Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Алаш зиялылары қызметінің зерттелуі

     Егемендік алғаннан кейінгі кезеңдегі мемле­ке­тіміздегі жаңарулар мен тың серпілістер тарихи оқиғаларға жаңа тарихи таным бағытында зерт­теу мен тың деректер негізінде қайта сарап­тап зерт­теу мүмкіндігін әперді. Отандық тарихы­мыздың  "ақтаңдақ" беттерінің орнын толтырып, болған оқиғалар мен құбылыстарды жаңаша көз­қарас тұрғысынан сараптап, тарихи шындықты зерттеп, зерделеп жария етіп отыру ұлттық зиялылар қызметі арқылы жүзеге асатыны мәлім. Егеменді Қазақ мемлекетін құру жолында ұлттық сананың қалыптасуы мен қазақ ұлтының өткен тарихын, жекелеген тұлғалары мен тарихи үрдіс­терін шынайы түрде толық қарастыруды қажет етіп отыр. Қоғамда ұлттық зиялы қауым өкіл­де­рінің, қоғам қайрат­керлерінің, тіпті ел ішінде танымал болған белгілі мемлекет қайрат­керлері мен саясаткерлердің есімдері ХХ ғасыр­дың 20-жылдарының соңынан басталған кеңес­тік жүйе­нің арнайы жүргізген саяси іс-шарала­рының құрбаны болып кете берді. Кеңестік тарих ғылы­мы төңкеріске дейінгі жекелеген ұлттық тұлға­лардың өмір жолдары мен азаттық жо­лындағы кү­ресі мен ұлтына арнаған қоғамдық-саяси қыз­мет­терін өмірге жанаспайтын ұғымдар тұр­ғысы­нан қарастырды, зерттеуге тыйым салды, ал зерт­теле қалғандары сыңаржақ баға­ланып, тарихи шын­дық тұрғысынан бағалауға мүмкіндік бермеді.

ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялыла­рының ұлттық демократиялық көзқарастары мен тәуелсіздік жолындағы күресін бағалау екі бағытқа бөлінді. 1925 жылғы желтоқсан айында өткен V өлкелік партия конференциясында Голощекин "алаштықтардың" әрекеттерін: "Біз ақпан революциясына дейінгі және одан кейін де басында А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов және М.Дулатов сияқты ұлтшыл қазақ интеллиген­циясы құрған ұлттық қозғалысты қалай бағала­уы­мыз керек? Сондай-ақ, бұл ұлтшыл интел­ли­генция тобына біздің партияның қазіргі қатынасы қандай болмақ? Түсінікті ғой, жол­дастар, ақпан революциясына дейінгі буржуа­зиялық азаттық қозғалысы, мәселен, Қытайдағы ұлтшыл-бур­жуа­зиялық элементтер бастаған ұлттық револю­циялық қозғалыс сияқты, объек­тивті революция­шыл болды, ол қазір реакция­шыл, тіптен контр­революцияшыл. Басқа ештеңе емес" деп қорыт­ты. Ұлт-азаттық қозғалыс интел­ли­ген­цияның қызметіне берілген бұл партиялық баға теория жүзінде ұлт-азаттық қозғалыс идеология­сына және практикада оның иесі ұлттық демокра­тияшыл интеллигенцияға қарсы шабуылға көшу­ге негіз болған еді. 20-жылдардың екінші жарты­сын­да партиялық тапсырма бойынша алаш қоз­ғалысы тарихына арналған А.Бочагов­тың очерк­тері және Мартыненконың құжаттар жинағы жарық көрді. А.Бочагов өз еңбегінде қазақ зиялыларын 3 топқа бөліп қарастырды: жоғарғы, орта және төменгі. Мұнда әр топтың мүшеле­рінің саяси ұстанымдары, оларды төңкеріске дейінгі кәсіби деңгейіне, материалдық жағда­йы­на және қоғамдағы иерар­хиялық орнына қарай бөлді. Жалпы, бұл екі автор да ұлт-азаттық қоз­ғалысқа қарабайыр таптық тұрғыдан ғана келіп қоймай, сонымен бірге қазақ тіліндегі құжаттық материалдарды елемеді, сондай-ақ ашықтан-ашық тарихи деректерді бұрмалай жазды.

