Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

АРАЛ ӘҢГІМЕЛЕРІ

Мұз үстінде

"Бекіре басат", "Сары тереңнің" бойындағы мұздың үсті айнадай жалт-жұлт етеді. Жата қалып қарасаң, мұз астындағы балдыр, шалаң, әрі-бері жүзіп жүрген балықтар алақандағыдай анық көрінеді.

Әкем, шешем, мен және төрт-бес жасар інім бәріміз ат шанамен Бөгеннен ауылға мұз­дың үстімен зулап келе жатырмыз. Мезгіл нау­рыз айының іші. Күртік қардан арылған мұздың үсті жалаңаш көкше мұз. Шанаға жек­кен әкемнің торы аты бізді бұйым құрлы көре­тін емес. Құстай ұшып келеді.

Кенет... "Қамау" ауылының тұсындағы өзек­шеге тап келдік пе, әйтеуір торы аттың тұяғы­ның асты ойылып кетті. Ойлануға мұрша жоқ. Шанадан домалап түсіп қалдық. Божыны ұста­ған әкем де әудем жерге барғанда секіріп түс­ті. Жаны алқымға келген торы аттың шелектей танауы пыр-пыр етіп иесіне шошына қарайды. Құдай сақтағанда жылқы малы есті жануар ғой, алдыңғы екі аяғын сынбаған мұзға тіреп, бір кезде әкемнің демеуімен ойылған жерінен атып шықты. Шешем әкеме ұрысып жатыр. Әкем "бізді Құдай сақтады" дей береді...

Бекіре

Бұл оқиға менің әлі күнге есімде. Онда да демінен ызғар шашқан, қабағынан қар бүріккен қыс болатын.

Бір күні әкем күндегісінше теңізден оралды. Оны мен қырық құрау алақандай тере­зе­ден көріп тұрмын. Ат шанасын доғарып, шанадан есік пен төрдей ораулы нәрсені жерге дүңк еткізді. Атының үстінен ұшқан бу мұржадан шыққан түтіндей будақтап тұр. Қамытын, шілиясын қолына ұстап үйге келе жатқан әкем сыртта тұрған шешеме бірдеңе деді. Сонан екеуі әлгі шанадан түсірген затты сүйрелеп үйге кіргізді.

Жетілік шамның білтесін көтеріп едік, үйдің іші жап-жарық болып кетті. Ошақтың аузына әкелген зат бекіре болып шықты. Әкем есіктің ілмешегін салып, бекірені балталап бұзуға кірісті.

- Үндемеңдер,- деді әкем өз ісін бітірген соң. Себебі, бекіре аулауға тыйым салынған бағалы балық екен. Бекіре бізге талай күн азық болды. Еті балдай тәтті екен. Кеңес үкіметінің қорғалымындағы бекіремен қолға түскен балықшының айыппұлына төбе шашының түгі жетпейді.

"Балалы үйдің ұрлығы жатпас" деген ғой. Міне, сонымен арада талай жыл өткенде айтып отырмын.

 

Менің әжем

Менің әжем Жолмақанқызы Күлпарам 1907 жылы туған. Атамнан әкемнің айтуы бойынша, 5-6 жас кіші, шаруаның қызы, өте таза, біздің де үстімізге кіршік жуытпай өсі­ріпті. Оның үстіне қонақжайлығы есімде қалып­ты. Базаның директоры Қали Құмаров "кемпір-үйдің кемесі" деп айрықша құрметтеп өтті.

Басқаларды қайдам, бұл ауылда менің әжемнен асқан батыр, батыл, түймеден түйін түйген тігінші әсте болған жоқ. Сол кездері әжем алпыстан сәл асқан, оның есесіне шашы ақ қардай түгел ағарып кеткен, көз жанары буалдыр тартқан кейуана болатын. Өзі ап-арық, аяқтары ілмиген, инеліктей қатқан әжем болса анау-мынау жаяуды шаң қаптырып, аттылыға қозы көш жерге дейін ілесіп отыратын қауқар­лы, қайратты кісі қалпында есімде қалып­ты.

Неге екенін қайдам, Жеңістің жиырма жылды­ғы өткен соң күзге салым төрт қабат көрпенің үстінде кескен теректей сұлқ жатып қалды. Бұрын созған қолымыз бірде жетіп, бірде жет­пейтін ақ бурыл шашының ұшындағы сұсты Сталиннің басы бедерленген медаль міне, гүлді шытпен тысталған жастығында жалт-жұлт етіп жатыр. Өзінің айтуына қарағанда, атамыз 1942 жылдың ақ борасынды ақырап айында Сталинград соғысына кіргенше жал­ғанның жарығында көрген ұлын (менің әкемді) жетектеп жүріп жеткізіпті. Сонан кейін кішкентай арық кемпір біз көзімізді аш­қан соң мені, менен кейінгі үйелмелі-сүйел­мелі бес ұл, жалғыз қызды арқалап өсіріп еді. Енді міне, сөйткен әжем есікке қарай-қарай бұ дүниеден мәңгілік мекеніне біржолата көшкелі жатыр.

- Әже, неге есікке қарай бересің? - деймін мен балалық әуестікпен.

