Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Туыстас түріктер

 

(1786-1787 жылдары Кіші жүз билері мен батырларына түріктер жазған хат)

Сол 1786-1787 жыл-дарғы орыс-қазақ қарым-қатынасы құ-жаттарына есімі енген Матығұл Нұр-бай би басқа да өзімен терезесі тең, тепсеңі бір Кіші жүз билері мен батырларына қандас бауырла-рымыз түріктер хат бағыш-таған жылы тура 71-72 жаста-ғы ақылы дария ақсақал екен. Сол жылы ғана Кіші жүзді қырық жыл билеп-төстеген Нұралы ханды тақтан тайдыр-ған 50 бидің сапында азулы, ықпалды, білікті би атанған Нұрбай бабамыз түбі бір туыс түріктер жазған үшбу хаттың мазмұнын зердесіне тоқы-ғандар қатарында еді.

Ол түріктердің айдай әлемге айтқаны болып, алдына кесе-көлденең тұрғандарды айда-уына жүргізіп тұрған айтулы кезеңі болатын. Заманында төрткүл әлемнің тұс-тұсында үстемдік құруға ұмтылған тү-ріктердің аты Осман сұлтан-дығы кезінде тіпті асқақтап кетті. Олардың басты жауы – Кавказ бен Қара теңізді сүлік-тей сорып жатқан орыс патша-лары болатын. Екі жақтың бі-тіспес үлкенді-кішілі соғысы, саяси жанжалдары, диплома-тиялық дау-жанжалдарының негізі құрлықтағы жер бай-лығы мен судағы басымдыққа қол жеткізу болатын.

 

Егер өткен кезеңдерді ғұла-ма тарихшылар көзімен шол-сақ, орыс-түрік соғыстары не-гізінен ХV-ХVІ ғасырлардан бастау алғанын байқауға бола-ды. Атап айтқанда, 1679-1680 жылдардан бастап Осман сұл-тандығының мұздай қарулан-ған әскерлері Еуропадағы орыстарға, украиндарға, по-ляктарға көз аларта бастады. Жоғарыдағы кейбір мемлекет-терге басқыншылық шабуыл-дар басталып, түріктер жеке-леген аймақтарды басып алып иелік етті.

Осы кезде қанатын кеңге сермеп, күшейген Осман сұл-тандығының Ресей патшалы-ғына жаңа шабуыл жасау қаупі төнді. Қара теңіз жағасын жай-лаған қырым татарларының осы кезде ұлан байтақ орыс жерлеріне жорық жасауы бұ-ған қосымша себеп болды. Бұ-рынғы, қазіргі тарихшылар-дың болжамына сенсек, бұл со-ғыстың басым бөлігі Қара те-ңіз бен оның маңайындағы стратегиялық маңызы зор ау-дандарда үстемдік ету үшін болған көрінеді. Бұл соғыстар-дың кімге пайда, кімге зиян екені белгілі. Көбінесе соғыста екі жақ зор бүліншілікке ұшы-рап, бітімгершілікке келетін болған. Мысалы, 1768-1774 жылдарғы орыс-түрік соғысы Кічік-Каймарджа бітімімен аяқталғаны аян.

Жалпы, ХVІІ-ХІХ ғасыр-ларда болған орыс-түрік соғы-сы Осман сұлтандығының арт-та қалғандығын, экономикасы әлсірегенін көрсетті. Соған қа-рамастан олар орыс патшалы-ғына жанкештілікпен жорық-тар жасап түрды.

Бұл соғыстардан Кавказ, Қырым, Қара теңіз жағалауын атам заманнан мекен еткен, тү-рік және басқа ұлттар мен ұлыс-тар, тұтас халықтар қатты зар-дап шекті. Олар ашу-ызаға булығып, басқыншы орыс әс-керлеріне қарсы жиі-жиі көте-рілістер жасады. Орыс басқын-шылары көтеріліске қатысқан-дарды аяусыз жазалап отырды. Соның нәтижесінде орыстар-дың басқыншы әскерлерінен қыспаққа ұшыраған сол жер-дегі ноғайлар, адыгейлер Түр-кияға шекара асып, біржола көшіп кетуге мәжбүр болған. Қалғандары Ресей империя-сының құрамына қосылып, онан әрі қарай отарлық езгіге мойынсұнды.

