Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Төрт тұяғын тең басқан

    Cәйгүлігін астына сай қып мінген қазақтар тұлпардай текті, қай жағынан да жылқыға епті болған. Жер дүбіріне құлағын түріп-ақ неше аттылы адам келе жатқанын тұяқтың дүбірінен танитын дала абыздары жылқыны қастер тұтты. Шөлге сусын, адал еңбегі мен мінерге көлік, кисе киім, тіпті тері мен сүйегінен тұр­мыстық жабдықтар жасаған. Жылқы қазақ­қа сонысымен құнды. Бір жылқыдан бірнеше дүние ала алған қазекең атқа мініп, аттан түсті деген сөзі қанға сіңгені сонша, қазіргі заманда да қазақтар көлікке кірді емес, "көліктен түсті", "көлікке мінді" деп сөйлейді. Құдды бір атқа мініп, түсіп жатқандай. Бұның өзі қанға сіңген қасиетті тануда біраз ойдың басын қайырып тұрғандай. Дала философия­сына үңіле берсең, тамыры тереңде екеніне көз жетеді. Жылқыдай жүйрік ойлы ел тұлпарды көзімен шолып, бәйгеде топ жаратыны қайсы екенін тұрпатынан таныған. Көшпенділердің өзгеден көш ілгері болғаны осы қамыс құлақ­та ойнағанында болса керек. Герадоттың өзі сүйсініп кеткен бабаларымыз­дың ат әбзел­деріне де ерекше ықыласпен қарағанын оның бүгінгі күнге дейін жеткен атауларынан аңға­руға болады. Көпшілік ұмыта бастаған, тіпті өмірінде естімеген, көпшілік біле бермейтін ат әбзелдеріне зерттеу жүргіздім. Қай зат қалай қолданатыны жайында аз-кем ақпарат рухани дүниеңізді дамыту үшін керек болып қалуы ғажап емес. Оны тани білу де - тағылым­дылық. Ендеше ауыл баласының әңгімесіне құлақ түріңіз.

Көшпенділер өмірі жылқы малымен тіке­лей байланысты болғандықтан, оның бұйым-жабдықтарын жасап пайдалану да өзіндік өнер саналады. Адамзат өркениетіне үзеңгіні ойлап тауып қосқан, Ұлы Даланың қожайындары жылқы және оның бұйымдарын жасап, пай­далану ісінде жер шарында өзге­лерден артық болмаса, ешкімнен кем емес.

 

Ең бірінші аттың құралдарына тоқталайық. Ат әбзелдері дегеніміз - жылқы малын жуа­сытуға, басқаруға және мінуге арналған бұйым­дар. Ер-тұрманнан бастап жүген-ноқта, тізгін-шылбыр, өмілдірік-құйысқан секілді жабдықтар шоғыры ат әбзелдерін құрайды. Қазақ халқы ат әбзелдерін тұрмыстық, сәндік, жауынгерлік мақсатқа орай пайдаланып отырған. Тұрмыстық мақсатқа күнделікті шаруаға қажет, үнемі қолданылатын ат әбзел­дері жатады. Оны сәндемейді және жасау үшін ұсақ түлік - тай-тайыншаның терісін де пайда­лана береді. Сәндік мақсат үшін жасалған әбзелдер қатарына ұзатылған қыздың ат әбзе­лі, ас-тойға немесе салтанатты жиынға баратын ел басшыларының ат әбзелдері және әулеттік-отбасылық мұра үшін арнайы сәндеп жасатқан құралдар жатады. Ал, жауынгерлік әбзелдің ерекшелігі, олар өте берік әрі ыңғай­лы етіп, нағыз атан өгіздің терісінен жасалады. Оны сәндеп жатпайды, бірақ көшпенділер шайқас кезінде ат әбзелдеріне ритуалдық таңбаларын өрнектеп салады.

Бүгінгі жастар ат әбзелдерінің атауларын толық білмей жатады және оның қолдануын тіпті оңай түсіне бермейді. Сондықтан шаң басып, ұмытыла бастаған архаизмдеріміздің архивін ақтардым.

Ат әбзелі дегенде көптің аузына бірінші түсетін ол - ер-тұрман. Ер-тоқым ерлерге арналғандай ер сөзінен басталуы бір естігенге жігер береді. Негізінде ер-тоқымның шығу тарихы әріде жатыр.