- Шалымды күтіп жатырмын. Жиырма жыл күттім. Келмеді ғой. Әлі де күтер едім... Хабарсыз кетіп еді. Неғып жүр екен байғұс...

Әжем баяғыдан ішінен тынып жүр екен. Осы жолы булығып жылап жіберді. Кәрі көзден тарам-тарам аққан қасірет пен сағыныш жасы шыт жастыққа тырс-тырс тамып жатты...

Капитан Қошмағамбет Сапаров

Ескібөген ауылының соңғы қарт сарбазы осыдан он үш жыл бұрын дүние салды. Ол-капитан Қошмағамбет Сапаров көкеміз болатын.

Қанды майданға "Қаратүп" колхозынан он сегізінде аттанып, төрт жыл толарсақтан от кешкен Қошекең Жеңісті Австрияның Вена қаласында қарсы алыпты. Майданнан сержант шенімен елге оралған ол Аралдағы кеме капитандарын даярлайтын оқу комбинатын бітіріп, әуелі "Мотофлюгерде" жүзді, кейінірек "Мойва", "Калининград" сияқты 60-70 жылдарғы балықшы кемелердің штурвалын басқарды.

Сол тұстары Базан жездем сияқты құрдастары Қошекеңді былайша қағытатын:

Кемесі "Мойва",

Қошекең қайда?

Әсиямен думан-тойда...

Қошмағамбет көкеміз сері кісі болатын. Айтса айтқандай, теңізден келе сала жұмыс киімін лезде ақ көйлек, қара шалбар, жалт-жұлт еткен құрым етікке айырбастап, дүкеннің алдында шыттай болып тұрушы еді...

Міне, Жеңістің 72 жылдығы өте шықты. Бірақ, ауылда сол Жеңістің жолында қасықтай қанын төккен, ауылға аман оралған кешегі майдангер көкелерімнің бірі де жоқ. Өмір деген осы...

Сталиннің медалі

Сол бір жылдары ауылдағы әжелеріміз бен аналарымыз шаштарының ұштарына қант пен кәмпит сияқты тәттілерді сақтайтын сандық­тың кебеженің баланың бас бармағындай кілттерін тағып жүруші еді. Не үшін? Әрине, сәндік үшін. Соның арасынан жалт-жұлт етіп бір металл айрықша көрінетін.

-Ойбай-ау, ол металл емес, медаль ғой,- дейді Қуаныш. Оны қостаған Әділхан: "Жай ғана медаль емес",-деп өзінің жеңімпаз жауынгердің баласы екенін білсін дегендей әр сөзін саф алтындай салмақтайды "Сталин көкемнің медалі" деуші еді...

Сол Сталиннің басы, қою қара мұртымен бедерленген медаль кешегі күндері ұста­ғанның қолында, тістегеннің аузында жүрді. Дөңгеленіп әр жерде жатқан сол медальдың бүгінде қат болып қалғанын қайтерсің. Соны соғыс жылдары 13-14 жасынан балық аулап, мал баққандар, қаршадайынан мезгіл мехнаты қабырғаларын қайыстырған әке-шешелеріміз күндіз шам алып іздеуде. Сол медаль болса соғыс ардагерлеріне теңестіріліп, теңдік алды, үкімет тарапынан жеңілдік жасалды.

Қазақы құнтсыздығымыздан әлі күнге көп нәрседен көз жазып қалып жүрміз. Кеше олай... бүгін былай... Тіршіліктің тоқсан тарау жұмбақ тінін түсініп көр.

Жұмқан

Осыдан 30-40 жыл бұрын біздің ауылда Жұмқан атты салт басты, сабау қамшылы кісі өмір сүрді. Жас шамасы сол кездері алпысты алқымдап қалған, төбесінде бір түйір қылтанақ жоқ, ойма таз деуге де, қырма таз деуге де әбден келетін кісі еді.

Бір қызығы, Жөкең пайғамбар жасқа жеткенше Бөгеннің маңайынан бір адым ұзақ шықпаған жан. Бір күні туыстас інісі Тағыберген Жөкеңнің денсаулығы сыр беріп жүргенін аңдап, Қызылорда қаласына алып жүрмек болды.

Ауылдан шығатын күні Жұмқан, тіпті қатты қиналды:

-Тілеуіңді берсін, Тағыбергенжан, қорымға барып әке-шешемнің басына білген дұғамды оқып кетейін. Жол ұзақ. Кім бар, кім жоқ, - деп көңілі кәдімгідей босапты.

Әне-міне дегенше, бір жетіде Жұмқан да дәрігерге көрініп, бір дорба дәрі-дәрмегін арқалап ауылға құлаған көрінеді.

-Ау, Қызылорда жақ қалай екен? - деген ауылдастарына:

-Ойбау, быжынаған үйлер, бірінің үстіне бірі мініп алған. Онда Тағыбергенжанды танымайтын адам жоқ екен. Орекеңмен де, қазекеңмен де "здрасти, здрасти" деп бас шұлғып амандасады. Мұндай білімді адамды бірінші рет көруім, -  деген екен.

 Толыбай АБЫЛАЕВ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.