Иә, 1768-1774 жылдардың аралығында табаны күректей алты жылға созылған орыс-тү-рік соғысы екі жаққа да абырой әперген жоқ. Бір-бірімен жау-ласқан орыс пен түрік әскерле-рінің қандары босқа төгілді. Бә-рінен бұрын бейбіт тұрғындар, әсіресе, жас балалар соғыстан, аштықтан ажал құрсауында қалды. Зұлмат қауіп төнді.

Осы тұста Осман сұлтанды-ғының кеңесшілері өздерінің ата дұшпаны орыс патшалы-ғымен шекаралас жатқан, со-лардың бодандығын амалсыз қабылдаған Кіші жүз қазақ-тарынан туысқандық көмек сұ-рауды көздеді. Талай ғасырлар бойы жер жүзін сайдың тасын-дай сайыпқыран сарбаздары мен желпілдеткен түріктің ата-ғы бұл кезде алысқа кеткен. Кіші жүз қазақтарынан көмек сұрау себебі, біріншіден, олар орыстармен шекаралас, екін-шіден, мұсылман дініндегі қандас, түбі бір туысқан халық болатын. Түріктердің ойы, екіталай күн туғанда қазақтар орыс патшалығының етегінен тартып, астырып-састырып, абыржытса дегендікке саятын. Сөйтіп, Ресей патшалығына іштей іріткі салып, соғыс бо-лып жатқан жердегі сарбаз-дардың көңіл-күйін нілдей бұзу еді. Осы мақсатты көзде-ген түріктер алыс та болса жақын, жақын да болса алыс аймақтағы Кіші жүз қазақта-рына төмендегіше үшбу хат жазып, екі ортаға жер асырып, ел асырып елші аттандырған.

...Ұшқан құстың қанаты талатын ұлан ғайыр даланы көктей өтіп, Нұралы ханның ақ ордасына ат басын тіреген тү-рік сұлтанының Кіші жүз биле-рі мен батырларына жазған хатының сондағы мазмұны мынау еді:

«Аса қадірменді мұсылман бауырларға, батыр әскерлерге, билерге, ауыл ақсақалдарына, Сартай биге, Сырым батырға, Садырбек, Барақ, Жанбатыр-ларға! Сіздерді Алла қолда-сын! Сіздер де, біздер де мұ-сылманбыз, Сіздер тарапынан дінсіздерге қарсы (орыстарды айтып отыр) ғазауат майданын ашқан біздерге, мұсылман түрік бауырларға қолдау көр-сетіңдер. Сіздер өз жақтары-ңыздан осы соғысты (орыс-түрік соғысын айтып отыр) жеңіспен аяқтауға жәрдем етсеңіздер, бұл мұсылман бауырларыңызға көрсеткен туысқандық үлкен көмек болған болар еді...».

Сірә, бұл хаттың жазылуы-на себеп болған осыдан бір жыл бұрын Кіші жүздің 50 би-лері мен батырларының Екате-рина ІІ патшайымға Нұралыны тақтан түсіру жөніндегі өтіні-ші (арызы) шығар. Дәлірек айтқанда, 50 би мен сұлтан-дардың арызы Ресей патшайы-мына 1785 жылдың 21 шілде-сінде, түріктердің хатынан бір жыл бұрын жазылғаны тайға таңба басқандай айтылады. Осының алдында орыстардың алғашқы легінің табаны Кіші жүздің жеріне Нұралы таққа отырмай тұрғанда әкесі Әбілхайыр ханның келісі-мімен тиген еді. Алайда, жыл-дар өте келе Нұралы хан орыс басқыншыларының түпкі ойын мақсатын кейінірек түсініп, аяғын тарта бастаған. Бәлкім, осы кездері орыстармен сонау Қара теңіз жағалауында, Қы-рым өңірінде соғысып жатқан түріктер бұл сәтті өз есептері-не пайдаланғысы келген болар. Сөйтіп, орыс патшасын іштен шалуды көздеген шығар.

