Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Тарғыл тауықтың тойы

 

Шіркін-ой, біздің елдің өзгелерден бір артықшылығы – тойы көп. Лайым, торқалы той-дан ес жимай жүрейік. Тойламаған өмір-өмір ме?

Дүбірлетіп тойлай білмеген оңдырып ойлай білмейді. Жағаң жайлауға кетіп тойда жүргенде, тірнектеген ит тірлігіңді ада-күде ұмытып кетесің. Той деген – тоқшылық. Тиын санаған пақыр тірсегіңді дірілдетеп, той істемейді. Иә, аталарымыз жетеге жеткізетіндей етіп айтқан-ақ емес пе?! «Мал – баланың шашуы», «Той – тондынікі», «Той тамағы тәтті» деп. Керемет, балды қымыздай сөздер. Қайта-қайта аузыңды көтеріп тұрып айта бергің келеді.

Жұрттың жағдайы қазір түзелді. Баяғы бір тойлар той ма, бұл күні тойдың саны да, сапасы да, түрі де, түсі де адам айтқысыз өзгерген. Бұрын айына бір-жар күн тойға барып томпиып отырсақ, қазір айына бір-екі-ақ күн тойсыз қалып, абажадай үйге әзер сиямыз.

 

Тойсыз толайым қырсық. Дәл сол күні әйеліңнің де іші пысып жүреді. Ақыры кешке болмашы бірдеңеге бет тырнасатындай ұрысып тынасың. Екеуің қызыл кеңірдек болып жатқан соң, балалар үрпиісіп бір бұрышқа тығылады. «Әй, бүгін той болмағанның қара кесірі. Той болса, әйелде менің не шаруам бар?»-деп, ақылың соңыра кірген соң пәтуалы ой түйіндейсің. Екеуіңнің қырын қабақтарың таң ертеңге дейін созылады. Таңертең ауылдың бір сары жалақ баласы:

- Жәутікбайдың бұрынғы әйелінде кеткен баласы келіпті. Соған той жасап жатыр,-деп екпіндей келіп, қос танауын тартып тұрды.

Кешеден қырбай сенің де, әйеліңнің де көздері жайнаңдап қоя берді.

- Не апарамыз?-дейді әйеліңнің жүзі лезде жылып, иіп, маңдай терісі жазылып. Сен басыңды ұстап, өзің жасаған соңғы бес-алты тойға Жәутікбайдың не әкелгенін сартылатып еске түсіріп, орташа есебін шығарып, шашудың көлемін айтасың. Жайдарланған әйелің басын изеп, жүз көйлегін ақтарып, сыланып, сипанып, дайындала бастайды. Кешегі ұрыс-керіс болмағандай. Әне, той дегенің – татулық, жаршысы.

Тағы қандай тойларға барып жүрсіңдер дейсің бе?! Мысалы, кешегі айда мынадай-мынадай тойларға барып, тойып қайттық. Әпішбектің кіші баласының апыл-тапыл жүрген тойы. Қитудың немересінің күлген тойы. Қорабайдың әскерден қалған тойы. Жұқаштың жұмыссыздыққа жәр-демақы алған тойы. Арпабайдың арақты қойған тойы. Сәмидің мертіккен сиырын сойған тойы. Мөртайдың түрмеден келген тойы. Айбүбіштің бұрынғы байына қосылуға көнген тойы...

Ана бір жылдары тойға термелеп-теріп, әрі кеткенде қатар қонған бір-екі көшенің адамын шақыратын. Бертінде бүкіл ауылдың тайлы-тұяғын қалырмайтын болды. Қазір өз ауылыңды қойып, көрші ауыл түгіл, көрші ауданның жұртына хабар тигізетін болдық. Әйтпесе, той сайын табақтас боп жүрген ағайын ренжиді.

Той болған соң, тек табақ-табақ етпен құтыл-майсың. Жәшік-жәшік арақ, бөшке-бөшке сыра, бума-бума шапан, тең-тең тақия керек. Бұларды беру мен таратудың қызығы өз алдына...

Ал, енді әнші, бишіні қайдан шақырамын десең, ерік өзіңде. Қалтаңа қарай көсіліп, қалды аудан, асты Алматыға дейін қимылдатуыңа болады. Өйткені жәшік-жәшік арақ пен бөшке-бөшке сыраны ішкен соң, қыл мойын шалдар қутыңдап, кемиек кемпірлер қитыңдап, жастар қисақтап, балалар мисақтап билемегенде, қайда билейді?

Ең қиыны - тост беру. Ши көбіне-көп осыдан шығады. Тойға келген үш жүз адам түп-түгел сөйлеп шығуға тиіс. Солардың жасына, сақалы-на, шен-қызметіне, еңбек өтіліне, орден-медалі-не, құда-жекжаттығына, бітірген оқу орнына қарай рет-ретімен, жол-жолымен алжаспай, «ақ тілегін» тыңдауың керек. Жүз мыңға жалдап алған асабаның алғырлығы осы тұста көрінеді... Ал, енді кей-кейде аяқ астынан болатын былжымай төбелес, жаға жыртысу туралы жақ ашпай-ақ қояйын. Той дегенің шекеқыздыр-майсыз өтсе, ол да қызық емес. Тек жағаласқан-дарды жай қылатын апайтөс жігіттерің сақадай сай болсын.

