Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Журналистерге арналған жоба тілшілердің тіл білуге деген талпынысын арттырды

Әлемдік қауымдастықта мойындалған тілді меңгеру - жаһандық талапқа жауап берудің бірден бір жолы. Әлбетте, бұл өз ана тілімізді тасада қалдырып, өзге тілге орын беру дегенді білдірмейді. Қалай десек те, ақпарат ағынына ілесіп, көптің көңілі ауған дүниеден құр қалмас үшін ағылшын тілін білу керек-ақ. Мұны өзіңіз де сезініп жүрген боларсыз. Сондықтан да көзі ашық, оқудың соңына түсіп, білімге беттеген азаматтардың бәрі де тіл білудің талабын түсініп, көштен қалмаудың қамына кірісті. Оған дәлел іздеп керек емес. Міне, дәл осы тіл білудің талабы ақпараттың негізгі қайнаркөзімен жұмыс істейтін журналистерге екі есе қажет. Елден бұрын хабар таратып, жаһандық жағдайға үн қатып, өзгерістерді елге жеткізіп жүретін журналистер қауымы тіл білуді тек талап тұрғысынан емес, жаңа ақпарат көзі деп қарау керек. Ақыл айтудан аулақпыз. Әйтсе де, қазіргі ақпараттың 90 пайызы - ағылшын тілінде. Ғылым мен инновация да ағылшын тіліне байлаулы. Демек, ақ параққа жазылған ақпаратқа табан тоздыратын тілші­лердің кәсіби міндетіне енді тіл білу деген талап кіріп отыр. Әрине, ақпарат арнасы кең Астана, Алматы қалаларында ағылшын тілінде ақпарат тарататын журналистердің жұмысын көріп жүрміз. Десе де бұл сұраныстың өзге өңірлерге де аз уақытта жетіп қалатыны белгілі емес пе? Осы себепті өткен жылдан бері журналистерге арнап жоба жасап жүрген "Руханиятты жаңғырту" қоғамдық қоры биыл да журналистердің тіл білу деңгейіне бір қадам жақындай түсуіне жағдай жасапты. Журналистердің құқықтық сауатын көтеріп, интеллектуалдық білім деңгейін арт­тыруға ден қойған қоғамдық қор ендігі мақсатын тіл меңгертудің жолына бағыттапты.

 

"Журналистердің шет тілінде ақпарат алу мүмкіндігі" тақырыбын өзек етіп алған қоғамдық қордың алғашқы қадамы журналистердің үш күндік оқыту курсынан басталды. Қызылорда облысында алғаш болып қолға алынған бас­тамаға өңір журналистерінің қолдауы айқын сезілді. Нарықтық талапты ескере отырып, тілшіге керек амалдың бірі болған оқыту курсына аймақтағы журналистер мен меншікті тілшілер, аудан журналистері мен журналистика маман­дығында білім алып жатқан студенттер шақы­рылды. 

Мақсат белгілі, міндет айқын. Бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет ететін журналис-тердің тілдік білімін арттыру, салалық журна-листиканы жаңа деңгейге көтеру, ақпарат алмасу-дың арнасын кеңейту. Сонымен бірге аймақ журна-листерін кәсіби тіл курстарына тартып, журналис-тердің ағылшын тілінде ақпарат алмасуына мүмкіндік беру.

Айта кетейік, байыпты бастамаға Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасы мен «Қазақы-лықтың Атамекені» қоғамдық қоры қолдау білдір-ген. Әлбетте, журналистерді үш күн ішінде оқытып шыққаннан толыққанды тіл меңгеріледі деп айта алмаймыз. Бұл әдеттегі деңгейлік курстар емес, шет тілінде ақпарат алмасудың жолын үйрену. Демек, кәсіби бағытқа құрылған, журналистика жанрларын сақтай отырып, ақпаратты ағылшын тілінде меңгерудің әдіс-тәсілін беру. Бұл ретте білімнің толымды түрде берілуі оқыту жүргізетін маманға да тікелей байланысты. Оқыту курсын жүргізу тіл маманы әрі журналист Сағира Уәлиева-ға жүктеліпті. Шет тілінде ақпарат алудың жолда-рын меңгерген маман сабақ барысында журналис-терге журналистика жанрларының бір түрі сұхбат алудың әдістері турасында білгенімен бөлісті. Ол үшін тәжірибелі маман әлемдік ақпарат құралы ретінде мойындалған ВВС, The Wall Street Journal, The Garden сынды ақпарат құралдарында жарыққа шыққан сұхбаттарды талдап көрсетіп, қажетті тезистерді журналистерге үйретті.

