Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Ұрпақ жадындағы «Арықбалық шайқасы»

"Әрбір өлкенің халқына қорған, ыстығына сая, суығына пана болған баһадүр бабалары бар. Олардың есімін ұрпақтары ұмытпауға тиісті" деген Елбасы лебізі Жанқожа батыр ауы­лында нақты көрініс тапқандай. Бұл күні батыр баба есі­мін иеленген іргелі қоныстың тұрғындарының жүзінен тебіреніс белгісін аңғарғандай болдық. Себебін де түсіну қиын емес. Осынау қасиетті ауыл­да мұнан 160 жыл бұрын Жанқожа батыр­дың бастауымен Ресей патшасының жазалаушы әскерлерімен болған, тарих парағына "Арық­балық шайқасы" атауымен енген шешуші ұрыста мерт болған асылдарды ес­ке алуға арналған шара өтті. Сол бір қанды - қа­сапта арманда кеткен арыс­тарын жоқта­ған­дай ауа райы да қыты­мырланып, салқын ызғар еседі. Күздің нарды құлатар қара суығы сәт санап күшейе түскен. Сұп-суық дымқыл ауа ауыр шайқаста қазаға ұшы­раған боздақтардың ақтық деміндей елестегенде денем түршікті. Жарат­қанға, батыр баба аруа­ғына іштей жалбарынып ондай ғаламат соғыс­тың қайталанбауын тіледім.

Тағылымды шара аудан әкімі Нажмадин Шамұратов бастаған ауыл ағалары, ел азамат­тарының "Тағзым" алаңындағы монументке гүл шоғын қоюдан басталды, Азалы кейіпте сал­мақпен басылған қадамдар бабалар алдын­дағы ұрпақ парызын терең еске салғандай. "Сарқұл қожа" мешітінде Арықбалық шайқасы батыр­ларының рухына құран бағыштаған Қайрат қажы Дәуіржанұлының сазды мақамы ел намысы, азаттығы жолында шейіт кеткен боз­дақтар есімін санада жаңғыртты. Бәлкім, елі үшін құрбан болған жанның рухы мәңгі өл­мейді деген осы шығар. Мұнан соң ауыл орта­лығындағы көрікті саябақта шараның негізі бөлігі мәреге жетті.

Ауыр кезеңге шолу жасаған Қазалы ауданы әкімі Нажмадин Шамұратовтың "Өткен ғасырлар қойнауында қазақ жұртының көр­меген азабы, шекпеген қасіреті жоқ. Отар ел болғаннан кейін империяның жасаған қиянаты тіптен зор. Соның бірі - "Арықбалық шайқасы" деген атпен тарихта қалған көтеріліс. Бүгінгі шара сол Арықбалық шайқасындағы Жанқожа батыр бастаған сарбаз­дардың ерлігін дәріптеу, өскелең ұрпақты Отан­сүйгіштікке баулу, өткен тарихы­мызды қастерлеу мақсатында өткізіліп отыр. Жаңғыру жолында бабалардан мирасқа қалған ізгі қасиеттерді қайта түлету қажет" деген лебізі­не жиналғандар қызу қошемет білдірді.

"Арықбалық шайқасы" атты театрланды­рылған қойылым көрермендердің жанарына жас үйірді. Қойылым қаһармандарын сол батыр бабалардың тікелей ұрпақтары - ауыл өнерпаз­дары аса сәтті сомдады. Айта кетейік, Марат Жақсылықов басшылық жасайтын ауылдық мәдениет үйінің жанында (режис­сері Айгерім Асанова) аудандағы елді мекен­дер арасындағы бірден-бір халық театры жұмыс жасайды. Сахнаға дулыға - сауыты күн нұры­мен жар­қы­рап Жанқожа батыр (батыр бейне­сінде ауыл­дағы №94 мектептің мұғалі­мі, баба­ның тікелей ұрпағы Алмат Аралбаев) көтеріл­генде көпшілік сілтідей тынды. Палуан тұлғалы бабаның саң­қылдай шыққан асқақ даусынан жер-көк тең­селген­дей әсер қалдырды. Батыр­дың соңына ерген өңшең жүрек жұтқан ерлер, қарақұрым қол "Алла", "Жанқожа"деп атой салып, әз баба мінген қас тұлпар жер тарпып ойқастағанда жүрегіміз қысылды. Бойымызда намыс­тың қаны еріксіз ойнап, өзімізді Арық­балық шайқа­сының бел ор­тасында, жауға қы­лыш сілтеп жүр­гендей сезін­дік. Осылайша өнер құдіреті дегенге бас идік.

