Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Ақмешіттің алғашқы мұнайшысы


Туған еліміздің жер асты байлығы бұл күндері тәуелсіз Отанымыздың әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуына ойдағыдай үлес қосып отырғаны белгілі. Әсіресе, «қара алтын» қазынасын өндіруде алдыңғы шепте тұрған мұнайшылар еңбегі ерен. Бұл орайда Сыр бойында тұңғыш рет «қара алтынның» қазығын қаққан осынау ізгілікті іспен өмірінің ақырына дейін шұғылданған Мұрат Ғазизұлы Саламатовтың есімі «Алаш­тың анасы атанған» аймақ үшін де етене таныс. Өзі өмірден озғалы талай жылдың жүзі өтсе де, жақынын жаттай сыйлайтын бауырмал қызылор­далықтар алғашқы мұнайшы азаматтың атын қастерлеп әлі күнге бұл аймақ үшін жасаған істерін аңыз қылып айтып отырады.

Мұрат Ғазизұлы Жамбыл облысы, Бурылбайтал (кейбір деректерде Көктерек) ауылында туып өседі. Орта мектептен соң бірер жыл жұмыс істейді. Сонан соң, Алматыдағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдап, еңбек жолын Ақтөбенің Темір, Шұбарқұдық, Соркөлде, Жаңаөзенде мұнайшы, мұнай өндірудің шебері болып бастаған балаң жігіт көп ұзамай өзінің ұйымдастырушылық қабілеті нәтижесінде №2 инженерлік-технологиялық өндірісті басқарып, салалық басшылық тарапына жаңа қырынан танылады. Жер астынан «қара алтын» өндірудің қамымен елге енді ғана таныла бастаған Мұрат Ғазизұлы 1973 жылы Маңғыстау облыстық партия комитетіне нұсқаушы, іле-шала обкомның бірінші хатшысының көмекшісі болып тағайындалады.

Арада аз ғана уақыт өткенде М.Саламатов өзінің кәнігі кәсібін аңсап, ақыры 1975 жылы осы облыстың жер қазынасы Жетібай кәсіпшілігіне жол тартады. Сол жылдан 1979 жылға дейін Жетібай мұнай өндірісінде маңдай терлетеді. "Жетібай мұнай" мұнай-газ өндіру басқармасына басшылық жасайды. 1979-1980 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті ауыр өнеркәсіп бөлімінің нұсқаушысы қызметін асқан жауапкершілікпен атқарған Мұрат Ғазизұлы 1981 жылы қайтадан өндіріске баруды қолайлайды. Сөйтіп, сол жылы "Маңғыстау мұнай" өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары қызметтерін абыройлы атқарып, ел құрметіне бөленеді.

Маңғыстау даласында мұнайдан мұхит жасаған Мұрат Ғазизұлының Сыр бойындағы "қара алтын" қазынасын игеру жолы сол тұстағы Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Еркін Әуелбековке тікелей байланысты еді. Естуімізше, Еркін Нұржанұлы тікелей Мәскеуге, СОКП Орталық комитетіне шығып, кейін "Құмкөл" атанған кен орнын сұрап алады. Бұл жұмыс облыстың бұрынғы басшысының үлкен қайраткер екенін танытты. Маңғыстаудағы мұнай өндірістік басқармаларымен, Алматы, Мәскеудегі салалық министрліктермен байланыс жасап, бұған қажетті құрал-жабдықтарды өзі тікелей тапсырма беріп алдыртты.

Сонау Жезқазғаннан "Құмкөлдегі" кен орнына қарай 229 шақырымдық электр желісі, Қызыл­ордадан 200 шақырымдық тас жол тартылды. Кейін осы жолдың 130 шақырымына асфальт төселгенін айтады қолымыздағы қосымша деректер. Мұнайшы мамандар мен жұмысшы­лардың 15 күндік вахталық әдіспен кен орнына қатынасы әуе жолы арқылы жүзеге асырылды. Сол үшін қыруар ақшаға екі бірдей "Як-40" ұшағын жалдап, екі бағытқа алма-кезек әуе рейсі жасалынуы ол кезеңде үлкен ерлік болатын. Міне, осындай қажырлы еңбекпен "Құмкөл" кен орны өмірге келген еді.

