Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

КӨШІМ ХАН

 

Атам заманнан Арал - жеті жұрт қонып, жеті жұрт көшкен атышулы аймақ. Тіпті, бұл жердің қатпар-қатпар тарихын ғұндар мен сақ тайпаларынан көп бұрын мекен еткен Мезезой дәуіріне меңзейтіндер де жоқ емес. Айтпақшы, осы ауданның батысындағы Ақеспе елді мекенінің іргесінен ілгеріде акула мен киттің омыртқа, жақ сүйектерін тауып алған антрополог ғалымдар кезінде батыс баспасөздерін дүр сілкінтті. Осынау қасиет­ті жерді ілгері-кейінгі дәуірлерде армансыз шарлаған араб, еуропа жиһанкездерін де Арал атырабы еріксіз таң қалдырғаны кәміл. Әйтеуір, көзі ашық, көкірегі ояу былайғы ел "Арал теңізінің айналасындағы әр төбенің басы бір-бір тарих" деп ауыздарын ашып, көздерін жұмады...

Басқа басқа, заманында орыс патшала­рының зәре-құтын қашырған әйгілі Көшім хан Арал өңірінде туып-өскен деген тағы бір тың дерек алдымыздан аңдыздап шыға келгенде... жағамызды ұстадық. Апыр-ау, сонда бұл баяғы біздер мектеп қабырғасында оқып жүргенде тарихи оқулықтарда кездесетін, жаулаушы­ларының ойранын шығаратын Көшім хан болғаны ма? О кездері Көшім ханды бірыңғай бізге дұшпан етіп оқытып, әзірейіліден әрі теріс түсінік қалып­тас­тырған болатын. Тіпті, оны "Сібірді тонау­шы", "қанішер", "зұлым" деп суреттеп, нағыз қанішер Ермакты бұқараның жақтаушысы, ұлттық батыр ретінде дәріптеп, оған кешегі кеңестік кезеңде бүтіндей бір қаланы, мектеп, көше, тағы басққаларды лайық­таған еді.

 

Кейін Көшім ханның есімі бірте-бірте ұмытыла бастаған. Анау жылдары еліміз өз еркіндігіне қолы жаңа жеткен тұстары Павлодар облысындағы әлгі қанішер Ермактың атын­дағы Ермак қаласының атын өзгерту тура­лы зиялы қауым өкілдері мерзімді басылымдарда айқай-шу көтерді. Сол кездері Көшім аты тағы да алдымыздан шыға келді. Оның да өзіндік себебі бар болатын.

Енді Көшім хан туралы ілгері-кейінгі жылдары жарық көрген, қолымызға түскен тарихи деректерге көз жүгіртейік.

Мысалы, бізден төрт ғасырдан астам уақыт бұрын өмір сүрген Хорезмнің баһадүр ханы Әбілғазының атақты "Түрік шежіресінде" Женд (Арал) теңізі, Яксарт (Сырдария) өзені туралы, жаңағы Көшім хан жайындағы деректер сараң кездессе де, санаңа әлдебір үміт отын үрлеп жаққандай болады.

Әлі күнге төрткүл әлемнің төріне шыққан талай-талай қасқа бас тарихшыларды там­сантқан, таңдантқан осынау "Түрік шежіресінің" құндылығы арта түспесе, бәсеңдеген жоқ. Шежіреде әйгілі Шыңғыс ханның билік құр­ғаны, оның билеуші ұрпақтарының түп-тұқия­ны түгелдей баян етіледі.

Тарихтан бізге Шыңғыстың тұңғыш ұлы Жошы Тұран ойпатын билеп, оны уысы ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстағаны белгілі. Оның кейінгі ұрпақтары да осы жердегі ұлттар мен ұлыстарды, сан тарау руларды басқарды. Солтүстік Арал теңізі жағалауы осынау ұлан-ғайыр өлкенің сол тұстағы бөлін­бес бөлшегі, құрамдас бір бөлігі болғаны аян.

