Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Материалдар

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛДЫҚ ПА?

     Биыл Қазақ елінің өз алдына шаңырақ көтеріп, тәуелсіздігін жариялағанына - 26 жыл болды. Осы уақыт ішінде мемле­кетіміз талай қиыншылықтарды басынан өткерді. "Алдымен экономика, сосын саясат" ұстанымымен мемлекет елдің хал-ахуалын түзеумен айналысты. Әйтсе де, тарихымызды таразылауға да, тарихи тұлғаларды түгендеуге де, ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыртуға да көңіл бөлді. Бірақ біз тарихтан тағылым, сабақ алып, ұлттық мәселеде ұтымды ой, пайымды пікір айтып, келісті көзқарас білдіре алдық па? Осы тектес сұрақтар төңірегінде қос бірдей тарихшыны қолқалаған болатынбыз. Енді тарихшы ғалымдарға кезек берейік.


Қазаққа тарихтан сабақ алу қиынға түсіп тұр

Өткенге ау­ық-ауық қайта оралып, тара­зылап оты­­ру ада­­ми аза­­мат­тық мін­дет. Елі­міз еге­менді­гін алып, шекара­мызды шеген­деген, сенім­ді­лі­гі ны­ғайған ел бол­ғаны­­мыз­ға жиыр­­ма алты жыл уа­қыт өтті. Тарихи тұр­ғы­­да бұл аз уа­қыт. Әйт­кен­мен, барды бағалай отырып, қолға алынған жұмыстарды саралауға жет­кілікті кезең. Екінші ширек ғасырға аяқ басқан уақытта тарихшылар өз міндетіне сай жұмыстар атқара білді. Ең бірінші кезекте, отандық тарих­шыларда тақы­рыптық еркіндік қалыптасты. Бұл ретте тарихи тақы­рыптарға билік тарапынан шектеу­лер болды деп айта алмаймын. Егер, тыйым бар десек, оған тарих­шылардың өзі кінәлі. Десе де, та­рих­шылардың бәрі бірдей емес. Жасыратыны жоқ, тарихи деректермен сөйлеп, көптің алдында жүргендердің барлығы дер­лік кәсіби деңгейі жоғары деуге келмейді. Егемендік алған кезеңнен бері қарай ұлттық тарихта - тарихты жазушылар шоғыры қалыптасқан тұста мәселеге атүсті қарайтын, яғни жеңіл ойлайтын "халтур­щиктер" қаптап кетті. Көшірмеге иек артып, өзін-өзі алдап жүргендер де аз емес. Мұның сыртында тари­хи міндеттен гөрі қызмет жағалап, мансап қуғанды құп көрген тарихшылар шықты. Әлеуметтану ғы­лымында "кәсіби деңгейі жоғары адам билікке ұм­тылмайды" деген ұғым бар. Алайда, біздің жағдайда билік кәсіби ортада өзін дәлелдеген адамдарды билікке тартқанды қалайды, бірақ көп жағдайда оларды шындап тартуға саяси жігері жетпей жатады.

Тарихшының міндеті - билік пен қоғам мүше­лерінің тарихи талғамдарын қалыптас­тырып, өткен­нен өнеге, тарихтан сабақ алғызу. Бұл міндетті толыққанды орындай алмай отырмыз. Оның өзіндік себептеріне биліктің де кінәсі болуы мүмкін. Бірақ бұл - тарихшылардың кәсіби және адами кінәсі. Ай­талық 1925 жылы кезінде қазақ зиялыларының кейбір өкіл­дері Қазақстанды басқаратын қазақ жоқ деп Филипп Голощекинді өздері шақырды. Неге? Себебі ат төбе­ліндей қазақ саяси элитасы бір шешімге келе алмай, бастары піспей, ақыры ұлттық апатқа алып кел­ді.1986 жылы да саяси элитаның бұл кеселі қай­таланды. Көріп отырғанымыздай, ұлттық саяси эли­таның тарихтан сабақ алмай өз мүддесін жоғары қой­ғандығы байқалды. Бұл - саяси элита құрамының төмен­дігі мен сұрқайла­нуының көрінісі. Қазірде де биліктегілердің көп­шілігіне "уақытшалық", пенде­шілік психология тән. Тіпті гені-тегі дұрыс емес адам­дардың билік есігін табандылықпен қағып тұрғанына қай заман?! Сондықтан билікке баратын адам­дардың кәсіби және адамгершілік сапасына қатысты табиғи іріктелу ұстанымы қатаң сақталыну керек.

