Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

АСТАНА АСПАНЫН СЫР ӘУЕНІ ТОЛҚЫТТЫ

 

Тәуелсіз қазақ елін төрткүл әлемге таны­тып, болашақтың қуатын Сарыарқа төрінде паш еткен, әлем назарын Астанаға аударған ауқымды жаһандық оқиға "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қызылорда облысының мәдениет күндері өткені белгілі. Алты алаштың анасы атанған Сыр елінің өнерін Елорда тұрғындары 10-14 тамыз аралағында тамашалады. Соның бірі - орталық саябақта өткен "Сыр самалы" вокальды аспапты ансамблінің "Сырдан ескен саз самал" атты концерті.

Айта кету керек, Сыр күндерінде Қызыл­орда облыстық филармониясы түрлі іс-шара­ларды жоғары деңгейде ұйымдастырды. Марлен Баймбетов жетекшілік жасайтын ансамбль өнерпаздарының концерті Р.Үсенов орындауындағы "Отан Ана" әнімен ашылды. "Тұран" триосы "Тұран далам" әнін Сарыарқа көгінде әуелетті.

 

Ансамбльдің сүйемелдеуімен филармония әншілері Г.Бисекенова, И.Ахметова, Ғ.Ұлық­пан, А.Наукеева және Р.Үсеновтер орында­ған "Жүрегімде Астана", "Алға Қазақстан", "Қазақ елі", "Туған топырақ", "Гүл Алматым", "Астана", "Аралдан ұшқан аққулар", "Самға", "Ұнайды маған", "Бал сезім", "Бег времени" және "Восточ­ная мелодия" секілді сазды әуен­дерді астаналықтар мен қала қонақтары жылы қабылдады. "Япурай", Л.Хамидидың "Бұлбұл" әндері Астана аспанын толқытып жіберді. Әсі­ресе, кәсіби өнер ұжымынан құралған "Томи­рис" би ансамблі мен эстрада орындаушы­ла­ры­ның ұсынған мерекелік концерті көптің көңілінен шықты. Эстрадалық әндерге деген көрермендер ықыласының жөні бөлек болды. Сонымен қатар Татьяна Данилина, Раиса Смаханова, Зинаида Ким секілді бірлігі жарас­қан "Славяне" қоғамдық-мәдени бірлестігі мен татар, корей этнобірлестіктерінің өкілдері "Туй жыры", неміс, татар әндерін нақышына келтіре орындады.

"Қазанат" ипподромының аумағындағы этноауылды насихаттау мақсатында Тұрмағам­бет атындағы халық аспаптар оркестрінің "Дауылпаз дала", жыршы-термешілердің "Сыр сүлейін сұрасаң" концерттері ұлттық өнерді на­си­хаттады. Қызылорда облысының мәде­ниет күндері өтетіні туралы хабарға елеңдеген ағайын ең алдымен жырдан маржан шашқан Сыр сүлейлері ізбасарларының өнерін тама­ша­лауға асығып келгені байқалды. "Сыр сүлейін сұрасаң" атты жыраулар концерті руханияты­мыз­дың алтын тамыр тірегіндей, ұлттық бол­мы­сымыздың жүрегіндей бүгінге жеткен дәстүрлі өнерді тағы бір мәрте шырқау биікке көтерді. Ескіден жеткен есті сарын жырсүйер қауымның санасында жаңғырып, өскелең ұрпақтың құлағына сіңді.

Жыр көшін Р.Ахметов Оңғар жыраудың "Бастау" және "Қасиетті Сыр елім" әнімен бастады. Көшкенде қалған жұрттан жыр жинап, көрме жасаған Сыр сүлейлерінің ізбасарлары Ж.Төлебай, М.Сәрсенбаева, М.Бекпейісов, Ә.Қуаңбаев, Ш.Бимбетова, Б.Төлеубаев, З.Баймырза, М.Сүгірбайлар Нұртуғанның  "Құлақ салып сөз тыңда", Нартайдың  "Кел шыр­қайық", Базар  жыраудың "Жақсы менен жа­ман­ның", "Атамыз әннәс Сақаба", Кете Жүсіп­тің "Ұстаздарыма", Тұрмағамбеттің "Адам­дық іс", Шораяқтың Омарының "Сөйле­ген сөзім шырайлы", тағы да басқа термелерін төгілтті.