Айтайын дегеніміз, жоғарыдағы шежіреде Көшім хан Жошының бесінші баласы Шибаннан тараған, яғни Шыңғыстың он жетін­ші ұрпағы екен. Егер қазақ әр ұрпаққа шама­мен жиырма сегіз-отыз жастан берген болса, сонда Көшім хан жарты әлемді жаулап алған әйгілі бабасы Шыңғыс ханнан кейін арада екі жарым ғасыр өткенде билеуші тағына отырған біртуар тұлға болған. Көшім ханға байла­нысты "Түрік шежіресіндегі" сегізінші бапта "Жошы ханның бесінші ұлы Шибан ханның әу­ле­тінен Тұранда, Қазақта, Қырымда және Мәуреннахырда патшалық қылғандардың тарихы" деген тақырыпша бар. Осынау алақан­дай деректе былай делінген: "...Мұртаза хан. Оның ұлы Көшім хан. Бұл жамағаттың нәсілі Көшім ханмен бітеді. Көшім хан Тұран уәлая­тында қырық жыл патшалық қылды, көп жасады. Екі көзі көрмей қалды. Тұранды мың үшін­ші жылы (хижра жыл санауы бойынша) Көшім ханның қолынан орыс алды. Көшім хан қашып, маңғыт халқының ішіне барды. Сонда опат тапты".

Қазақ халқының ұлы перзенті, даңқты саяхатшы, ғалым Шоқан Уәлиханов өз еңбектерінде қандас, айбынды туысы жөнінде "Кучум был султан киргизский" деп атап көр­сет­кенін еске алсақ, жоғарыдағы "Түрік шежіре­сіндегі" деректер шындыққа бір табан жақын екенін жобалауға болады. Себебі, біріншіден, Тұран қазақ жері. Оның үстіне Арал теңізі орна­ласқан ойпат. Екіншіден, жоға­рыдағы шежіредегі Көшім хан "көп жасады" деген сөздің де жаны бар.

Республикалық "Түркістан" басылымының 2010 жылғы 16 қыркүйектегі кезекті санында "Көшім хан 80 жасында дүниеден озды" деген Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Бейсенғазы Ұлықбектің пікірі Әбілғазының "Түрік шежіресіндегі" тарихи дерекпен сәйкес келеді. Үшіншіден, Шоқан Уәлиханов "Кучум был киргизский" дейді. Мұны орыс билеуші­ле­рінің бізді бұрын "киргиз", "кайсак" деген­дігінен туған деп ұғамыз.

Енді жоғарыда біз тілге тиек еткен "Түр­кістан" газетіндегі Бейсенғазы Ұлықбектің "Көшім хан туралы не білеміз?" атты тарихи-танымдық мақаласына жан-жақты тоқталайық. Автор сірә, мұрағаттық деректерден мықтап сусындаған болуы керек. Сонан да шығар, жазғаны, ой-толғамы өзінен төрт ғасырдан астам уақыт бұрын өмір кешкен Әбілғазы баһадүрдің деректерімен дәлме-дәл келетіні.

Мақала авторының баяндауынша, өз дәуі­рінде Көшім хан Сібірдегі рулар мен тайпалардың басын бір тудың астына бірік­тіріп, сол жерде мұсылман дінінің тез таралу­ына ықпал еткен тұлға. Алайда, Көшім ханды­ғына зұлымдықпен тап берген Ермак сол заманда іргелі, жауынгер елдің шаңырағын ортасына түсіреді. Тарих қойнауына зер салсақ, Батыс Сібірді ол заманда бабаларымыз "Ібір", "Сібір", бертініректе "ит жеккен" деп атағаны аян. Өз дәуірінде Алтын орда хандығы, Көк орда, Ақ орда ұлыстары да өркендеп, өсіп, бағы бастан тайғанда күйзеліске ұрынып, шапқыншылыққа ұшыраған. Ал, Көшімнің ну жыныс орманды, сыртқа құпия Сібірді игеріп, хандық құрып, ел-жұртын мұсылман дініне баулып, саудасы дамыған аса зор мемлекет құруы айшықты аңыз іспеттес.

Шынында Көшім хан кім, қайдан шыққан тұлға? Енді осыған келейік. Кешегі келмеске кеткен қызыл төңкеріске дейінгі Н.Карамзин, А.Легихин, П.Небольский тәрізді орыстың әйгілі тарихшылары бұл жөнінде Көшімді қазақ тайпасынан шыққан адам деп жазады. Олардың деректерінде Көшім шамамен 1510-1520 жылдары Арал теңізі жағалауының солтүстік бөлігіндегі Алты ауыл ұлысында туғаны, нақты қай рудан шыққаны белгісіз екендігі тайға таңба басқандай айтылады. Осы жердегі автордың "Алты ауыл ұлысы" деп отырғаны, менің ойым­ша, Алты Әлім тайпасы болса керек.

