Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

СЫР БОЙЫНДАҒЫ ОТЫРЫҚШЫЛЫҚ-ЕГІНШІЛІК МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ БӘБІШ МОЛЛА ҚАЛАШЫҒЫ

Сырдария бойы - сонау тас ғасырынан бері үзіл­мей ел қоныстанған құтты өлке. Сырдария­ны біздің заманымызға дейінгі антикалық грек-рим тарихшылары мен саяхатшылардың еңбек­терінде Яксарт, арабша жазбаларда Сейхун деп аталған. Тарихқа толы бұл өлкеде қазіргі кезеңде 300-ге тарта археологиялық ескерткіштер­дің ор­ны белгілі. Алайда, археологтар толық­қанды зерт­теу жұмыстарын жүргізбеген­дік­тен бұл тізім қатары көбеюі тиіс. Сонымен қатар құм басып, уа­қыт тезіне төзе алмай, жермен-жексен болып тегістеліп кеткендері қанша.

Алыстан менмұндалап көрініп тұрған Сыр бойындағы ескі қалалар орны көне және орта ғасырлық жазбаларда, карталарда кездескенімен шын мәніндегі ғылыми зерттеу жұмыстары ХVIII ғасырдың орта кезінен басталды. Солардың бірі Сырдың сағасына таяу орналасқан Жанкент т.б. қалалар жөнінде И.Гладышев, Д.В.Муравин, С.Ремезов, П.Рычков, А.И. Левшин т.б. еңбекте­рін­­де тұнғыш мәлімет береді. Ал, Аралдың шы­ғыс жағалауындағы Амудария мен Сырдария бойындағы ескерткіштерді тұрақты қазып, зерт­теуді 1946 жылы профессор С.П.Толстов бас­қар­ған Хорезм археология-этнографиялық экспе­ди­циясы бастады.

1991 жылға дейінгі жұмыстар кезінде 200-ден аса адамзат тарихының әр кезеңінен қалған ескерткіштер ашылып, олардың бір қатары зерттелініп, өмір сүрген уақыттары анық­талды.

 

Арал теңізіне құйған Сырдарияның ең көне арналары Жаңадария, Қуаңдария мен Іңкәрда­рия­ның бойларын Страбонның айтуынша "аралдар мен сазды жерлерді мекендеуші" массагет тайпалары қоныстанған. Кейінгі гректегі Александр Македонский жорығымен байланыс­ты жазылған деректерде тағы төрт тайпаның: апасиактар, тохарлар, аугастар және сака­равак­тар­дың аттары аталған. Аса қуатты мемлекет құр­ған бұл тайпалардан ғажайып ескерткіштер мол сақталған. Олар Шірік-рабат, Бұланды (Ба­ланды), Бәбіш молла, Сеңгір қала, Іңкәр қала қалалары, Шірік 3, Қарабас, Алып пен Қабыл қа­мал­дары мен қалалардың төңірегінде қорым­дары және ғұрыптық салттар өткізген Сеңгір-там сияқты зәулім ғимараттары қалған. Сонымен қатар жоғарыда аталған көне арналар бойында ондаған шақырымға созылған каналдар мен арықтардың іздері жақсы көрініп жатыр. Олар егінші­ліктің кең дамығанын көрсетеді.

Сондай қалалардың бірі - Бәбіш молла қала­сы. Ол Сырдариядан бөлініп шыққан Жаңадария арнасының оң жағалауында, рухани-әкімшілік орталығы болған Шірік-рабат қаласынан солтүс­тік-шығыста орналасқан. Қаланың суландыру жүйесі жақсы дамыған. Жаңадария арнасы Ақ­қыр тауынан төмен қарай бірнеше тармаққа бөлінген. Жергілікті халық олардан канал­дар мен арықтар тартып, егістік алқаптарын су­мен қам-тамасыз етіп отырған. Каналдарды жаға­лай егін шаруашылығымен айналысқан ауылдар мекенде-ген. Олар бірнеше шақырымға созылған егіс ал­қаптарында сұлы, тары, бидай өнімдерін өсірген.

Бұл аймаққа 1957-60 жылдары Хорезм архео­логиялық-этнографиялық экспедициясы қазба жұмыстарымен қатар, маңайға барлау жасап 150-ге тарта қоныс тапқан болатын. Кейін, 2004 жыл­дан бері Археология институты ішінен Ші­рік-рабат археологиялық экпедициясы қайта бар­лау жүргізіп, зерттеу жұмыстарын жасап ке­ле­­ді.

