Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Күдеріқожа саяси қайраткерлігі мен шешендік сөздері

 

Қазақтың ел билеу дәстүрінде шешен, ақылды билер, хандар мен сұлтандар, болыстар мен ауылнайларға кеңесші әділ қазылық және дипломатиялық қызметтерді атқарып келген. Ел мен ел, халық пен халық, ұлт пен ұлт,  мемлекет пен мемлекет арасында болған дау-жанжал, соғыс мәселелерін тіл шешендігі, ақыл зеректегі, жүйрік ақындығы, терең заңгерлігі және білімділік қабілеттері арқылы ел тыныштығын сақтап, мәмілеге келтіріп отырған. Ондай билер төрт түрлі дәрежеде болған: ханның биі, ағасұлтан биі, болыстың биі, ауылнайдың биі деген сияқты. Қазақтың осыншама кең байтақ жерге ие болып отыруы тек қана хандар мен аға сұлтандардың және батырлардың күші емес, мұнда ақылды билердің де орасан үлесі бар. 

 

Күдеріқожа Көшекұлы өзі өмір сүрген қоғамдағы өзгерістерге бей-жай қарамаған саяси қайраткер ақын. Оның Абылай ханның Қалмақты аударғандағы өлеңмен айтылған тоқтау сөздері,  атақты Хан Кенеге кеңесші бола жүріп, қырғыздарға шабуылына үзілді-кесілді қарсы болғаны жайлы деректерді айтуға болады. Ақын тоқтау сөзді шешен сөздерімен жеткізген. Түбі бір туыс елге соғыс ашуын хош көрмеген. Күдері бабамыздың бұл әрекеті түбі бір қазіргі Ресей мен Украинаның арасындағы қантөгістің дұрыс еместігіне айтылған тоқтау сөз сияқты.

«Есім ханның ескі жолы» мен «Қасым ханның қасқа жолын», шариғат заңдылықтарын жақсы білген Күдеріге әскерлерге мұсылман шарттарын үйрету жүктелген.

Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздер. Шешендік сөздер – елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздері. Ол сөздер мәйекті, өткір, көңілге қонымды болғандықтан елге тез тарап, ауыздан-ауызға көшіп сақталып отырған. Шешендік сөздер әдетте екі адамның бір талас мәселені шешудегі сөз жарысында туып, елге жайылып кеткен. Ондай дауды қазақ тұрмысында, негізінен, билер шешіп отырған. Сондықтан да шешендік сөзерді айтушылар көбінде билер, шешендер болып келеді. Шешендік сөздер адамды жақсы мінездерге баулиды, бірлікке, татулыққа, үлкен-кішіні сыйлауға шақы-рады.

Күдеріқожа Көшекұлының шығарма-шылығынан да шешендік сөздердің барлық түрін кездестіруге болады. Шешендік өнер – ақынға атасынан дарыған секілді. Мысалы, Күдерінің атасы – Қылыш аса зерек танымпаз, малды өрісінде, құлынды желісінде, баланы жас кезінде танып, сын айтатын дәл болжампаз, ақылды шешен, бидің дүрі болған адам екен. Ол кісіден қалған мынандай бала сыны нақылдар бар:

«Қошқар болар қозының,

Маңдай жағы дөң келер.

Көсем болар баланың,

Сөзі мен ісі жөн келер.

Шешен болар баланың,

Ақыл мен тілі тең келер.

Кісі болар баланың,

Алды мен арты тең келер.

Дүние табар, мал табар,

Алуан – алуан өзгелер.

Адам болып ер жетсе,

Кім екенін көз көрер.

Жақсы менен жаманын,

Бақыт пен дәулет теңгерер, -деген.

Күдерінің он беске жаңа толған кезі екен. Бір күні атын суарайын деп көлге келсе, көл сыртындағы шабындықта бес-алты адам төбелесіп жатыр екен. Барып айқайлап зорға айырады. Сосын не үшін төбелесіп жатқандарын сұрайды. Олар: «Шабындық жерге», - деп жауап береді. Бәрі де ұлғайып қалған адамдар екен. Сонда бозбала Күдері былай деп аралық билігін айтқан екен:

Өзімнің атым Күдері,

Ер Көшектің баласы.

Талассаң бағың кетеді,

Таласпасаңдар не етеді?

Бірлік қылсаң ағалар,

Анау тұрған шабындық,

Баршаңызға жетеді.

Дүние, шіркін, жалған ғой,

Бастарыңнан әлі-ақ өтеді,- депті.

Сонда әлгі ересек адамдар баладан ұялып: «Балам, сөзің жөн екен»,- деп тарасқан екен. Бұл әңгімені әлгі адамдар өзді-өзі таңырқасып, елге таратыпты. Әкесі Көшек естіп: -  «Балам, басың пісіп, таңдайың түсіп қалған екен. Бірақ, билік айтуға білім керек. Әлі де оқуыңды жалғастыр. Билікті шариғат жолымен де, қазақтың ізгілік жолымен де шешіп, бітім айтуды меңгер», - деп, оқуын бітіртіп, ел билігіне араластырған.

