың сұрғылт толқындары жә­не осының бәрінің төбесінде жазғы аптап ыстығында дірілдеген, қыстың шытынаған сары ая­зын­да ызғарланған ауаға айналаны толықтырып ұр­ған көз жеткізсіз көгілдір аспан орнаған шексіз кеңіс­тік өлкесіне келгендей болды. Аңыз бойын­ша осы өл­­кеде, Сырдария жағалауында түркі бақсыларының ата­сы Қорқыт ата сыйға тартқан қобыз үнін Арал тол­қындары бірінші болып естіген деседі. Сыр же­рінің табиғаты мен қиялдарының айбарлы поэтикасы Өр­кеннің кескіндемелік полотноларынан мәңгі тұ­рақты орын алған" деп таңданыс білдіреді. Кәріс қы­зы Ли Камилла Өркен және келін болып түскен киелі ме­кен Сыр өңірі турасында сөзбен сурет салып та­с­таған. Бақытын Сұлу сыр­дың бойынан тапқан Өр­кен­ге өнер бағын да осы өлкеден бұйыртуы Жа­рат­қанның құді­реті. Циклды суреттер топтамасының бір маз­мұ­ны - қасиетті Қызылорда өлкесі. Циклдық топ­­тама түркі әлемінің абызы, жырау, күйші-қо­быз­шы Қорқыт бабаға арналған "Абыз" полотносымен бас­талуында да мән жатыр. Егемендікке қол жетіп, өзі­нің өткеніне көз жібере бастаған қазақ халқы үшін Қорқыт баба баршамыздың рухани болмысы­мыз­дың алтын арқауы. Қорқыт ата бейнесі көк түсті гам­ма аясында, күңгірт, қанық реңдерден бастап ақ­шыл, мөл­дір түстермен жалғасқан кеңістік фо­нын­да ерек­ше­леніп, монументальды түрде көрсетілген. Абыз бей­несі осы циклдың басқа да барлық жұмыс­та­рының өзіндік бір камер­то­ны болып, бұл шығармада ми­фология­лық бей­неге айналады. Өнер бағын бап­тап күткен көрікті ұлттың рухы асқақ, бағы барда  тұ­ғыр­дан түсуі жоқ. Өйткені өнер бағы Алла­ның нұ­ры, рухани нәрі. Рухани қорексіз табиғи тір­шілік тұл. Жаһан­­дану заманында, ғасырлар тоғы­сында әр ұлт өзі­нің өнер бағынан, ұлттық болмысынан айырылып қал­мауға тиіс.

ҚР еңбегі сіңген қайраткер, профессор Б.Өмір­беков­тің: "Өркен Мамақова тумысынан реңші (коло­рист). Онысы ертеректе салған ауыл өміріне арнал­ған жұмыстарынан таныс. Олар ерекше поэзияға то­лы, күрделі бояу құры­­лымы Борис Мусатов, Павел Куз­нецов­тың полотноларын еске түсіреді. Жұмыста­ры­ның композициялық және колористикалық ше­ші­мінің тұтастығы, кескін­деме кеңістігінің ұйымдас­ты­­ру мәдениеті көз тартады. Өркеннің шығар­машы­лы­ғының дамуы қашанда оның туған өлкесімен, қор­шаған ортасын қалай қа­был­­дай­тынымен, оның өмір­ге, шығармашы­лығына деген шынайы да адал көңіл­мен бай­ланысты болғандығымен деп ойлаймын. Оның қайбір суретінен қазақтың иісі шығып тұрады" де­ген бағамы Ө.Мамақованың Қазақстанның ұлт­тық  сурет өнеріне зор үлес қосқан  суретші екендігін ай­ғақтағандай.