Индира Назарова басқаратын аудандық кітапхана ұжымы ұйымдастырған кітап көр­ме­сінде Жанқожа батырдың өнегелі өмірі, ерлікке толы даңқты жолы әсерлі деректер­мен беріліпті. Әсіресе, жүз алпыс дана кітап­тан жасалған "Арықбалық шайқасына - 160 жыл" атты жазу тартымдылығымен талайды там­сандырды. Қажет­ті мағлұматты кеш қо­нақтарына шұрайлы тілде жеткізген Зоя Мұс­тафаеваның өз маман­дығын терең мең­гер­гені бай­қалып тұрды. Мәдениет үйінде өткен ғы­лыми-танымдық конференцияны аудан әкімі Нажмадин Шамұра­тов жүргізіп отырды.

-  Ұш­қан құстың қанаты, шапқан тұлпардың тұяғы талатын маңғаз даланың әрбір атырабы шежіреге толы екені рас. Мұндай киелі де та­ғы­­лым­ды жерлер өзіміз туып-өскен  Қазалы өңірін­де де аз емес. Сондай көпшілік ұлағат тұтар оқи­ға­ның бірі - "Арықбалық шайқасы" десек орынды.

Исі қазаққа, қала берді Алты Алашқа даңқы кеңінен тараған Жанқожа Нұрмұхамедұлының есімі, батырлық жолы, елі мен жері үшін жанын қиған тектілігі бабамыздың өзінің көзі тірісінде-ақ аңызға айналғаны баршаға аян. Сондай-ақ, әз бабамыз бастаған ержүрек сар­баз­дардың Ресей патшасы өкіметінің озбыр­лығына қарсы қарулы шайқасқа шыққаны, Қазалыны қоршауға алғаны, шешуші шайқас­тың Арықбалықта, яғни қазіргі таңда  Жанқожа батырдың есімімен аталатын осы елді мекен­нің маңында өткені, мұздай қару­ланған патша жазалаушыларына қарсы көтеріліс­шілердің асқан жанқиярлықпен соғысқаны, қарша бораған зеңбірек, мылтық оғының көптеген боз­дақ­тарды мерт қылғаны, қарапайым халық­тың талауға түсіп, елі-жерінен амалсыздан босып кеткені нақты деректерден белгілі.

Қақаған қаңтарда қарапайым тірлік кешіп, шаруа жайын күйттеген бейбіт жұртты ашын­дыр­ған намыс аталатын ұлы ұғым, сол кезде жа­сы сексеннен асқан әулие әрі батыр бабам­ыз­ды атқа қондырған халық кегі, қабырғалы қауым­ның те­ңіздей төгілген көз жасы, таптал­ған ар-намы­сы, патша өкіметі билеушілерінің шектен шыққан озбырлығы болатын.

Егер батыр бабамыз халық кегін қумай,  же­ке басының қамын ойлағанда оған тиісер тірі жан болмасы анық. Олай дейтінім, Ресей пат­ша­сы­ның өкілдері де, Хиуа, өзге хандықтар да Жанқожа батырмен жақсы байланыста болуды көздегені, батырға аса бағалы түрлі сый-сия­пат­­тар ұсынғаны тарихтан мәлім. Алайда елі үшін туған, ғұмыр бойы адалдығы­нан жаңыл­ма­ған ба­тыр бабамыз әділеттілік жолын таң­да­ды, өзі­нің ғұмырынан елінің намы­сын артық санады.

Биыл санада ауыр зардабы қалған сол Арық­балық шайқасына - 160 жыл толды. Өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке баулу, жерін сүюге, өт­кен тарихымызды қастерлеуге үндеу барша­ның міндеті. Бұл ретте Жанқожа батыр баста­ған сар­баздардың ерлігі дәріптеуге толық ла­йықты. Батыр бабамыздың соңына ерген қалың қолдың санаулы рулардан ғана құралма­ғаны анық. Ол сәтте Қазалы, Арал, тіпті Сыр өңірінің азаттықты аңсаған, намысы бар азамат­тары атқа қонды. Ендеше елінің бостандығы, ұрпағының жарқын ғұмыры үшін жанын қиған Жанқожа бабамыз бастаған Арықбалық шай­қасы батыр­ларының есімі мәңгі жасай бермек.

