Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Әлімсақ руханият айнасы ақылдастар алқасы 100-нөмірдің жүгін сөз етті

Уақыт – зымыран. Уақыт – таразы. Кеше ғана ақпарат айдынына қосылған «Әлімсақ» журналына биыл - 8 жыл. Ел мен жердің тарихын тереңнен қозғап, әлім-сақтан орағытып, ұлттық мәдениет пен әдебиетке жаңа қырынан келген басылым-ның оқырман алдындағы парызы біреу – ұлттық тарихты тірілтіп, руханиятты насихаттау. Жауапкершілік жүгін арқала-ған журналдың әдепкіде бағытын бағам-дап, ұстанымының қалыптасуына жәрдем беріп, ағалық ақылдарын айтқан тілекші азаматтар аз болмады. Содан бері журнал-дың бас редакторы ақылдастар алқасын құрып, тұрақты авторларын қалыптас-тырып, басылымның салмағын еселеді. Оқырман қолына жеткен алғашқы жур-налға Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов ақ батасын беріп, тілектестігін жеткізген еді. Мұнан бөлек, айтар ойы қалыптасқан, қоғамда ойып тұрып орын алған азаматтар танымал жазушы, ҚР Жа-зушылар одағының мүшесі Қуаныш Жиенбай, белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Те-мірхан Тебегенов, айтулы күйші, сазгер, ҚР Композиторлар одағының мүшесі Төлепберген Тоғжанов сынды есімі  Алаш-қа мәлім азаматтардың журналға оң көзқа-рас танытуы да ақпарат саласына аяқ бас-қан журналға рухани қуат берді.

«Әлімсақ» журналы аз уақыттың ішінде баспасөз бедерінде нарық талабына ілесіп, әр-түрлі аудиторияны қамти отырып, жеке-дара сайт ашып, жанданып, толысып келеді. Оқыр-манға оралымды ойлар мен тың мақалалар, сырлы сұхбаттар мен толғақты туындылар ұсынып келе жатқан журналдың шілде айын-да 100-нөмірі жарық көріп отыр. Осы орайда редакция ұжымы журналдың оқырман ал-дындағы міндетін ой елегінен өткізіп, таразы-лауды жөн көріп, ақылдастар алқасы құра-мындағы азаматтар мен тұрақты авторлардың басын қосып, дөңгелек үстел ұйымдастырды. Басқосуда суретші, КСРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қайырбай Зәкірұлы, жазушы-публицист, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі Әмірхан Бәкір-ұлы, тарих ғылымдарының докторы Дастан Сәтбай, жазушы-сатирик, ҚР Журналистер одағының мүшесі Қазыбек Әшірбекұлы, ақын, режиссер-сценарист Оңталап Нұрмаха-нов және ақын, журналдың өз тілшісі Толы-бай Абылаев ой бөлісуге жиналды. Руханият саласына елеулі үлес қосып жүрген атпал азаматтар қоғамдағы оқиғалар мен өзгеріс-терге өз ойын білдіріп, пікірлерін ортаға сал-ды. Еркін ойдың алаңына айналған басқосуды оқырманға жеткізуді құп көрдік.

Басқосу тізгінін басылым редакторы Нұр-лан Көбегенұлы Нұрмаханов жүргізіп, жур-налдың осы уақытқа дейінгі көтерген мәселе-лері мен тақырыптарын сөз етіп, қонақтар-дың журналға деген көзқарасын білді.

- Аймақта тоқсанның үстінде БАҚ құралы бар. Жылма-жыл уақыт ағынына ілесіп, «Әлімсақ» журналы да елге қызмет етуде. Бүгінде жарық көргеніне сегіз жыл-дан асып барады. Сіздер үшін «Әлімсақ» журналы қаншалықты көңілден шықты? Нені ескере алдық?

Әмірхан Бәкірұлы: Шындықты басып, жарыққа шығару үшін батылдық керек. Қазір көптеген газет-журналдар сыни мақалаларға орын бермейді, пікірлер қайшылығын туғызатын материалдардан бойын аулақ ұстайды. «Әлімсақ» журналы бұл жағынан келгенде батыл қадам жасап, шыншылдыққа бет бұрған басылымдардың бірі. Тарихтағы бұрын-соңды ашылмаған тақырыптар мен осы уақытқа дейін жабық материалдарды оқырманға ұсынып келеді. Бұл – журналды өзге басылымдардан даралайтын ерекшеліктің бірі.