Шынында да ол сананың нәзік сілкінісі, көңіл­дің көк­темдей төңкерісі арқылы өз кескіндемелерінде қазақ жұртының ой-санасына жақын құбылыстар­ды, тұрмыс-тіршілігін, өткен тарихын бедерледі. "Ымырт", "Сәйгүлік", "Тыныштық" туындыларында жыл­­қы малының қазақ тіршілігіндегі мәнін кес­кін­дейді. Жылқы -қазақ халқы үшін тіршіліктің нақ өзі, ен дәулеттің белгісі. Төрт түліктің ең асы­лы. Арғы­мақ үстінен дүние шіркін сұлу көрі­неді, ер-тоқымын кү­міс­теп, үзеңгіні шіреп отырғанда қазақ кімнен кім еді? Жылқыдан айырылса қазақ үшін кең дүние тары­ла түседі емес пе?! Жылқы-тәуелсіз, азат өмірдің тұс­­­па­лы. Ұлы даламыз - сол табиғи қалыптың меке­ні. Базары тарқамайтын жалт-жұлт еткен дүние қы­зы­ғы, ажары, сәні де - жылқы. Дана халқы­мыз дүние жал­ған­дығын "тұяғы бүтін тұлпар жоқ" пәл­са­па­сы­мен меңзеген. Ежелгі эллин­дік­тер жылқыны ғұн­дар­дан, түркілерден бұры­нырақ білсе, бәлкім мифтегі ару­ды бұқа­ға ұрлатпаған болар еді. Бұқаның ар­қасында көк теңізді көктей өріп бара жатқан сұлу қыз­­дың мифологиядағы бейнесіне адамзат баласы таң­даныспен қараған. Гректерде Филлип есімі "ат­тарды сүюші" мағынасында қойылған. Ат жары­сымен ақсүйектер ғана айналысқан. Ілияс ақын: "Сүйген жар, сенген достан жақын жыл­қы" деп жылқыны ұлықтайды. "Жаяулық пен жалғыздық, Азамат ердің жүдеуі". Бұл қазақ санасы. Аттың сұлу бейнесі қазақ космого­ния­лық аңыздарында жер бетін менсінбейді. Менің ойымша, "Шабыттағы" тұлпардың көк жүзінде қалықтатуында осы бір аңыздың негізі жатқан сияқты. Бағзы қазақ қиялы түн ауа сансыз көп жылқысын далада баққанда, олардың көк жүзінде жайылып жүргенін көзімен көргендей елегзігенін суретші дөп басып қазақи қиял­мен жеткізген. Жыл он екі айдың төрт мезгілі бол­мыс­тың айналып, өзгеріп тұратын ырғағы. Мысалы, "Кеш" анти­калық дәуірден 18 ғасырға дейін бейнелеу өне­­­рінде жыл мезгілдерінің символы ретінде өзгер­мес­тен сақталды. Помпей мен римдік фрес­каларда, мо­зай­каларда Көктем -қолына гүл ұстаған жас әйел, Жаз -орақ пен масақтар, бауланған дән, Күз-жүзім мен жүзім шоғы, Қыс - аяздан қорғанып жылы қым­тан­ған шал кейпінде берілген. Бейнелеу  әлемінде жыл мезгілдерін бірдей композициялап, циклды туын­ды құраған суретші Алматы маңайындағы Алма-Ара­сан шатқалында Қазақстан Сурет­ші­лер одағы 2010 жылдың күзінде өткізген кескіндеме бойынша Ха­лық­аралық симпози­умға қатысқанын Өркен тағы­ды­рының сыйын­дай қабылдаған. Әлем таныған су­рет­шілермен танысып, аз ғана уақыт ішінде таңқа­ларлық туындыларды тудырған. "Адам күбірін тау ес­ти­ді, тау күбірін тәңірі естиді" деген құді­ретті сөз бар. Тау шыңы, құс-жартастар адам­зат­ты көк аспан­ға төбесі тиердей таяу тұруы­мен тартады. Гетенің тау­ға қарап тұрып: "Сен маған таңғажайып сый сый­ладың. Енді мен­ің мақсатым биік. Сол ұлы қазынам­ды ел-жұр­тым­мен бөлісуге әзірмін" дегені есіне түс­кен­дей "Өркеннің осы симпозиум барысында "Алма-Ара­сан-1", "Алма-Арасан-2", "Құзда", "Кешкілік шу­ақ", "Ақ жаңбыр", "Тұман", "Тау жо­лы" сияқты этюд­терінің жасалып аяқталған­ды­ғы соншалықты, тіпті олар­ды натурадан сал­ған­дай қабылдауға болатын-ды. "Таулы пейзаж­дардың шыңына үймелеген жар­тас­тардың, бастырмалатып келе жатқан жарық тол­қын­дар­дың және жарқын шұғылалардың айбарлы да қатал әсемдігі Өркеннің туған елін жүрегін сызда­та есіне салғаны даусыз еді. Ол өзін елік­тіріп әкеткен се­зім сұрапылына бар жанымен кіріп кетті.Өркен бұл жер­лердің тағы да бір ерекшелігін байқаған.  Ол-оның айтуынша, жұм­бақ­қа толы, өзіне тартатын әсер­лі күші бар түрлі әлем-жәлем қойтастар.  Зер қой­ып тың­дай білген жандармен тастардың өзі бүк­песіз ашық сырласып тұрғандай. Тау етегіндегі шық тұн­ған гүлдерді, тұнық аспанды көргенде оның жүре­гін шаттық күйі кернегендей болған секілді",- дей­ді мәдениеттанушы, дәстүрлі өнер маманы Баян Алда­бергенова этютерден алған әсері турасында. Дәс­түр­лі өнер маманы болмасам да туған жердің то­пы­рағынан, тау құздарынан, әлем-жәлем қой­тас­та­рынан сыр іздеген, әлеммен тілдескен Өркеннің хас шеберлігіне бас иемін. Неткен нәзік , сезім­тал, сыр­шыл жүрек. Түйсігі зор. Менің ойыма Қасым жыр­лаған "Жатсам егер топырағыңда тебіренбей, ақын болмай тасың болсам мен егер" деген жыр жол­да­ры еріксіз түсіп тұр. Түрлі табиғат құбы­лыс­та­ры­­нан байқағандарын - ағаш жапырақтарының ой­нақ­шуын, аяздан сықырлаған ауа мен қатты ағыны тас­тарға соғылғанын, елесті көрініске айналған судың үлпілдеген көбігін дөп басып суреттеуде оның шын талант екендігі алыстан көрінеді.

