Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

БЕТАШАР ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ НЕГЕ ТӘРБИЕЛЕП ЖАТЫР?

   Елдің ең озық дәстүрлерінің өзі заман өткен сайын тозығы жетіп, ескіріп қалып жатады. Заманына қарай амалын жасайтын жаңа буын өкілдері өз кезегінде келелі дәстүрлерді ыңғай­ларына қарай икемдеп алуда. Құраң-құраң қауым болып жиналып жасайтын тойларды кіші­гі­рім атап өту, ұзақ уақыт алатын шараларды қысқарту жиілеп кетті. Өз тілдерінде айтқанда, "ырымын жасай салсақ болады" деп, ойын-сауық­ты артық көретіндер көненің көзіндей қазақтың дәстүрлерін бастапқы күйінен, әуелгі әлеуетінен айырып бітті. Осындай қатерге ұшы­рап, рухани құндылығынан құлдыраған қазақтың киелі салт-дәстүрлерінің бірі - беташар.

Әлімсақтан бері адамзат өміріне жете сіңісіп кеткен бұл дәстүрдің шығу тарихы хақында әр жерлерде әрқалай айтылады. Әлем елдері ішінде мұсылман халықтарына таныс болып келетін бет ашу салты ислам ілімімен де байланыстырылады. "Әлдиден эпосқа дейін" деген кітапты оқып отырсаңыз, кез келген дүние құбылысын логи­ка­лық тұрғыдан қарап, қалай пайда болғанын ашып айтып береді. Аталған жинақ ішінде беташарды Адам ата пайда болған дәуірден бастап бар деп есептейді. Жинақта жазылған жайттың жалпы мазмұны мынадай: Жаратушы жұмыр жерге жұмыр басты пендесін жібермес бұрын жұмақ ішін мекен етуге рұқсат берген. Тылсым мен таңғажайыпқа толы жұмақта Адам ата жалғызсырағаннан соң жанына жар етіп жұбайын, яғни Хауа ананы жаратып береді. Қалың ұйқыда жатқан Адам атаның сол қабыр­ғасынан жаралған әйел адамды алғаш көрген Адам ата есінен танып қалмас үшін Хауа ананың жүзін жасырып, ақ шілтер жапқан екен. Көз шы­ры­мын алып болған Адам ата Алладан игі тілек тілеп тұрып, ақ шілтерді көтеріп жұбайының ажарына сүйсініп қараған деседі. Солайша әлем­дегі ең алғашқы бет ашушы деп Адам ата болып есептелген. Кейін неке қидырмақ болған кез келген жас жұбайлар бет ашуды дәстүрге айнал­ды­рады. Қазақтың бүгіні бұрынымен біте қайна­сып жатқанын осыдан-ақ толық аңғаруға болады емес пе?

Ал, көшпелі өмірдің көш басында тұратын қазақ дәстүрлері күнделікті тұрмыспен байланысты туындаған деп те айтылады. Енді бір тарихшылар беташар еліміз мұсылмандықты дін ретінде мойындаған тұста пайда болған деп тұжырымдайды. "Біз тарихты өтіп кеткені үшін емес, кетпейтін салдар қалдырғаны үшін зерттейміз" дейтін тарихшылардың топшылау­лары осындай.