Иә, мақала авторының сілтемесіне қара­ғанда, демек, Көшім хан Солтүстік Арал жаға­лауынан шыққан тұлға болып шықты. Ендеше, мақаланы онан әрі оқиық: "Бірақ, Түркі елінің, соның ішінде қыпшақ баласы (ол тұста қазақты қыпшақ деп те атағанын есте ұстайық) екені нақты. Оның жастығы қалай өткені, қандай жағдайда өскені бізге белгісіздеу. Осы өлкеде (Солтүстік Арал жағалауында) өсіп-жетіліп, кейіннен 1555 жыл­дары өзінің жақындары мен төлеңгіттерін ертіп, Сібір жаққа бет бұрады.

О заманда қазақтың байлары іргедегі Сібірге ат шалдырып, қымбат бағалы бұлғын және басқа аңдарды аулап, терісінен ішік, басқа да сырт киім тіктіретін болған. Өздерінен ауысқанын жан-жағына күзет қойып, керуен­мен Бұқар, Самар­хан, Хиуа, Қырым мен Парсы елдеріне жеткізіп, онан зор пайдаға кенеліп отырған.

Тарихи деректердің айтуынша, бойында қазақтың асау қаны тулаған Көшім Арал теңізі жағалауынан үдере атқа қонып, жолай кең байтақ Сарыарқаны көктей өтіп, тобына қосыл­ғандардың қарасын молайтып, Батыс Сібірге маңдай тірейді.

О шеті мен бұ шеті орасан байтақ ну жыныс орманды Сібір өлкесінің табиғаты тоңтеріс, қатал екені белгілі. Онда тек күштілер ғана өмір сүретін. Қазақ жерімен ежелден шектес, шека­ра­лас жатқан бұл аймақтың маңайындағы қазақтың бірқатар жауынгер руларын, жер­гілікті басқа да жұртты Көшім қысқа уақыттың ішінде қол астына қаратты. Әскер жасақтап, хандық құрды. Тарих­шы­лардың болжауынша, шамамен 1563 жылы Көшім хан болып таққа отырады.

Жиырма-отыз жыл байтақ өлкеде емін-еркін хандық құрған Көшімнің дақпырты Ресей, Бұқара, Қырым, Түрік, Қытай елдерін де қатты дабылдатқан көрінеді. Тіпті, орыстың қаһарлы, қатыгез атақты патшасы Иван Гроз­ный да Көшім ханға "Сибирской земли началь­нику Кучуму-царю милостивые слово" деп ұдайы үшбу хат жолдайды екен.

Осындай қаһарлы күшті хандық неліктен ойсырай қирады? Бұған қысқа да нұсқа жауап­ты "Түркістан" газетінде жарияланған жоғарыдағы мақаладан табуға болады. Онда былай делін­ген: "...1582 жылдың көктемінде Көшім хан­ның үлкен ұлы Әли басқарған таңдамалы қалың атты әскер Оралдың арғы жағындағы көпес Строгановтар билігіндегі аумаққа басып кіреді..."

Осы тұста көпес Строгановтың көшін же­гіп, қызметінде жүрген қанішер Ермак хан ордасы Іскер қаласының қорғаусыз қалғанын есітіп, сегіз жүздей жасақпен тарпа бас салады. Қаладағы найза, қылышпен қаруланған қауқар­сыз жасақ азғантай озбыр орыс әске­рі­нің табанында жаншылып қалады. Бейқұт соқ­қан орыстың жойқын күші Батыс Сібірді отыз жыл бойы омырауына басқан Көшім хандығының күлін көкке ұшырады. Алпыс екі тамырында алаштың өршіл қаны бұрқылдап соққан Көшім жеңілсе де, жауына бас иген жоқ. Қарағайдың қарсы біткен бұта­ғындай қасқайып 17 жыл бойы ақтық демі біткен­ше ат үстінде соғысып өтті. Тіпті, Сібірді тұтастай жаулап алған орыс патша­сы Көшімді соңғы күндеріне дейін дегеніне көндіре алмады. Иілмеді, именбеді.