Қайырбай Зәкірұлы: «Әлімсақ» - Сыр өңіріне беделді журналдың бірі. Расында, редакцияда демократиялық үрдіс қалыптасқан. Басылымда танымдық материалдар көптеп беріледі, қызыға оқисың. Өнер адамы болғандықтан, мәдениетке мойын бұрамыз. Сыр елінің ғана емес, елдің мәдениетіне көңіл бөлген журналдың жарық көргеніне қуанып отырамын. Қарқыны көз қуантады. Осы бағыттан таймай қызмет ете берсе, елдің журналына айналады.

Дастан Сәтбай: Жаңа медиаға басымдық берілген тұста дәстүрлі ақпарат құралдарына қиындық туды. Осы бір қиындықтың арасынан өңірімізде атауы да, ұстанымы да, бағыты да өзгеше «Әлімсақ» журналы жарқ етіп шықты. Ерекшелігін айтар болсам, біріншіден, «Әлімсақ» - өлкеміздегі бірінші журнал. Іле-шала жарық көрген журнал-дарға жол бастаушы. Екіншіден, газетке қарағанда журналдың өз қызметі болады. Кезектегі ақпарат-тар емес, ойлы, салмақты материалдарға басымдық береді, интеллектуалдық деңгейі жоғары болуы керек. «Әлімсақ» журналы осы талаптарға сай жұмыс жасап келе жатқандығымен қуантады. Осы тұрғыда тың тақырыптарға көз шолып, ізденіп жүретін интеллектуалдық қабілеті жоғары азаматтарға «Әлімсақ» журналы түрткі болды. Журнал айына бір мәрте шығатындықтан тұрақты оқылар дүниелер, тың көзқарастар жазылады. Менің мән беріп қарайтыным да осы. Әсіресе, тари-хи деректерге қатысты ойлы материалдарды жиі байқаймын. Бұл журналдың редакциялық мінезін, өзіндік қолтаңбасын көрсетеді.

Қазыбек Әшірбекұлы: «Әлімсақ» журналының ең алғашқы нөмірлері тарихи тұлғалардан бастау алды. Сонысымен жұрттың ойынан шықты. Журнал тарихты да, мәдениетті де, сын-сықақты, прозаны да, поэзияны да қамтиды. Демек, руханиятқа үлес қоса алған журнал бола білді.

Оңталап Нұрмаханов: «Әлімсақ» журналының руханиятқа жүз қадам жасап жатқан жайы бар. «Әлімсақ» деп ат қойып, үкілеп шығарған басылым тереңнен тамыр тартып, тарихты сөйлетіп, мәдениетті журналдың мінберіне көтеріп, руханиятты ұлықтап жатыр. «Әлімсақ» дегеннің өзі көнеден көсіп айту, көненің күмбірін бүгінгі оқырманға жеткізу деп білемін. Мәдениет деп жүрген жігіттердің бейнелері осы журналда шығып отыр. Білесіздер ме, Қызылордадағы өнер майталмандары журналға шығып, насихат-талғанына кәдімгідей қуанады. Еңбегі көрінгеніне, журналға шыққанына марқаяды. Мұның өзі оқырманға қызмет етудің жарқын жолы. Жур-налдың жүзінші нөмірі деп басқосып отырмыз ғой. Ендеше, «Әлімсақ» журналы мәңгілікке мың қадам жасай берсін.

- Пікірлеріңізге, лебіздеріңізге көп рақмет! Алдағы уақытта қандай дүниелер оқығыларыңыз келеді? Ойларыңызбен бөліссеңіздер.

Ә.Бәкірұлы: Әр жылдың салмағы болады. Соған сәйкес журнал тың мақалалармен оқырманды сусындатып отырады. Мәселен, биылғы Алаш қозғалысының 100 жылдығы журнал бетінде кеңірек қозғалды. Менің де бірнеше материалдарым осы бағытта оқыр-манға жетті. Ұсыныс ретінде айтарым, биыл Қоқан үкіметіне – 100 жыл толады. Мұстафа Шоқай құрған мемлекет тарихи бағасын әлі алған жоқ. Алаш азаматтарын көтеріп, Алаш қозғалысын кеңірек баян етсе деген ой бар. Халық арасында түрлі пікірлер жоқ емес. Тарихта Мұстафа Шоқай Түркістан мемле-кетінің басшысы ретінде қалу керек. Біз соны көтеруіміз қажет.

