Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Қандыөзек оқиғасы

 

Ұзындығы бірнеше шақырымдай, ені бірнеше қадамдай осы бір еңістеу алапты жергі-лікті халық Қандыөзек дейтін. Ілгеріректе теңіз-ді құрлықтан бөліп тұрған ағысы күшті өзек еді. Енді теңіз тартылғалы бұл жер сәл жел соқса, ақ ұлпа тұзды шаң аспанға көтерілетін сор топыраққа айналды.

«Қандыөзектің» қандыөзек аталуын әркім әртүрлі түсіндіреді. Біреулер: «ертеректе осын-да сүйгеніне қосыла алмаған бір сұлу қыз суға кеткен» десе, екінші біреулер: «осы өлкеге аты-шулы бір бай жазғытұры аралдан жайлауға көшіп бара жатқанда мұз ойылып, бар малы, жанымен теңізге түсіп кеткен» дейді.

«Қандыөзек» дегенде менің бала кезімнен білетінім Дәмелінің аянышты тағдыры еді.

Есімде, жұлдыздар жымыңдасқан, толған ай көкке көтерілген мамыр түні еді. Ғашық жүректердің сырын тыңдайтын тылсым түн.

Өзек бойы тып-тыныш. Сыбдырласқан қа-мыс, қаракөк өзек, ерке толқын – бәрі-бәрі әлде-нені сезгендей, демін ішіне тартып алған тәрізді.

 

Бекер екен. Тіршілік тоқтап қалмапты. Үлкен өмір тамыры соғып өтті дікілдеп. Сүттей ұйыған тыныштықты сұқсұрдың үні бұзды. Ай сәулесі-не шағылысып, ақшабақ судан секіріп шығып, қайтадан сүңгіп кетті. Айдын беті шолп етті, ас-панда қанаттары суылдап бір топ шүрегей ұшып өтті.

«Қандыөзектің» жағасында тұмсығын құмға төсеп жатқан қара қайық. Сол қайықта екеу жігіт пен қыз, бұлар – Мұрат пен Дәмелі еді.

Дәмелі ақ көйлегін киген, қалың қара шашын маңдайынан айырып, екі бұрым етіп өрген. Қара торы қыздың оң қабағындағы меңі Мұратқа ай сәулесі астынан анық көрінеді. Ол сыңғырлап күлгенде, екі бетінде кішкене шұқыршық пайда бола қалады, қыз айта беретін асқан сұлу болма-са да сүйкімді еді.

Сұңғақ бойлы, ат жақты, қою қасты, қыр мұ-рынды Мұрат шашын қысқартып алдырған. Жеңіл гимнастеркасы да, шымыр, ширақ дене біті-мі де оның әскер қатарынан жақында келгенді-гін білдіріп тұр. Жігіт сымбатты, сұлу болатын.

Мұрат пен Дәмелінің бағанадан айтқан әңгі-мелері әлі таусылмақ емес. Бәлкім, екеуінің сыр-сұхбаты бүкіл ғұмырға жетерлік ұзақ та болар. Достарымен бірге болған көңілді кештен шық-қалы бері шертілген сырласуға жаздың қысқа түні жетпейтін шығар.

– Тіпті ұзақ отырыппыз ғой, апам да іздеп жатқан болар? Мені күтіп ұйықтамай отыратын еді, – деді Дәмелі.

Айналаның бірте-бірте шығыстан білінген таң арайымен жарықтана бастағанын Мұрат жаңа байқағандай болды.

– Неге осылай аталды екен? – деді жігіт.

– Нені айтасың?

– «Қандыөзекті» айтам.

– Шындығында «қанды» дегені бір түрлі... – деді қыз. Осы кезге дейін Дәмелі бұған мән бер-мепті.

Мұрат үндемеді. «Мұны білетіндерден сұрау керек екен» деп ойға шомды ішінен.

Сәлден соң екеуі ауылға қарай беттеді. Ша-ғын ауыл тым-тырыс, түнімен тыныштық тап-пай үретін иттердің де үні өшкен. Ауыл ұзамай атар таң алдындағы тәтті ұйқыға кетіпті.