Бұл шара бабалар рухына тағзым белгісі болса, тарихтан алар тағылым үшін той той­лау­­мен бірге ой ойлауға шақыратын зиялы ортаның бүгінгідей жиыны қажет. Сондықтан да батыр бабаларымыздың өмірі мен азаттық жолындағы күресі, ел басқарудағы қызметін зерттеу мәселе­леріне арналған ғылыми-таным­дық конферен­ция­ның өтуі әбден заңды деп білеміз. Өскелең ұр­пақты отансүйгіш­тікке баулу, жерін сүюге, өт­кен тарихымызды қастерлеуге үндеу баршаның міндеті. Бұл ретте Жанқожа батыр бастаған сар­баз­дардың ерлігі дәріптеуге толық лайықты- деп тебіре­не сөйледі аудан басшысы.

Конференцияда «Болашақ» университе­тінің аға оқытушысы, филология ғылымдары­ның канди­да­ты Нұрлан Нұрма­ханов, №94 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орын­басары Айзада Тасым баяндама жасаса, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әли Шайқұл Жанқожа батырдың өз ғұмы­рынан елі­нің намысын артық санағаны жайлы әңгімеледі.

Жанқожатанушы Н.Көбегенұлы баянда­ма­­сының соңында өз ұсыныстарын жеткізді. Биылғы жылы облыс мектептеріне енгізі­летін "Өлкетану" пәні аясында Қазалы ауданы білім ордалары оқушыларына Жанқожа Нұрмұ­хамед­ұлы туралы, оның ерліктері жа­йында кеңінен оқыту, «Арықбалық шайқасы» тақырыбы бо­йын­ша өз бетінше іздену үшін тапсырмалар беру; Жанқожа батырдың тарихи тұлғасы және әде­биеттегі қаһармандық бей­несін жаңа қы­рынан ашып зерттеу бағытында ғылыми жұ­мыстарға жыл сайын байқау ұйым­дастыру; Жанқожа туралы тарихи өлең-жырлар арқылы халық санасын жаңғырту, рухын көтеру мақса­тында аудан көлемінде батыр туралы жазылған жыр-өлеңдерді орын­даушылардың дәстүрлі жыр сайысын өткізу керектігін назарға салды. Сонымен бірге Арықбалық шайқасының тарихи тағылымын, тәрбиелік мәнін ұрпақ жадында қал­дыру үшін осы маңнан ескерткіш тақта орна­тылса, рухани жаңғырудың салмағы арта түсе­тіндігін жеткізді.

Шара соңында арнайы тігілген ақшаңқан киіз үй мен әсем баспанада Жанқожа Нұрмұ­ха­медұлы бабамыз бастаған "Арықбалық шай­қасы" батырларының рухына арналып ас бе­рілді. Спорттық ойындар, гала концерт ұйым­дастырылды.

Жақсының жақсылығын айту парыз. Айтулы шараның жоғары деңгейде өтуіне аудан әкімі Нажмадин Шамұратов тікелей қолдау жасап, Асанжан Ешнияз, Алғашбай Байкө­беков, Берік Бисенбаев, Бекетай Мұқашов, Сапарбек Қуатов, Жұбаныш Барақбаев және өзге де азаматтар, "Жанқожа батыр" ауылын­дағы округ әкімдігі, балабақша, емхана, №94 мектебі, мәдениет үйі, аудандық ішкі саясат, мәдениет бөлімі, білім бөлімі, орталық кітапхана ұжымдары белсене араласқа­нын атап кету ләзім.