Бәбіш молла 1 - цитаделі бар үлкен қала. Қа­ла­ның оңтүстік-шығыс бөлігі биік дуалдармен қоршалған. Қабырғаларын жау алмастай етіп мұнаралар тұрғызып, оларды оқ ататын ойық­тармен күшейткен. Қала цитаделі солтүсті­гінде орналасқан, оның көлемі 100х100 м. Биіктігі 2 м болатын қабырғаларын жартылай дөңгелек мұнаралармен бекіткен. Оның да қабырғалары мен мұнараларында бір немесе үшеуден оқ ататын тесіктер бар. Қала орталығы­ның оңтүс­тік-батыс кіре беріс қақпасында "дон­жон" деген атауға ие болған көлемі 30х30 м болатын қуатты бекініс бой көтерген. Оның қабыр­ғалары 4-5 м биік­тікте сақталған. Іші бірнеше бөлмеден тұрады. Бөлмеден-бөлмеге қатынайтын есікте­рін арка қылып көмкерген. Басты кіретін қақпасы осы жерде болғандықтан жауды күтіп алатын мұнара ретінде қолданып, кейін жауынгерлердің мекен-жайы ретінде пайдаланған.

Қаланың цитаделінде "үлкен үй" деп аталатын шаршы тектес, жалпы ауданы 44х44 м ғимарат орны сақталған. Қабырғаларының қазір­гі биіктігі 1,5 м. Ғимаратта оқ ататын ойықтар сақталған, мұнаралы қабырғалармен қоршаған, бұл мұнаралар орталықтың бұрыштарымен кіре берістегі оңтүстік қабырғаның орта тұсын тұтас­тай қамтыған. Кірер тұста ғимарат дәліз тәріздес екі бөлікке бөлінген. Қазба барысында шығыс бө­лі­гінен бірнеше өндірістік пештер мен каркастан тұрғызылған үйдің орындары аршылды. Саз балшықтан күйдірілген мүсіншелер, мыс қалдық­тары және тұрмыстық ыдыстар табылған.

Қала маңында кісі жерлеген молалары да сақ­тал­ған. Олар жұмбаздалған саздан және шикі ке­сек­тен тұрғызылған кесенелерден тұрады. Со­лар­­­дың бірі қалаға тікелей жақын батыс бөлі­гінде Бәбіш молла 2 делінетін ғибадатхана орна­ласқан.

Бәбіш мола 2 кесенесі  - жалпы аумағы 21х21 м, жобасы шаршы тектес ішкі жоспары симмет­рия­лы келген, оның биіктігі 7 м. Биіктігі жарты метр­ден асатын алты пақса блоктарынан тұра­тын негізгі тұғыры пирамида тәріздес. Жо­ғар­ғы жағы шикі кесектермен тұрғызылған. Кесененің бас­ты есігі батыс бөлігінен шығады. Ішкі жағы төрт бөлмеден тұратын олар бір-біріне дәліз ар­қылы байланысқан. Олардың есіктері доға тәріз­дес безендірілген. Кейбір бөлмелердің еден­деріне төртбұрышты болатын шикі кірпіш­тер төсеген. Бөлмелердің барлығы алебастрлы сылақпен сы­ланып, шахматтық жүйеде қызыл және ақ бояумен көмкерілген.

Бөлмелерден, қазба барысында кісіні тікелей еден­ге немесе тақтайшаларға қоюмен қатар ыдыс іші­­не салу салты да қолданған жерлеулер табыл­ған. Кісімен олардың моншақтары, темір жебе ұшы, алтын сырғалар мен ыдыстары бірге қо­йылған.

Қала маңайында және Жаңадария арнасы мен одан тартылған каналдардың бойында бір­неше ауылдар мен жекелеген үйлердің орындары бар екендігін жоғарыда айтып кеткен бола­тынбыз. Олар төмпешік түрінде, тақыр жерлерде шоқы түрінде, ал кей жерлерде қыш ыдыс сынық­тардың шашыранды түрінде сақталған. Сондай ауылдардың біріне 2015 жылы Ә.Х.Марғұлан атындағы археология Институ­тын­да­ғы Шірік- рабат археологиялық экспедиция­сының зерттеуі нәтижесінде көзешілердің ауылы екендігі анық­талды. Ол Сырдария бойындағы алғашқы кера­ми­ка өндіретін өндіріс орталығы болып сана­лады.