Қоғамдық өмірде қалыптасқан жағдайға бай­ланысты ұлт-азаттық күрес зиялыларына қа­тысты екі көзқарас байқалды. 1933 жылы 8-28 желтоқсан аралығында Қазақ марксизм-лени­низм ғылыми зерттеу институтында Алашор­даның контрреволюциялық рөліне арналған ғылыми конференциялар өткізілді. Конфе­ренцияда Брайнин мен Шафиро Алашорда тарихы бойынша жазып жатқан очерктер кітабы негізінде баяндама жасады. Баяндаманы талқы­лау барысында Меңдешев, Асфендияров, Федо­ров, Мусиндер ғасыр басындағы зиялы­лардың қызметін бұрмалап, біржақты түсіндіруге қар­сылық көрсетсе, Жангелдин, Құра­мысов, Брайнин, Шафиро бастаған екінші топ мәселені тұрпайы социализм тұрғысынан баяндау әдісін ұстанды. 1935 жылы жарық көрген С.Брайнин мен Ш.Шафироның кітабы асығыс, тек ОГПУ-лық деректер негізінде жазылған еңбек болатын. Соған қарамастан бұл кітап алаштық идеоло­гия­мен ымырасыз күресті талап еткен Орталық­тың ойынан шықпады. Сондықтан да Өлкелік партия комитеті оны, артынша Мартыненко жинағын кітапхана қорларынан алу туралы үкім шығарды.

Қазақ демократиялық интеллигенциясының қо­ғамдық-саяси қызметін зерттеу 20-30-жыл­дары осындай деңгейде жүрді, ал 37-38 жыл­дар­дағы жаппай репрессиялау саясаты, тоталитар­лық идеологияның салтанат құруы бұл мәселенің дербес тақырып ретінде ғылыми зерттеу жұ­мыс­тары санатынан ұзақ мерзімге шығып қалуына алып келді. Өткен ғасырдың 80-жылдарының соңына дейін қазақ зиялыла­рының қоғамдық-саяси қызметі мәселесін арнайы зерттеу тақы­рыбы есебінде алған моно­графиялық деңгейдегі еңбектер жарық көрмеді. Тек кеңестік құрылысқа арналған еңбектерде зиялыларға қатысты жана­ма мәліметтер беріліп қалатын.

Академик М.Қозыбаевтың қазақ ұлт-азаттық қозғалысы мен қазақ интеллигенциясы тарихына байланысты жарық көрген еңбегі мәселені жаңа теориялық-методологиялық тұрғыда талдау қажеттігін көрсетті. М.С.Бурабаевтың 1991 жылы шыққан "Общественная мысль Казахстана в 1917-1940 гг." атты зерттеуі ХХ ғасыр басын­да­ғы зиялы­лардың қоғамдық саяси көзқарас­та­рын зерттеген алғашқы жазылған еңбек. Ғалым К.Нүрпейістің "Алаш һәм Алашорда" атты еңбегі Алаш зиялы­ларының рөлін объективті бағалай­тын әрі ғылымилығы жағынан құнды болса, М.Қойгелдиев өзінің "Алаш қозғалысы" моногра­фиясында зиялылардың қоғамдық-саяси қыз­метін, олардың ақпан, қазан төңкерісі тұсындағы қызметін, большевизмге қарсы күресі тарихын ашып көрсетті. Д.Аманжоловтың "Казахский автономизм и Россия" атты зерттеу еңбегінде зиялыларымыздың ұлттық-территориялық авто­номия құру мәселесі терең талқыланды. Т.Омарбеков пен Ш.Омарбеков­тың "Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас" атты еңбегі мәселені қарастыруда жаңа концеп­туал­дық көзқарас ұсынады. Ал, Қ.Атабаев­тың деректанулық тұрғыда жазылған "Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918)" монографиясы алғаш рет қазақ зиялы­ларының саяси-қоғамдық көзқарастары мен ұлт-азаттық күресі жолындағы әрекеттерін олардың өздерінің баспасөз беттерінде жарияланған еңбектеріне деректанулық талдау жасай отырып, объективті баға береді.

