Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

АҢШЫНЫҢ ӘҢГІМЕСІ

Әр адамның өзінің сүйікті ісі болады. Біреу өлең жазуға, тағы бірі спортпен шұғылдануға дағдыланады. Ал, біздің бүгінгі кейіпкеріміз - бір кездері Қуаңдария балық зауыты кәсіподақ комитетінің төрағасы, ауылдық кеңес төрағасы, директоры болып, зейнет жасына шыққанша абыройлы еңбек еткен марқұм Толыбай Ұйқасов. Ақсақалдың сүйікті ісі жүйрік ат баптап, тұқымы жақсы иттерді ұстап, сөйтіп саятшылықпен айналысу болатын. Төкеңнің әңгімесіне қарағанда, оның Ықылас атты көкесі әйгілі Қазан төңкерісіне дейін де, кейін де ауыл-аймаққа белгілі атбегілікті, бүркітшілікті кәсіп қылған кісі екен. Тіпті, 75 жасқа келгенше тазы жүгіртіп, аң аулауға аңсары ауғаны соншалық, басқа тіршілікке көбінесе мойын бұра бермепті. Ал, Толыбай ағамыз саятшылықты орда бұзар отыз жасынан бастаған екен.

Назарларыңызға халқымыздың ежелден сүйікті машығына айналған саятшылық туралы тірі кезінде айтқан Толыбай ақсақалдың әңгімелерін ұсынып отырмыз.

БІРІНШІ ӘҢГІМЕ

- Менің ау аулап, тортөбел, сарқасқа сияқты екі жүйрік ат ұстағанымды алыс-жақын, ауыл-аймақ жақсы біледі. Әсіресе, түз аңы - қасқыр аулауға дегенде ықыласым бөлек. 1987-1992 жылдары ауыл маңайын қасқыр дегенің торып, әбден басынып алғаны соншылық, үйдегі биені, азынаған айғырды да жеп кетіп жүреді. Бірде Бекмырзаның көк айғырын жемтік­те­ріне айналдырған соң, шыдамай ауылдағы жі­гіт­термен ақылдасып-кеңесіп, 20-30 атты адам қасқыр аулауға шықтық. Мезгіл қазан айы болатын. Бағытымыз - Қаратөбе. Аттылы адам­дардың арасының қашықтығы шамамен бір шақырымдай. Алдын-ала  уәдеміз бойын­ша, егер қалың қамыстан қасқыр шыға келіп қашса бас киімдерімізді бұлғап бір-бірі­міз­ге белгі беретін болып келіскенбіз.

Сөйт­кенше Қаратөбенің баурайына келе бергенде, Кәрім ақсақалдың алдынан нән қасқыр қашты. Мұны көріп атқа қамшы басып, әлгі көк шу­ланды ор­таға алдық. Соңымызда 30-40 ит тағы бар. Жа­қындай бергенде қасқырды көрген 15 шақты ит ауыл қайдасың деп тұра айдады. Өжеттеу төрт ит ортадағы қасқырдың жамба­сы­нан ала кетті. Кәрім ақсақал жата кеткен дала тағы­сының ауызына мылтығының ұңғы­сын тықты. Және қарап тұрмай "айыры­лып қаламыз, атамын" деп өзеуреді. Сол екі арада балық зауытының Баймырза деген жылқышы­сы қасқырдың желкесіне мініп алып, екі құла­ғын қайырды. Кәрім болса жыңғылдың білектей бұ­тағын екі көзі от шашып, ырылдаған қасқыр­дың ауызына тастады. Бұтақты тістеген қас­қыр­дың азуы қарысып қалған соң, төрт аяғын байлап, ноқталап, шылбырға шылбыр жалғап, Зейнештің қанжығасына теңдедік. Сөйтіп ауылға әкелдік. Аналық қасқыр екен. Ауылдың үлкен-кішісі түгел тамашалады.

Артынан білдім, Кәрімнің мана әзірде "атам, атам" деп жүргенде мылтығында оқ жоқ екен. Егер "ата ғой" дегенде оқсыз мылтыққа сеніп, қасқырдан айырылып қалады екенбіз. Сол жылы ауыл маңайын торуылдаған 13 қасқырды осындай әдіспен ұстап, өшімізді алдық.

 

ЕКІНШІ ӘҢГІМЕ

Қайбір жылы ауылдың төңірегінде шибө­рілер көбейіп кетті. Жабайы аңның аты жабайы аң. Бұрын жоқ еді. Сірә, сонау Қара­қалпақс­тан­дағы Мойнақ жақтан қыстыкүнгі мұз үсті­мен ауып келген болар деп жобалады ауылдың үлкендері. Үлкен-кішінің айтуынша, балық, қамыс, қоғаның тамырын талғажау қылады екен. Тіпті, бір күндері шибөрінің 3-4-еуі бірі­гіп, ауыл адамдарының жалғыз-жарым жүр­ген баспақ-таналарын жеп кетіп жүрді. Сонан ит қостық, қақпан салдық, тіпті, мылтықтың нысанасына да алдық. Олар да әккі  неме екен, сайланып шыққан аңшылардан қашып, ауыл маңайындағы шеңгелге тығылатын болды.

