Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫНДАҒЫ МҰНАРАЛЫ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ

Орта ғасырларда Азия мен Еуропаның бекіністі қалаларының қабырғаларына қорға­ныс­тық мұнаралар жапсарласа салынды. Олардың басты мақсаты - қала қабырғаларының беріктігін ны­ғайту және сол арқылы қорғаныста қамал­дардың қабырғаларынан оқ атуға мүмкіндіктері болды. Қала қамалының бұрышында орналасқан мұнаралары арқылы қабырғалардың екі жақ бөлігін күзетумен қатар қорғануға да мүмкіндік туындады. Сыр бойының ортағасырлық қала­ларында да осындай қорғаныс мұнараларының іздері айқын байқалады. 2015 жылы Сығанақ қалашығындағы археологиялық қазба жұмыс­тарында қалашықтың оңтүстік-шығыс қақпасы ашылып, қақпаның сол жақ бөлігінде қарауыл­хананың болғандығы анықталды. Қарауылхана жобасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған. Қарауылхананың солтүстік-шығыс қабырғасының сыртқы бөлігі біршама сақталған. Яғни, қарауылхана құрылысы қала қабырғасынан кейінірек тұрғызылған. Мұның өзі қала құрылысында қорғаныстық мақсатта мұна­ралар жанама негізде қала қабырғаларына кейін де кіріктіріліп, қорғаныстық қызмет атқар­ғандығын айқындады. Сонымен қатар, мұнара­лардың қалалардың қорғаныс қызметі мен қара­уыл жасақтарының күзетінде және жаулап алын­ған жерлерді бақылаушылық мақсатта пайдалан­ғанын көрсетіп отыр. Сонымен қатар, Сығанақ қа­ла­сының солтүстік-шығыс қақпасын ашу ке­зінде қазылған ордың төменгі бөлігінен 2 мұна­ралы құрылыстың іргетасы табылған, яғни қала­ға кіру үшін салынған қақпа ашылып-жабылып отыратын болған. Қақпа ашылған кезеңде төменгі бөлігіндегі екі мұнаралы діңгекке тіреледі.

 

Сыр бойының ортағасырлық қалашықтарын зерттеуде Оғыз тайпаларының астанасы болған Жанкент қалашығында (ІХ-ХІ ғғ.) 2016 жылы қала цитаделіне жапсарласа салынған бекіністі мұнаралар ашылды. Мұнаралардың аралары 15-16 метрді, ал мұнараның өз қалыңдығы 6-7 метр­ді қамтиды. Жалпы ұзындығы 40-45 метрде 3 мұнара аралығы ашылды. (Археоло­гические исследование на городище Жанкент, Казалинского района Кызылординской области. 2016 г. стр 34).

Ежелгі кезеңдерде-ақ мұнараларға күн сағаттарын қою жүзеге асты. Кейін бұл вокзал ғимараттары мен қаланың басты жерлерінде сағат механизмін пайдалануға әкелді. Қазіргі таңда қалалардың сәулеттік келбетін арттыру бағытында осындай мұнаралар тиімді пай­даланылып келеді.

Сыр бойындағы орта ғасырдағы мұнаралар - адамдар туралы естеліктерді ішіне жасырған, бірақ жерлеу құрылыстары іске асырылмаған ерекше монументальді коммеморативтік құрылыс болып саналады. Қазақ архитекту­ра­сындағы мұндай ескерткіштер шектелген аймақ­тарда, тек Сырдарияның төменгі ағысында ғана кездеседі, сонымен олар бірегей. Сондықтан әр ескерткіштің маңызы зор. Сонымен қатар, бір типті мұнаралар жоқ, олардың барлығы жеке ком­позициялық өңдеуден өткен. Бұл олардың сәу­леттік құндылығын арттырады. (Байтенов Э.М. Казахские мунара// Архитектурные нас­ледство. Сб.37.-М, Стройиздат, 1990.с.335-344.).

Жоғарыда культтық мұнаралар тобында көрсеткеніміздей, мешіт мұнараларынан бөлек Сыр бойында дөңнің үстіне шикі кірпіштен, қыштан немесе тастан түрғызылған ғибадат­ха­налық мұнаралар да бар. Сыр бойында 50-ден астам осындай мұнаралар болса, олардың ішін­дегі ерте салынғандарының бірі ретінде Бегім ана, Ұзынтам, Сараман-Қоса мұнараларын жатқы­зу­ға болады.  Атал­ған үш мұнара да халық ара­сында аңыз желісінде көрініс тапқан дерек­терге толы. Аңыз ақиқатқа апаратын жолдың біреуі де­сек, ескерткіш мерзімі сол дәуірлермен астасып жатыр. Аңызда Бегім ана Оғыз ханы Санжардың жары ретінде аталып, түрлі оқи­ға­лардан соң құсқа айналып, осы мұнара орна­ласқан жерге қонған десе, Сараман-Қоса аңы­зында қос ғашық­тың оқиғасы баяндалады. Қоса қыздың ағалары жиған нөкерлерден қашып, осы жерде қаза табуға байланысты "ел есінде қалсын" деген ниетпен осы мұнараны тұрғызған деген аңыздық болжам жасайды. Екі аңызға да тән бір ерекшелік жерлеу және есте қалдыру ұғым­дарының қатар айты­луы. Сыр бойы мұнарала­рында адам мүрдесі жер­ленбеген. Дегенмен, олар­ды атқаратын қызметтеріне қарай топтас­тырамыз.