Алаш зиялыларының ішіндегі бірі, әрі бірегейі - сол кезеңде өмір сүріп, өзінің саяси-әлеуметтік көзқарастарын жан-жақты танытқан Мұстафа Шоқай. Оның тарихтағы рөлін ашып беруге кө­мек­­тесетін еңбектерінің бірі - Қазақстанда Мұстафа Шоқай жайлы ең алғашқы шыққан еңбек Ә.Әлім­жановтың жинақтауымен жарық көрген "Түркістанның қилы тағдыры". Ол соны­мен қатар Мұстафа Шоқайдың өмір жолы жайлы да еңбек жазды. А.Қасымжанов та "Ұлы даланың зиялы­лары" атты монографиясында М.Шоқай­дың өмірі мен саяси қызметіне тоқталды. Тарих­шы-ғалым М.Қойгелдиев "Алаш қозға­лысы" атты моногра­фиясында М.Шоқайдың саяси идея­ла­рына тоқталып, жоғары баға береді. Қазіргі таңда М.Шоқайдың өмірі мен қызметі жөнінде құнды еңбек 1997 жылы Стамбулдан шыққан Мұстафа Шоқай мен Мария Шоқайдың "Естеліктері". Сондай-ақ, шоқайтанумен айна­лысып біршама ма­териалдар беретін М.Қойгел­диев, Ә.С.Тәке­нов т.б. зерттеушілердің еңбек­терін атап көрсету керек.

Белгілі алаштанушы ғалым Тұрсын Хазіретәлі өзінің "Алаш қозғалысының Оңтүстік қанаты" атты еңбегінде оңтүстік өңірден шыққан алаш арыстарының қызметіне деректанулық талдау жасап өтеді. Әсіресе, алаш зиялыларының оң­түс­тік өлкеден шыққан көрнекті өкілдері Сұлтанбек Қожанов, Қоңырқожа Қожықов, Ералы Қасымов, Иса Тоқтыбаев және тағы басқа тұлғаларының қызметін мұрағат құжаттары арқылы ашып көрсетеді. Тағы бір ерекше атын атауға тұрарлық Түркия азаматы Х.Өралтайдың Алаш және Шығыс Түркістан қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы тарихына арналған "Алаш - Түркістан  түркілерінің ұлттық азаттық үшін күресінің ұраны" атты еңбегі. Ол ертеректе шыққанымен, оның қазақ басылым­дарына жарияланып жүрген материалдары тәуелсіз­діктен кейін ғана.

Қорыта айтқанда, ХХ ғасыр басында ұлты­мыз­дың тәуелсіз болашағы үшін күресіп, боль­шевиктік кеңес үкіметінің отарлық сипатын біліп, шамалары келгенше оған қарсы тұрған қазақ зиялылары Ресейдің федеративтік демократия­лық республика болғанын жақтаған еді. Олардың ұстанған жолдары, атап айтсақ, алаш қайраткер­лері құрған Алашорда үкіметі де, М.Шоқай басқарған Қоқан автономиясы да қазіргі қазақ қоғамына тура әкелетін жол еді. Олардың тарихта қалар қызметі де осында болмақ.

Жалпы алғанда, алаш қайраткерлері туралы біршама зерттеу еңбектер жарық көргені мәлім. Дегенмен, алаш арыстары туралы зерттелгеннен гөрі әлі де болса зерттелмеген мұраның көптігі. Бұл, әсіресе, тарихшыларға қатысты мәселе. Алаш зиялы­ларының тіл, әдеби-шығармашылық мұрасын жан-жақты саралауға құлшына кіріскен әдебиет­шілер мен тілшілердің тарихшылардан көш ілгері кеткендігі көрініп тұр. Тарихшы ғалымдар болашақта мақсатты түрде түпсіз қазына іспетті алаш арыстарының күрделі өмірі мен саяси қайраткерлік, мемлекеттік қызметтерін зерттей түсуі қажет. Осы мақсатта мынадай ұсыныстар бергенді жөн көрдік:

1.           Әлі де беймәлім алаш арыстарының рухани мұ­­расын зерттеу және кемел ұрпаққа насихаттау мақсатында тарихи деректі фильмдер түсірген жөн.

2.           Алаш зиялыларының рухани мұрасын зер­делеп, жоғары және орта мектептің оқу үрдісіне енгізуді қолға алып, арнайы бағдарлама жасаса, өскелең ұрпақ олар жайында жан-жақты біліп, қастерлейтін болады.

3.           Педагогикалық колледж, институттар мен университеттерде алаш арыстарының атынан стипендия тағайындау қажет.

4.           "Мәңгілік Ел" идеясы мемлекеттік бағдар­ламасының аясында алаш арыстарының бұрын-соңды жарық көрмеген қолжазбаларын жинақ­тап, толықтырып, барлық еңбектерін "Шығар­малары" ретінде жариялау бүгінгі елімізді, ұлты­мызды көрсететін мәдени қадам болатыны анық.

Нұрлан Оспанқұлов,

 

Қызылорда облыстық өлкетану музейінің  ғылыми қызметкері

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кім онлайн?

Қазір 72 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.