Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

«Ұлттық бояуды жоғалтпау – өнердегі парызым»

     Өнерге адалдық пен қатар жанашырлық қажет. Халық әндеріне жаңаша әр беріп, термелерді үлкен сахнаға шыға-руды мұрат тұтқан Өмірқұл Айниязов өнердегі олжасын сырттан іздемей, ұлт-тық дүниеден тапты. Елден-елге жетіп, бүгіндері ұмыт болып бара жатқан ескі әндерді қайта жаңғыртуды қолға алған әншінің өнеріне елі сүйсінеді, тыңдарман-дары арқадан қағады. Ізденісі бөлек, талғамы биік Сыр елінде туған әнші, термеші Өмірқұл Айниязовты емен-жарқын әңгімеге шақырдық. Елін, жерін әнге қосқан өнер қайраткерімен сұхбат-таса отырып, оның ұлттық музыкаға адалдықпен қарайтынын түйсіндік.

- Өмірқұл Өтегенұлы, өнерге синтез әкелген алғашқы әншілердің бірісіз. Дәстүрлі әндерді жаңа қалыпқа салып орындау арқылы өз орныңызды таптыңыз. Бұл идея қалай келді? Термешіліктен эстрадаға ауысудың сыры неде?

- Термешіліктен эстрадаға ауысып кеттім деп айта алмаймын. Өнерге қара домбырамен келгендіктен, қашанда қазақтың ұлттық өнерін ұлықтауға күш саламын. Мейлі ол тойда, мереке-лік концерттер мен шығармашылық кештерде болсын, домбырамды жанымда ұстаймын. Ал, қазақтың қай әнін алып қарасақ та, тұнып тұрған байлық, кеңдік, дархандықтың лебі есіп тұрады. Менің есті әндерді эстрадалық бағытқа салуым-ның себебі осы. Бүгінде эстрада – үлкен аудито-рияға жұмыс жасауға бірден-бір ыңғайлы стиль. Халықтың қызығушылығы жоғары болғандықтан, өз табиғатымыздан ауытқымай, бала кезден айтып келе жатқан термелер мен халық әуендерін форматтап, эстрадаға салып орындау табиғатыма жақын тартты. Дәстүрлі әндерді заманауи бағыт салып орындасам, тыңдарманның көбейе түсетінін түсіндім. Ең бастысы, халық әндері мен термелерінің түпкі нұқсасынан ауытқып кетпей, табиғатын сол қалпы беруге ұмтылдым.

Өнерге синтез әкелді деп айтып жатырсыз, бұл енді маған дейін де төбесі көрінген дүние. Сондықтан эстрадаға жаңалық әкелдім деп айта алмаймын. Домбыраны эстрадаға қосқан алдыңғы буын ағаларымыз Жақсан Рахи, Қыдырәлі Болманов, Медеу Арынбаев сынды өнер майталмандары танытты. Бертін келе, ұстазым Бекболат Тілеухановтың «Япурай», «Ақтаңге-рейдің термесін» эстрадалық бағытта орындап жүргенін білесіздер. Біз де ағаларымызға қарап бой түзеп, ой түйіп эстрадаға термелерді алып келуге бел байладық. Менен кейінгі буын да, ұлттық өнердің отын өшірмей, халықтық әндерді жаңа бағытқа икемдеп, орындап жүрген Ақылбек Жеменей, Ғалымжан Жолдасбай сынды әншілер де осы жұмысты иығына артты. Менің ерекшелігім – репертуарымдағы әндердің басым бөлігін осы ұлттық әндер мен термелерден құралғандығында шығар. Ұлттық бояуды жоғалтпау – өнердегі парызым.

- Десе де, сіздің өлеңдеріңізді халық жылы қабылдады ғой. Халық әндерін бүгінгі ұрпаққа өтімді тауар ретінде ұсына алдыңыз. Ескі әндерді қайта жаңғыртуда неге мән бересіз? Ел аузында жүрген әндерді айтуда нені ескеру керек?