Бегім ана мұнарасы - Х-ХІ ғасырларға жата­тын сәулеттік ескерткіш. Қазалыдан 68 шақырым қашықтықта орналасқан. Қам кесектен тұрғы­зылған мұнара шаршы пішінді күйдірілген кірпішпен қапталған. Мұнара сегіз қырлы призма іспетті күмбезбен жабылған. Мұнараның діңі орта­сына дейін монолитті, одан жоғары тас төбелік үлкен тесігі жоспарында дөңгелек күмбезді камера орналасқан. Қазіргі кезеңде ес­керткішке қайта жаңғырту жұмыстары жүргі­зілген. (Бегім ана мұнарасы. Қызылорда облысы тарихи және мәдени ескерткіштер жинағы. 2011 ж. 303-бет).

 

Бегім Ана мұнарасы және оның қима жоспары

Ұзынтам мұнарасы Х-ХІІ ғ.ғ. - Сырдың төмен­гі ағысында орналасқан сәулет ескерткіші. 22/23х22/23х5/6 күйдірілген кірпіштерді араластыра отырып тұрғызылған. Төменгі дің­гекті негізі - 7,30 м, биіктігі - 10 м, қабырға қалың­дығы - 1,7 м құрайды. Ескерткіш қазіргі кезде қатты қираған, кіруге арналған ойығы солтүстік-шығысқа бағытталған. Цилиндрлі болып келген мұнара жоғарыға қарай тарыла түскен. Мұнара ішінде парабола кескінді күмбез камерасы бар. Мұнара Шығыс Арал өңіріндегі ортағасырлық жұмбақ мұнаралардың қорын кеңейте түседі және мұсылмандыққа дейінгі культтық-мемо­риалдық құрылыстар типтерінің генезисін анық­тауға көп септігін тигізеді. (Байтенов Э.М. Загадка башни Узунтама и другие памятники Приаралья. //Памятники истории и культуры Казахстана. Алма-Ата, 1985).

 

Сараман-Қоса мұнарасы Х-ХІ ғғ. - Қызы­лорда облысы, Қазалы ауданы, Кәукей ауылынан 2 шақырымда орналасқан. Биiктiгi 11-12 метр шамасында, диаметрi 25 метр, төменгi жағы 1,5 метр - 17 кiрпiш. Iшкi жағы қам кiрпiштен (пiспе­ген), сыртын қыш кiрпiшпен мiнсiз етiп өрген. Қам кесектерден тұрғызылған мұнараның сыр­ты шаршы пішінді күйдірілген кірпіштермен (24х25х5 см) қапталған. Мұнара жоспарында дөң­­гелек, іші қуыс, жоғары қарай тарыла түскен. Негізінің диаметрі 5 метрге жуық, биіктігі 15 м, қабырғасының қалыңдығы 1,6 м. Мұнараның төбе жа­ғында үш қарауыл тесiгi бар, аузы оңтүстiк шығысқа қараған, екi бөлмелi, iшiнен жоғарыға айналып көтерiлетiн баспалдағы бар. Ескерткіш кесілген конус іспетті күмбезбен көмкерілген. Мұ­нараның діңі жоғары қарай біркелкі тарыл­маған. Кіреберіс ойық алғашқы кескінін жоғалт­қан. Жер бетінен басталған ол солтүстік-шығысқа бағытталған. Мұнараның іші бір-бірінің үстіне орналасқан екі күмбезді камерадан тұрады. Кіреберіс ойық астыңғы камерада орналасқан. Үстіңгі камера өзара байланысты екі деңгейге бөлінген. Оның төменгісінде (оң­түстік-батыс жа­ғын­да) үшбұ­рыш­ты терезе ойы­­ғы бар. Қас­бет­те, оның ас­ты­на сөре орна­лас­қан. Жо­ғар­­ғы каме­ра­ның үс­тін­­де пара­пет­пен қор­шалған алаң бар. Алаңның үс­­тін­­де жабын­ды­­ның жоқ бол­ғаны­на қарамас­тан па­ра­пет­тің сол­түс­­тік және оңтүс­тік қа­быр­ға­ла­рында бір-бірден өт­пелі те­сік­тері бар.