Бұлар ауыл шетіндегі Дәмелінің үйіне жа-қындап келді. Есік алдында Дәмелі:

– Ал, жақсы, келесі кездескенге дейін, – деп, бірдеңе айтпақ болғандай сәл еңкейе беріп, жігіттің бетінен шөп еткізіп сүйіп алды. Сонан соң тез-тез басып, аулаға кіріп кетті. Үйдің есігі ілінбеген екен, анасы күте-күте жатып қалған. Дәмелі күңгірттеу бөлмедегі төсегіне, сыбды-рын шешесіне білдірмей жатып қалмақшы болды. Бірақ, ұйықтай алмады. Көзін жұмса, қарсы алдында Мұрат тұрғандай болады, ашса, әлгі елес лезде ғайып болып кетеді. Көзін тағы жұмса, жігіттің аққұба жүзі жымиып, аппақ тіс-тері көрініп, күлгендей елестейді. Бұған әлде-нені айтып сөйлегендей, қолын сермеп, өзіне шақыра ма, қалай... Сымбатты сұлу жігіт, ол – Мұрат. Дәмелі оны қиялындағы асылдардың асылына, аяулылардың аяулысына балайды.

 

***

Кідірмей үйіне қайтқан Мұрат та біраз уа-қытқа дейін көз іліндіре алмады. Көз ұясында бүгінгі кеш, Дәмелі, «Қандыөзек», қара қайық. Ол өз ойымен өзі әуре болып жатты. «Осы мен Дәмеліні сүйемін бе? Сүймесем, онымен неге серуенге шықтым? Жек көрмейтінім рас, өлердей құлай сүймейтінім де анық. Сонда бұл не? Өзіңді де, өзгені де алдау емес пе? Әлде уа-қыт өткізіп, ермек үшін жүрмін бе? Біреудің сезімімен осылайша ойнауға бола ма? Рас, ол мені ұнатады, мен оны ше?..».

Дәмелі мектепті бұлардан үш жылдай кейін бітірген. Тойған қозыдай монтиып жүретін ұяң қыз бұл әскерде жүрген үш жылда бойжетіп қа-лыпты. Қара торы, сүйкімді қыздың жанарынан мейірім шуағы төгіліп тұрады.

Мұрат жасынан пысық болып өсті. Қандай жұмысты да тап-тұйнақтай етеді. Сурет салады, домбыра тартады, әдемі қоңыр даусымен ән де айтады. Өзінің тартымдылығы тағы бар, содан да болар, Мұраттың бойында шамалыны мен-сінбейтін тәкаппарлық та бар болатын.

Талықсып ұйықтап кеткен екен, түс көрді. Дәмелі екеуі «Қандыөзектің» бойымен жүзіп келеді екен. Ескекте отырған бұл қызға бірдеңе дейді. Ал Дәмелі үндемейді, қыздың ойы басқа нәрсеге алаң болып отырған тәрізді. Қаракөк түсті «Қандыөзектің» суы шымырлап ағып жа-тыр. Сүйткенше қайық қалың қамысқа кірді, ен-ді ескек есу тоқтады. Қайдан келгені белгісіз, қыздың иығына бір қарға қоныпты, сүйкімсіз даусымен қарқ-қарқ етеді. Мұрат ескекті алып қарғаны үркітпек болды. Қарға ұшып кетті де, ескек Дәмеліге тиді. Қыз суға құлады, бұл шап-шаң қимылдап ұстамақ болды, бірақ үлгірмеді. Дәмелі өзекке шым батып кетті. Мұрат: «Дәме-лі! Дәмелі!» – деп айқай салғанда, өз даусынан өзі шошып оянды. Жігіт енді көз іліндіре алмады.

