Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

ТЕКТІ ТҰЛҒАНЫҢ ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫРЫ

Біз естіп-біл­ген, көзі тірі­сін­де адам бала­сына жақсылық жасауды жаны қалайтын жарқын бейнені көзі көр­гендер қа­діріне жетіп ба­ғалап қойған. Ғиб­ратты ғұмы­рында елім деп өткен ердің ел игілігі үшін ең­бек еткенін қа­тарластары мен қызмет­тес­тері жиі еске алып, өнеге етіп айтып отыратыны жанға қуат береді. Ал, достары мен отбасында оның орны тіпті бөлек болыпты.

Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауы­лындағы шаңыраққа алғаш бас сұққанда, ал­дын ала ол туралы білген бейнені ойша елес­теттік. Алып тұлғалы, кесек келбетті, батыр мінезді, жаны жайсаң, ақжарқын ағаның дәл осы ауылда, осы шаңырақта отбасымен бірге бақытты ғұмыр кешкені күні кеше ғана. Ақадал азаматқа деген құрметіміз болар, бір шумақ өлең көмейге тығылды:

Қызметінде Құлагердей қазанат,

Ғибрат-ғұмыр ғазалындай ғажап-ақ.

Қара судан қара алтын жасаған,

Қазақ үшін еңбек еткен азамат.

Иә, ерен еңбегімен аты шыққан айтулы азаматты ауылдастары құрмет тұтып, қыз­мет­тестері ұмытпай, ұлықтай берері хақ. "Есер ға­сыр ұмытқан жігерлі ұлын, көсем ғасыр ұмыт­пас білер бүгін" деп шабыттана жырлаған ақын­ша тебіренер болсақ, еселі еңбегін паш етіп, есі­мін кейінгі ұрпаққа қалдыруды мақсат тұт­қан кейіпкеріміз - көсем ғасыр - тәуелсіз ел азаматының бейнесін жадында жаңғыртқан жігерлі жерлесіміз, үлкенге ізетті іні, кішіге қам­қор аға бола білген жан Алданазар Сма­ғұ­лов болатын.

Алтын асықтай ұрпағы бар азаматтың өмірдерегі өнегеге толы. А.Смағұлов 1939 жы­лы 23 маусымда Сырдария ауданындағы қа­зіргі О.Мәлібаев атындағы ауылда зиялы­лар­дың шаңырағында дүниеге келген. Әкесі Смағұл Алпысов 1941 жылы қан майданның төрінде, алғы шепте соғысып, ерліктің ғажап үлгісін көрсеткен. Алайда, сұм соғыстан елге оралмаған. Отан соғысының отты сардары Киев қаласын азат ету барысында шейіт болған. Ал, анасы Жұман Алпысова "21 парт­съезд" колхозында жұмысшы болып, маңдай терін колхоз жұмысына арнаған. Анасының дү­ниеден озғанына да биыл отыз жыл болыпты.

Негізі зиялы деп бекерден-бекер айтыл­майды. Араб елдерінде "зия" деп түнгі айдың күннен жерге шағылысып түскен сәулесін айтады екен. Ол жарық қараңғыда адасып жүрген адамдарға түн уақытында үлкен пай­дасын тигізген. А.Смағұловтың зиялы шаңы­рақ екенін ауыл азаматтары да айтып отыр. Қиналып тұрғанға көмектесіп, көмек сұрап келгенге қол ұшын тигізгісі келіп тұратын, халыққа жанашыр отбасы расымен де зиялы.

- Мен Алдекеңнің бөлесімін. Ол кезде бір отбасыда алты жан өмір сүрдік. Отбасы­мыз­дың ауызбіршілігі мықты болды, шаңырақты бірлікте, татулықта ұстады. Бір-бірімізбен ба­уыр­мал боп өстік, бір-бірімізге қол көтерген жан емеспіз. Апалы-сіңлілі аналарымыз жұ­мысқа кеткенде үй тірлігін өзіміз жасай бере­тінбіз. Әжеміз көлеңкеде отырып ұршық иіретін. Айрандай ұйыған отбасы болдық,- деп сөз бастады Арыстанбек Ақмолдаев. - Алдекең өте салмақты жан болды. Артық сөзі жоқ. Орта мектепті үздікке бітірді. Өте жақсы оқыды. Бала кезінен ізденімпаз болатын. Ол кездері ем­тихандар қиын болса да, сүрінбей өтетін. Дербісалды Тілеулиев деген мектеп дирек­торы Алдекеңді алтын медальға ұсынды.