Алты Алашқа аты мәшһүр Кете Жүсіп, Дүр Оңғар, Шораяқтың Омары, Жиенбай, Сәр­сенбай жыраулардан бастау алатын сүлейлер шоғырының сүрлеуін  кейінгі буын олардың ұрпақтары - Мұзарап, Рүстембек, Көшеней жалғастырса, бүгінгі үшінші буын жас жырау­лар да асыл мұраны дәріптеп келеді.

"Жауһар мұра" деп аталған концерт те жоғары деңгейде ұйымдастырылды. "Ақме­шіт" фольклорлық ансамблі мен "Жанкент" тобы, "Томирис" би ансамблі және домбыра­шы, қобызшы ансамбльдер мен орындау­шылардың концертін тамашалады. Бұл жолы "Томирис" би ансамблінің "Ата толғауымен" ашылған шарадан астаналық көрермендер Сыр елі­нің ыстық сәлемін сезінді. Сырдың мақам са­зын сағынған ағайын сырбойылық жыршы-тер­мешілердің және халық аспаптар оркес­т­рінің әуендерімен құлақ құрышын қандырды.

Жыр кешінде "Тәуелсіздік жыры", "Ақмешіт", "Қызылорда", "Аралым айдын шалқарым", "Сыр сүлейлері", "Әдемі қыз" сияқты әдемі ән-жырлардан шашу шашылды. Сыр саңлақтарының  сүбе жырын сана көгінде сайратқан, қан тамырында ойнатқан өнер­паздарды жырсүйер ағайынның ризашылы­ғынан анық байқалды.

Сыр елінің мәдениет күндеріндегі ша­ралардың бірі ретінде Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің "Дауылпаз дала" атты концертін ерекше атап өтуге болады. Концерт М.Сыдықовтың "Батыр баба" әнімен шымылдығын түрді. Оркестрге К.Ботабаев дирижерлік етті. Ал, кеш жүргізушілері тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен табыстарын тілге тиек етті. Көпшілікке кө­теріңкі көңіл-күй сыйлаған концерт М.Сыды­қовтың "Астанаға сәлем", Н.Тілен­диевтің "Алатау" әндерімен жалғасты.

Сыр елінің жыр елі, өнер кеніші екенін көрсететін мәдени концерттік бағдарламада Е.Үсеновтің "Шақшақ Жәнібек", Әлшекейдің "Терісқақпай" шығармалары орындалды. Сыр термелері Қорқыт бабаның жыр бұрқағын алып келгендей әсер қалдырды. Сондай-ақ, жыршы Р.Ахметов, С.Байсейтова, Ғ.Бекмұр­заев, С.Тасбергенова, А.Қойшығара, М.Ма­құлбеков сынды оркестр солистері салған ән жиылған жұртшылықты бір серпілтіп тастады. Астанаға ұлы дала үнін тарту еткен өнер иелерінің концерті Құрманғазының "Сарыарқа" күйімен қорытындыланды.

Осы күндері Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Г.Остердің "Мазасыз тиін" спектаклі сахналанды. Қойылымды көрермен назарына "Әдемі" балалар музыкалық театр студиясының өнерпаздары ұсынды. Жас өнерпаздардың қойылымын тамашалауға келген кішкентай астаналықтар көңілді кеш, мағыналы спектакль әкелген студия ұжымына ризашылықпен қол соқты.