Күдері жиырма төрт жасқа келгенше, қазақтың құрметті, сыйлы биіне айна-лыпты. Сондықтан 1844 жылы Күдеріге қызыққан Қарағандыдағы Орта жүз Арғын, Найман руларының белгілі ақсақалдары, байлары мен билері Күдеріге арнап үй бастырып, ақ отау тігіп, Қарқаралыдан қыстайтын үй дайындап: «Біздің елде де бір үйіңіз болсын. Елімізге сіздей қожа керек, таңдаған қызыңызды алыңыз»,- деп көшіріп алған. 1844 жылдан 1858 жылға дейін Орта жүз Арқаның алты дуанын аралап, билік айтумен болыпты. Күдерінің көп сөздері Арқада  қалды. Күдерінің мұраларын ұрпақтары әлі іздестіру үстінде.

Күдері ақынның орынды билік айтқаны Құнанбайды аға сұлтандыққа сайлаған кезінде болған. Бұның өзі ақынның қайраткерлігін, саяси көзі ашықтығын көрсетеді. Мына оқиға соның дәлелі болмақ. 1852 жылы Қарқаралыда Құнанбай Өскенбайұлы аға сұлтандыққа сайланар-дағы  сайлау жиынында Күдері де құрметті бидің бірі болып қатысқан. Аға сұлтанды сайлауға келген Орта жүз билері қым-қиғыш сөз алысып, Құнанбайды сайлау-сайламасы екіталай дауға түсіпті. Сонда Күдері Орта жүздің барлық билеріне арнап былай деп басалқы айтқан көрінеді: 

Атаңнан артық тусаң ту ұстарсың,

Ез болсаң  тезегіңді уыстарсың.

Біріңді-бірің  түртіп не қыласың,

Түбің бір исі қазақ туысқансың.

 

Құнанбай Орта жүздің тұзы емес пе?

Көнеден арнасы бар із емес пе?

Қарадан хан болса да реті бар,

Салмаңдар қыл кеңірдек, қыл өңешке.

 

Сәукеш су аға берер жүйесімен,

Жарасар кештің сәні түйесімен.

Кімің бар Құнанбайдан  озып туған?

Айырма елді нағыз иесінен.

 

Арғымак қанша шапса арымаған,

Қиыннан жол табады дарын адам.

Сыртынан алтын-сары , мыс та сары

Жақсыны жарым жандық танымаған, - деп өлеңдетіп келіп әрі қарай:

Тұз болмаса, ет бұзылады,

Дін болмаса, ниет бұзылады.

Ел - ермен көркем,

Жер - көгімен көркем.

 

Ақылы асқанды хан тұтын,

Білімі асқанды пір тұтын.

Жақсыңды қадірле,

Жаманыңды тәрбиеле, қазағым.

Арбаға тоқпақ көргенді жекпе,

Соқпақ көргенді жек,- дей келе: «Әңгі-мені төлдете бермей, төрелі сөздің түйініне келіңдер», - деп кесіпті. Сонда Орта жүздің билері су сепкендей тиылыпты. Барлығы Күдері қожаның сөзіне бәтуә қылып, Құ-нанбай аға сұлтандыққа сайланған. Бұл жердегі  ақыл-өсиет ретінде айтылған сөз-дер қазіргі кезде мақал-мәтелге айналып, халықтық қолданысқа ие болып жүр.

Сонда 48 жастағы Құнанбайға Күдері қожа төмендегіше бата беріпті:

Баянды мінер тайың құтты болсын,

Денсаулық әрқашанда мықты болсын.

Бақытың абыроймен өрлей берсін,

Қайғысыз дәулет-дәмің тұщы болсын.

 

Әділ бол, халқың іштен қас болмасын,

Алауыз ағайының жат болмасын.

Жаратқан барлығыңа бірлік берсін,

Нәһандай өрге сүйре елдің басын.

 

Аман-сау тату болсын жамағатың,

Алланың таза сақта аманатын.

Жоғалтпа мұсылманның бес парызын,

Шықпасын алты алашқа жаман атың.

 

Жігіттің кісілігі – уәде, сенім,

Адамға ғайып - бесеу, екеу – өлім.

Сенімін ел халқыңның адал ақта,

Мінекей сізге сенеді қаншама елің.

 

Ноқтасын үзеді ел дін болмаса,

Бұлбұл да сайрамайды гүл болмаса.

Орта жүз сусындасын Исламнан,

Кең мешіт салдырарсың тым болмаса.

Осы уақытта Күдері қожа 32 жаста, Құнанбайдан 16 жас кіші екен. Сөйткен Құнанбай қазақтан шыққан хан дәреже-сіндегі аға сұлтан болады. Қарқаралыда Орта жүз – Бекарыс ұрпағына арнап үлкен мешіт салдырған.

Дін иелері, қожа-молдалар қазақ арасына ислам дінін үгіттеп жаю үшін поэзияны, соның ішінде айтыс өлеңдерін пайдаланған. Олар көпшілікке түсінікті ақындық тілмен діни әңгіме-үгіттерді таратқан.

Абылайдың тұсында құнға бітім айтып, билік жасаған Күлік Шолабай баласы Жәңке батыр би екен. Бұл кісінің құнға қылған кесімі: Қара құн – жүз жылқы, он екі жақсы; сүйек құны - елу жылқы, алты жақсы; өнер құны – тоқал құн, тоғыз жақсы. Бұл үш құн еркекте Көтеш ақынға, әйелде Ұлбикеге алынған. Ұлбике қайтыс болғанда дінді, құранды, ислам қағи-даларын жетік білген Күдері қожа Көшекұлының құнын шығаруы оның діни-саяси қайраткерлігін дәлелдейді.

Күнімжан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ,

«Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу

институтының ғылыми қызметкері

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.