Жөн делік. Енді бүгінгі күннің, нақтырақ айтқанда, асабалардың күн көрісіне айналған беташардың шынайы бетпердесін ашып көрейік. Әлқиссаға сүйенсек, шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ет жақын, үлгілі келіндері екі жағы­нан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні мол болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Абысындар көпті көрген болмаса да көреген қазақ аналары болуы шарт. Сол үшін де келінге үлгі болу үшін екі жанынан сүйеп, демеп тұрады. Бүгінгі заманда осы қатаң қағида қалыпты түрде орындала ма? Келіннің аяғынан дейтін ел жаңа түскен келіннің аяқалысы ибалы болуы мақсатында тәрбиені басты назарда ұстаған. Қазіргі келіндер шымыл­ды­рықтан шықпақ түгілі тойхананың төріне шығып алады. Сосын барып беті ашылады. Онда да жанында сәлем салдырып тұрған абысын­дары шаш үлгіміз бұзылады деп орамал тағудан түбегейлі бас тартқанда қазақтың салтына деген құрмет келіннің аяғында тапталып жатқанын көріп тағы бір күйінесің. Кейде сценарий бойын­ша бет ашылып болғанша орамал таққан ибалы абысыны тойда шашының сән үлгісімен ойқас­тап билеп жүргенін көресің. Бұл көз көріп, көңіл үйренген дүниеге айналып бара жатқаны тағы алаң­датады. Қазақ қоғамы сәл уақыт өткеннен соң "Беташар керек емес" деп те шығуы мүмкін. Мұн­дай сорақылықты болдырмау үшін әулет үлкендері тойдың қалай өтетініне толық назар тоқтатып, ақылға салып отырғаны абзал.

Әрі қарай да беташар салтының жалғасы көңіл көншітерліктей бола қоймайды. Бұрын­дары орамалдың теңге түйілген ұшын домбы­раның мойнына немесе қамшының ұшына бай­лап, жырау беташар жырын төкпелететін. Атал­мыш міндет жүгін қазіргі таңда асабалар арқалап жүр. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туыс­қан­дық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсына жеке-жеке сәлем бергізеді. Бұрындары сәлем алған туысқандар жас келінге беретін сый-сыяпатын атайтын болған. Мысалы, сол шаңыраққа жақын ауқатты туыстары құлынды бие, енді біреулері отауға тігетін киіз үй, т.б. берген екен. Осы заман­да мұның бәрі қаржының құнымен өлшеніп, жас жұбайларға берілетін сыйдың бәрін асабалар қалтасына басатын болды. Бүгінде үлкенген­дерге үй түгіл үйшік те жоқ.

Содан соң дәстүр бойынша, жаңа түскен келін­­­ді беташар жоралғысы жасалмастан бұрын қыз-келіншектерден басқа ешкім көрмеген. Күйеуіне де көрсетпеген. Ырымға сүйенсек, көз өтеді дейтін шығар. Әй, бірақ, қазіргі жастар жас жұ­байын үйіне үйленбей тұрып әкеліп, ата-ана­сымен таныстырып, тағысын тағы ерсі қы­лық­тар жасауда. Одан қалды әлеуметтік желі арқылы әлем­ге жар сала сүйіншілеп, жарының жүзін жасы­рудан бойын аулақ ұстайды. Одан не қызық?! Жаңа түскен келінді көруге асығып келетін жұрт бүгінде беташар болады десе, қо­лын бір-ақ сілтей салатын болған. "Келген келін­нің көркін көріп қойғанбыз" деп жайбарақат отыра береді. Мұндай әңгімеден соң бет ашу әйтеуір өтсе болды. Халықтың қазір беташарға қаты­суға деген құлқы да азайып кеткелі қашан. Құндылыққа бай беташар тегеурінді уақыт тезіне төтеп бере алмай, тойдың мерекелік шаралар тізі­мі­нен түсіп қалып жүрмесе игі.

Негізінде, келіннің бетін ашушы жас келінді ауылдың ардақты адамдарына, күйеуінің аға­йын-туыстарына таныстыру шумақтарын өзінше суырып салып айтуы шарт. Ол үшін жыршы не ақын екі-үш күн (кейде 10-15 күн) бұрын сол шаңы­раққа келіп, дайындық жасаған. Үй иесі оның бет ашқан еңбегіне беретін сый­лығын (ат, түйе, бірнеше уақ мал, т.б.) алдын-ала атап қоя­тын болған. Егер оның айтқандары көптің көңі­лі­нен шықса, онда сол үйдің ең қадірлі адамы, туы­­сы саналған. "Келіннің бетін кім ашса - сол ыстық" деген мәтел де осыдан кейін туыл­ған бол­са керек.