Екеуі де балық зауытында жұмыс істейтін. Есепшілік курсты бітіріп келген Дәмелі есепші де, Мұрат осындағы шеберханада ағаш шебері еді. Дәмелі Мұратты көбіне «Қандыөзек» бой-ында күтеді. Жігіт кейде уәделескен жерге келе алмай қалады. Келе алмайтыны, жұмысқа жаңа-дан тұрған жасты зауыт басшылары басқа да шаруаға жегіп қояды. Кей күндері өз жұмысы-нан басқа кемелерге балық тиеп жөнелту, әлде-біреулердің бітпей қалған шаруаларын бітіру сияқты істерді де тындырады.

Жаздың жайлы күндерінің бірінде Мұрат достарымен туған күнін тойлады. Кешке Дәмелі де келді. Шағын басқосу көңілді өтті. Қызың-қырап қалғандар да болды. Солардың бірі:

– Ау, осы Мұрат неге үйленбейді? – деді.

– Бәсе, өзін жаспын деп жүр ме? – деп екін-шісі оны іліп әкетті.

– Апамыздың да қолы ұзарар еді.

– Әскерін бітірді, бұл қатарлылар балалы-ша-ғалы болып отыр.

– Әйда, мұны үйлендіру керек.

Әзіл болып басталған мұның арты шынға айналды. Бір-біріне дес бермеген жігіттер Мұ-раттың шешесін оятып, көршілерін жинап, Дә-мелінің басына орамал салғызды. Мұраттың до-сы болып туған күніне келген қыз осы үйге келін болып қалды.

Екеуінің үйленуі өте асығыс болды. Арада бес-алты жыл өте шықты. Осы уақыт ішінде бірі әке, бірі ана атанып үш бала сүйді. Аз ғана уақыт ішінде жас отбасы сыңғырлаған төрт бөлмелі үй салып алды. Біреуден ілгері, біреуден кейін тұрмыстары бар, жас шаңырақ бақытты еді. Осы бақытты шаңырақтың тұнығы бір-ақ күнде шайқалды.

Мезгіл қараша айының басы еді. Зауыт ұжымы жылдағыдай Ұлы Қазан мерекесіне дайындалып жатқан. Мұрат та осындай жұмыс-тармен шұғылданып, қызыл матаға әр түрлі ұр-андар жазып, оның астына тақтайшалар қағып жүр еді.

Балық зауытының шеберханасына жақында Нұрым деген жігіт орналасқан болатын. Мұрат-тан бірер жас үлкендігі бар. Нұрым оны іні тұ-тып, бауырына тартып жүретін. Мұрат оның аузынан үнемі арақ иісі аңқып жүретіндіктен қашқақтай беретін. Оның бірде балық қабыл-даушы, бірде қойма меңгерушісі, тағы бірде басқа жұмысқа ауысатын тұрақсыздығы арақты көп ішетіндегінен еді. Және қарап жүрмей, біреулерге тиісіп жүретін мінезі бар.

Бұл күні Нұрым шеберханаға көпәйкесінің ішіне бір шыны тығып әкеліпті. Бұған өзімсіне:

– Кел, інім, бір жүз грамм көріп жібер, – деді. Оның жанында екі жігіт бар еді. Мұрат қашқақтап:

– Аға, ішпеуші едім, – деді.

  Ой, қой! Ішпегені несі?!

– Аға, қинамаңыз, ішпеймін дедім ғой.

  Мүмкін, қатыныңнан қорқатын шығар-сың? – деп Нұрым қырлы стакан толы арақты тартып жіберді.

Достарымен бас қосқан отырыстарда болма-са Мұрат ішімдікке әуес емес. Нұрымның ұсы-нысына келісе қоймағаны «осы пәлеге жола-майыншы» деген есебі еді.

Аналар әрнені айтып тұрды. Бір кезде Нұрым жанындағыларға:

– Мына інім үйіндегі қатынынан қорқады екен. Оның да жайын білеміз ғой, анау әлгі директормен көңiлдес көрінеді, – деп шиқылдап күлді. Оның мына сөзі Мұратқа тоқпен ұрғандай әсер етті. Кеудесін ашу қысып, қаны басына тепкен ол Нұрымға жетіп барды да, дәл иегінің астынан соғып жіберді. Жалп етіп құлаған Нұрымның үстіне қона түсіп, басы-көзіне жұдырығымен төпелеп, үсті-үстіне соққылап тастады. Сосын:

– Не деп оттап тұрсың, сен?! – деп, Нұрымды алқымынан алып қылғындыра бастады.