- Қазақ қашанда сөзге мән беріп, бір ауыз сөзге тоқтаған халық дейміз. Әсіресе, тектілікті танытатын термелерді орындау үлкен жауапкер-шілік, өз алдына салмақты міндетті жүктейді. Сөздің түпкі мәнін жеткізіп, бояуын бұзбай, қатесіз орындалуын, иірімін келтіруге басымдық беремін. Қазақтың ескі әндерін эстрада жанрына салу үшін еңбек пен терең білім керек. Мұны неге айтып отырмын. Себебі бірқатар әншілер «халық әнін жастар аудиториясына жеткіземін» деп әннің өнің өзгертіп, түпнұсқасынан ауытқып кететіні бар. Бұл құлаққа қайшы келіп жатады. Бұзуға болмайтын, сұранып тұрған әндердің ажарын ашу үшін тек музыкалық білім ғана емес, ұлттық бояуды бойға сіңіру керек. Сол әннің тарихта не себепті қалғанын, неге елден-елге жеткенін біліп, мақамын бұзбай орындау тиіс. Қазақтың әні деп айтуға келетін, ұялмай орындайтындай өңдеу жүргізген жөн. Қазір «өңдеу деген осы екен» деп кесіп-пішкен дүниенің келте болып жатқандары көзге көрініп жүр. Меніңше, әнді өңдейтін адамның өзі қазақы болмысты, дүниені сезіну керек. «Қоржынымда бір-екі ұлттық ән болсын» деген немқұрайлылық әннің қалпын бұзады. Дәстүрлі әншілердің эстрада өкілдеріне реніш білдіріп жататыны да осындай дүниелерден туындайды.

- Халық жүрегіне жақын әндерді орында-ғаннан болар, көпшілік сізді салмақты әншілердің қатарына жатқызады. Өмірде салмақтысыз ба?

- Несіне жасырайын? Өмір мен өнер деп өзімнің табиғи қалпымды өзгертіп, жасандылыққа бой алдырмаймын. Сахнада екі түрлі болып көрінгім келмейді, олай жасай да алмаймын. Көңіл-күйімнің болмай отырғанын, болмаса көңілді отырғанымды ашық көрсетіп жүретін адаммын. Қаншалықты салмақты екенімді замандас әріптестерім, менімен бірген жүрген адамдар айта жатар. Дегенмен қалай бармын, солай қалғанды дұрыс көремін.

- Өмірқұл Айниязов – дәстүрлі әннің туын биік ұстайтын әнші. Сізге халық осылай баға береді. Ел-жұрттың ыстық ықыласына бөлену екінің бәріне бұйырмайды. Құрметтің қайта-рымы ретінде ауыл-ауылды аралап, концерт қойып жүрген боларсыз.

- Біздің өнерді бағалайтын – ауылдағы ағайындар. Жер-жерді аралап, ауылдарға ат басын бұратын әншілердің бірімін деп нақты айтуға болады. Соңғы екі жыл ішінде Алматыдағы Республика сарайында концерт бердік, Астанада да шығармашылық кештер өтіп жатыр. Талды-қорған, Қызылорда аймақтарындағы шал-ғай ауылдарға барып, елге сәлем беріп, жеке шығар-машылық есеп беріп жүрміз. Алда үлкен жоспа-рымыз бар. Алматыдан бастап Орал, Атырау ба-ғыттарына қарай жол жүруге ниеттеніп отырмыз.

- «Менің әндерім базарда, тойларда шырқа-латын әндер емес» депсіз бір сұхбатыңызда. Сізді де тойдан жиі көреміз. Өзіңізді сұранысқа ие әншімін деп есептейсіз бе?

- Хит әндер мен ұлттық әндерге байланысты бір сұхбатта салыстырмалы түрде айтып қалғаным рас. Қазірде хит деген дүние бар. Мен мұны уақыт-ша әндердің қатарына жатқызамын. Ал, халық шығармалары өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Ақтаңгерей, Оңғар, Жиембет жыраулардың толғау-термелері халықтық фольклорға терең еніп кеткен. Сондықтан бұл әндерді бір күндік немесе мезгілдік деп санамаймын. Хитке ұмтылып, ән жазуды мақсат тұтпаймын. Ал, «тойда көп жүре-сіз» дегенге қосыламын. Сұранысқа ие екенімді осыдан-ақ байқауға болатын шығар. Елдің қуаны-шында болып, өнер көрсетуден артық бақыт бар ма? Мақтанғаным емес, жұмыс күнтізбеме қара-сам, бос уақыттарым бола бермейді. Биге ыңғай-лап жазған халық әндерім болғасын шығар, тойдан көп шақырту аламын. Әрине, концерттерді де тоқтатпаймыз.

- Сыр топырағынан түлеп ұшқан әншілер бүгінде өнердің алдын бермей келеді. Қызыл-ордалық әншілердің бір-бірімен байланысы қалай?