1996 жылдың тамылжыған тамыз айында Қызылорда-Құмкөл кенінің 10 жылдығы кең көлемде атап өтілгені ел есінде. Сондағы басқо­су­­да "Құмкөл мұнай" кен орнының бас дирек­торы М.Саламатов "Мен Құмкөлдің негізін қалағандардың ұжымын қалыптастыру құрметі маған бұйырғаны үшін, оның құт-қазынасын адамдарға ашып беру еншісі маған тигені үшін өзімді бақытты сезініп, тағдырыма ризашы­лығымды білдіремін. Қызылордада өткізген жылдарым мен үшін кәсіби және адамгершілік сынағы мен өзімді-өзім тани білу уақыты болды" деген еді.

Иә, осыдан отыз жыл уақыт бұрын Құмкөл кеніне алғашқы ұңғыма түскен бұл оқиға әлі күнге Сыр бойы халқының есінде. Бұл бастама облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында үлкен рөл атқарды. Аймақ сонан бастап ауыл­шаруа­­шы­лы­ғымен қатар еліміздегі ірі мұнай-газды өлкеге айналған еді. Бұған талантты ұйым­дас­тырушы, білікті басшы М.Ғазизұлының сіңірген еңбегі, қосқан үлесі әркімге аян. Ол 1986-1988 жылдары "Құмкөл мұнай" кен орнының бас директоры қызметінде жүріп көптеген жер­гілікті мұнайшы кадрларын тәрбиеледі, қаншама қайырымдылық шараларына негіз қалады. Жасаған жақсылығың жерде қалмайды. Ел-жұрт әрдайым жылы лебізбен еске алып отырады. Солардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов Мұрат Ғазизұлының іскерлігін, біліктілігін, адами қасиетін сипаттай келіп, "Кезінде Мұрат Саламатовтың іскерлігінің арқасында өндірістік-тұрмыстық база жасалы­нып, әлеуметтік құрылыстар көптеп салынды. Жеңіл автокөліктер алынып, жұмысшыларға арзан бағамен сатылды, ұжым мүшелерін, облыс халқын өндірістік-тұрмыстық тауарлармен, киім-кешекпен қамтамасыз етті. Көптеген қызылор­далықтар үйлі, көлікті, мүлікті болды" деп жазған еді.

"Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" деп осындайда айтса керек. Расында да, Мұрат Ғазизұлы "Құмкөлмұнай" кен орнын басқарған аз ғана уақыттың ішінде бұл аймақта көптеген игілікті істерге берік негіз қаланған болатын. Соның нәтижесінде, Мұрат Ғазизұлының іскерлігі арқасында Сыр өңірінің экономикасы шапшаң дамыды, ойдағы тасы өрге домалады.

Мұрат Ғазизұлының көзі тірісіндегі келелі істері жайында көз көргендер жыр қылып айтады. Солардың бірі - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Одақтық дәрежедегі дербес зейнеткер, Қазақстанның Мәскеудегі бұрынғы тұрақты өкілі Сәбит Жаданов өз естелігінде былай деп жазады: "Мен білетін Мұрат Ғазизұлы Саламатов небәрі елу жеті жыл өмір сүрді. Маңғыстау мен Сыр даласында ол жаққан алаулар әлі күнге дейін лапылдап жанып, ол тұрғызған мұнай мұнаралары биіктік өлшеміндей көкпен таласып тұр. Жұрт оларды "Саламатов­тың мұнаралары" деп мақтан тұтады. Соны көргенде ойыма еріксіз қазақтың дарынды ақыны Т­өлеген Айбергеновтің:

Кезім менің,

Жатырсың жырақты ашып,

Қызыл гүлді барады қыр ап қашып.

Жиырмасыншы ғасыр жүр Маңғыстауда

Мұнаралар басына шырақ тасып",- деген жарқын жыр жолдары ойымызға оралады.

Мұрат Ғазизұлының қолымыздағы дерек­теріне көз жүгіртіп, көңілге тоқығанда аңғарғанымыз, оның күллі өмірі "қара алтынмен" байланысты екен. Ақтөбе облысы, Темір ауданындағы Темір мектеп-интернатын тәмәмдап жоғары оқу орынына құжат тапсыру үшін сол кездегі тәртіп бойынша бір-жар жыл еңбек етеді. Мұнан кейін мұнайшы мамандығын таңдауына, өмірінің ақырына дейін мұнай саласында тер төгуіне баспалдақ "Ақтөбемұ­найбарлау" тресіне қарасты мұнай барлау экспедициясында бұрғышы болуынан бас­талады. Бұрғышы деген қызық кәсіп, кең даланы басына көтеріп, жеті қабат жер астын тескілеп, күн ұзағына шілденің аптабына қақталып жүргенің сол.