Ер-тұрман қалай пайда болды? Бұл жайында түрлі аңыздар жетіп артылады. Адам баласының асау жылқыны ауыздықтап мінуі және ер-тұрманды ойлап табуы дүниежүзілік өркениет үшін ұлы жаңалық болды. Ердің шығуы жайында Орта Азия халықтарында мынадай аңыз бар: "Бірнеше мың жыл бұрын мұсылман патшасы Жәмшид ұзаққа созылған атты жорықтан соң, жамбасын жарақаттап алады, ауырған жерін жеңілдету үшін, атының арқасына иленген нан (қамыр, жайма) салғызып мінеді. Ауырған жері жазылып жайма нанның аттың арқасына келісті формаға келіп қатая бастағанын байқаған патша аяғының талғанын қойдыру үшін ат үстінен тұзақ тастап, оған аяғын салады, аяғының талғаны тоқтайды. Сонда патша жайма нанның формасындай етіп, ағаш пен былғарыдан зат жасауды бұйырады. Содан соң бұл дүниені "ер" деп атайды".

Ертедегі Ұлы Дала тайпа­ларының ер-тұрманы жұмсақ жасалған әрі бір айылмен тар­та салатын болған. Тоқымнан, ер­дің екі қасына ұқсастырып жасалған ішіне шөп, бұғының жүнін тыққан екі жастықтан, айыл-тартпадан, өмілдірік және құйысқаннан тұрға­нын Пазырық, Берел қорғандарынан табылған ер-тұрмандардан көруге болады. Ал, еуропа­лық халықтарға ер-тұрман кейіннен таныс болды. Бұл туралы мәліметтерді 340 жылы Рим тағының мұрагері кіші Констан­тинді өлті­руге байланысты оқиғадан, 385 жылы Импе­ратор Феодосийдің "пошта аттары­на салы­натын ер-тоқымның салмағы 60 фунттан ас­па­сын" деген ережесінен білеміз. Ал, ғұндар дәуі­рінде алдыңғы, артқы қасы бар, сүйегі қат­ты ағаштан жасалған ерлер кең қолданыла бастаған.

Негізінен ер-тұрман - атқа міну үшін қолданылатын жабдық. Түрлері де көп. Тұрмыста қолдану мүмкіндігіне қарай үлкен ер, жігіт ер, әйел ер, бала ер т.б. болып бөлінсе, жасалған материалына байланысты қайың ер, қарағай ер, құрама ер, темір ер т.б. түрі бар. Ал, ерді әшекейлеп безендіруіне қарай алтын ер, күміс ер, оюлы ер, құранды ер деп аталса, кескін-келбеті, яғни пішініне байланысты қапталды ер, жайпақ ер, биік ер, сауырлы ер, қоқан ер, орыс ер т.б. атаулары халық арасында ат баптайтындардың аузымен айтылып жүр.

Осы ердің қаңқасына тоқым, желдік, тебінгі, айыл, құйысқан, өмілдірік, қанжыға, үзеңгі, таралғы немесе үзеңгі бау, жүген, шылбыр, тізгінді де қосып, толық түрде ат әбзелдері деп атауға болады. Жалғыз ер-тоқым әбзел бола алмайды.

Ат әбзелдерін дайындау - шеберлікті талап ететін күрделі жұмыс. Ертеде аталарымыз ат үстінде, ер жастанып, толарсақтан саз кешіп жүріп, байтақ даласын қорғаған. Сондықтан да ел аузында жүрген "Тұлпар ерді сақтайды, ер жерді сақтайды" деген тәмсіл сөз бар.

Жалпы, ердің алдыңғы және артқы қасы болады. Ердің құйрық басар көпшігін басып, аттың жуан қарнына орай тартылған жуан белдікті пыстан деп атайды. Ердің қос қапталының астында орналасқан, аттың арқасын жауып тұратын жалпақ кигізді тоқым дейді. Оның ұзындығы - 120-130 см, ені 60 см көлемінде болады (кейде бұдан да үлкен болуы мүмкін). Тоқым нығыз пісіріліп, жақсы иленген тірі жүннен жасалады. "Тірі жүн" деп көктемде туған марқа қозының күзгі қырқы­мын айтамыз. Киіз тоқымды көбінде былға­рымен қаптап, жиегін қымбат матамен сырып тігеді. Оны сырмалы былғары тоқым дейді. Бұдан басқа көмкерме тоқым деген де бар. Түсініктілеу болуы үшін әр әбзелге нақтырақ тоқталып өтелік.