Бұл күндері сағаттап созып, жыр дастанды ешкім айтпайды. Өйткені уақыт тапшы. "Өмір деген бүгінде жай ағын-ай, созбалап жыр айту жоқ баяғыдай. Төкпелеп тектіліктен толғау айт­сам, келінжан тала қоймас аяғың-ай" деп, қысқа қайыр­ғанды жөн санайды. Бұл үрдіс бүгінде белең алған. Суырып салып айту үрдісі мүлде жойылған десек те жалған емес. Мұның бәрі бета­шардың қаншалықты төменге қарай құлдырап, бастапқы қасиетінен жұрдай бол­ғанын дәлелдеп тұр. Неге? Себебі дәстүрлі әндерді, термелерді үйретушілері бар болған­дық­тан олар өз мәнерінде елге ұсынуда. Сол се­кіл­ді бе­та­шар мектебі немесе бет ашуды үйрете­тін орын­дар жоқ қой. Сондықтан кез келген адам өз ойы­на келген дүниесін айтып, ойына келген әзіл­ді орынсыз беташарға кірістіріп жіберген. Бұ­лай ету тоқтамайды, жалғаса береді. Бірақ, мұ­ның соңғы салдары неге апарып соқтыра­ты­нын кім білсін?

Енді әдеби тұрғыдан қарайтын болсақ, бета­шар жайында М.Әуезовтің "Қазақ халқының эпо­сы мен фольклоры" атты зерттеуінің ішінде де өзек­­ті ойларын айтып кеткен. Зерттеуші салт өлең­дерінің құрамында беташардың алатын ор­нын, мазмұндық ерекшелігін айшықтайды. Беташардың қандай жағдайда, қашан, қалай ай­ты­латынын сөз ете келіп, Әуезов бұл өлеңнің тәр­биелік және көркемдік мәнін ашқан. Мұның тұрақты мәтіні болатыны, онда қазақ отбасында жаңа түскен келінге арналатын өсиет пен міндет іріктеліп керсетілетіні, жас келіннің жаңа келген елінде әдепті, еңбекшіл, өнегелі, үлкен мен кішіге ізетті болуға тиістілігі ғибрат, ескертпелерінде бері­летіні айтылған ("ел-жұртыңа жақ, келін, ата-енеңді бақ, келін, кісі келсе, үйіңе, киізіңді қақ келін... Өзіңнен үлкен адамның, бетіне тіке қарама... сөлекет боп отырма, еркектей боп жүгі­ніп, бір тізелеп жөн отыр, төмен қарап бүгі­ліп, қатты қылып сөйлеме, ақырын сөйле мүдіріп..."). Бета­шар өлеңінде отбасындағы үлгілі әйел қан­дай болуы керектігі туралы халықтың ғасыр­лар бойын­да қалыптасқан әдеп нормалары, өнеге тіз­бе­гі, адамгершілік дүниетанымы, әйел­дердің адам тәрбиесіндегі айрықша орны көрініс тапқан. Қазірге дейін айтылып, қажетке жарап келе жатқандығы бұл өлеңдердің өміршеңдігін көрсе­теді. Дегенмен де бұл сөздер­ден, өлеңнен, өмір үшін керекті ақылдан нәтиже байқалмайды. Есек­­ті алға тартсаң кері жүретіні секілді бүгінгі қо­ғам қазақ даналығына немкетті қарай салады. Бета­шарда айтылған толғауларға құлақ түрген ке­лін, ақыл алған абысын болса ажырасу болмас еді. Шаңырақ шайқалмай, шаттықты күйінде ша­қа­лақтарына бақыт сыйлаушы еді ғой. Әуезов арман­даған инабатты келін, ибалы келіншек болу үшін ұлттық дәстүр мен тәлім-тәрбиеден аттап кетуге болмайды.

 

Айдар САЙЛАУОВ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30          

Кім онлайн?

Қазір 12 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.