Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

ОЛ МЕНІҢ АНАМ ЕМЕС...

Әдеттегідей түн қараңғылығы түрілмей орнынан тұрып, елең-алаңда әуежайға жеткен. Тіркеуден өтіп, күту залына келгенде таң енді ғана сібірлеп ата бастап еді. Өмірі азаматтарша ат үстінде өтіп келе жатқан Айсәуле мұндай тағдырға көндіккелі қашан...

Ұшаққа кіріп келе жатып, оң жақ екінші қатар­дағы орамалды егделеу әйелге көзі түскен. Таныс жүз көзіне жылыұшырағандай болды. Мынау Күнзила апа емес пе?! Амандаспаққа ұмсына беріп, әйел­дің үстіндегі қара көйлекке көзі түскенде, жүре­гіне кенет шаншу қадалғандай кілт тоқтады. Жадын­да жаңғырып, санасын тіліп өткен шар еткен дауыс еді шаншудай қадалған: "Ол менің анам емес!".

Көзі тұманданып кетсе де, өзін әрең ұстап, орны­на қарай жылжыды. Жаңғырық дауыс ойынан кетер емес: "Ол менің анам емес!"... Сол бір сәт көз алдына қай­та-қайта елестеп, жол бойы жанарына жас келе берді.

Бұл осыдан екі жыл бұрын болған еді. Шалғай түк­пір­дегі ауданда іссапарда жүрген Айсәуле мұндай оқиғаға куә боламын деп ойламаған. Әдеттегідей ел аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүрген. Ке­зекті бір жиыннан кейін Айсәулеге қабағына кірбің ұялаған қартаң әйел жақын келді.

- Қызым, саған айтайын деген сөзім бар еді...

Кібіртіктеп тұрған ананың оңаша сөйлескісі кел­генін сезіп, Айсәуле көпшіліктен оқшаулана берді.

 - Айтқаныңның бәрі көңіліме қонды, қарағым. Ел ішін жайлаған бір дерт болды ғой бұл дінбұзар­лар. Көзімнің ағы мен қарасындай жалғыз қызым бар еді. Осыларға еріп..

Ана көзінің жасын сүртті. - Өзі де бағы ашылмай, отасқан жерінен қайтып келіп еді. Алты жасар қызы менің қолымда өсіп келеді. Қамкөңіл ғой деп, қызым­ды бетінен қақпай, қалаға жібердім. Азын-аулақ оқуымен жап-жақсы жұмыс істеп жүрген. Біраздан бері елге соқпай кетіп еді. Жұмыс бабымен жүр ғой деп мән бермегенмін. Жақында ғана қалаға барғанда көрдім. Қара жамылып... адам танығысыз өзгеріпті. Өз қызымды өзім танымай қалдым. Бауырың суып кет­кендей бір жаман күй кешеді екенсің... Сөзіме құлақ аспады. Бездеңдеп, сөзуар болып алыпты. Бә­рі­не мені кінәлап шыға келетін әдет тауыпты...

Ана біраз солқылдап жылап алды. Аздап шері тарқағандай болып, қайта сөзін жалғады. - Сол қы­зым бүгін келетін еді, қарағым. Түс ауа қылаң беріп қалса керек. Ертең қайтамын дегеніңді естіген соң келіп тұрмын. Сөзің сай-сүйегімізді сырқыратты ғой, бір ауыз сөйлесіп кетші қызыммен. Бәлкім, беті бері қарап қалар...

Тұрғын жайларды біраз аралаған Айсәуле қа­сындағы жолдастарымен уәделі жайға бесін ауа жеткен. Бұлар аулаға кіргенде қуыршағын бұл­ғаңдатып ойнап жүрген бес-алты жасар сүп-сүйкімді қыз бала жалт қарап, сәл аңтарылып тұрды да, кенет не істеу керегі есіне түскендей: «Сәлемет­сіз бе!»- де­ді еркелей, соза сөйлеп. Содан кейін өз қы­лы­ғынан өзі ұялғандай жүгіре басып, үйге қарай жө­нелді. Табалдырықтан тапыр-тұпыр аттап бара­ды. Қарсы алдынан есікті аша берген апасын құшақ­тай алып, әлденені асыға сыбырлады да, ішке кіріп кетті.

Ана жымиып, бұларға қарай жүрді: - Келіп қал­дың­дар ма, қарақтарым? Әлгі қыз кешігіп жатыр, неге екенін... Жүріңдер, үйге кіріңдер...