Бұл Ақтөбе аймағында үлкен мұнай өндірісінің басталған шағы еді. Өзінің болашағын сол мұнаймен тығыз байланыстырған бозбала осыдан соң ғана барып жоғарыда айтқаны­мыздай Қазақ политехникалық институтына түсіп, оны тау-кен инженері мамандығы бойынша тәмәмдаған болатын.

Сыр бойындағы Құмкөл мұнайын бастандыру бақытына ие болған М.Ғазизұлы тумысынан қарапайым, ешкімнен құрмет дәметпейтін дарабоз жан еді. Құмкөл мұнай өндірісін жолға қойғаннан кейін "Оңтүстік­мұнайгаз" өндірістік бірлестігінің бірінші бас директоры, "Мұнайгаз" мемлекеттік холдинг компаниясының президенті, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары, "Қазақ Ойл" ұлттық мұнай компаниясының бірінші тете-президенті сияқты қаншама лауазымды қызмет биігінен көрінсе де, ол мейлінше қарапайым еді, сол қарапайымдылығы болар, еткен еселі еңбегіне орай жұрт сияқты омырауына жылтыратып орден, медаль тақпапты. Мақтау - марапаттың маңайына жақындап көрмепті тіпті. Айтушылар Мұрат Ғазизұлы Саламатов сияқты біртуар тұлғаның алған алғашқы, соңғы марапаты жалғыз ғана бір жапырақ "Құрмет" грамотасы дейді. "Шамның жарығы түбіне түспейді" деген осы болар.

Бетегеден биік, жусаннан аласа болып, 57 жыл ғұмыр кешкен Қазақ мұнайының шамшырағы Мұрат Ғазизұлы тірі болғанда үстіміздегі жылы 75 жастың жотасына шыққан болар еді. Сұм ажал осындай абзал азаматты ортамыздан әкеткелі 18 жыл уақыт өтіпті. Ел үшін адал еңбек еткен асыл азаматты жұрты ұмытқан жоқ. Қызылорда қаласындағы көшенің бірі Ақмешіттің алғашқы мұнайшысы атанған М.Саламатов есімін еншілесе, өзі алғашқы қазығын қазып "қара алтын" атқылаған Құмкөлдің қақ төрінде мәрмәр мүсіні менмұндалайды.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Жаданов Сыр бойының тұңғыш мұнайшысы М.Ғазизұлы туралы естелігінде: "Ұлағатты ұйымдастырушы, іскер басшы, білікті маман атанған ол мағыналы ғұмыр кешті. Бір өкініштісі, адам ғұмыры аяқталмай қалған жыр секілді. Ал, бір қуаныштысы үзілген жырды жалғайтын ұрпағының бар екендігі" десе, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласынан еңбек ардагері Темірбек Оңғаров өзінің үстіміздегі жылғы 14 маусымда жарық көрген "Ертіс өңірі" газетіндегі Мұрат Ғазизұлы туралы мақаласында "Мұрат Ғазизұлы Құмкөлдің алғашқы қазығын қаққаннан бастап ел игілігі үшін қыруар пайда әкелген, қара алтынды игерген абзал азамат еді. Бір сөзбен айтқанда, мұнайшылардың төл мерекесі Мұрат Ғазизұлының туған күні іспеттес. Мұнай және Саламатов сөздері ажырамас бір ұғым", -дейді.

Айтса айтқандай, осы арада есімізге Сырдың даңғайыр шайыры Нұртуған Кенжеғұлұлының "Жақсылар жақсымын деп айта алмайды, жамандар жақсымын деп айқайлайды" деген өсиет жыры оралады.

Иә, тумысы текті адам ешқашан көкірегін соқпайды, көпшілікке күн аптапта көлеңке, көлеңкелі тұста шуақ болуға дайын тұрады. Бұл Мұрат Ғазизұлына ата қанымен, ана сүтімен дарыған қасиет болса керек.

Бұл күндері облыстық тарихи-өлкетану мұра­жайының қоры Ақмешіттің алғашқы мұнайшысы М.Саламатовтың көзі тірісінде тұтынған, қазір таптырмас жәдігерге айналған заттарымен толығу үстінде көрінеді. Мұражайға келуші жас ұрпақ оны жақсының көзіндей көріп, ғасырдан-ғасырға аңыз қылып жеткізетін болады.

 

Толыбай АБЫЛАЕВ 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кім онлайн?

Қазір 8 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.