Қайырбай Зәкірұлы: Кешегі Кеңес үкі-метінде бейнелеу өнері саласында алға жылжу бар еді. Нарық келгеннен кейін, өнер адам-дарына қоғамның көзқарасы өзгеріп, кейінге ысырылып қалды. Өнердің өлшемі шексіз. Мәдениет жанашырлары жайында ма-териалдар кеңірек берілуі керек. Қазірде жур-налда жиі беріліп жүргені көңіл семіртеді.

- Әмірхан аға, деректермен жұмыс жа-сайтын бірден-бір жазушысыз. Қоғамда шындық тура айтылмайды. Мұны идеоло-гиямен байланыстырып, рухани әлсізді-гімізге басамыз. Жалпы шындық деген не өзі?

- Сіздің сұрағыңызға орай бір оқиға есіме түсіп отыр. Көбелек атасына: «Ата, шындық деген не?» - сұрақ қояды. Атасы: «Анау шамды көрдің бе, от жанып тұр. Қалай, неге жанып тұр? Білсең, шындық деген осы»,- дейді. Содан балалары бірінен соң бірі шамға барады, қайтып келеді. Соңында кіші баласы барып, отқа түсіп, шындықты біледі, бірақ өліп кетеді. Бұл өмірден алынған мысал.

Шындық деген жақсы нәрсе. Ұлт мүддесіне еңбек еткен қайраткерлер туралы шындық де-ректерін бұра тартып, жазып шығуға бол-майды. Шындыққа ұмтылу керек, тек оны жеткізе білуде. Егемендік алып, еркін кө-сілген уақытта жұрттың ішінде «біз тәуелсіз-дігімізді кейін алдық» деп айыптар тағылды. Өзім басы-қасында болғаннан кейін білемін. Түрлі қозғалыстар мен демонстрациялар бо-лып жатқанда «Тәуелсіз елміз» деп жариялау елге екі есе қауіпті еді. Елбасы комбинация жасап, дұрыс шешім қабылдады. Пікірді бір жүйеге келтіру керек. Кейде біз асығамыз. Уа-қыт бәрін алға қояды.

- Қайырбай аға, сурет салу шариғатқа қарсы деген ұғым қалыптасты. Әсіресе, адам портретін салған біздің дінге қайшы деген пікірлер бар. Бұл көзқараспен келісе-сіз бе?

- Дін жүрген жерде мұндай әңгіменің тарал-ғаны рас. Ол дұрыс емес көзқарас. Өнер – құді-ретті дүние. Ол тастан жарып шығатын гүлдер секілді. Қатып қалған қағидамен өлшенбейді. Өнер, әсіресе сурет өнері бастауын ежелден алады. Алтайдың жағасынан Днепрге жеткен балбал тастардан бері бар дүние. Оны қалай жоққа шығарамыз? Атақты француз мүсін-шісі Огюст Рене Роден балбал тасты көріп қа-лып, «нағыз өнер ежелгі халыққа тән» дегенді айтады. Еуропа суретшілері адамның бей-несін дәл беруді мақсат етеді, шығарманың мәнін беруге тырысады. Бұл өнер ежелден ке-ле жатыр. Пабло Пиккасо Буонарроти Мике-ланджелоның «Давид» туындысына қарап тұрып: «тасты осынша әурелеуге бола ма?» дегенді айтады. Міне, сурет өнерінде әрбір деталь маңызды. Сондықтан мүсіншілер мен суретшілер бейнені беру үшін барын салады.

Сурет өнері - кеңістікке өзіңді таныту деген сөз. Сондықтан мұндай пікірді құптамаймын. Ал, Пайғамбардың суретін салуға болмайды дегенмен келісуге болады. Батыста Пайғам-бар туралы кино түсіргенде оның бейнесін емес, тек дауысын тыңдатады. Жүзін көрсет-пейді, оның рухын көрсету мақсат етіп алына-ды. Қоғам болғаннан кейін түрлі көзқарас болады. Ел ішінде таралған әңгімелердің бәрі бірдей дұрыс деген сөз емес.