Алданазар ағаның білім жолында басқан баспалдағы басқалардан озық әрі өзгеше болған. 1947 жылы Иса Тоқтыбаев атындағы №35 мектепке алғаш қадам басып, оны 1957 жылы алтын медальмен бітіріп шыққан. Кеңес үкіметі шағында орта мектепті екінің бірі ал­тын медальға бітіре алмайтын. Бала кезінен бі­лімге құштар болған ол өзінің қайсар жігерімен мектепті үздікке тәмамдаған. Осы нәтижелі білім тізбегін жалғастырып, жоғарғы оқу орнына талпыныс жасайды. Ойындағысы орындалып, 1957 жылы Алматы қаласындағы қазіргі Қазақтың Ұлттық техникалық уни­верситетіне тау кен инженері-гидрогеологы мамандығына түседі. Іргелі білім шаңырағын 1962 жылы ойдағыдай бітіріп шыққан соң бірден қызмет бабына кірісіп кетеді.

Атырау қаласындағы тау-кен ғылыми-зерттеу институтына арнайы жолдамамен келген сәттен батыс өңірдің жер асты суларын зерттеуге атсалысқан. Өз жұмысына беріле қызмет атқаратын оған көп сенім артылды. Мекеменің ғылыми-зерттеу маманынан бастап әр түрлі жоғары қызметтерде болуы соның дәлелі. Табан аудармай бес жыл қызмет еткен­нен кейін 1967 жылы "Қазгидрогеология" өнді­рістік бірлестігінің ұйғарымымен Қызылорда гидрогеологиялық экспедициясына жауапты қызметке орналасады. Мекемеге жетекші маман болып келген Алдекең бас гидрогеолог лауазымына дейін көтеріледі.

Туған жеріне оралған кезең Арал теңізінің табанынан су таяздап, экологияның алғашқы белгілері біліне бастаған кез еді. Бұл мақсатта солтүстік өзендерді Арал теңізіне қарай бұру мәселесі көтеріледі. Үкімет тапсырмасымен бірнеше жобалардың жоспары мен нұсқалары қолға алынып, оның жүзеге асуына А.Смағұ­лов­тың өзі басшылық жасайды. 1972-1977 жыл­­дар аралығында далалық жұмыстардың орын­далуына қатысып, теңізге су апарудағы жо­баның оңтайлы нұсқасын анықтау мақса­тын­дағы жұмыстарға бел шеше кіріседі.

- Мен осы жұмысқа 1975 жылы 15 қаңтар­да келдім. Ол кезде Алдекең 35-36 жастағы жас жігіт. Жұмысқа белсене кірісетін. Өз жұ­мысын жақсы білді. Жас та болса, елдің жайын жиі ойлап, бізге ақыл-кеңестерін айтудан жа­лық­пайтын. Адамдарға көмек беруді жаны қа­лайтын. Елжанды, ағайыншыл болуға үйре­тетін. Адамгершілігі мол, өте қарапайым кісі. Інім деп қамқорлық көрсеткен кезі де жетерлік. 1982 жылы анам қайтыс болғанда, жол көлік қатынасын осы кісі түгелдей шешіп берген еді. Астына мініп жүрген көліктерінің барлығын босатып, үлкен көмек көрсетті. Жақсының жақ­сылығын айтып жүру міндет. Алдекең осылай еңбекқорлығымен, жанашырлығымен есімізде қалды,- деп, өткенді еске алды шәкірті Артықбай Дәрменов.

Алданазар Смағұловтың ел біле бермейтін елеулі еңбегінің бірі - мұнай қорының ашы­­­-л­уына септігі тигендігі. 1982-1983 жылдары Құмкөл аумағында алғаш рет жер асты су­ларын іздестіру үшін зерттеулер жүргізіліп, ұңғы­малар қазылған жерден газ иісі белгі бер­ген. Жай газ емес, осы күнгі Құмкөл аума­ғында жер асты табиғи газ мұнай қорының көзі болып шыққан. Қиын-қыстау кезеңде Алдекең­нің Қызылорданың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына үлкен үлес қосқанын бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. Осы бір сәтті шәкірті еске алып, бізге баяндап берді.