Әрине, 26 жыл ішінде салмақты тақырыптар көтеріліп, жаңа кітаптар жарыққа шықты. Дегенмен тәп-тәуір еңбек жазып жүрген тарих­шылар шоғыры санаулы. Хангелді Әбжанов, Хазрет Тұрсынәлі, Жамбыл Артықбаев, Сәулебек Рүстемов, Досалы Салқынбек, Мәмбет Қойгелді сынды айтары бар тарихшылар, көзі қарақты оқырманға қажетті дүниелер жазып, тарихшы ретіндегі кәсіби міндетін атқарып жүр. Мәселе сан қуып жаза беруде емес, жаңа фактілерді ашуда және мәселені қоя білуде. Айталық, 1930 жыл­дары Қазақстандағы аштықтың саяси салдары белгілі. Неге бұл аштық Өзбекстанда немесе Қырғыз - Түркіменде болмады? Жауап іздесек, тақы­рыпқа жаңа көзқарас әкелер едік. Қазір тарихқа қайта қараймыз деп, Алаш арыстарын тым дәріптеп жатырмыз. Тарихшы ретіндегі айтарым, ұлт үшін күрескен зиялыларды аса қатты дәріптеудің де, тезге салып сынаудың да қажеті жоқ. Зиялы­лардың ұлт алдындағы пози­ция­сын нақты көрсете білсек, келер ұрпақтың санасына жеткізе аламыз.

Көне тарихта ұжымдық сана деген ұғым бар. Бір рудың батырын тек сол рудың ұрпақтары білуі мүмкін. Яғни, батырдың ерлігі тар шеңберде қалып қоймауы керек. Мұны барлық ру, барлық ел-жұрт түгел тануы тиіс. Әрине, жергілікті жердің батыр­ларын ұлықтау шаралары мемлекет қаржысымен емес, сол батыр ұрпақтарының қаржысы есебінен жасалады. Батырларды еске түсіруді той деңгейінде қал­дыруға қарсымын. Орнына тарихта текті батыр­дың бет-бейнесін толық ашатын кітап шығарып, оны насихаттау - маңызды іс. Тек бұл абыройлы істі саясатқа айналдырмау қажет. Аяқ суытып, ас ішіп өткізуді мұрат тұтпай, оның болмысын аша түсетін, насихатын шыңдай түсетін мұра болып қалар дүниелер жазылса, тарихтағы тұлғалардың есімін өшірмеуге өз ықпалын тигізеді.

Тарихты жаңғырту, тарихтан тағылым алу ісінде кей­де кәсіби тарихшылардың ішкі бостандықта­ры­ның жоқтығы аяқтан тартады. Білім беру саласында Ке­ңестік кеселді тәжірибе аясынан шыға алмай жүр­міз. Кеңес жылдары мамандығы болмаса да, қо­ғам­дық пәндер көп таңылатын (СОКП тарихы, ғы­лыми коммунизм т.б.). Қа­зір осы дәстүр өңі айналып қай­та жалға­суда, нәтижесінде жоғары оқу орын­да­рында студенттер үшін "керек емес" пәндер көбейіп кет­­ті. Айталық, мықты маман даярлау үшін са­ла­ны жан-жақты меңгертудің орнына біз жал­пыға мін­детті деп қосымша қоғамдық пәндерді оқы­тамыз. Ай­та­лық, инженер, құрылыс, медицина т.б. маман­дық­тарындағы студенттер үшін гуманитарлық пән­дерді бастырмалатып үстемелеу, жастардың өз ма­ман­дығынан жеруіне апаруы мүмкін. Бұл дұрыс емес.