- Сурет дегеннен шығады, елімізде салы-нып жатқан тарихи тұлғалардың ескерт-кіш бейнелері жалпы халыққа қанша-лықты сіңеді? Суретші ретінде не айтасыз?

- Тұлғалардың бейнелерінің бірыңғай болуының мәні мынада: бәрі де бір шартты форма бойынша бейнеленіп шығады. Оған суретшілердің кінәсі жоқ. Тапсырушының талабы да ескеріледі. Батырдың не жазушы-ның болсын, оның негізгі элементтері мен атрибуттарына мән беріледі.

- Дастан аға, сыншы, әдебиеттанушы Аманкелді Кеңшілікұлы «Қазіргі кезде зиялы қауымның керегі болмай жатыр. Себебі олардың айтқандарымен бүгінгі өмір қабыспайды» дейді. Халықты тобыр-лықтан алып шығатын да зиялы қауым өкілдері дейміз. Шындығында, бүгінде интеллектуалды азаматтардың қажеті болмай бара ма?

- Ауыр сұрақтың бірі. Билік зиялылардың айтқандарын толыққанды орындай бермей-ді. Тарихшы ретінде айтарым, ежелгі даныш-пандардың айтқанын тыңдаған басшы-лардың ісі алға басады. Бұл ретте Израиль мен Қытайды айта аламын. Менің білуімше, қытайлар қазірде XVІІІ ғасырдың ойшылда-рының айтқанын істеп жатыр. Қытай деген өзгеше ойлайды. Сонысымен де олар ерте тұ-ратын ел атанып кеткен. Олар асықпай жұмыс істейді. Билеушілердің ұлылығы осында, олар зиялыларды өз мақсатына біріктіре біледі.

Кез келген қоғамның алға жылжуы әділдік-пен өлшенеді. Әділдіктен қиыс кеткен жерде мәселе шыға береді. Соғыстан кейінгі кезеңді алып қарасақ, Корея қазба байлыққа қарық бо-лып отырған мемлекет емес, алайда әділдікті ту етеді. Содан биікке жетіп, қазір гүлденіп отыр. Ал, бізде әділ айтқандарды жақтырмай қарайды. Жанайқай жетпей жатыр емес, жетіп жатыр. Дегенмен биліктің еркі деген дүние бар. Бізде жігер жетіспейді. Біз түгілі Асқар Жұмаділдаев, Мұрат Әуезов, Ғаділбек Шалахметов сынды мықтылардың сөзіне құлақ асатын жан азайып барады.

Әмірхан Бәкірұлы: Мен осы ретте бір мәселені қоса кеткім келеді. Өткенде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «аймақта интел-лектуалды клуб құрылсын» деген-ді. Құрыл-ды. Басшысы сайланды. Бір отырысына қа-тыстым. Жасырып қайтейін, іліп алар ойлар айтылмады. Аймақ басшысы білім саласына қатысты жақсы идеяларды күтті. Алайда, ойлағанындай шықпады. Біздің зиялылардың интеллектуалдық деңгейі осындай болса, басқа айтарым жоқ.

Дастан Сәтбай: Сөзден сөз туады. Маған адамдар басқаша қарауы мүмкін. Алайда оған қарамай, мен өзімді ойша мектеп директоры етіп сайладым. Біздің жүйеге салсақ, жұмыс жасау мүмкін емес. Мықты мамандарды жұмысқа тұрғызғым келеді. Әйткенмен, жоғары жақ бірде-біреуін алғызбайды. Жемқорлықты көрмеу мүмкін емес. Бізде бәрі керісінше. Бір саясаттанушы ағамыз «қазаққа саясаттың не керегі бар» дейді. Нотаны білмейтін адам музыкадан сабақ береді. Бұл да шындық. Қоғамда салмағы бар азаматтарға ерік берілмей отыр.

- Қазыбек аға, сізді әңгімеге тартсақ, өзіңіз жақсы білесіз, ХХ ғасырдағы сатира халыққа үлкен қозғау салды. Талай адуын-ды материалдар шықты, сатира садағына ілінгендердің қарасы көбейді. Басшылар да қосшылар да газет бетінде жүздері көрінді. Бүгінгі таңда сатираның деңгейі қандай? Жастар арасында сатира жазатындар жоқтың қасы. Қалай ойлайсыз, жоғалған жанрды мүлдем жойып алмаймыз ба?

