Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

ХАЛҚЫ СҮЙГЕН ҚАЛАМГЕР ЕДІ

 

Бағзы заманнан айдынды Арал топырағы көкірегіне сәулелі ой салған маңдайы кере қарыс майталман таланттардан әсте кенде болған емес. Соның бірі де бірегейі бойына біткен, бүкіл қабілет-қарымын туған халқының рухани қажетіне сарқа жұмсаған сарас таланттың бірі Зейнолла Шүкіров болатын.

Ол 1927 жылы 16 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданының бұрынғы Қаратүп колхозындағы (қазіргі Ескібөген елді мекені) балықшы жанұясында дүниеге келді. Бастауыш сыныпта оқып жүргенде жазатайым түйеден құлаған жас баланың қалған өмірі науқас торына шырмалып өткен еді.

...Дәл қазір менің есімде жоқ. Табанды тікенге тілдірген, боз көйлектің етегін бұтаға ілдірген қара сирақ кезім болса керек. Қолыма тау халықтары жазушысының бірінің кітабы түскен.

 

Менің қаршадай кездегі ой-санамда  төмендегідей үзік-үзік жолдар қалыпты: "Күндердің күнінде мұзарт шыңның басына қалықтаған қыран құс та, жорғалаған жылан да шықты. Тіршілік - күрес. Амал жоқ, ол екеуінің бір-бірімен күресуіне тура келді. Әжептәуір уақыт бірімен-бірі алысып, жұлысқан соң қыранның бір қанаты сынады. Жыланның түгі кетпеді...".

Осынау бір даналық сөз ойыма оралған сайын есіме "қазақтың Островскийі" атанған көрнекті қаламгер, арынды ақын, дарынды прозаик Зейнолла Шүкіров түседі. Былайғы уақытта біздер күрескер деген сөзді ел үшін, жер үшін тер төккен, шаһит болған жандарға бағыштап жатамыз. Өмірі қайсарлықтан қуат алған, тасбауыр тағдырмен жағаласып өткен Зейнолла есімін біздер күрескер қаламгер деп айшықтасақ айып па?

Қаршадай шағынан тағдырмен тайталасқан қайсар қаламгердің бар ғұмыры тар төсекке таңылумен өтті. Сонда да мойнына мінген науқастың алдында мойыған жоқ. Қайта сілтеген сайын жүзі жарқылдайтын нар кескендей нағыз қаһарман жан еді ол.

Босат, аурухана!

Бір минут енді жатпаймын.

Далаға кеткім келеді,

Тас қабырғаға шақпай мұң.

Дәрі де құрсын татпаймын,

Аңсаймын шіркін, сахара самал ауасын,

Арманым - дала, ат - қайғым, - дейді ақын бір өлеңінде.

Зекең жанына батқан науқастан бір сәт сергіген тұстарында алдымен өзінің Арал-анасына асығушы еді. Осындағы ағайын-туыс, дос-жаран, ақжарқын аға, елгезек інілерімен есендескен бойы теңіз жағасындағы "Құмырсқалы" жақтағы жағажайға жайғасатын. Мұндай кездері ақын жанына ертіп шыққан інілеріне жыр оқытып, аудан өнерпаздарының әндеріне құлақ құрышын қандыру оның қанына сіңген қастерлі қасиеті еді. Сонан күн ұзағына жағажайдың тайыз суын шолпылдатып, жанына бір рахат табатыны тағы бар еді.

Шынын айту керек, Зекең тумысынан Аралдың ақберен жыршысы атанған жан. Сонау 1955 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан жарық көрген "Менің достарым" атты тұңғыш жинағынан бастап қашан қаламы қолынан түскенше қалың қауымға ұсынған отызға жуық поэзиялық туындыларының баршасы дерлік Арал тақырыбына бағышталған еді.

Сүйем сені Сырдың елі,

Сүйсе Пушкин Еділді, - деп қазақ жырының абызы Әбділда ақын жырлағандай, Зейнолла Шүкіров те өзінің кіндік қаны тамған қасиетті Арал аймағының ақиық шайыры болатын. Ол бұл жердің ауасын сіміріп, ақ құмына аунап өскен періште перзенті еді. Сол бір даңқты дағдысынан, күн тірліктен түн тірлікке аттанғанша айныған жоқ.  Ақтық демі ақынды тіршілік тінінен айырғанша Арал оның асқақ жырына айналды. Арал ол үшін жырдың қайнар көзі, шабытының шаңқай тұсы болды.

Кіндігім бірге Аралмен,

Теңізден тыныс алам мен.

Ақпейіл анам секілді,

Алдымда жатыр далам кең.

Сырласып жібек самалмен,

Желпінсе жүрек жаңа әнмен.

Теңізше жаным кең шалқып,

Теңізше толқып қалам мен...

...Аспаны қандай Арал кең,

Күрсініп неге алам дем.

...Бір жұлдыз болып жанам мен, - деген еді Зекең.

Өзі жырлағандай, ол жыр көгінде мәңгілік жарық жұлдыз болып қалған жан.

Аралдың басына алпысыншы жылдары төніп келе жатқан экологиялық қасіретті қаламгер күн ілгері сезген еді. Бұл жайында ол сол жылдары жарық көрген "Ғажайып құмыра", "Тоғысқан тағдырлар" атты кітаптарында, жетпісінші жылдардың басында оқырман қауымға ұсынған "Қиын түйін" романында тереңнен толғап, жан-жақты жазған болатын.

Зейнолла Шүкіров есімін еліміздің еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін жаттап өсті. Ол оқырман қауыммен, былайғы жұртпен қоян-қолтық араласып, өзінің ақжарқын мінезімен, адами биік қасиетімен дараланған даңқты жан еді.