Патриотизм отбасынан басталады. Қазір мек­тептің 5-7 сынып оқулықтарына "Өлкетану" курсы енгізіліп отыр. Аталған кітапты шығарушы авторлар­дың бірі ретінде "Өлкетану" сабағының жас ұрпаққа берері мол екенін айта аламын. Негізінде "Өлкетану" тек тарихшылар жүргізетін сабақ деп қарамау керек. Әдеби өлкетану, тарихи өлкетану, қоғамдық өлке­тану сынды салалары бар бұл пән - адамның ішкі нәзік­тігін қажет етеді. Өлкетану курсының нәтижелі­лігі мектеп мұғалімдерінің шығармашылық ізденісіне байланысты. Түйіндей айтқанда, тарихтан тағылым алу үшін, өткен-кеткенді еске түсіру үшін сананы жаңғырту керек. Ал, сананың жаңғыруы білімнің ішкі мазмұнымен келеді.

Дастан СӘТБАЙ,

тарих ғылымдарының докторы

 

Тарихи тұлғаларды рулық деңгейге түсіріп алдық

ҚР Пре­­­зи­ден­ті Н.Ә.Назар­баев "Қа­зақс­тан-2050" стра­те­гиясы қа­лып­тас­қан мем­лекеттің жа­ңа саяси бағыты" ат­ты Қа­зақс­­тан хал­­қына Жолдауында: "Біз ұлт­тың тарихи са­на­­сын қа­лып­тас­ты­ру жұ­мысын жалғас­ты­руы­мыз ке­рек. Тағы­лымы мол тарихы­мызбен, ұлы бабалар­дың ұла­ғатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз",-деген болатын.

Ұлттық тарихи сананы өскелең ұрпақтың бойына қалыптастыруда білім беру мекеме­лері мен тарихшылардың маңызы зор. Бұл үшін бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мол мүм­кін­дік­тер туып отыр. Таптық саясаттың қысымы ке­зінде ұлттық мүддеге мән берілген жоқ. Өткен та­рихқа ескі салттың, көне ағымның қорғаны де­ген атаулар берілді. Ұлт мәселесіне деген бір­жақтылық үстемдік саясатында шовинистік дәс­түр етек алды. Халық болмысына таптық көз­қа­рас пен әкімшіл-әміршіл тұрғыдан баға беру, пар­тияның біржақты идеология мен тотали­тарлық қысымды енгізуі ұлттық тарихымызды бұрма­лады. Соған қарамастан тарихшы Е.Бекмаханов 1943 жылы бұрынғы кеңестер одағы рес­пуб­ликаларының арасынан бірінші болып "Қазақ тарихын" жазды. Әрине мұның өзі, сол кезеңде ұлттық тарихқа түбегейлі бетбұрыстың баста­масы болды деп атауға болады. Алайда, заман ағымына қарай, уақыт өте келе шаң басып қалған "ақтаңдақтар" бүгінгі күні бірте-бірте ашылып жатыр. Тәуелсіздік алғаннан кейін тарихымыз дамудың жаңа кезеңдеріне көтерілді. 1997 жыл "Жалпы ұлттық татулық пен қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау жылы" болып белгіленсе, 1998 жыл "Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы", ал 1999 жыл "Ұрпақтар бірлігі және тарихи сабақтастық жылы" деп аталды. Осы уақытта көптеген игі жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, көптеген тарихи мәліметтер мен сол жүйенің өзі әділетсіз жазалаған ұлттық қайраткерлердің есімдері күллі болмысымен туған халқына қайта оралып, жалпы жұртшылықтың тарихтан сабақ алар нысанына айнала бастады. Бұл игі шаралар әлі де жалғасын табуда. Сонымен бірге дерексіз, құжатсыз тарих жазушылардың қатары да көбейгені шындық. Қазақ даласын сақтап, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған тарихи тұлғаларды тек қана ру батырларына айналдыруға тырысушылар пайда болды."Тарихқа арқа сүйемегеннің болашағы бұлыңғыр",- демекші, мұндай ақиқатқа жанаспайтын пікірлерден тез арада арылу қажет-ақ.