Батыс Сібірге сол кездерде басып кірген орыс отаршылдарының қолшоқпары, қанішер атаман Ермек Көшім ханды қуып жүріп, 1585 жылы тамыз айында суға батып өледі. Бұл кезде орыс патшасының әскерлері сол жерде Түмен, Тар, Тобольск бекіністерін салып, құмырсқадай көбейіп тапжылмастай табан тіреп алған еді. Бірақ, алған бетінен қайтпайтын, дұшпанға деген өшпенділігі өн бойында өршіген атышулы хан 1598 жылы осы күнгі Новосібір қаласының маңайында ақтық рет айқасқа шықты. Сан жағынан мүлдем аз Көшім сарбаздары орыстар­дан осы жерде ойсырай жеңіліп, өзі екі баласымен ұрыс дала­сынан сытылып шығады.

Осыған орай айта кететін бір жәйт, "Түркіс­тан" газетінде жарияланған жоғарыдағы мақа­ла­ға сенсек, жаудан ығысқан Көшім хан Қор­ғал­жын түбіндегі ағайындарын паналаған көрінеді. Алайда, ойды-қырды жаулап қаптап келе жатқан қалың орыстан сескенген ағайындары күні біткен ханды өздері опат қылған сияқты.

Талай жылдар Ібір-Сібірді тақымына басқан аты­шулы Көшім хан Солтүстік Арал бойында дү­ниеге келді деген тың дерек қолымызда тұр­ған­да осыған қатысты бір хабардың шеті қыл­тиды.

Республикалық "Егемен Қазақстан" басы­лымының 2011 жылғы 26 қаңтардағы кезек­ті етжеңді санында филология ғылым­дарының докторы, про­фессор Құлбек Ергөбектің жазу­шы Шәрбану Бейсенованың "Сүзгенің соңғы күн­дері" хикаятын талдау мақаласы жарық көрді. (Осы мақалада Сүзге сұлу әйгілі Көшім хан­ның бір мәліметте екінші, тағы бір мәлі­мет­те сегізінші әйелі етіп көрсетіледі). Сүзге - Көшім хан билік құрып тұрған жалпақ Сібірдің іргесін жайлаған қазақ байы Сүйін­діктің ен да­лада еркін өскен ерке қызы. Сұлу­лығына тіл жет­пейді. Қартайған, шау тартқан Көшім Сүзге сұлуды айрықша мәпелейді. Тіп­ті, күндес­те­рінің қаңқу сөзінен қашқан Сүзге ханымға ар­нап Ертістің жағасынан бөлек ме­кен-жай сал­дырады. Айналасына айбыны асқан Сүз­генің айтқаны заң. Қаһарлы ханды өзінің асқан сұлулығымен қорғасындай бал­қыт­қан Сүз­ге сұлулығы ақылына сай әйел бо­ла­тын. Бір сөзбен айтқанда, атына заты сай айдай ару еді.

Сүзге сұлу жөнінде он тоғызыншы ғасырда өмір сүрген тобылдық орыс ақыны П.Ершов зама­нында поэма да жазған. Ол атақты "Конек-Горбунек" ертегісінің авторы. Бұл поэманың төл тілі­міз­дегі ықшамдалған аудармасы республи­калық "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінің 60-шы жылдардың аяғындағы кезекті санында жарық көрген.

Жауына бас имеген, жалғаннан жай оғындай жар­қылдап өткен қаһарлы Көшім хан қалай десек те күрделі, күрмеуі қиын тарихи тұлға. Оның  бас­ты ерекшелігі, XV-XVI ғасырға дейін қазақ үшін беймәлім, жұмбақ Сібір жұртын қол астына қара­тып, ондағы тайпалар­ды мұсылман дініне шо­ғыр­ландыруы. Керек болса, қазақ ұлтын Кав­каз, түрік, орыс жұрты­на мойындатқан Көшім хан бо­латын. Ал, біз үшін Көшім ханның Сол­түстік Арал жаға­лауындағы қазақ руларынан шық­қан­дығы туралы тың деректердің пайда бо­луы кере­мет жаңа­лық. Ендеше, осыған дейін зерт­телмей, атүсті айтылған дерекпен адамдар са­насына бір жақты пікір-пайым қалыптастырған Көшім хан та­рихы уақыт қабатынан аршылып, оған жа­ңа­ша, байсалды көзқарас қалыптас­ты­ра­тын кезең ту­ды. Сол кезең ел тәуелсіздігінің 26 жыл­­ды­ғы аясында атап өтіліп, өткенімізді тү­гендейтін, бүгінімізді бүтіндейтін уақыт осы болғай.

 

Толыбай АБЫЛАЕВ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.