Айтып ауыз жиғанша болмай, есік алдына жеңіл машина келіп тоқтады. Ашық тұрған қақпаға бәрі бірдей бұрылған. Қақпадан қара киімді келіншек кіріп келе жатты. Қолына ұстаған бумалары бар, өзі тұмшаланып алған. Ыстық күн, шаңдақ жол әбігерге салса керек, қабағы кіржиіңкі. Жер сүйреткен етегі аулаға біраз қоқысты ала кірді, ұсақ тікендер де жа­бы­сып қалыпты. Қақпа алдында қау тікен өсіп тұрған-ды, желмен желбіреген етек соған тиіп кеткен тәрізді. Келіншек бұларға тұнжырай қарап, ерін ұшымен сәлемдесті де, үйге қарай өте берді. Бас­палдақтың алдында тұрған анасымен де салқын аман­дасып, сәл кідірді.

Анасы бір нәрселерді сыбырлаған соң, келіншек артына бұрылып, бұларға жақындады. Сол сәтте есік айқара ашылып, үйден қыздың жүгіріп шыға келгені. Машинаның тоқтаған даусын естіп шыққан болса керек. Баспалдақпен тапырлай түсіп келе жат­қан қыз бала бастапқыда ештеңені аңдай қойған жоқ.

- Байқа, қызым, құлап қалма!?- деп алдынан қолын жая берген апасына қарамай, қарсыға бір-ақ аттаған қыз кенет қара киінген әйелді көріп, шар ете қалды. Жалт бұрылып, апасының құшағына кірді де кетті. Еңі­рей жылап, артына қарағыштап, апасының құша­ғынан сытылып шығып, артына тығылуға жанта­ласуда.

- Қызым-ай, қорықпа, не болды сонша шошып? Қо­рық­па! Анаң ғой ол!- деп апасы қызды қайта-қай­та құшақтап, маңдайынан иіскеп, жұбатуға тыры­сып жатыр. "Анаң ғой!" дегенді естігенде кішкентай қыз бір сәтке есін жиғандай, шошына әрі аңтарыла артына бұрылған. Келіншек бірер қадам алға бас­қаны сол еді, қыз тағы да шар ете қалып, апасының қолынан жұлқынып шығып, үйге жанұшыра жүгірді: - Ол менің анам емес! Ол менің анам емес!

 Шырқырай жылаған қыздың сол даусы Айсәу­ле­нің құлағында  біржола қалып қойды...

..Ұшақ Атырауға келіп қонды. Бұлар жиын өтетін жерге де жеткен. Таныс зал, бейтаныс жүздер. Осы­дан небәрі үш жыл бұрын осы залда Ақ Жайықтың бойын дүр сілкіндірген дүбірлі жиын өткен-ді. Тыңдағанның таңдайын қақтырған, көрген де арманда, көрмеген де арманда болған сол жиын жайлы Атырау тұрғындары талайға дейін тамсана айтып жүргенін естіген-ді Айсәуле. Сол жиында "Қыз Жібек" клубының тұсауы кесілген болатын.

Әлі есінде, алдыңғы қатарда абыз ақсақалдар, олардың соңын ала бере қарқарадай болып, ақ киме­шекті аналар тізіліп отырған еді. Осы елдің зиялы қауымы, жақсы мен жайсаңы, өндірдей жастары, қызғалдақтай қыздары молынан жиналып, келелі кеңес құрған бір ғажайып сәт болып еді. Самғау шақ... Қанатталды күй...

Ал бүгін... Айсәуле көшкен елдің жұртына келгендей хәл кешті. Күйі кетіп, киесі ұшқан мына залға қарап тұрып, аңырап бір жылағысы келді. Залдың алдыңғы қатарынан осы елдің азын-аулақ тізгін ұстарлары орын алыпты. Олардың өзі Абай айтқан "заманақыр жастары": бір-бірімен басы қосылмай, тарыдай шашыла қалған. Залдың дені студент жастар. Кең залдың әр жерінен бір егде жастағы әйелдер байқалады. Орта буын өкілдері де сиректеу. Ақ жаулықты аналардың орны үңірейіп тұр...

Жоқ, үңірейген орын залда емес, жүректе еді. Үш сағатқа созылған алқалы жиынның қақ төрінде отырып, Айсәуле сол қуысты толтыра алмады. Залда жаулықтылар жоқ емес еді, бірақ олар... басқа болатын... Орамалдарын алқымынан ала буынып, көлкілдеген кең көйлектерінің етегіне шалыныса жаздап, залға жап-жас қыздар бірінен соң бірі келіп жайғасып жатты... Мөлдіреген  жастар... Жо-жоқ, оларға енді "мөлдіреген" деген теңеуді қолдану артық болар... Уыздай жас болса да, мына ерсі киіністері не қыз екенін, не әйел екенін ажыраттырмас еді.