Қазыбек Әшірбекұлы: Сатиралық жанрлардың бірі фельетонның жоғалып кеткені рас. Бұрын Бейімбет Майлиннен бастап Асқар Тоқмағанбетовке дейін сын-сықақтың мән-маңызы зор болатын. Келмеске кеткен коммунистік кезеңде әрбір жазылған сын-сықақ жауапсыз қалмайтын. Әлі есімде, мен тұратын аймақта нан сататын наубайхана бар еді. Содан таңертеңгілік нан сатып, үйге әкеп, турасам ортасында кәдімгі болт жүр. «Апыр-ай, бұл несі?!» дедім де, сұранып тұрған тақырыпты сатира тіліне салып жібердім. Тақырыбын «Бұрандалы бөлке нан көрдіңіз бе?» деп қойдым. Сөйтіп, «Ленин жолындағы» сатиралық «Шөңге» бетіне жазып жібердім. Көп кешіктірмей, наубайханадан редакцияға жауап келді. Сол күнгі наубайхана қызметкеріне сөгіс беріп, бір қызметкерді орнынан алыпты. Мінекей, нәтиже.

«Сын түзелмей мін түзелмейді». Қазіргі қоғам «ит үрді, керуен көшті» дегенге үйреніп алды. Сатираны сынмен де, астарлап та жеткізіп жатырмыз. Дегенмен көз қуантар нәтиже жоқ. Сатира тұншығып жатыр. Жанрды жоғалтып алмас үшін жастарды тартуымыз қажет. «Әлімсақ» журналындағы «Қызылордалық маса» деген арнайы айдарда жастардың да қолтаңбасы қалуы керек.

Нұрлан Көбегенұлы: Дұрыс айтасыз, Қазеке. Дегенмен сатира тұншығып жатқан жоқ, тұншықтырылып жатыр. «Қызылор-далық масаның» бетіне шыққан қоғамның мәселесін сатира тілімен дөп басқан бір сықағымызды кезінде «Ошаған» әзіл-сықақ отауының жігіттері сахналамаққа бел буып, дайындағанды. Жай әзіл емес, ащы мысқыл еді. Содан жеме-жемге келгенде үлкен бір адамға тиіп кететін болып, сценариийден алдырып тастапты. Кейіннен сол «Оша-ғанның» өзі жабылып тынды. Көрдіңіз бе, өзіміз қолдан тұншықтырып жатырмыз.

Тағы бірде біздің әзіл бетімізде Мұхтар Шерімнің «Түсіме ішкі саясат кіреді» деген әзілі жарыққа шыққан. Тиісті басқарма шыр етті. Кімнің сатириктің түсіне кіргісі келеді дейсіз? Жеріне жеткізіп айта алсаңыз, мойын бұрғыза аласыз.

Басқосуға келген аға буынның дәл осы тақырыпқа келгенде айтарлары бар екен. Оңталап Нұрмаханов пен Дастан Сәтбай ағаларымыз сұрақтың ізін ала жауап бере кетті.

Оңталап Нұрмаханов: Бәрімізде өткенді еске алып отырмыз ғой. Қойылымды сахналап жүргенде сынды жиі сахнаға шығаратынбыз. Сын болғанда да жөнді-жөнсіз емес, ел ішін-дегі жағдайларды сөз етеміз.

Нан заводты жақсы деп жүреміз, япырмай,

Шикі нанын жеп жүреміз, япырмай.

Мұны да біз қосайық сазымызға, япырмай,

Уақытында келмейді газымыз да, япыр-май,-деп бір ауыз өлеңмен сынап жіберетін-біз. Содан ертеңіне театрға әлгі басшылар келіп, кешірім сұрап, жағдайды білетін. Сати-раның құдіретін осыдан-ақ ұғына беріңіз.