Тебінгі - ердің қос қапталындағы үзеңгі бауды басып тұратын жұқа жабылғы. Оны жұмсақ теріден немесе былғарыдан жасайды. Ол тоқым мен үзеңгі бауды терден сақтайды. Мысалы, Махамбет Өтемісұлының жырын­дағы: "...тебінгі терге шірімей, терлігі майдай ерімей..." немесе "...тебінгі теріс тағынбай, темір қазық жастанбай, қу толағай бастанбай" деген тіркестер тебінгіні ер үшін маңызын ашып тұрғандай әсер қалдырады.

Таралғы немесе үзеңгі бау - ердің қапта­лындағы ойыққа өткізіліп, үзеңгіге бекітілген қайыс бауды айтады. Бауды иленген қайыстан екі немесе үш елі етіп тіліп жасайды. Жайшы­лықта үзеңгі бау бір қабат болса, жаугершілік кезінде сарбаздар үзеңгі бауды бірнеше қабаттайтын болған. Ат үстінде тұрып садақ тарту немесе найзаласу кезінде негізгі күш үзеңгі бауға түседі. Сондықтан да үзеңгі бау немесе таралғының сайыс кезінде маңызы өте зор болған. Қазақтың ауызекі сөзіндегі: "Үзеңгі бауы сегіз қабат, ас үстінде шіреніп..." деген тіркесі тегін айтылмаса керек.

Үзеңгі - атқа мінуге, сол сияқты ердің үстінде екі аяқты тіреп, нық отыруға, тебінуге мүмкіндік беретін құрал. Үзеңгі негізінен темірден жасалады, әрі оның түрі көп. Қыздар мен әйелдің үзеңгісі жеңіл, әрі оюлы әше­кейімен көз тартса, ер адамдар үзеңгісі берік қалың темірден жасалған. Біздің үзеңгілес қатарларымызға бұл құрал жақсы таныс.

Жүген аттың басына кигізіледі. Атты иесі ырқына бағындыруға көмектесетін әбзел. Жүгеннің құрылымы желкелік, милық, кеңсірік, қасқалық, сағалдырық, сулық, ауыз­дық және тізгін-шылбырдан тұрады. Жүгеннің түрі көп. Атап айтқанда, күміс (күмістелген) жүген, өрім жүген, шашақты жүген, қасқа жүген, үкілі жүген, түймелі жүген т.б. Жүген басына ауырлық келтіретіндей болмауы керек. Сондай-ақ, ертеде бәйбішелер мінетін жуас жылқыларға жібек жүгенді де қолданатын болған.

Құйысқан - аттың үстіндегі ертоқымы қия жерде мойнына қарай сырғып кетпес үшін, аттың түп құйрығынан өткізіп, ердің артқы қанжығалығына бекітетін қайыстан жасалатын құрал. Құйысқанның екі жақтауы және жаңбырлық-салпыншақ атты жылқының сауырын жапқан үзбелері болады. Құйысқан аттың тезек тастайтын тышпасына көлденең тұрғандықтан, кейбір кездерде жылқының тезегі құйысқанға қыстырылып қалып, аттың еркін қимылына кедергі келтіреді. Қазақтың айтқыштары "Құйысқанға қыстырылған тезек сияқты" деп өзі жақтырмаған адамды кекетіп жатады. Ол сөз осы ат әбзеліне байланыс­тырылып айтылған.

Өмілдірік - ер артқа қарай сырғып кетпеу үшін, аттың омырауын орай тағылған құрал. Өмілдірік төсбау және айылбас салпын­шақтардан тұрады. Төсбаудың міндеті - омырау­дағы өмілдірік аттың бауыздауына қарай сырғып кетпеу үшін бір ұшы төс айылға байланып тұрады. Өмілдірікті жұмсақ қайыс­тан, сәндеп жасайды. Жасалу үлгісі мен пішініне қарай өрмелі, шытыралы, түймелі, үзбелі, күмістелген т.б. өмілдірік түрлері бар.

Айыл - аттың үстіндегі ер-тұрманды нық ұстап тұратын, жалпақтығы екі елі қайыс құрал. Айыл ердің қамшылар жағына бекітіліп, аттың бауырынан өткізіліп, жырымға қосылады. Айылдың міндетіне қарай төс айыл және шап айыл деп бөледі. Кейде алдыңғы айыл немесе артқы айыл деп те атай береді. Шап айыл төс айылға қарағанда ұзын болады. Әдетте төс айылды қатты тартып, шап айылды аттың қарнын қиып кетпеу үшін босаң тартады. Халық аузындағы: "Төс айылдың батқанын иесі білмес ат білер, Ағайынның қадірін жақыны білмес жат білер" деген мәтелдің болмысы біздің сөзімізді толықтырып тұрғандай. Айылдың жалпақ таспалы және өрмелі түрлері бар. Өрімшілердің шеберлігіне байланысты өрім түрі астылы, үстілі, тесік, ойық, қырлы, жалды, өзекті, сайлы т.б. болып бөлінеді. Өрім 4 таспа­дан 12 таспаға дейін өріледі. Өру барысында айылға шашақ, шоқ, көз, тіл салып әсемдеп, әспеттейтіндер де бар.