- Ағалы-інілі қарым-қатынас өмірде де, өнерде де көрініс алады. Той-думан, мерекелік кештерде бірге жүрміз. Бақтияр Тайлақбаев, Жеңіс Сейдул-ла, Жеңіс Ысқақова, Дүйсенхан Сыздықов, Құдай-берген Бекіш аға-әпкелерімізбен әңгімеміз жара-сып, көрген жерде сәлеміміз түзу. Біз енді орта буын әншінің қатарындамыз. Мәдина, Гүлнұр, Алмас сынды әріптестермен қуанышымызға қуа-нып, өнер ортасында топтасып жүреміз. Әлбетте, әр әншінің өнерде өз жолы, өз тыңдарманы, өз стилі бар. Байланыс болмаса өнер дамымайды.

- Қазірде «әнші болу оңай. Тек ақшаң болса болды. Бір-екі клип түсіріп, елге танылуға бо-лады» деген пікірлерден аяқ алып жүру мүмкін емес. Шындығында шоу-бизнестің қазанында қайнау оңай болып кетті ме?

- Мұныңыз рас. Бірақ сахнаға ешбір кедергісіз көтерілуге болады. Әрине, материалдық жағдай әншінің шығармашылық толысуына қажет. Ақ-шаң болса, клип түсіріп, ән жазып, эфирге жолдай ала-сыз. Алайда өнерге қыруар қаржы жұмсап, өзін таныта алмаған әншілер де жоқ емес. Кері-сінше, бір клип арқылы елге белгілі болып жүрген жұлдыздар да бар. Қалай дегенмен де, тыңдарман өз әншісін қалап, сахнада қалдырады. Құнды дүние, саз шығармаларды орындаған әншінің халық жүрегінен орын алатыны хақ.

- Әнші дегеннен шығады. Бүгіндері «Гәк-ку», «Той-думан» арналары әншілердің жұлдызын екі есе жағуға мүмкіндік беріп отыр. Тегін ротация, тегін жарнаманы тиімді пайда-ланып жүрген әншілер көп. Осы телеарна-лардан сіздің жаңа бейнебаяңызды қашан көреміз?

- Осы кезге дейін «Гәкку» арнасында менің «Ана, сен бақыттысың» әні, «Той-думан» кана-лында «Тұрмағанбеттің термелері», ізімнен ерген шәкірттерім «Семсер» тобының бір-екі әндері эфирден берілуде. Өнер жұлдыздары үшін бұл арналардың берері мол. Жақында ғана «Той-думан» каналының 1 жылдық кешіне барып, «Ақ Жайнақ» әнін айтып келдім. Алла қаласа, бәрі де рет-ретімен жүзеге асады.

- Осыдан бірнеше ай бұрын сізді «Кел, шырқайық» караоке думанынан көріп қалдық. Тосын дүниелерге дайынсыз ба? Караокеге қаншалықты барасыз? Жалпы, хоббиіңіз қандай?

 - Шақырту алғасын барып, қатысып қайттым. Кез келген әнді, әсіресе шет тіліндегі әуендерді тез айта алмаймын. Табиғатыма келетін әндерге мойным бұрып тұрады. Өзіме келмейтін әндердің сөзін жаттай да алмаймын. Білмеймін, болмысым солай. Әрине, әртіс болғасын ойын-сауық бағдарламаларға қатысып, көңіл көтеріп қайтуға болады. Караокеге күнделікті барам деп өтірік сөйлемейін, мүлдем бармаймын десем тура келе-тін шығар. Ал, аса бір хоббиім бар деп сана-маймын. Десе де, балық асырағанды жаным қалайды. Қазір үйімде акваруимдегі балықтарымды бағып, жем беріп қарағанды жақсы көремін.

- Өмірқұл аға, қазір «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері», «ҚР Мәдениет қайраткері» деген атақтарды алғандар аз емес. Сіз де бұл атаққа қол жеткіздіңіз. Қалай ойлайсыз, өнердегі атақтың салмағы қандай болуы керек?