- Құмкөлдің бергі жағында Пикет деген жер бар. Соның бойынан 800 метр су арнасын қазғанбыз. Сол жерді қазып жатқанда мұнай­дың иісі мұрынға мүңк ете қалды. Әуелі газдың иісі келді. Дереу жұмысты тоқтаттық. Содан соң Алматыдан тексеру келіп, тіркеп алды. Қа­зір көріп жүргеніңіздей, осы жердің мұнайын пай­даланып отырмыз. Алдекең сол кездері ұжымға басшылық жасады. Пикет 1983 жылы ашылды, үш жылдан соң Құмкөл мұнай кен ор­ны пайдалануға берілді,- деді Рахметулла Прназаров. 

 

Атағыңыз өшпесін, кемелденсін,

Тектілікке тұлғаңыз теңелгесін.

Елің бүгін есіне алып жатыр,

Еңбегіңіз түгелдей еленгесін.

 

Алдында бола білген тек халықтың,

Өлшеусіз ақылыңды бетке алыппын.

Жер астының бұлағын түгел білген,

Су атасы "Смағұлов" деп қалыппын.

Иә, Смағұловтың есімін көзін көргендер жоғары қояды, жылы естеліктер айтады. Оның су шаруашылығы саласындағы ізденістері мен өндіріске енгізген жаңалықтары да жетіп ар­тылады. Аудан орталықтарын, елді мекен­дерді сапалы жер асты ауыз суымен қамта­ма­сыз ету мақсатында жер-жерлерді аралап, үй көр­мей кететін кездері де көп болыпты. Жайы­лымдарда шабындықтарды өсіру, жер сулан­дыру, тіпті минералды суларды іздестіру-бар­лау жұмыстарына да, Қызылорда облысы көле­мінде жер асты суларын таусылудан және ластанудан қорғау гидрогеологиялық және жерасты суларының режимі мен теңгерімін зерттеу жұмыстарына да қатысып, басшылық жасағаны, ол жүрген жерлер мен қайталанбас қолтаңбасы еш ұмытылмақ емес.

 

Қызметтегі қыруар жұмыстары мұнымен бітпейді. 1982 жылы Қызылорда гидрогеологиялық экспедициясының Сырдария бөлімшесіне басшы-лық қызметке тағайындалғанда да көптеген істер-дің түйінін тарқатқан. Бүгінде оның елі үшін төккен тері мен еткен еңбегін шәкірттері бас қосқанда ауыздарынан тастамай айтып отырады.

- Әкеміз бізге үлгі болды. Әкемізге қарап бой түзедік, әкемізбен мақтандық,- дейді ұлы Серік. – Оның ұстамдылығы, көпшілдігі, қайырымдылығы, өз мамандығына берілгендігі маған қатты әсер етті. Гидрогеология және инженерлік геология саласына көп еңбек сіңіргенін мақтанышпен айта аламын. Менің де осы маман-дықты таңдауыма әсер етті.

Әлбетте, ерен еңбек еленді. Сол үшін 1987 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Қарқынды жұмыстар мен қарымды қызмет қылған азаматты үкімет қаржылай сыйдан құр қалдырған жоқ. Реті келгенде ақшалай марапаттарды да алып отырды. Жыл сайын үздіксіз еткен еңбектің қайтарымы іспетті марапаттардың легі де үзілген емес. Кезінде социалистік жарыс жеңімпазы атағын еншілеген оған сый-сыяпат, құттықтаулар, алғыс хаттардың қарасы қалың. «Атақ-даңқтың бәрі адал еңбек, тынымсыз тіршілік, халықтың ықыласы мен ақ батасының арқасында келген» дейді ұрпақтары.

- Қызылдиханда мектепте оқыдық. Алдекең үйі-нің жалғыз ұлы.  Оныншы класс оқып жүргенде Алдекеңнің көзі Рабиғаға түсті. Қараторы, сабырлы қыз. Біздің жігіт әзілкештеу әрі ажарлы болатын. Екі ортадағы махаббаттқа мен себепші болғандай-мын. Себебі хат жазғанда Рабиғаға мен жеткізетін-мін. Мектеп бітірген Алданазар Алматыға оқуға кетті. Рабиға да Алматыға кетті дегенді естідім,- деп, әзілдеп алды бөлесі Арыстанбек Ақмол-даев жастық шаққа саяхат жасап.

