Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Домбыраны бір ай ішінде үйрендім

Ел құндылықтарын, ата-баба мұрасын суырыпсалмалық қасиетімен ауыздан-ауызға жеткізіп келген жыраулардың ғажайып туындылары ғасырдан ғасырға сабақтасып, жалғасын тауып келеді. Жыраулық өнердің бір көрінісі ретінде Сыр бойында өмір сүрген тұлғаларды айтуға болады. Сырдағы жыршылық мектепті қалыптастырған Нұртуған, Жиенбай, Нартайлардың толғау-термелері ел арасында кеңінен танылған. Осындай ұлы өнерді насихаттап жүрген жастар да бар. Сырдың сазды мақамымен жыр-термелерді нақышына келтіріп орындайтын жас жырау Феруза Оңталаппен әңгіме барысында киелі өнердің қыр-сырына қанықтық.

- Феруза Мейрамбекқызы, жыраулық өнерді таңдауыңызға не түрткі болды?

 - Белгілі жырау, ұстазымыз Алмас Алматов шәкірттеріне "Өнерге адам бір күнде және бір күнге келмейді" деп үнемі айтып отырады. Қорқыт ата топырағында дүниеге келген әрбір адамның бойында жыраулық өнерге деген махаббат бар. Сол ынтаны әрі қарай баулып, жыршылық өнерге бейімдесе ғана осы жолға түсуге болады. Менің жыраулық өнерге келуіме ата-анам ықпал етті. Олар жастайымнан үйірмелерге беріп, қабілетімді шыңдауға мүмкіндік жасады. Бір жағынан, түп нағашы­ларымның кезінде жүз шайыр шыққан Тұрма­ғамбет ауылынан болғаны да әсер еткен шығар, бәлкім. Ол ауылда жыр айта білмейтін жан жоқ­тың қасы. Домбыраның үніне, Сырдың мақам-саздарына деген ғашықтық мені жыраулық өнерге әкелмей қоймады.

 

- Жыр-термелерді неше жасыңыздан бастап орындадыңыз?

- 12-13 жасымнан бастап Қызылорда қала­сындағы дарынды балаларға арналған өнер мектебінің жыр-терме сыныбынан тәлім алдым. Домбырада ойнауды бір ай ішінде үйреніп алдым. Сол уақыт аралығында шағын жыр-тер­мелерді, толғауларды орындай бастадым. Өнер мектебінде сабақ алғаныма үш ай болған кезде Тәжікстан Республикасында өткен халықаралық "Донак" фестивалінде өнер көрсеттім. Бұл өнер шарасында Тұрмағамбет Ізтілеуовтің "Тәлім" термесін орындадым. Аз уақыттың ішінде мұндай фестивальге қатысуым менің осы өнерге деген ерекше қызығушылығымнан деп білемін.

- Ұстазыңыз кім?

- Адамның сатпайтын, сата алмайтын екі дүниесі бар. Оның бірі - өнері болса, екіншісі - білімі. Бұл дүниелерді іздемесе, үйренбесе қолға түспейді. Осындай өрелі сөзді ұстаздарымыз үнемі құлаққа құйып отырады. Жыр-терменің әліппесін үйреткен ұстазым Жадыра Қожатаева болса, бүгінде Қазақ ұлттық өнер универси­тетінде "Дәстүрлі ән" кафедрасының "Дәстүрлі жыр" мамандығы бойынша Алмас Алматовтан дәріс алып жүрмін. Сонымен қатар, Сыр бойының Нұртуған мектебі­нің мақамын үйрену үшін ұстазым Шолпан Бейімбетовадан сабақ аламын. Жырды жанына серік еткен аға-әпкелерім де өз тәжірибелерімен әрдайым бөлісіп тұрады. Қандай да бір сұрақтар туындап жатса, осындай тәлімгерлерім бағыт бере біледі.

- Сыр бойының жыраулық өнердегі мақам­дары күрделірек. Бүгінде сол мақам-саздарды жеткізушілер қатары қаншалықты?

-  Қазіргі таңда Сырда үш мектеп қалып­тасты деп телініп айтылып жүр. Сырдың Арал, Қазалы аймағының ашық дауыста, домбыраның сағасында дауыс көрсетіп орындалатын, әнге ұқсас туындылары Нұртуған мектебінің мақам-саздарына жатады. Ол мектептің Елмұра Жаңабергенова, Шолпан Бейімбетова сынды жеткізушілерін біз тыңдап өстік. Екіншісі - Қармақшы өңіріндегі Жиенбай жырау мектебі. Көмеймен айту дәстүрі осы мектепке тән. Жиенбай жырау мектебінің ерекшелігі домбыра­ның төменгі регистрінде орындалуында. Үшін­шісі -  Нартай Бекежанов мектебі. Бұл мектептің аға буын жеткізушілері өте көп. Нартай әншілік мектебінің бірден-бір жеткізушісі ретінде Құрманбек аға Бекпейісовті айтсақ болады. Нар­тай мектебі әнге де келетіндігімен, сырнай­мен де, домбырамен де айта беруге болатын­дығымен ерекшеленеді. Нартай мектебінің ұяшығы Арқа­дағы үкілі Ыбырай, Тайжанда жатқан­нан кейін Арқаның әндеріне де келіңкірейді. Құбылтып, құйқыл­жытып айтқан кезде Сырдың әндеріне де келеді. Нартай мектебі осындай қырымен де ерек­ше. Аға буын өкілдерімен қатар, Сырдағы жас­тар жағы да үш мектептің шығармаларын орындап жүр.

- Жалпы дәстүрлі музыканың наси­хатталуы қалай?