Табиғат - ана жайлы аңыздар, түркі бабала­ры­мыз­дың ұрпақтан-ұрпаққа аманаттаған салт-дәс­түр­лері мен әдет-ғұрыптары, көшпен­ділердің тұр­мыс -тіршілігі суретші Өркенді толғандырса керек. "Бе­рел символы. 3-ші Ал­тын адам" полотнасы ШҚО Қа­тонқарағай ауда­ны Берел селосына таяу жерде та­былған патша қор­ғанына арналған. Алтай өңірі адам­зат тарихының ұлы дәуірі - әлемге әйгілі скиф-сақ­тар стилінде орындалған алтын бұйымдар пайда бол­ған ерте кездегі көшпенділер мәде­ниетінің орта­лығы болған. Шығармада ерте кез­дегі номадтар өне­рінің үлгілері қалда­нылған. Суретті оқи алсаңыз, мы­на дүние қазақ халқына ғана тән ерекшелік қой деп мақұлдап отырасыз. Нақты суреттеу құралда­ры: құстар, тау теке, салт атты адамдардың кес­кін­де­рі, компо­зицияның көгілдір-көк, сарғыш-қоңыр, жа­сыл реңктерді біріктіріп тұрған сәндік құрылымы - бар­лығы ерекше рухани дүние құрап тұр. Ата-баба­ла­рымыз өз ұрпақтарын табиғатты сүюге, оны қор­ғау­ға, жат қылық, қатыгез әрекет­терден аулақ болуға ша­қырып, экологиялық тәрбие беріп отырған. Өйт­ке­ні халқымыздың бар өмір салты табиғатпен тағ­дыр­лас болған. Та­би­ғат аясы оның тіршілік ететін ме­кені болғандықтан, өзін сол табиғат­тың туын­ды­сы­мын деп ұғынып, оның байлы­ғын көздің қарашы­ғын­­дай сақтаған. Көшпен­ділер өзінің өмір сүрген ор­та­сының, туған өлкесінің табиғатын аялай отырып, он­дағы жануаралар мен өсімдіктер әлемін зерттеп, олар жайлы ой-қорытындыларын жасап, ұрпақтан-ұр­пақ­қа аманат етіп қалдырған. Дәл осы дүние "Бе­рел символы. 3-ші Алтын адам" полотнасында жан-жақ­ты ашылған сияқты.