Берісі ауыл-аймаққа, арысы Арқа жағына аса танымал Кіші жүз билері, оның қатарында Матығұл Нұрбай би де өздеріне ел асып, жер асып алыстан жет-кен бауырлас түріктердің хаты-на не деп жауап қайтарарын қасындағылармен талқыға са-лып, ұзақ ойланады. Алқа-қо-тан бас қосып, жиі-жиі баста-рын қатырады. Оның үстіне бұл кезде Нұралы ханның да жағ-дайы мүшкіл еді. Бір жағынан бір кездері әкесі Әбілхайырдың тағына орыстардың қолдауы-мен отырған Нұралы хан екінші жағынан қол астындағы билер мен батырлардан түртпек көре бастады. Бұған өзінің кінәлі екендігін, қарамағындағы қара-шасына қадірі кете бастағанды-ғын біз жоғарыда әңгімелеп өткенбіз.

Қазақта «Құланның қашуына мылтықтың басуы дөп келеді» деген сөз бар. Сол айтыл-ғандай, Нұралы хан қарашаларымен келісе алмай «былай тартса арба сынып, былай тартса өгіз өлетін» шақ еді бұл. Оның үстіне түрік-тердің әйгілі хаты Кіші жүз шетіне жеткенде ішкі Ресейден ағып-тамып біртіндеп келіп жатқан орыс мұжықтарына қазақтардың ата-бабасынан мұраға қалған шұрайлы жерлер күштеп тартып алынып бере бастаған. Сол-сол-ақ екен, бұл айла берідегі Столыпин реформа-сына ұласқанын тарихшылар жазудай-ақ жаза-ды. Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов ға-сырдан астам бұрынғы жазбаларында бұл жөнінде былайша қалам тербеген еді:

«Жер дауы қазақ арасында бұрыннан келе жатқан күрделі, ең қиын мәселелердің бірі еді. Бұл өзі жайлау, қыстау, мал жайылымы мен егіндік, шабындық жерге, қоныстар мен құдықтарға, үй іргесіндегі учаскелерге талас-тан туатын дау-дамай болатын. Міне, күрмеуі шатысқан осы мәселелер патша үкіметінің 1904 жылғы апрельдегі Заңына орай орталық Россиядан шеткері аймақтарға қоныс аудару ісіне орай тіпті шиеленіске түскен еді. «Село тоғышарлары мен жер иеленуші мещандардың өз ықтиярымен қоныс аударуы туралы» заңды іске асыруға байланысты Қазақстан облыс-тарындағы, уездердегі қазақ жерінің есебінен қоныс аудару қорын молайтып, 1906-1912 жылдары оған қазақ еңбекшілерінің миллион-даған десятина шұрайлы жерлерін кесіп берді. Бұл әділетсіздік, әсіресе Столыпиннің белгілі аграрлық реформасының кезінде ерекше өріс-теп, күшейе түсті. Патша үкіметі арнайы ұйым-дастырылған қоныс аудару басқармасы арқы-лы жерді жаңадан игермей-ақ жергілікті халық-тың бұрыннан игерген жерлерін әкім-зорлық-пен тартып ала бастады. Бұл озбырлыққа шыдамаған қазақ еңбекшілері мемлекеттік думаға, генерал-губернаторларға, тіпті Столы-пиннің өзіне дейін шағымдар жазды. Бірақ, бәрі аяқсыз қалып отырды. Патша үкіметінің осы-нау басып-жаныштаған зорлықшыл сорақы саясатының салдарынан қазақтың еңбекші бұқарасы жаппай күзеліске ұшырады, отарлық езгі күшейді. Жаппай қысымшылыққа ұшырат-қан бұл зобалаң қазақтың ауқаттыларына да соқпай кетпеді. Олардың да қатты наразылық, қарсылықтарын туғызбай қоймаған.