Бәбіш молладағы көзешілер елді мекені (Бәбіш молла 7) Бәбіш молла қаласынан оңтүстік-шы­ғыс­қа қарай 5 шақырым жерде, кеуіп қалған ар­на­ның бойында орналасқан. Зерттеу бары­сын­да анықталғандай, ауылдың іші қыш өнді­ретін өн­діріс ошағы болғанын атап кету керек. Олай дей­тініміз, ауылда 11 қыш күйдіретін пеш, 7 шебер­хана мен тұрғын үйлердің орында­ры та­былды. Сонымен қатар, ауылдың шетінде бір­неше бөлмеден тұратын үлкен үй аршылды. Ауылдың ішіне қарай арнадан бөлек су қоймасы тартылған. Өндіріске суды осы қоймадан пай­даланған.

Зерттеу барысында алты пеш ашылды. Олар­дың көлемдері әр түрлі, ұзындықтары 2 метрден 3,5 метрге дейін болса, ені 2,1 метрден 2,7 метрге жетеді. Биіктік­тері 80 см-ден 1 метр. Қалыңдығы 0,7-0,8 м бола­тын қабырғалары жұмбаздалған саздан тұр­ғы­зылған. Пештер екі ярусты болған, тө­менге от­тық салса, ал жоғарғы қабатына ыдыс­тарды қойып күйдірген. Оған ыстық ауа өтетін ойықтар салынған. Бір пештің өзінде 16 тесікке дейін сақталған. Төбесін шикі қам кесектермен көтеріп жапқан, қазіргі таңда олар сақталмай қи­раған.  Ал, пештің оттық салатын ауыздары до­ма­лақ немесе сопақ болып келген, көбінесе оңтүстікке қара­тылған.

Қыш күйдіретін пештермен қатар, айнала­сында орналасқан шеберханалары аршылды. Бір­не­ше бөлмеден тұратын шеберханалардың қа­быр­ғалары пақса блоктарынан тұрғызылған. Бөлмелерден өндіріске пайдаланған үлкен ыдыстар, көзешілердің шарықта айналдыратын тастары табылса, кейбір бөлмелерден ошақтар сақталған. Бұдан өзге ыдыс жасауға әзірлеген қамырлары да кезікті.

Ұсталардың мекен еткен үй-жайына да зерт­теу жүргізіліп, үйдің толық бес бөлмесі ашылды. Үйдің қазіргі сақталған қабырғаларының биіктігі 1 м-ге дейін жетеді. Қабырғалардың төменгі тұ­ғы­ры пақса блоктарынан тұрғызылса, кейін жо­ғар­ғы жағын шикі кірпіштермен көтерген. Бөлме­лерден астық, су сақтайтын ыдыстар, ошақтың орындары мен т.б. жәдігерлер табылды.

Табылған ыдыстарда әр түрлі таңбалар са­лын­ған. Негізінен мұндай таңбалар ыдыс істеген әр ұстаның жеке таңбасы ретінде қолданылса, кейбір ғалымдардың пікірінше, сыртқы сауда барысында сандық белгісі ретінде әр ыдысқа таңба салынып отырған. Мұндай таңбалар маңайын­дағы қалалар мен қоныстардан табыл­ған ыдыстарда көптеп кездескен болатын.

Бәбіш молла қалашығының өңірдегі стра­тегиялық маңызы зор болған. Ол - Амудария мен Сырда­рияның аралығындағы керуен жолдары­ның түйіскен жерінде орналасқан және Бактрия­мен, Парсы мемлекеттермен саяси және сауда-саттық байланыста болғанын көреміз.

Бәбіш молла қалашығы б.з.д. І мыңжыл­дық­тың екінші жартысында өмір сүрген жергілікті ха­лықтың отырықшы-егіншілік мәдениетінің орта­лы­ғы болғанын, мал және егін шаруашы­лығымен айналысып қана қоймай, өздерінің діні мен салт-жоралғыларын ұстанған олар қала мен кесе­не­лердің салыну архитектурасына сонымен қатар, керамика өндіретін өндірістік ошақтар ұстағанын көрсетіп отыр.

 

Жанболат Утубаев,

Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының

аға ғылыми қызметкері,

Шірік Рабат археология экспедициясының

 

топ жетекшісі, тарих магистрі

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.