Сол көлкілдеген қара көйлектінің бірі прези­диумға Айсәуленің жанына жайғасты. Әңгіме ұлт­тық құндылықтар жайында еді. Айсәуледен кейін сөз алған көлбең қара киімді әйел де дәстүрлі құнды­лықтар жайлы сөз қозғады...

Иә-ә-ә... Ақырзаманның жақындағаны осы шы­ғар... "Би жоқта құл жүреді жораларға, Ит жоқта шош­қа үреді қораларға" деген мақалды әжесі мар­құм әлдекімдерге кейігенде жиі аузына алушы еді. Құндылықтың төресі сол ақ жаулықты әжеде еді.

...Әжесінің әжім торлаған нұрлы жүзі әлі күнге көз алдында. Ұсақ гүлді әдемі көйлегін, барқыт камзолын киіп, ақ орамалын желкеден орай байлап, екі ұшын алдына түсіріп қоятын (анасы да дәл солай тартушы еді-ау орамалды). Сол жаулықтың ұшымен кейде жасаураған жанарын сүртетін.

Қара киімді жаратпаушы еді жарықтық. Бала кезінен есінде қалыпты, бірде бойжетіп қалған ортан­шы әпкесінің дүкеннен ақ гүлді, төсегі қара көйлек сатып алғаны бар. Ұсақ ақ гүлдері қанша көп әрі әдемі болғанымен, негізі қара болған соң, көйлек бәрі­бір күңгірт түстеніп тұрады екен. Әжесінің екі көзі бірдей нашар көретін (бертінде мүлде зағип болып қалды), соның өзінде көйлектің қою түсін байқап қалып: - Қап-қара етіп, қайдағы жоқты шығарып, мынасы несі? Жас адам деген жарқырап киінер болар еді, - деп тәуір-ақ кейігені бар...

Осыларды есіне алып отырған Айсәуленің көзі қарсы алдында залдың екінші шетінде кіре беріс есіктің жанында тұрған қыз балаға түсті. Қара орамалын бастыра байлаған қызға қараған сәтінде са­на­сында тағы да шар еткен дауыс жаңғырықты: "Ол менің анам емес!"...

Орамалды қыз басқа дүниенің бәрін ұмытқандай қасындағы бала жігітке әлденені тоқтаусыз сөйлеп, езу жимай күле береді. Арасында еркелеп сүйкеніп, жігітті әр жерінен бір нұқып қояды. Бұлаң қағып, қайта-қайта тиісіп, тыным таптырар емес. Қарсы алдындағы көріністі еріксіз ұзақ бақылаған Айсәуле жауап таба алмайтын тағы бір сұрағын еске алды: "Осылар "иман" дегенді қалай түсінеді екен?".

Көзі қайта-қайта тұманданып кете берді. Жанарын жастан ала қашқандай, кең залды көзімен ты­ным­сыз шарлап отырып, ақыры іздегенін тапқан­дай болды Айсәуле: сол жақ шетте, үшінші қатарда ақ сақалды қария мен ақ жаулықты ана қатар отыр екен. Ана орамалын тура әжесі секілді орай салып, қос ұшын алдына түсіріп қойыпты... Жиын бітіп, прези­диумнан түсісімен Айсәуле солай қарай жүрді. Бі­рақ қос қарияға жетіп болар емес, Айсәуленің тілінен емес, тілім-тілім жүрегінен жарып шыққан сөздерге тәнті болған көпшілік қаумалап босатар түрі жоқ. Ақыры жетті-ау.

- Сіздерге арнайы амандасайын деп келдім. Тура менің әжеме ұқсайды екенсіз. Ол кісі де орамалды сіз секілді тағушы еді. Осы залда сізден басқа ешкім олай киінбепті. Сіздер кеткен соң кімге қарар екен­біз... сағынышпен... Кімге қарап аналарымызды еске алар екенбіз?!

Ары қарайғы сөздерді ойша айтып жатты: "Кімге қарап елжірейміз? Кімге қарап еркелейміз? Кімге қа­рап, өзімізді, өткенімізді еске түсіреміз? Кімге қарап бой түзейміз? Кімге қарап ел боламыз? Кімді "ана" деп атаймыз? Өйткені басқалар... ол менің анам емес! Ол менің анам емес!"...

Айнұр ӘБДІРӘСІЛҚЫЗЫ,

 

Астана

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30          

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.