Баса айтатын жайт, Астанадағы мәдениет күн­деріне облыстың мәдениет саласының дамуына сүбелі үлес қосқан ҚР Мәдениет қайраткері Кеулімжай Ботабаев, "Мәдениет қайраткері" төсбелгісінің иегерлері Оңталап Нұрма­ханов, Үміт Медеуова, "Мәдениет майталманы" Майра Сәрсенбаева, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Руслан Ахметов, Шолпан Бимбетова сынды өнер иелері мен облыстық филармонияның барлық  өнер ұжымдары қатысты.

Тағы бір тарихи сәт, Сыр елінің тартуын Елбасы тамашалады. Елбасына Р.Ахметов арна­уын арнады. Оркестрдің сүйемелдеуімен Самал Байсейтованың орындауында халық әні "Ахау керім", "Ақмешіт" фольклорлық ансам­б­лі мен дәстүрлі әншілердің орындауында ха­лық әні "Ақбаян" шырқалды.

Көне дәуір көзі, мәңгі өшпес мұралардың қазыналы мекені Қызылорда облысының қолөнер шеберлерінің көрмесі де Елбасының назарынан тыс қалған жоқ. Танымал хас шеберлеріміздің металдан, теріден, сүйектен, ағаштан жасалған бұйымдары этноауылдық­тарды таңқалдырды.

Қасиетті Сыр елі қазақтың үш астанасының - Қыпшақ мемлекеттік бірлестігінің, Ақ Орда­ның, қазақ хандықтарының орталығы болған Сығанақ қаласының, Оғыз мемлекетінің аста­насы - Жанкент қаласының орны осы Сыр елін­де. 1925 жылы Қызылорда алаштың алғашқы астанасы ретінде тарихта қалды. Осындай қа­сиетті жерден Елордаға келген қызылорда­лық­тар облыстың мәдениет күндерін "Сыр­дария-Жырдария" гала-концертімен қорытын­дылады. ЭКСПО қалашығының амфитеатрын­да Қызылорда өнер шеберлерінің гала-кон­цертін тамашалауға өнер майталмандары, зия­лы қауым өкілдері, көптеген шетелдік қонақ­тар мен жергілікті тұрғындар және қала қонақ­тары келді. Концерт С.Әліштің "Дала үні", Қ.Тасбергеновтың "Нартай сері", А.Алма­ғамбетовтың "Самғау" атты шығармаларының топтамасына дайындалған театрландырылған қойылыммен басталды.

Гала-концертте Сыр елінің төлқұжатына айналған жыраулық өнердің байрағын көтеріп жүрген танымал жырау, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов бастаған жыршы-жы­раулар жауһар жырдан шашу шашып, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, сырбойылық сазгерлердің аспаптық шығармалары мен ағылшын, жапон, американ, неміс, перу елдері композиторларының таны­мал хит әуендерін орындады. Талантты жас вокалистер әлемдік классика жауһарларынан попурри орындады. Сонымен бірге фольк­лор­лық ансамбль, вокалды аспапты ансамбль­дер бірігіп әзербайжан, орыс, татар, өзбек, қазақ халықтарының саздарынан достық ком­позициясын жасады. "Томирис" би ансамблі этникалық би орындаса, тәуелсіздік құрдас­тары жас әншілер мен халықаралық бала­лар шы­ғармашылығы фестивалінің лауреаттары ағылшын тілінде ән шырқады. Концертте Сыр елінен шыққан эстрада жұл­дыздары ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мадина Садуақасова, белгілі әншілер Алмас Кішкенбаев, Серік Ибрагимовтер өнер көр­сетті.

Әлемге танымал болған жерлесіміз Батыр­хан Шөкеновтің де шығармашылығы назар­дан тыс қалған жоқ. Қорқыт бабамыздың кие­лі қобызын ұлықтап жүрген қобызшылар ан­сам­б­лі Батырханның "Отан анасын"  орындады.

Гала-концерт сырбойылық өнерпаздардың шыр­қауымен Сырдың тума таланттары Оңталап Нұрмаханов пен Рамазан Тайманов­тың бірігіп жазған "Сыр ана" әнімен аяқталды.

Айдар Әділжанұлы

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кім онлайн?

Қазір 97 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.