- Ел арасында дәстүрлі өнердің насихатталуы төмен, халық әндерін ешкім тыңдамайды деген пікірлер айтылып қалады. Алайда, адам баласы кінәні өз бойынан іздеу керек. Бізді ешкім тыңда­майды екен деп құр отыруға болмайды. Сон­дықтан, мейлінше дәстүрлі музыканы таратуға ден қоюымыз керек. Қармақшы жеріндегі Тұрмағамбет ауылындағы өнер мекте­бінің жыр-терме сыныбының өзіне 60 бала жыр үйренуге барады екен. Солардың ішінен бірнешеуі ұлттық өнердің ізін қуса, оның өзі үлкен жетістік емес пе?! Байқасаңыздар, бүгінде жиындарда терме-толғаулар көбірек тыңдалып жатады. Арналарда да арнайы бағдарламалар шығарылып жүр. Биыл қыркүйектен бастап  Ұлттық арна арқылы "Мен қазақпын" жобасы көрерменге жол тартты. "Шалқар" радиосынан әр сәрсенбі сайын белгілі жырау Алмас Алматовтың "Жыр керуен" атты авторлық хабары тыңдармандарға ұсынылып келеді. Сонымен қатар, Қазақстан-Қызылорда телеарнасының эфирінен "Сыр сүлейін сұра­саң..." бағдарламасы көрсетіледі. Оған қоса, әр жыл сайын тұрақты түрде өтетін "Жыр керуен" фестивалі бар. "Текті сөздің төресі - терме" деп аталатын республикалық байқау да жыл сайын ұйымдастырылады. Термеден бөлек, айтыс өнерін халық ерекше бағалайды.

- Ерте замандардан бүгінге дейін қаз-қалпында сақталған жырларды болашаққа жеткізу сіздерге аманат. Ол үшін қандай жұмыс­тар жасамақшысыздар?

- Қазақ ұлттық өнер университетінде 2014 жылдан бері білім алушыларды айтыс өнеріне кәсіби тұрғыда баулу үшін  арнайы мамандық ашылған болатын. Дәстүрлі әншілер мен жыршылар, айтыскерлер болсын, сахнадағы жүріс-тұрыс, орындаушылық деңгейді дамытуға бейімделіп қана қоймай, ғылыми тұрғыдан да ізденгені абзалырақ. Біз де орындаушылық ше­берлікпен қатар, ғылымға бет бұруға кірісе бас­тадық. Жыршылық ауыздан-ауызға жеткен өнер болғандықтан, шығармаларды нотаға түсіріп, мақам-саздарды кәсіби мамандардың оқуы үшін домбыраға лайықтап түсіру жұмыс­тарын зерт­теу­ге бет бұрдық. Сонымен бірге, ғылыми экспе­дицияларға шығамыз. Ғылыми жұмыс ретінде Батыс жыршылық мектебінің өкілі Қайрулла Иманғалиевтің шығармашылығын зерттеу үстіндемін. Қазір дәстүрлі өнердің насихатталуы төмен деп айтуға мүлдем болмай­ды. Даңғара әуендер мерзімі жеткенде ысы­рылып қала береді. Ал, қазақтың қанында бар төл өнердің тыңдау­шысыз қалуы мүмкін емес. 

- Қанша жыр жатқа білесіз?

- Жыраудың жыр-термелерді қаншалықты білетіндігі жырдағы жол арқылы есептелінеді. (Мысалы, 4000 жолдан тұратын "Едіге" жыр-дас­таны деген сияқты). Әзірге менің жыр қоржы­ным­да ауқымды деп саналатын мың жарым жол­дан тұратын Тұрмағамбет Ізтілеуов­тың "Рауа­бану" дастаны бар. Бұл дастанды "Шалқар" радиосы арқылы "Жыр керу­ен" хабарында бір сағат бойы тыңдармандарға жырладық. Қателес­песем, бүгінде 40-50-ге жуық мақам-саздарды білемін. Шағын және ауқымды толғаулар, бұрын­ғы сүлейлердің өсиет етіп кеткен шығармалары, қазіргі авторлардың жазып жүрген термелері, жыр бастаулары менің жыр қорымнан табылады. Бүгінде лиро-эпостық "Қыз Жібек" жырына ден қойып, жаттау үстіндемін. Қазіргі авторлардың шығармашылығын да назардан тыс қалдырмай­мын. Ескі жырлармен бірге Махмұтбай Әміре­ұлы, Алмас Алматов және Серік Ыдырысов сын­ды ақындардың толғауларын орындап жүрмін.

- Алдағы жоспарларыңыз қандай?

- Келешекке қойылған жоспар көп. Дәстүрлі өнер саласы бойынша білімімді жетілдіруді мақсат етемін.  Одан әрі ұстаздарымыздың берген бағы­ты бойынша педагогикалық тұрғыда да ізденсем деймін. Өнер ордасы - Қазақ ұлттық өнер уни­вер­ситетіндегі біз тәлім алатын мамандықты "Дәстүрлі жыр" кафедрасы ретінде ашсақ деген ниетіміз де бар. Білген-түйгенімді әрі қарай өзге­лерге үйретіп жатсам, нұр үстіне нұр болар еді. Ол алдағы уақыттың еншісіндегі дүние. Таза, саф алтындай күйде бізге жеткен мәдени мұрамыз - жыраулық өнер өміршеңдігімен дәстүр жалғас­тығын сақтайтындығына кәміл сенемін.

- Әңгімеңізге рахмет!

 

Сұхбаттасқан Сағира Уәли

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30          

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.