Тағы да ауыл азаматтары атқа қонды. Кенет Сарыбай ақсақалдың алдынан шибөрінің арланы тұра қашты. Гүрсілдетіп атып жатыр­мыз. Өлген шығар деп шалдың қабына салып, қанжығасына байладық. Сонан әрі қарай жүре бердік.

Күн қызылданып батар алдында Байжігіт ақсақал жалғыз қасқырдың ізіне кездесті. Біздің басалқы айтқанымызға да қарамай, жастар жағы тағының ізін бастырмалата қуа жөнелді. Біз болсақ, Қаратөбеге келіп аялдап тұрдық. Бегіманаға қарай кеткен 4-5 аттыдан әлі хабар-ошар жоқ.

Сарыбай ақсақал әлгі қаптағы шибөріні "Төке саған байлайын" деді. Мен оның ілтипатына риза болып, "рахмет, өзіңнің ретің" деп алаңсыз тұрғанымызда, қайдан шыққаны белгісіз бір шибөрі иттердің үстін баса-көктеп айдалаға зытып барады екен. Біз асып-сасып, абдырап қалғанда, Зейнеш әлгі шибөріні дырау қамшымен қайқайта тартып кеп жіберді. Сол екі арада иттер де ортаға ала кетті.

Бақсам, Сарыбай ақсақал "Саған байладым" деп қапты сілкілегенде, өлді деген шибөріміз тұра қашқан екен ғой. Сәкеңнің тіл-ауызы қапелімде байланып қалды. Шибөрінің терісі­нен тайжақымен қаптап, тымақ тіктірдім. Тай­жақы дегеніміз - жас құлынның терісінен иле­неді, жалын сыртына қаратып сәндік үшін қысқы маусымдағы бас киімге пайдала­нылады.

 

ҮШІНШІ ӘҢГІМЕ

Күзгі салым Қуаңдария балық зауытының Байжігіт, Кәрім малшылары түйе іздеп, Сырды жағалап жайбарақат келе жатады. Кенет алдарынан шибөрі шығып, тұра қашады. Кәрімнің ізіне ерткен екі иті бар. Біреуі тұрқы бөлек қара ит. Артынан қуғын шыққанын көрген шибөрінің жаны ышқына дарияға секіреді. Содан шибөрі Қарашалаңға қарай кетеді.

Бір мезетте қара ит шибөріге жетіп кел­генде, шибөрі иттің желкесінен тістеп, екеуі суға батып кетеді. Сонан бірер минуттан соң қара ала ит судан сумаң етіп шыға келіп, бізге қарай салды. Үстінде шибөрі. Екеуі бір-біріне мінгесіп жағалауға жақындағанда, Кәрім Байжігітке "алдынан шық итімді өлтіретін болды" дейді. Сол екі ортада шибөрі жағалауға жайбарақат шығып, қара ала иттің үстінен түсті де, қалың қамыстың ішіне кіріп кетті...

 

ТӨРТІНШІ ӘҢГІМЕ

Менің бір әдетім, аңға шыққанда мылтық пайдаланбаймын. Оның есесіне, қолымда бөгендік азамат Төлебай Орынбаев сыйға тарқан, басына қорғасын құйған он екі өрме жуан қамшым бар.

Тағы да ауылдың сылбыр күзі. Аздап ақ жауын сіркіреп тұр. Ізімде төрт итім бар. Ауылдан он шақырым шыққанда иттерім алдыма шығып ұзап кеткен еді. Бір кезде қалың қамыстың ортасына келе бергенде, менің төрт итім бір қасқырды қоршап тұрғанын көрдім. Жетіп келіп ат үстінен қайқайта қамшымен ұрдым, жаны сірі неме екен, құламады. Екі көзінен от шашып, айбат шегіп далаға қарай тұра қашты. Төрт ит тағы қамады. Тәуекел деп аттан түсіп, таралғыны шешіп алып, тағының басын көздеп үзеңгімді сілтедім. Ет қызумен үзеңгінің тиген-тимегенін де аңғармаппын. Бір кезде оң жамбасыма соққан қасқыр тағы да тұра қашты. Атыма қайта мініп шауып келсем, төрт итім әлі жүр. Бір-жар сағаттан соң жамбасым ылғал­данып қалғанын байқадым. Сол жерде дереу ашып қарасам, оң жамбасыма қасқырдың төрт тісі тиіпті. Атқа қайта қондым. Алдымнан ауылдық кеңестің төрағасы Н.Жанжұмаев кездесті. Ол мән-жайға қаныққан соң "дереу дәрігерге көрін" деді. Ауылға келген соң медбибі Жібек Ділекешова ем-дом жасады. Бұл әңгімені естіген тоқсан жастағы Ілияс ақсақал "Мұнан былай тақымыңа келтек басып алып жүр, әлгіндей жағдайда келтекпен ұрасың" деген. Сонан былай өзім де келтек алып жүретін болдым.

Мен өзім ит ұстауға құмар адаммын. Осыдан жиырма жыл бұрын Шалқардың бер жағындағы бір ауылдан Жалғас Көпжанов, Зияғаладин Өтенов үшеуміз барып, тұқымы асыл "Көкжал" атты итті алып қайтқанмын. Оның әңгімесі бір таңға жетеді,-деп Толыбай ағамыз осыдан жиырма шақты жыл бұрын осы әңгімесін айтқан болатын.

Жазып алған

Т.Нұржан-Балта,

 

Арал ауданы

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.