Түрік бауырларының хаты осындай сәттер-де, қазақтың байырғы жерлерін орыс басқын-шылары омырауға салып, табанға таптап ала бастағанда отқа май құйғандай әсер еткен еді. Орыстардың қазақтың, оның ішінде киелі Кіші жүздің топырағына табаны тиместен бұрын бұл жерлер нағыз тұнып тұрған тамаша жер бола-тын. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқа-лаған» жұмаққа бергісіз бейбіт кезең бірте-бірте артта қала бастады. Орыстар бірте-бірте қазақтың кең байтақ жеріне, түкпір-түкпіріне қамал сал-ды, ауызынан арыстанша от шашатын қарулар (зеңбіректер) әкелді. Байтақ сахарада бейбіт мамыражай күй кешкен қазақтардың екі аяғын бір етікке тығуға тырысты. Сол тұста Нұралы хан арқылы ел-елден алынатын алым-салық-тардың мөлшерін жаппай жанға тиетіндей өсір-ді. Шұрайлы өрістер, жап-жасыл жайлаулар орыс мұжықтарына күшпен, қарумен тартып алынып берілді.

Ғасырлар бойы кеңдігіне Еуропаның талай мемлекеті сыйып кететін кең далада өзінің байырғы әдет-ғұрпымен, салт-санасымен ғұмыр кешкен жергілікті ұлт басқыншылардың жаулық әрекетіне қарсы тұрды. Жер-жерде ірілі-ұсақты көтерілістер, дау-жанжалдар жиілей бастады. Орыс билеушілері Нұралы хан арқылы бұған билерді жұмсады. Билер ол кездері үлкен күш болатын. Әсіресе, Түріктер хат жолдаған тұста Кіші жүздің Нұрбай би сияқты 50 биіне қарсы тұратын күш Нұралыда жоқ еді. Себебі, хан о кездері қара басының қамын қайттап кеткен болатын.

Осы жерде тіпті әріге кетсек, түріктердің өзі бағзы заманда сайын далада тіршілік кешкенін, бізбен тұрмыс-тіршілігі ұқсас екенін білуге болады. Бұл жөнінде «Түркістан» халықаралық саяси газетінің 2011 жылғы 24 ақпандағы санында төмендегіше жазылды:

«Кемеңгер Қорқыт бабамыздың заманында түркі тайпалары кең далаға сыймай бөлшек-тене бастаған. Сарыарқаны жайлаған қыпшақ-тар Сейхұн мен Жейхұн дарияларының бойын-дағы Оғыз бен Селжүк түркілерін ата қоныс-тарынан ығыстыра бастады».

Міне, түркі халықтары осылайша әрқайсысы өз отауын тігіп, іргелерін алшақтата бастаған тұста араб саяхатшысы Ибн Батума қазіргі қазақ елі жайлаған жерге, қыпшақ даласы атанған Дешті Қыпшаққа келеді. Ол түркі қыпшақтары туралы: «Үйірден ат ұстау керек болған жағдайда, жігіттердің біреуі қолына құрық алып, атқа салт мінеді де, бей-жай жайылып жатқан жылқыларға жайменен жақындайды. Содан кейін әлгі жартылай тағы жылқының мойынына қолындағы құрықты немесе бұғалықты тастап жіберіп, өзіне қарай қапталына тартып әкеліп, сауырына қарғып мінеді. Содан соң мінген бұрынғы атын бос қоя береді де, асаудың арқасына жабысып құйғытып шаба жөнеледі».