Дастан Сәтбай: Сатираның не екенін сатириктер де ұмытып қалды бүгінде. Әде-биет – көркемдік құралмен өмірді зерттеу. Қазіргі экранды қарасаң, болмашы дүниелерді көрсетеді, оны өзіміздің балалар көріп мәз болып отырады. Сатираны сахналамас үшін оның механизмдерін жақсы меңгеру керек. Сол саланың кәнігі маманымен сөйлесіп, ішкі кухниясына кірсе, әзіл сапалырақ болар еді. Қазіргі сын-сықақ театрлары тақырыпты зерттемей ойнайды.

- Қайырбай аға, қоғам әлі қабылдай қоймаған, жаңа дүниені алып келу оңай емес. Әсіресе, шығармашылық адамдарға. Жаңа дүниені тосырқап, сынап мінейді. Мәселен, алғаш джинсы шыққан кезде қоғамда түрлі көзқарас болды. Қабыл-дамады. Кино бағытында да «Чарли Чаплин» шығып еді, елдің есінде қалды. Шығармашылықта революция жасау суретшілерде қаншалықты көрініс алады?

- Қай кезде де ортаның дайындығы керек. Орта мен өнер адамның байланысы болмай іс алға баспайды. Әйгілі Пабло Пикассо адамзаттың басында қалыптасқан қағиданы бір өзі өзгерткен адам. Ол өнердің үш сарапшысы барын айтады. Біріншісі – халық. Мен олар үшін істемеймін. Екінші сарапшы – өнер адамдары. Мен ол үшін де еңбектенбеймін. Үшінші сарапшы – мен өзім сыйлайтын адамдарым. Олардың көңілінен шықса, жарыққа шығарамын дейді. Шығармашылықты халық түсінген дүниемен өлшеуге болмайды. Дегенмен, жаңашыл-дықтан қорықпау керек.

- Оңталап аға, Кеңес үкіметінің адамдарында уақыт жағынан кеңістік болған секілді. Емін-еркін басқосулар, ағалы-інілі жүздесулер, беймарал кезде-сулер өткізген азаматтың біреуі сіз шығар. Қазір мұндай басқосулардың барын ести бермейміз. Бүгінде арқаны кеңге салатын кездесулер жиі болады ма?

- Шабыт деген асау дүние бар. Шығармашылық адамдары өлшеп-кесіп қойған шартты жағдайларда өмір сүре алмайды. Еркіндікті іздейді, аңсайды. Өзім оған көзім жетті. Белгілі ақын Бекұзақ Тәңірбергенов қол астымда жұмыс істеп жүргенде жұмысқа келу-келмеуін бақы-ламайтынмын. Қызмет бабы-мен Аралдан кетіп қалғаным сол еді, Бекұзақты жұмыстан шығарып жіберіпті. Уақытылы келмеу, сағаттарды санап оты-ру өнер адамдарын өлтіреді, өнеріне тұсау салады. Ал, сұрағыңызға келер болсам, сағынатын да, сағынбайтын да кездер болады. Қазір біз де ақыл айтар жасқа келіп қалыппыз. Ортамызды іздейтін болдық. Шы-ғармашылық адамға жалғыз қалу трагедия. Өз-өзімізге іздеп барамыз.

 

ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН.

Тарих, өнер, мәдениет, әдебиет сала-сын бір арнаға тоғыстырған басқосудан түйер ой көп. Бүгін мен өткеннің арасын өлшеп, таразыға салған журналдың ақыл-дастар алқасы сұхбат соңында журналдың алдағы материалдық әлеуетін арттыру бағытында ортақ ұсыныстарын жеткізді. Тарихшы Дастан Сәтбай Қызылорда қа-ласының 200 жылдығына орай жаңа құ-жаттар мен этнографиялық бағыттағы, саяси жүйелерге байланысты материал-дарды толықтыру қажеттігін айтса, Әмір-хан Бәкірұлы интеллектуалды деңгейді арттыратын тың материалды насихаттау керегін баса айтты. Сондай-ақ, Оңталап Нұрмаханов Сыр өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды «Әлімсақ-тың» картотекасына енгізу қажеттігін ұсыныс ретінде ортаға салды.

   Біздің міндет – зиялылардың басын қосу ғана емес, руханият әлеміндегі олқы тұстарымызды көпке жеткізіп, ортақ ой-ларды оқырманға ұсыну. Үш сағатқа со-зылған басқосудан осындай ой түйдік.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кім онлайн?

Қазір 96 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.