Зекеңнің үйіне қашан барсаң да, қонақтан босамайтын. Досқа бай жан еді, олар әртүрлі мамандық иелері. Партия, кеңес қызметкерлері, совхоз директорлары, колхозшы, балықшы, жұмысшы... Тіпті біз сияқты мұрты жаңа тебіндеп келе жатқан жастар да, студенттер де көп болатын. Әдебиетте де оның ағалы-інілі достары көп болды. Мысалы, Мұзафар Әлімбаев, Әнуарбек Дүйсенбиев, Бек Тоғысбаев, Қабдікәрім Ыдырысов, Зұлқарнай Сахиев, Нәсреддин Сералиев, Молдахмет Қаназ, Серік Сейтмағамбетов, Қомшабай Сүйеніш, Еркеш Ибраһим, Естай Мырзахметов және басқалары. Соның бірі Мұқағали Мақатаев сияқты атышулы ақын болатын. Мұқаң Қызылордаға келген бір сапарында Зекеңнің сол кездегі пәтерінде бір-жар күн аунап-қунап, ол жайында кейінірек тамаша жыр жазды.

Оқырман демекші, туған халқының қайсар қаламгері Зейнолла Шүкіров 1979 жылдың қызыл шұнақ аязды желтоқсан айында елу екі жасында қайтыс болып, сүйегін Қызылорда­дан туған жері Арал қаласында жерлеуге әкеле жатқан қаралы автокөліктер тізбегінің жолай Сырдың арғы жағасына бір сәт кідіруіне тура келді. Бергі беті Қармақшы ауданының орта­лығы Жосалы кенті болатын.

Мен ол кезде сол аудандық газетте қызмет атқаратын едім. Аудан басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, қарақұрым қалың оқырмандар нөпірі сүйікті ақынның асыл сүйегімен бергі жағаға шыққанда қаралы митинг ұйымдастырып, қимай қоштасқаны әлі есімде. Ақынға деген оқырман, халық сүйіс­пен­шілігін сонда көрдім алғаш.

Өткен жылғы "Қазақ әдебиеті" газетінің кезекті санынан жазушы Мамытбек Қалды­баев­тың халқымыздың біртуар перзенті Бауыржан Момышұлы туралы көлемді мақала­сын көзім шалды. Сонда батыр Баукеңнің сонау жылдары қонаққа барғанда дастарқан басына алдымен жазушы Бек Тоғысбаевты оздырып тұрып "кейбір қаламгерлер Қызылордада тұратын Зейнолла Шүкіров есімді жас ақынды "оқымаған, сауатсыз, бар білімі екі-үш кластық" деп күстаналап жатқанда ол туралы он беттік көркем очерк жазыпсың. Түсіне білген адамға бұл да ерлік" деген екен.

Сол сияқты адамзат басындағы өмірге деген құштарлық, жан-жағындағы адамдарға деген сүйіспеншілік ақынның әр жырынан атой салып тұрушы еді. Өмірінің соңғы сәтіне дейін қолынан қаламы түспеген дарынды ақын, талантты тұлға өмір бойы аурумен алыса жүріп оқырмандарына отыздан астам жыр және прозалық кітаптарын, "Апама жездем сай", т.б. драмалық шығармаларын қалдырған еді.

Осы күндері эфир мен көгілдір экран арқылы жиі шырқалып жүрген әйгілі "Сыр сұлуы" әніне әрбір қазақ баласының құлағы түрік болса керек. Бұл әннің әуенін ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқов, сөзін Зейнолла Шүкіров жазған болатын. Жарты ғасырдан бері жалпақ қазақ даласын тербеткен бұл әннен басқа "Неге жаным шығарып сала алмадың", "Қалқатай", т.б. әсем әуендердің мәтін авторы Зекең еді.

Үстіміздегі жылы тоқсан жастың төріне шыққан аяулы ақын, қарымды прозашының мерейтойы аталып өтпек. Соған орай бұдан бұрын «Аралдағы мәдени және демалыс паркі деген аты бар да заты жоқ жердегі әбден азып-тозған, арзан материалдан жасалған, елеусіз тұрған мүсінін өзінің атындағы қала орталы­ғындағы қаланың мәдениет үйінің алдына қойса құба-құп болар еді» деп, ой тастаған едік. Қазір бұл ойымыз жүзеге асыпты.

Зекең 4-сыныптық білімімен медицина, тарих және басқа ғылымдардан жан-жақты сусындап өскен жан еді. Ол өзіне қажетті дәрі-дәрмекті дәл тауып, тіпті медбикелерге үйретіп отыратын. Оның жиырма жылдан астам баспа тартпасында "ұйықтап" жатқан "Сыр бойы" атты кең тынысты кітабы "Тұмар" баспа­сы арқылы екі мыңыншы жылдың бас шенінде оқырман қауыммен қауышқанын біздер жақсы білеміз.

Ол аударма саласында да жемісті еңбек етті. Оған бір ғана мысал, орыстың тамаша ақыны Федор Тютчевтің жырларын ана тілімізде тәржімалады.

Бұл күндері Қызылорда, Арал қалаларында ақын атындағы зәулім кинотеатр, ескерт­кіштер, үлкен көшелер бар. Оның есімі­мен облыстық жасөспірімдер кітапханасы аталды. Ал, Арал ауданындағы №20 Бөген орта мектебі Зекең­нің атымен атала­тынын қайтіп мақтаныш тұт­пас­сың.

"Бір жұлдыз жанам мен,

Бір жұлдыз болып қалам мен" - деп жырлаған ақынның рухы сөнбейді.

Толыбай АБЫЛАЕВ,

ақынның шәкірті.

Қызылорда қаласы.

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.