Сараман Қоса мұнарасы

Сырдың тө­менгі ағысында ХҮІІІ-ХІХ ға­сырларда қаза бол­ған адамға тағ­зым ретінде ке­сенелер мен мұнаралар салу ісі қарқынды да­мыды. Соның нә­тижесінде түрлі келбеттегі архитектуралық құрылыстар дүниеге келді. Қызылорда об­лысының, әсі­ресе Қазалы, Қар­­мақшы, Жа­лағаш, Сыр­дария аудандарында осындай 50-ге тарта мұ­наралар шоғырланған. ХҮІІІ-ХІХ ғғ. тарихи про­цестерді ескерсек, жау шапқыншылығында осындай мұ­наралардың маңызға ие болғанын да көруге болады. Жоғарыда атап өткендей, бұл мұнаралар тобы белгі беру немесе қарауылдық қызмет ат­қарса, енді бірі өлген адамның рухына тағзым ре­тінде салынды. Ал, кей мұнаралар аталықтар мен рулар арасындағы шекараны белгілеп отыр­ды. Бұл мұнаралардағы ұқсастықтар жоспарына қарай дөңгелек пішінде немесе төрт бұрышты болып келеді. Іштері қуыс, еңкіштері төртбұ­рыш­ты, жоғарыға қарай тартыла түскен. Жоғарғы жағында аркамен көмкерілген ойықтары болады. Биіктіктері 6-12 мерге дейін жалғасады. ХҮІІІ-ХІХ ғғ. мұнаралар қам кесектен тұрғызылып, сыр­ты сыланған қалдықтар айқын байқалады. Қа­бырға қалыңдығы ерекшелігіне қарай әртүрлі болып келеді.

Төменде (сурет 9-14) көріп отырғанда­ры­ңыздай, бұл мұнаралардың формасы мен биіктігі әртүрлі болып келгенімен салу құрылысында ұқ­састықтар көп. Сыр бойындағы бұл мұнаралар әлі күнге толық зерттелмеген. Тек халық аузында кімге арнап тұрғызылғандығы және ол тұлғаның кім болғандығы немесе халыққа адал қызметі ту­ралы ауызекі өсиетті сөздері мен нақылдары, жырлары тараған. Қызылорда облысының тари­хи- мәдени ескерткіштер тізіміне енетін бұл мұна­ралар туралы мақалалар жазылса да, архитек­ту­ралық талдамасы толық емес. Құжаттарында өл­шемдері мен құрылыстар ерекшеліктері мен маңызы туралы тоқталған.

Қорытындылай келгенде, халқымыздың мә­де­ниеті - ғасырлар тереңінен жалғасып, қоғам­ның өзгеруіне байланысты дамып келе жат­қан мәдениет. Әрине, бүгінгі таңдағы өскелең өмі­рімізге сай келмейтін ескі салт-дәстүрлер қоғам­ның дамуына ілесе алмауы мүмкін. Бірақ олар тарих қойнауында, қазақ сәулет өнерінде еліміздің ескерткіштері ретінде сақталуы тиіс.

Қазақ сәулет ескерткіштерін егжей-тегжейлі зерделеу тек ХХ ғасырдың ортасынан басталды. Археологиялық қазбалар қола дәуірінен бастап кейінгі орта ғасырға дейін Қазақстан аумағында басымшылық еткен ежелгі құрылыс мәдениетінің ауқымды ескерткіштер кешенін зерделеуге, ғи­мараттар типі мен құрылымдарын, құрылыс тә­сілдерін анықтауға мүмкіндік берді.

Сыр елінің құрылыс ісінің тарихы көп ғасыр­лық. Құрылыс ісінің туындауы қола дәуіріне (б.з.б. ІІ мыңжылдық) дәл келеді, яғни бүгінгі таң­дағы Сыр аумағында мекендеген тайпалардың өмі­рінде мыс металлургиясын игерумен, тас құралдардан металдық құралдарға және алғашқы қауым аңшылығынан мал шаруашылығына ауы­суымен байланысты өзгерістер орын алды.

Сыр­дария өзенінің аңғарында антика зама­нының өзінде алғашқы қоныстар мен қалалар пайда болды. Сақтар, ғұндар, үйсіндер қаңлы­лар, оғыздар қала мәдениетінің негізін қалаушы­лар еді. Көшпелі және отырықшылық шаруашы­лық­ты үйлестіру Сыр аумағында ежелгі заманнан кейінгі қазақтарға дейінгі уақытқа созылған тайпалардың бүкіл тарихынан өтеді.

Ұлттық сәулет тарихында киіз үйдің пішінін қай­талайтын тамдар ерекше орын алады. Со­нымен қатар, Сырдарияның төменгі ағысын­дағы мұнаралар да өз ерекшелігімен ғасырдан ғасырға жеткен ата-бабаларымыздың сәулет үлгісінің туындысы ретінде қабылдаймыз. Жібек жолы бойында орналасқан Сығанақ, Жанкент қа­лаларында да қорғаныс мұнараларының болуы Орта Азия мен Еуропадағы өзге қала мәдениетінен кем түспегендігін соңғы жылдар­дағы археологиялық қазбалар дәлелдеп отыр. Сонымен қатар мұнаралар құрылысында Ислам дінінің де әсері болғандығын ескеруіміз қажет.

Сыр өңірінің тарихи-сәулет мұнараларын тал­дай келе олардың қазіргі жағдайында қам­қорлық таныту керектігін айтқым келеді.

Еркебұлан Елеуов,

Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау

МКМ ғылыми қызметкері,

 

тарих магистрі

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.