– Әй, мынау адам өлтіре ме? – дескен шебер-ханадағы басқа адамдар екеуін айырып алды. Таяқ жеген, мұрны қанаған, тісі сынған, көпәй-кесінің ілгектері жұлынған Нұрым жанында-ғылармен бірге кетіп қалды. Осыдан кейін Мұраттың қолы жұмысқа бармады. Нұрымнан кейін басқа біреулер ұсынған бір-жар жүз грамнан бас тартпады. Кеудесінде әлдекімге деген қыжыл. Жүз грамның арты бір бөтелкеге, оның ақыры бірнеше шыныға ұласты. Кешкілік жұмыстан қайтқан Мұрат мас еді.

Үйіне келіп, аулаға енген Мұраттың түрі адам шошырлық болатын, көзі қанталап, жүзі түтігіп кеткен.

– Мұратжан, ауырып келдің бе? – деген шешесіне тіл қатпады. Үнсіз жуынып, шайға отырды. Ең кішкентайы күндегісіндей былдыр-лап келіп еді, итеріп жіберді. Баланың шар еткен дыбысына қоса Дәмелінің:

– Не болып отыр саған? – дегені сол еді, Мұрат атып тұрып:

– Не болғанын көрсетейін саған, – деп Дәме-ліні жұдырығымен қойып қалды. Түрегеле берген келіншекке тағы ұмтылды.

– Қарағым-ау, ел-жұрттан ұят-ты. Не болды сонша? – деген анасына да қарамады.

– Мен сенің қаныңды ішейін, – деп, ілулі тұр-ған мылтықты ала сала, Дәмелінің соңынан қу-ды. Құсқа шығып келіп, жарға іліп қойған қос ауызды екі оқпен жүріп бара жатып оқтады.

Бұл кезде келіншек жалаң аяқ қарашаның ызғарында жанұшыра дірдектеп көршінің есігін қағып тұр еді. Оған есік ашқан ешкім болмады. Сәлден соң Дәмелі қолаң шашы қобырап теңізге қарай жүгіріп бара жатты. Соңынан екі рет атылған мылтық дыбысы естілді. Келіншек бал-тырының тыз ете қалғанын сезді. Айқайшудан сыртқа шыққан ауыл адамдары Мұраттың мыл-тығын тартып алып, тыныштандырды. Түні бойы Дәмеліні іздеп таба алмады.

Таң атты. Балуан шыңның кезеңінен қып-қызыл болып күз күні көрінді. Ертеңгілік ау қа-рауға шыққан балықшылар Дәмелінің денесін «Қандыөзектің» қамысы арасынан тауып әкелді. Оның қайғылы қазасын әркім әртүрлі жорыды. Біреулер «оқ тиген балтырынан қан көп кетіп, қансырып өлген» десті, енді біреулер «жүрегі жарылып кеткен» деді. Қалай дегенмен де сүйкімді Дәмелінің енді жер басып жүрмесі ақиқат еді. Мұрат әзәзілдің сөзіне еріп, қателес-кенін кеш түсінді. Кешікпей заң орындары оны қылмысты ретінде айыптап, соттап жіберді.

Сол жылы «Қандыөзектің» қанды суы қыс бойы ұстаспай бұрқылдап ағып жатты. Жас келіншек қазасын Қандыөзек те аза тұтты ма, кім білсін... Сол жылы өзек бойын жалғыз үйрек қыстап шықты. Сыңарын сұр мерген атып алған ол да қайғылы ма, кім білсін...

Міне, мен білетін «Қандыөзек» оқиғасы осы еді.

Өтебай СЕРАЛЫ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.