Оқытудың  алғашқы күнінде өңір журналистері сұхбат алу, ақпарат сұрату, маманмен тілдесудің әдебін, ағылшын тілінде пікір алмасудың жолын үйренді. Ал, екінші күнде тілдік базаны арттыруға мүмкіндік беретін фильм көрсетіліп, айтылым, тыңдалым, оқылым деңгейлері бойынша жекелен-ген және топтық жұмыстарды орындады. Қоры-тынды үшінші күнде журналистер еркін диалогтық алаңдар құрып, практикалық тапсырмалар орын-дап, мәтіндермен жұмыс жүргізді. Ойлануды талап ететін ойындар мен пікір қалдырудың жолын нұсқайтын жаттығулар да журналистерді оқыту курсына елітіп ала кетті. Үш күн ішінде журна-листер жұмысын бақылап отырған тренер Сағира Уәлиева журналистердің тіл меңгеруде талабы жоғары екенін, ағылшын тілінде ақпарат алмасу-дың жолын өздігінен дамыта оқытудың нәтиже беретінін ашып айтты. Түрлі тақырыптар мен журналистика жанрларын бір арнаға тоғыстырған оқыту курсының қорытындысы ретінде «Руханият-ты жаңғырту» қоғамдық қоры берілген білімді толықтыра түсу үшін журналистерге семинар-тренинг ұйымдастырды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойын-ша біліктілікті арттыру институтының конференция залында өткен семинар-тренингке жиырмаға жуық журналист қатысты. «Тілдік сауаттану. Журналистің ақпарат алу еркіндігі» тақырыбын өзек етіп алған семинар жұмысы 3 сағатқа созылды. Білімді жетілдіруге бағытталған басқосуда Қазақстандағы ЭКСПО көрмесі туралы ВВС каналының журналистері жасаған сұхбаттар мен сюжеттер талқыланып, халықаралық тақырыпты қозғаудың тәртібі мен журналист ұстанымы кеңірек айтылды. Сонымен қатар, кәсіби журналистика терминдерінен құралған оқыту лекциясы да журналистердің бұрын-сонды естімеген ақпараттары арқылы білімдерін толықтыруға жол ашты.

Семинар-тренингке қатысушы «Сыр бойы» газетінің тілшісі Назерке Саниязова журналистерді ағылшын тілінде оқыту жұмысы сәтті бастама еке-нін, аймақта мұндай форматтағы семинардың бұ-рын-соңды болмағанын айтып, журналистің кәсіби білімін көтеретін жобалардың көп болуы қажет екенін тілге тиек етті.

- Журналист жұмысы үнемі ізденісті қажет етеді. Ал, дереккөздердің дені шетелдік ақпарат құралда-рында. Сол себепті де ағылшын тілі керек. Әрине, бастама жаман емес. Өзімізге керек дүниені түртіп алдық. Бұл да біліміміздің қай сатыда тұрғанына түрткі болды. Мұндай шаралар жалғасын тапса екен, - дейді журналист Назерке Саниязова.

Ақпарат алмасудың алуан жолдары бар. Тек сол ақпараттардың керегін халыққа екшеп жеткізу тек журналистің қолында. Үш күндік оқыту мен үш сағаттық семинар журналистердің тіл үйренуге тал-пынысын сәл де болса арттырды. Негізгі мақсат та осы. Семинар соңында барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан сертификаттар тапсы-рылды.

Білім алу қашан да кеш емес. Бұл тіл білуге ұмты-лыстың алғашқы жолы. Бастысы – оқудан жалық-пайық!

 

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кім онлайн?

Қазір 9 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.