"Ежелгі көш" картинасында түріктің ата-баба­лық жолы, қазақ халқының ата-мекені, са­мал тау, шал­қар көл, Сарыарқа, сол даласында малын баққан, сай-саласында еркін өскен ерке сері ұрпақтары су­рет­ші қиялымен өрнек­телген. Көш -даму заңы. Ба­ба­­ла­рымыз көшке қан­ша мән берген. "Көш көрікті бол­­сын" деген мақалды да біз түйенің үстіне артқан жүк­­тің үстіне қызылды-жасылды жабылған кілем әде­­м­ілігі деп түсінеміз. Көш-өмірді жаңғырту. Сайып кел­­генде, шаң-тозаңға бөккен қоғамның былық-шы­лы­ғын қағып сілку, сөйтіп жаңа қоныс, жаңа мекенге же­ту мақсатында туындаған. Көш - қазақты да, қазақтығымызды да сақтап қалған тарихи ұлттық құбылыс. "Сурет-мылқау поэзия" дегендей үңіле қарасаң, сырлы бояудан еріксіз сыр ұғасың. Ата-бабалық қарт тарихтың кезеңдерінде желмен жарысып, ат құлағында ойнаған, жауға шапқан, оттай лапылдап жанған, суылдап жел болып соққан, көгінде сұңқар құстары қалықтаған бостандық сүйгіш көшпенділердің еркін өмірін, айбынды қалпын елес­тете отырып, келісті бояу нақыштарымен сырлаған. Өр­кеннің туа біткен дарындылығының ерекшелігі ол өзіне ғана тән көркемдік жүйе, авторлық кескіндеме тәсілін тауып, халқының күнделікті тұрмыс тақы­ры­бын мифтік-символикалық деңгейіне дейін көтеріп, ха­лық тұрмысының өзіндік төл сипатын көрсет біл­ген. "Зобалаң" -1930 жыл" полотнасының арқауы қа­зақ тарихының ең қасіретті кезеңі ашаршылық та­қы­рыбы да суретші назарынан тыс қалмаған. Өйт­кені, бұл қасірет Өркен отбасын да айналып өткен бо­латын-ды. Өткен тарих беттерін аудара келе, қол­дан жасалынған нәубаттың трагедиясын суретші та­рих­шының дәлдігімен қайта жандандырады. Оның көр­кемдік бейнелері көреременге кітаптан да артық мағ­лұмат береді. Әрине, әдебиетші болғандықтан бар шығармаларын түсінбейтіндігім рас. Бірақ көкі­регінің көзі бар адам көрікті ойдан шыққан дүниені та­нуға, бар сұлулықты сезіне білуге тиіс емес пе!? Алланың адам баласына берген артықшылығы да осын­да жатыр. Өркеннің шығармашылығы мазмұн жа­ғы­нан нақтылы бірнеше тақырыптық циклдан тұ­ра­ды. "Арал" атты циклында кезінде балығы аспанға шап­шыған, суы арнасынан асып , шағаласы шулаған Арал­дың бүгінгі трагедиясына арналған. "Арал-Бө­ген", "Арайлы құм", "Боталар", "Көне Бөген-Еспе" жұ­мыс­тарында Аралдың бұрынғысын білетін адамның көз­қарасы тұрғысынан көрсете білген. Өркеннің ға­жайып картиналар салуының негізгі бір себебі өмірге ақын көзбен қарап, қиял көкірекпен қарай алған­ды­ғы­­нан болар. Өлең өнері сөзбен, ал сурет өнері бояу­мен құлпырады, олар осымен ғана бөлек, ал іс жүзін­де екеуі де ұқсас, екеуі де адам сезімі мен ойына әс­ер етеді. Өскеменнің аруы табиғаты тамаша еліне қай­­тып кетпеген. Өмірінің соңына дейін қыл қалам қуа­тын Сыр елінің келбетін кескіндеуге арнаған. Қа­банбай батырдың ұлы қалмақтың қызына үйле­не­ді. Келінін батыр қызы мен әйеліне ертіп жауға қар­сы аттандырады. Жан аямай ерлік көрсетеді. Қай­тып келген соң атасы: "Не үшін төркініңе қарсы оқ ат­тың?" дегенде: "Мен қазақтың бесігін тербетіп отыр­­ғаным жоқ па?" деген екен. Суретшінің туып-өс­­кен жері таулы Алтай өлкесінің ландшафтық ық­па­лы соншалықты зор. Бірақ, Сырдың суын ішіп, ауа­сын жұтып, бесігінде сәбиін тербеткен Өркен Қа­бы­кенқызы "Сыр анам" деп сурет салып, күннің ыс­ты­ғы өзектен өтіп, күйіп тұратын Сыр өлкесі кеңіс­ті­­гінде ерте заманғы бейне -қиялдарды туғызатын ауа мен жердің арпалыс идеясын, қарама-қарсылық ди­а­­логын кереметтей құрастыра білді. Артында ай­шықты із, ұрпақ қалдырған, талайларға өзінің кім еке­нін еңбегі арқылы таныта білген Өркен Қабыкен­қызы Сыр өңірі халқының жүрегінде мәңгі сақталмақ.

Айман Айтбаева,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ доценті

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Біз туралы

Редакция құрамы

 

Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы – Абай Тағыберген

Журналистер

Толыбай Абылаев

Айдар Сайлауов

Жүлдызай Қалиева

 

Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19

 

Е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кім онлайн?

Қазір 54 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.