Қазақ халқы ат әбзелдерін тұрмыстық, сәндік, жауынгерлік мақсатқа орай әртүрлі пайдаланған. Тұрмыстық мақсатқа күнделікті шаруаға қажет ат әбзелдері жатады. Оны сәндемейді және ұсақ түлік - тай-тайыншаның терісін пайдаланады. Сәндік мақсат үшін жасалған әбзелдер қатарына ұзатылған қыздың ат әбзелі, ас-тойға немесе салтанатты жиынға баратын ел басшыларының ат әбзелдері және әулеттік-отбасылық мұра үшін арнайы сәндеп жасатқан құралдар жатады. Ал, жауынгерлік әбзелдің ерекшелігі өте берік болады, нағыз атан өгіздің терісінен жасалады.

Әбзелдердің ең маңыздыларына тоқталып өттік. Жылқы малының саймандары бір кітапқа татиды. Тіпті тұлпарға таға қағудың өзінде арнайы ұғымдар жатыр. Және жылқы жасы жайы да көптеген тарихи ілімді қажет етеді. Жоғарыда ат әбзеліне тоқсалсақ, енді жылқы­ның өсу барысында қойылатын атауларына шолу жасап өткенді жөн көрдік.

Жылқы малының негізгі атаулары тұқымына қарай арғымақ, қазанат, жабы, тобышақ, текежәуміт, қазақы ат, қарабайыр, пырақ, дүлдүл т.б. болып бөлінеді. Ал, шабыс ат жүй­рік, тұлпар, сәйгүлік, саңлақ, бәйге ат деп атал­са, салтанатқа мінетін ат жорға, төкпе жорға, айдама жорға, шайқалған жорға деп бөлінеді. Сонымен қатар мініс аттары аяқ ылау, жетек ат, қосақ ат, түп ат, көсем ат деп жікте­леді.

Өсуіне қарай құлын - бір жасқа дейінгі жабағысы көтерілмегені. Жабағы - бір жасқа толмаған, құлын жүні түспегені. Тай - жылқы­ның екі жастағысы. Құнан - жылқының үш жастағысы. Дөнен - жылқының төрт жаста­ғысы. Бесті - жылқының бес жастағысы.

Саяқтар (бойдақ жылқылар): ат - піш­тірілген еркек жылқы. Сақа ат — он бір-он екіге келген ат. Арда емген - құнанына дейін енесін емген, ақ жілік болғаны. Төл тай - өз енесі мен ежені бірдей еметін бір жасар жылқы. Қысыр емген - құлынын тастаған биенің екі жасқа дейін емген бұрынғы төлі. Шобыр - мініске, күш-көлікке өте мықты шабан ат. Сетер ат - құлынынан қартайып өлгенше жүген-құрық, ер тоқым көрмеген ат. Пішпе - піштірілген жылқы.

Биенің атаулары да өзінше ерекше. Бие - құлындайтын жылқының бес жасқа келгені. Байтал - жылқының екі жастан бес жасқа дейінгі ұрғашысы. Сүтіне қарай биелер: мама бие - өте сүтті бие мәнерсіз бие - сүті аз бие, ақтандыр бие - сүті жоқ, сүт шықпайтын бие, исіншек бие - сауар алдында құлынына жанасып, исінген сүтін ағызып жіберетін бие. Қысырақ атаулары: тұман қулық - үш немесе төрт жасқа дейін айғырдан шықса да құлындамай жүрген бие, көбен бие - қонданып тойына бастаған бие, ақжілік бие - құлындығында енесі сауылмай еркін емген бие, қаракемік бие - енесі сауылып, жүдеу, бос болып өскен бие, нәқұс (құтамсыз) бие - шыққан тегі нашар бие, құмай тұяқ бие - тұяғы көп тасырламайтын бие т.б атаулар да бар. Бірақ көп қолданыстағылары осылар.