Шынында да, түріктер мен қазақтар тағды-ры ұқсас, тамыры тереңге ұласқан халықтар. Сондықтан да сол кездері «тұрымтай тұсына, балапан басына» дерлік қым-қуыт заманда орыстармен қырқысып, қырық пышақ болып жатқан түрік ағайындардың қазақтардан, оның ішінде Кіші жүздің билері мен батырларынан көмек сұрауы заңды сияқты. Бұл хаттың дүбірі орыстардың құлағына жетті ме, жетпеді ме, ол жағы белгісіз. Бізге белгілісі, Кіші жүз қазақтарының діні бір, ділі бір, түбі бір туысқан түріктердің үшбу хатын құшағын айқара ашып, қос қолын жоғары көтеріп қарсы алғаны аян.

2010 жылғы 22 желтоқсанында Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университетінде өткен «Жалпы тіл бөлімі және түркі тілдерінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конфе-ренцияда сөйлеген сөзінде Президенттік мәде-ниет орталығының сол тұстағы сол тұстағы жетекшісі, филолог ғалым Мырзатай Жолдас-беков былай деген еді: «Қазір түркі тілінде сөйлейтін 40-қа жуық мемлекет бар. Әртүрлі геосаяси қақты-ғыстардың салдарынан бір-бірінен география-лық тұрғыдан ажырап кеткен елдер түбі бір түркілігін, қаны бір туысқандығын еш уақытта ұмытқан емес. Түркі халықтарының тамыры тым тереңде жатыр. Олар бір-бірінен әлі де ажырап кете қойған жоқ. Бүгінгі таңда Түрік академиясы құрылып жатыр. Біз осыны дұрыстап пайдалануымыз керек. Атамыз бір, анамыз бір, тіліміз бір. Біз сондай халықпыз. Тезірек жақындасуымыз керек».

Жоғарыда біз тілге тиек еткен түріктердің Кіші жүздің билері мен батырларына 1786-1787 жылдары жазған үшбу хатының деректері «Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках» кітабында сирек те болса, алтынның сынығындай әр жерінде бір ұшырасып қалады. Бәлкім, Орынбор, Санкт-Петербург қалала-рындағы байырғы мұрағаттардан осы және бұдан басқа қымбат деректер молынан ұшырасып қалар.

Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев жырлағандай:

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой,

Түркістан – екі дүние есігі ғой,-деп әзірге барға қанағат, жоққа сабырлық жасап жүріп жатқан жайымыз бар.

Сонан бері талай-талай заман өтті. Осыдан жүздеген жылдар бұрын түріктер жазған хатқа Кіші жүз билері мен батырларының қалай жауап қайтарғаны біз үшін беймәлім. Нақтырақ айтқанда, жұмбақ. Есесіне, ғасырлар бойы кең байтақ даланы емін-еркін жайлаған, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елі мен жерін талай-талай жасанып келген жаудан қорғаған ата-бабаларымыз түрік бауырла-рының хатына бір серпіліп қалғаны анық.

Еліміздің ертеңі жарқын, бүгіні бүтін. Қағанағымыз қарқ, сағанағымыз сарық. Тіршілігіміздің түтіні түзу ұшқалы бүгінімізді байыптап, өткенімізді жаңғыртып жатқан жайымыз бар. Ғасырлар бойы ат жалында, атан қомында аңсаған Тәуелсіздігімізге биыл тура 26 жыл. Жиырма алты ғасырға бергісіз жиырма алты жыл.

Түріктердің Кіші жүз билері мен батырла-рына хат жазған уақытынан бері талай заман өтті. Арада бақандай үш ғасыр уақыт жатыр. Қазақ елінің тәуелсіздігін алғаш танып, жүрек-жарды лебізін жолдаған, азаттығымызды қолдаған осы түрік ағайындар болатын. Лайым, осы туыстығымыздың туы төбемізде желбірей берсін.

Толыбай АБЫЛАЕВ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.