Балалық шақтағы достық артынша өшпес махаббатқа ұласып, екеуі отау құрады. Бір-бірін жақсы көретіні соншалық, екеуін құрбы-құр-дастары Қыз Жібек пен Төлегенге теңейді екен. Қайда жүрсе де, бір-бірін тастамай, бір-біріне қолдау көрсетіп отыратын көрінеді.

- Әкем адам баласына көп қайырым жасайтын. Отбасына мейірімі төгіліп тұратын. Үйден қонақ айырылмайтын,- дейді қызы Махаббат. – Әкем мен анамның бір-біріне деген сенімінде, адалдығында шек жоқ. Бәріне үлгі болды. Үлкейген шағында да екеуі бірге бақшада жемістерге қарап жүріп, ән шырқап отыра-тын. Көпшілік қызыға қарайтын.

Тілегіміз шарықтар шын жүректен,

Өнеріңіз өмірде дүлдүл еткен.

Бітіміңіз Төлеген болғандықтан,

Бақытты боп өттіңіз Қыз Жібекпен,- деген түйдек тіркес осындайда шабытпен көмейге тығылмасы бар ма?! Бір-бірінің қадірін түсіне бермейтін бүгінгі қазақ отбасыларына үлгі дерсіз.

- Әкемнің дене тұрпаты қаншалықты үлкен болса, көңілі де соншалықты кең еді,- дейді қызы Ләззат. – Шаңырағымызда өтетін думан-ды күндерде шақырылған қонақтар әкемнің әуелетіп шырқаған әніне құмар болды. Құлағын келтіріп, домбыра шерткенде көптің таңдайын қақтыратын өнерпаз әрі кез келген отырысты әзілімен әрлеп әкететін асабалық қабілеті бар еді.

Алданазар ақсақал өзге саланың маманы болса да, өнерге жақындығы, бауырмалдығы біздің де көңілімізді көтеріп жіберді. Тау тұл-ғалы азаматтың өзі қандай болса, көңілі де сон-дай кең екендігін сезгендейміз.

Көңіліңнен бір ғажайып сый ұқтық,

Ғұмыр кештің айналаңа жиып құт.

Тау тұлғаңыз аласармай бір мезет,

Бітіміңмен өлшететін биіктік.

            Өткеніне өшпес сара жол салып,

            Тау тұлғаға ұқсап өсу зор шабыт.

            Дембел дене қанша алып болса егер,

            Көңілі де кең болатын соншалық.

Алданазар ақсақал 1997 жылдан 2000 жылға дейін «Қызылордагидрогеология» ААҚ-да жауапты лауазымды қызметтерді атқарды. 2000 жылдан 2014 жылға осы мекеме жанында құрылған «Қызылордагидрогеомониторинг» мекемесінде директордың орынбасары қызме-тінде болған. Өзі қалаған салаға қадам басқан кезден бастап ғұмырының соңғы жылдарын-дағы еңбегінде 60 жыл бойы гидрогеология мамандығының ыстық-суығында жүрді. Ма-мандыққа деген адалдық тайға таңба басқандай көрініп тұр. Жарты ғасырдан ұзақ мерзімді өзі-нің сүйікті ісіне арнаған алып тұлға 2002 жылы бейнетінің зейнетін көрмекке еңбек демалы-сына шығады. 

Еңбек жолында еш есе жібермеген тұлға отбасы мәселесіне ыждағаттылықпен қараған. Жары Рабиға Смағұлова да осы мамандықтың майталманы. Зейнеткерлікке гидрогеология саласында қызмет жасап жүріп шыққан. Текті жандардан үш ұл, екі қыз дүниеге келеді. Сәбилеріне ер жеткенше тағылымды тәлім-тәрбие беріп, жоғары білімді алуына ықпал жасаған. Бү-гінгі күнге дейін балаларының барлығы дерлік отбасы құрып, өз биіктеріне жеткен. Алайда, тағ-дырдың жазуы сол болар, екі ұлын жер қойнауына жөнелткен ақсақалға оңай соққы болмапты...

Иә, Алдекеңнің үлкен ұлы Серік және қызы Махаббат, бақилық болған ұлы Қайрат та әке жо-лын қуып, осы гидрогеология саласында лауазым-ды қызметтер атқарған. Ләззат болса, көптеген жылдар бойы Қызылорда қаласында медицина са-ласында жауапты қызметте жүр. Тағдырдың жаз-мышымен дүниеден ерте озған үйдің кенжесі Талғат талантымен жұртты таңқалдырып өтіпті. Өнерге де жақын осы ұлы болыпты.