- Әрбір марапат, атақ-даңқ өнерге берілген баға деп есептеймін. ҚР Мәдениет қайраткері, «Серпер» сыйлығының лауреатымын. Бұл қос марапатқа отыздан асқанда қол жеткіздім. Атағым аспандап кетті демеймін. Керісінше, соған лайықты болу үшін екі есе талаптандым. Енді өнер деген үлкен аламан ғой. Біреу тер төгіп, талай жыл өнерде шыңдалып, атақты алады, ендігі бірі өнерге кеше аяқ басып, бір-екілі әндер арқылы танылып, немесе бір конкурсқа барып атақты болады. Тамыр-таныс іздеп, аға жағалап атақ сұраған емеспін. Халыққа берері, өнерде салмағы бар, бітім-болмысы үйлескен өнер майталмандарына атақ берілуі қажет.

- Мемлекеттің қамқорлығын көрген әншінің бірісіз. Мерекелік концерттеріңізді өткізіп жүрсіз, тіпті екі бөлмелі пәтерге де қол жеткізіпсіз. Қазақстан жұлдыздарының басым бөлігі «биліктен көмек алған емеспін» дегенді айтады. Бұл әншінің өзіне байланысты ма?

 

- Өнерден орын тапқан біраз әншілер үкіметке өкпелеп, мемлекеттен қолдау көрдім деп айта бермейді. Олай дейтіндерінің себебі көбісі мемлекеттік өнер орындарында қызмет етпейді. Мен Алматыдағы филармонияға 2000 жылдары келдім. Содан бері әлі күнге дейін қызмет етемін. Талдықорғанда пәтерім бар екені рас. Мемлекет маған осылай жағдай жасады. Қазір Алматыда тұрамын. Өзім қызмет ететін Сүйінбай атындағы облыстық филармония талай шығармашылық кештеріме демеу білдіріп, қолдап жатыр. Мұны әр кез айтып жүремін. Әр әншінің өзіне байланысты деп айту қиын. Мүмкін солай да шығар.

- «Өмір» деген өнер мектебін ашыпсыз. Шәкірт тәрбиелеудің жолын қалай бастап кеттіңіз? Тыңдар-манның есінде қалар жаңа әннің жарыққа шығатын күні алыс емес шығар...

- Өнер мектебі емес, шығармашылық орталық десек дұрыс болар. Шығармашылық адамдарға тіреу керек. Өкше басып, ізінен ерген «Сейхун», «Семсер» топтары, Асланбек Жалмұханов, Ерсейіт Әлиев сынды өнерге жаңа қадам басқан жігіттерге көмек беріп жүрмін. Ағалық жанашырлық танытып жүрген жайымыз бар. Менің келіншегім домбырадан сабақ береді. Негізінен әндердің көпшілігі осы студияда жазылады. Соңғы кезде әндердің қатарында жерлес композиторлардың әндерін жазып жүрміз. Бейнебаян да өз ретімен жүре береді.

- Шәкірттің жолы бір бөлек, Сыр бойының шайыры Нұртуғанның есімін иеленген ұлыңыздың өнерге ынтасы қандай? Сіздерді өнерлі отбасы деп айта аламыз ба?

-  Нұртуғанды өнерден алыс деп айта алмаймын. Жасы 17-ге келді. Т.Жүргенов атындағы колледждің актер бөлімінде оқып жатыр. Бұйырса, колледжді келесі жылы бітіріп, тағы да білімін жалғастырмақ. Жалпы өнерге де қабілеті бар. Әнге деген ықыласы болғанымен, актерлік қабілеті тартып тұрады. Сабақ барысында бірнеше рөлдерді сомдап жүргенін байқадым. Бағыты жаман емес. Міндетті түрді әнші не тележүргізуші болу шарт емес. Сахна сыртында да көптеген жұмыстар бар.

- Сыр еліне соңғы рет қашан келдіңіз? Елге, «Әлімсақ» журналына тілегіңізді білдір-сеңіз.

- Жолым түскен кезде бірнеше келіп рет келемін. Жақында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың шақыртуымен арнайы Қамбаш-тағы Балықшылар слетіне барып ән айтып, халықтың көңілін көте-ріп, ауыл адамдарымен дидар-ласып қайттым. Қазақтың тойын себеп қылып келіп-кететініміз де бар.

Журналдарыңызға шығарма-шылық табыс, қаламдарыңыз ұштала берсін. Халыққа берері мол журнал болсын. Жақсы сұхбаттар, өзекті әңгімелер айтылатын рухани басылым болып, оқырманды қуанта беріңіздер.

- Уақыт тауып, ой бөліскеңізге алғыс білдіреміз. Өнеріңіз өрге жүзсін.

Сұхбаттасқан

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 30 31      

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.