Арықбалық шайқасының 160 жылдығын жоғары деңгейде өткізген қазалылықтар алдағы уақытта көптеген игі шараларды жүзеге асыруға бел шеше кіріскелі отыр. Айтар болсақ, Қазалы қала­сының аталуына 150 жылдығын, би әрі батыр Басықара бабаның 260 жылдығын, Шы­ғыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұрат­­баев­тың туғанына115 жылдығын, Кеңес Одағы­ның батырлары Шляпин Генадийдің 105 жыл­дығын, Үрмәш Түктібаевтың 100 жылды­ғын, Халық әртісі Роза Бағланованың 95 жыл­ды­ғын, мемлекет және қоғам қайраткері Әбубәкір Тыныбаевтың 90 жылдығын, жазушы-публи­цист Қалжан Нұрмахановтың 90 жылдығын, "Қызыл Жұлдыз" орденінің иегері Талант Бөрі­құла­қовтың 70 жылдығын, Қазақстан Жазушы­лар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын Жетіскен Мәкеналының 65 жылдығын атап өту жоспарланып отырғандығын аудан әкімі жина­ғандарға атап өтті. Қазіргі таңда осындай саяси, тарихи ма­ңызы бар шараларды аудан көлемінде атап өту үшін тиісті ұйымдастыру шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазалы ауданында қызу тірлік бар. Айтулы даталар аясында елді мекендерге қыруар қаржы бөлініп, ел игілігіне жарат­пақшы. Айтар болсақ, Басықара бабаның 260 жылдығына орай баба атындағы ауылды абаттандыру жұмыстарына ау­дандық бюджеттен 121,8 млн. теңге қаржы бө­лініп отыр. Бөлінген қаржыға сәйкес ауылдың бас қақпасы жаңаланып, ауылға кіреберістегі 618 метр жерге жарық­шамдар қойылады. Ауыл­ орталығынан "Басықара баба" атындағы аллея ашылмақ. Орталық алаң, жастар алаңы, ба­ла­лар­дың ойын алаңы жасалады. Ауылдағы екі көше  асфальттанады. Бұдан бөлек, Басықара баба атындағы облыстық шежірешілер байқауы мен аудандық ақындар мүшәйрасын өт­кі­зуге бюджет­тен 964 мың теңге қаржы бөлініп отыр.

Ал, Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түкті­баевтың 100 жылдығына орай батыр атындағы ауылды абаттандыру жұмыстарына бюджеттен 139 млн. теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде ауылды абаттандыру жұмыстарына аудан­дық бюджеттен 63 млн. теңге, ауылдағы алты көше­ге жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыс­тық, аудандық бюджеттерден 76 млн. теңге қаржы қа­ралған. Бөлінген қаржыға сәйкес ауыл орталы­ғынан "Тағзым алаңы" мен "Жастар" алаңы жа­салу­да. Жаңадан салынып жатқан "Тағзым ала­ңына" батыр бабамыздың бюсті қойыла­ды. Батыр атындағы облыстық жас жазба ақындар мүшәй­расын, қылқалам шеберлерінің сайысын, ғылы­ми-танымдық конференция, гала концерт өткізу­ге аудандық бюджеттен 1 млн. 700 мың теңге қаржы бөлінген.

Қазалы қаласының 150 жылдық мерейтойы да кең көлемде аталып өтілмек. Тарихи қаланың 150 жылдық мерейтойына орай қаланың абат­тандыру жұмыстарына бюд­жеттен 434,3 млн. теңге қаржы қарастырылған. Бөлінген қаржыға сәй­кес, орталықтан жастар алаңы салынуда. Ар­да­герлер алаңы абаттан­дырылып, сол жерге қала­ның 150 жылдығына арналған монумент қойы­лады. Қаланың 6 көшесіне түнгі жа­рық­шамдар орнатылып, 5 көшені асфальттау жұмыстары жүргізілуде, 4 көшеге бордюрлар мен жаяу жүргіншілер жолы салынуда, 5 көшеге гравий тас төселуде.

Бұдан бөлек, қаладағы спорт мектебінің ғима­ратын жөндеп, айналасын абаттандыруға облыс­тық бюджеттен 48 795,4 мың теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар басталып кетті. Қазалы қаласының ау­мағынан 261 гектар жаңа тұрғын үй аймағын ашу үшін жоба-сметалық құжат­тарын әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 42,8 млн. теңге бөлінген.

150 жылдық мерейтойға орай тер­ме­шілер сайысын, ғылыми-тәжірибелік кон­фе­рен­ция өткізуді жоспарлап отыр. Шығыс жас­тарының жалынды жетекшісі Ғани Мұрат­баев атындағы жастар сыйлығы да тарихи қала­мыз­дың 150 жылдық мерейтойы аясында табыс­талмақ.

Жұмабек Табынбаев,

Жанқожа батыр ауылы,

 

Қазалы ауданы

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кім онлайн?

Қазір 11 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.