Қай күні Талжағадағы бажам Ботқан тойға шақырады. Шақырғанда, жолай біреуден «Жексенбі күні той» деген бір тілік қағаз беріп жіберпті. «Ненің тойы?» деп сұрайтын бізде мұрша жоқ. Дереу етек-жеңімізді жинап, сүрініп-қабынып, сенбі күнгі автобусқа отырдық. Бажамның отыздан асып, қырықтың көжесіне иек артып қалған қос қызы бар еді. Солардың біреуі қашып кеткен шығар деп үміттеніп барсақ, қос қыз төрінде омадай боп отыр.

Бұл жолғы той – ана қорасындағы тарғыл тауығының бір мыңыншы жұмыртқасын туған тойы екен. Ақ көңіл, желпілдек бажамның қуанышында тіпті шек жоқ. Екі езуі екі құлағы-ның сыртына шығып кеткен. Осы күнге жетсем деп, пәтшағар тарғыл тауықтың әр жұмыртқасын есепке алып, түйірлеп санап жүрген ғой. Жетті ақыры. «Сабақты ине сәтімен» деген...

- Бұл тауықтың енесінің енесін баяғы Мәскеуде Бүкілодақтық шопандар жиналысына барғанда сатып әкелгенмін. Ой, үлкен енесі күніне қос жұмыртқа туатын керемет еді... -деп бажам Ботқан тамсанып қояды. -Тарғыл тауық мыңын-шы жұмыртқасын туғанда, қалай тым-тырыс жатайын. Ел-жұрт, ағайын-туыстан ұят... Үш жасар дөнежінімді алып ұрып, айналама тегіс хабар бердім...

Той дегенде қу бас домалайды. Алыс жақын-дағының бірі қалмай, тегіс жиналды. Той кәдесіз бола ма, біздің әулеттің атынан бір ту бие атадық. Ана Шымкенттен келген қарылдақ балдызым жездесіне су жаңа «Тойото» мінгізді.

Той үш күнге созылды. Кезекте тұрып, таласып-тармасып, тарғыл тауыққа тос айттық. Ауылдың ақ көз, жынды ақыны Әйміш «Тауы-ғым туа берші толғатпай-ақ...» деген өлеңін оқыды. Сұмдық екен. Салтанатты той рәсіміне аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің екі белді қызметкері қатысқан. Тарғыл тауықтың риза болғанын көрсең, көзіне кәдімгідей жас алды.

Ауыл болған соң, бір тентексіз болмайды. Үнемі бітіне дақ түсіп, бұқа көзденіп жүретін Манақбай топты киіп-жарып келіп:

- Тарғыл тауықты төбеге көтергендеріңе сөзім жоқ. Еңбек сонікі. Мың жұмыртқа туу оңай ма?! Біздің ботпандай қатындарымыз бір-екі баланы шаты айырылардай болып шаққа туып жүргенде. Ал, ол кетсін, ағайын, әтештердің жазығы не? Кешелі бері қанша көл-көсір тілек айтылды, бірде бір рет әтештің аты аталмады. «Ананың сүті, атаның күші» деген бар емес пе?!-деп, асабаға бір бүйірден тап-тап берді. Бажам Ботқан оның қойнына қос жартылықты тығып, әзер сабасына түсірді.

Төртінші күні тойшылар да риза, қатқылық-таған тарғыл тауық та риза болып тарқастық.

Тарғыл тауықтың тойынан желпініп келген соң, әйелім Мараш екеуміз ойласпаймыз ба?

- Осы ағайын жұртқа елден асқан бір той жасап берейік,-дедім мен. - Кімнен кембіз?

- Қандай той?-деді Мараш майысып. Осы «қандай той?» дегенге бірнеше күн бас қатыруға тура келді. Енді қайтейік, реті жоқ-ау. Үйленуге балалар әлі жас, жыламай тамақ ішпейді. Екеуміздің де мүшел жасымыз емес. Үйіміз ескі, жаңа үй сатып алуға қалта көтермейді. Әйтпесе, дүрілдеген қоныс тойы болар еді ғой, шіркін!

Той жасауға тобықтай себеп таба алмай, диванда ұзыннан түсіп көңілсіз жатқанмын.

- Таптым, Шақшабай!-деп қатыным бір кезде ас үйден аптығып жетті.

- Ал, айт онда,-дедім мен басымды көтеріп алып.

- Әй, Шақшабай, «алты жасымда ат қалды» деп өзің әңгімелеп отыратының қайда?-деді әйелім көзі жүдә жайнап. - Сонда келсем, сол «ат» болғаныңа, құдай-ау тұп-тура отыз жыл... юбилей...

Жасыратыны жоқ, көптен бері әйелімді сүймеген ем. Ұмсына ұмтылып шалбар бетінен шөп-шөп сүйдім шөлім қанғанша. Ол да мәз. Бетінің шырайы кіріп, он сегіз жасар қыздай қылмиып қалды.

-Досқа күлкі, дұшпанға таба болмай, тойды енді таңдай қақтырарлықтай етіп жасау керек,-дедім мен үлкен жұмысқа бел шешкенімді сездіре нығыз үнмен.

-Тарғыл тауықтың тойы жолда қалады...-деді әйелім қисық қасын керіп, миығынан күліп.

Таңертең мен тойға қаржыға деп, банкіге несие алуға кеттім жорықтанып. Әйелім қолына облыстың картасын алып, бір қалың дәптерге тойға шақырылатындардың тізімін жасауға кірісті.

Иә, сәтін салса, келесі жұмада ұлан-асыр тойда кездесеміз, ағайын! Қалталарыңызды қармап, тілектеріңізді арнап, сақадай сай дайын отырыңыздар.

Ерғали АБДУЛЛА

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.