Бұл бағытта енді отандық тарихшы-ғалымдар еліміздегі мұрағаттардағы мәліметтерді айналымға енгізіп қоймай көрші мемлекеттердегі тарихи деректерді тауып, кешенді түрде зерттеумен айналыса бастады. Біз, тарихшылар, осы мүмкіндіктерді пайдаланып тарихтағы кезек күттірмейтін өзекті мәселелерді қолға алуымыз керек.

Жоғарыда, тәуелсіздік алған уақыттан бастап біздің кәсіби тарихшылар көп еңбек етті деп айттық. Сонымен бірге олқылықтар да жоқ емес. Орта мектептердегі Қазақстан тарихы оқулықтары қайта қаралып, бір пысықталып өтсе дұрыс болар еді. Кейбір тарих оқулықтары дайындықсыз асығыс шығарылғаны байқалып тұр. Ішінара мектеп оқулықтарында тарихи оқиғаларды жаңсақ пікірде үйрететін оқиғалар кездеседі. Мысалы, қазақ халқы 1930 жыл­дардағы аштықтың себебін қазақ­тардың оты­рықшылыққа үйренгісі келме­гендіктен болды деген ұғымдар да бар.

Екіншіден, кез келген мемлекеттік бағдарламалар, жоспарлар, мерекелер баспасөз беттерінде, мамандар арасында қызу талқы­ланғанымен, мектептерге, білім ошақтарына және оқушы жастарға осы өзекті мәліметтер мардымсыз жетіп жатады. Мектеп жасындағы жастарға насихат толық әрі өз деңгейінде жүргізіле бермейді. Бұл мәселені мемлекеттік органдар мен тарихшылар бірлесе отырып, бір жүйеге келтіру керек. Мұндай өзекті мәселелер бір мезгіл болатын науқандық отырыстармен ғана шектелмей, жүйелі түрде оқу процесіне енгізілуі тиіс деп ойлаймыз.

Жас ерекшеліктеріне сай оқу үдерісіне орта мектептердегі Қазақстан тарихына қосымша "Тарихи хрестоматия" оқулықтарын көптеп шығару керек. Оқулыққа қарағанда қосымша хрестоматияларда тарихи оқиғалар кең түрде жазылатыны белгілі. Сонымен бірге, қызықты тақырыптарды қосымша оқу бағдарламаларына сәйкес деректі фильмдер түсіріліп, оны мектептен бастап ЖОО-ларда көрсету қажет.

Әлемге өзімізді танытудың тағы бір мүмкіндігі, Қазақстан тарихы туралы мәлімет­терді насихаттайтын интернет ресурстардың көбейгені жақсы үрдіс деп санауға болады. Өйткені ақпарат көздері жылдам дамып бара жатқан қоғамда әлем жұртшылығы күнделікті интернет жаңалықтарын қалт жібермей бақылап отырады. Осындай ақпарат­тар ағынына еліміз туралы сапалы, маңызды ақпаратты қосуымыз керек. Бұл ақпараттар қазақ және орыс тілдерінде ғана емес, ағылшын тіліне де аударылуы тиіс.

Мысалы руға, жүзге бөлініп, өзінің түп та­мы­рын, жеті атасын білетін қазақтар ғана екені бел­гілі. Қазіргі қоғамда біз өскелең ұрпаққа әрбір та­рихи оқиғаны өз деңгейінде таныстырып, жан-жақты насихаттауымыз керек. Біздің ойымызша, "Мәңгілік ел" идеясын одан әрі дамыту, жалғас­ты­ру кезек күттірмейтін шаралардың бірі деп қа­былдауымыз қажет. Ұлттық мүддені дәріптей­тін ма­ңызды мәселелерді жас ұрпақтың санасына қазірден бастап сіңіруіміз керек. Еліміздің аса бай та­рихын жан-жақты насихаттау тарих пәні мұ­ға­лімдерінің негізгі жұмыстарының бірі болуы тиіс.

Бұл өзекті мәселелер қазақ халқының ұлттық санасындағы бірлігімізді сақтау үшін және қазақстандықтардың тарихи санасының қалыптасуы үшін маңызды.

С.Серікбаев,

"Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ директорының орынбасары,

 тарих ғылымдарының  кандидаты

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінгі күні оқушылар мамандықты қалай таңдайды?

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.