«Ат тұяғын тай басар» демекші, Алданазар ақса-қалдың немерелері Руслан мен Жасұлан Смағұлов-тар да ата жолын қуған. Қазіргі таңда кен орында-рын игеретін инженер, инженер-гидрогеолог ма-мандығы бойынша қызметтер атқаруда. Сол себеп-ті де Смағұловтар әулетіне гидрогеология маман-дығы атадан балаға мұра болып келе жатқан абы-ройлы кәсіп көзі бола бермек. Осы күнге дейін ұр-пақтары әке есіміне бірде бір кір келтірмей, мұраға қалған мамандықты жандарына серік қылған.

Талсуат ауылындағы Алдекең ғұмыр кешкен үйде болғанымызда Алдекеңнің кіші келіні мен немерелері қара шаңырақты ұстап отыр екен. Үлкен ұлы Серік пен үлкен немересі Руслан Алдекеңнің өмірінің әрбір қызықты шақтарын бізге айтып, өткенге көз жүгіртті. Тіпті ол қолдан-ған радиосына дейін немересі ұмытпапты.

- Жалпы, адамға көп нәрсе қанмен беріледі дейді ғой. Содан болар мен де геологпін, оның ішінде мұнай-газ геологі,- деп сөз бастады Руслан. – Атамның ақылы арқасында оқыдық, білім алдым, іздендім. Бала кезімізде, 8-10 сыныптарда атамның жанында отырып алып, шежіре тыңдағанды жақсы көретінмін. Ұлы жүздің Ошақтысынан бері қарай өзіне дейін тарқатып айтатын. Атам тек өзіміздің руды емес, бүкіл қазақтың тегін айтып, үйретіп отырушы еді. Маған руымды айтқызып, қағазға жазғызып қояды. Әлі күнге есімде. Және қазақ даласының батырлары жайында айтатын. Бәйдібек, Жалманбет батырлар туралы естеліктерді майын тамызып айтып беретін. Олардың таңбалары, ұрандары, жасаған ерліктері хақында да сөз қозғап отыратын. Одан соң Бақтияр батыр мен қырғыз батырының шайқасы турасындағы әңгімесі есімде қалыпты. Тарихи әңгімені қозғаса, бір-екі сағат айтып шығады. Оны тыңдауға менде қарсы болған жоқпын. Сол кезде білімге құштарлығым енді ашы-лып келе жатқан кезім. Атамның арқасында көпте-ген дүниелерді жазып алып қалдым.

Біз әңгімеге тартқан ауыл тұрғындарының, көз көрген көнекөздердің өздері Алданазар ақсақалдың адамгершілік қасиеті мол, өзгенің ала жібін атта-маған, айналасына ардақты азамат болғанын айта-ды. «Тіпті, жұмыссыз жүрген жан болса өз қамқор-лығына алып, тәжірибелерімен бөлісіп отыратын. Қиналғанға қол ұшын созып, құлағанға демеу бер-ген жанашыр азамат еді» дейді замандастары.

2016 жылдың 12 сәуірінде Алданазар Смағұлов ауыр науқастан кейін мәңгілікке көз жұмды. Ал, жұ-байы Рабиға Смағұлова да артынан төрт айға ұза-май кете барды, мәңгілік өмірге бір жылда аттан-ды.

Өмірге шын азапты татқан шыдар,

Бірақ, тәңір сіздерге таққан шынар.

Өмір бойғы іздеген кәусар-бұлақ,

Сізді бүгін аялап жатқан шығар.

Иә, көзі тірісінде қадірлі болған Алданазар Смағұловтың әрбір ісі еш ұмытылмақ емес. Үлкені де, кішісі де ол туралы жадына сақтаған. Кішісі игілікті ісін, ізгі жолын айтып отыратын үлкендерге құлақ тосады. Ендеше Талсуаттағы өзі өмір сүрген, әлі атауы өзгермеген Космонавт көшесіне Алдана-зар Смағұловтың есімі берілсе, жақсының аты ау-ылда жаңғырып, кейінгі ұрпақ есінде сақталар еді.

Нұрлан КӨБЕГЕНҰЛЫ,

 

Айдар ӘДІЛЖАНҰЛЫ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.