Айғырлардың атаулары: жасамалы - үш-төрт жастан асқаны, сәурік - үш-төрт жастағы үйірге салынбағаны, құр айғыр - өмірі құрық-жүген тимеген айғыр, сыңар ен - тумысында бір ен болып туған айғыр, азбан - алты жасында піштірілгенімен айғырлық әдетін қоймай, биенің мазасын алатын айғыр.

Жылқының саяқ (бойдақ) атауларына мыналар жатады. Бойдақ жылқылар - піштірген құнан­дар мен дөнендер және бестілер. Ат - піштірілген еркек жылқы. Сақа ат - жас мөл­шері 11-12 келгендері. Арда емген - құлын күйінен бастап немесе құнанына дейін енесін еміп, ақ жілік болғаны. Еркек тел тай - өз енесі мен телінген енесін, немесе екі енені бірдей еміп жүрген еркек жылқының бір жастағысы. Еркек кенже тай - бір жасқа толмаған, был­тырғы кеш туған құлын. Тоқтасқан ат - жас мөлшерінің 12-13 келгені. Ши арқа ат - көп мініскен жауыр болып, ер батқан соң арқасының шиі шығып тұратын мініс көлігі. Мықырат - шоқтықсыз келген жылқының тапалы. Қысыр емген - айғырдан шығып, құлын тастаған биенің былтырғы құлыны бір жастан екі жасқа дейін енесін еміп түскені. Шобыр - мініске, күш-көлікке өте мықты келетін шабан ат. Тұғыр - шобырдың ең жақсысы, мініске мықты ат. Мес ат (мәстек) - тоқ аштығы білінбейтін жуан денелі, қарынды сирақты, күшті болып келген ат.

Биенің құлындарын да күтіп ұстаған қазақ оларға ерекше күтім жасаған. Құлын атаула­рымен таныстырып өтейік. Құлын (төл) - биелердің көктемде туған жас төлі. Құлыншақ - құлынды еркелетіп атаған түрі. Күн қақты құлын - енесі мініліп жүріп, жөнді ембей, сүттен қақтығып қалған құлын. Бұдан құлын - әр тұқымнан туған құлын. Добыр аяқ құлын - қыс айларында туған құлын. Мәйекті құлын - енесінің сүтіне тойған, тоқ пейіл құлын. Кенже құлын - май айының аяғында туған құлын. Қара құлақ құлын - жаз құлынның тез ширап, байлануға келгені. Жетім құлын - енесі өліп немесе енесін қасқыр жеп, жетім қалған құлын. Жабағы - құлынның 6-7 айға толғаны.

Бұл атаулардың барлығы жылқыға қатысты сөздердің бір парасы ғана. Түліктің түр-түрінен өсіріп, өрістегі мыңғырған малының есебіне дейін жоспармен қарайтын малшылар нағыз ерлер. Малдың соңында жүрген елдің сөзі де соған қайым келеді. Дәстүрі мен ырымдары да сол төңіректен орын тепкен десек қате емес. Соған байланысты халық аузында сақталған ырымдар мен тыйымдар баршылық. Аттың кекілін кесуді "айырылысудың, өзара жаула­судың белгісі" деп таныса, жал-құйрығын кесу мен аттың ерін теріс қаратып қоюды "өлімнің нышаны" есептейді. Өйткені қазақта өлген адамның атының жал-құйрығын күзеп тұлдап, көшкенде ерін теріс қаратып ерттейтін, үйде теріс қаратып қоятын салт бар. Ал, аттың тізгін-шылбырын, түйе мен өгіздің бұйдасын қию (кесу) жаугершіліктің, бұлап-талаудың нышаны саналады. Құр ерге міну - аты өліп жаяу қалудың белгісі. Қазіргі заманғы халық тілінде "үзеңгі бауы сегіз қабат, ас үстінде шіреніп" деген тұрақты тіркестер сақталған. "Алтын ерің аттың арқасына тисе, алтынын ал да отқа жақ", "Атыңа жаның ашыса, шап айылын қатты тартып мін" деген даналық сөздің бәрін аттың айналасында өмір сүргендер ойлап шығарған.

Міне, жылқы жайындағы әңгімеде аттың басын біраздан қайырдық. Не болса да, аттың сыры иесіне мәлім. Тұлпардай текті ел тұлпардың тұрпатын ғана емес, тарихи атауларын да біліп жүрсе ғана нағыз қазақ болмақ. Киелі жануарды азан шақырып желген замандар да болған, сондықтан өмір бәйгесіндегі тұлпардың тұяғы таймаса, бас бәйге қазақтікі.

 

Айдар САЙЛАУОВ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кім онлайн?

Қазір 94 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.