Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

ҚҰСБЕГІ

 

Аңшылықты, саятшылықты, құсбегілікті күнделікті күнкөріс үшін, өмір қажеттілігінен туған десек те, бұл кез келген адамның қолынан келе бермейтін ұлттық спорт түрі. Аң аулау дәстүрі мен тарихы сонау ерте заманда адамдардың күнкөріс кәсібінен туған. Ертеде адамдар аңды, құсты таспен ұрып, сойылмен соғып, інге паналағанын сумен, түтінмен тұншықтырып аулаған болса, бертін келе үйретілген иттерді қосты, атпен қуды, құс салды. Ор мен аранды, қада мен дараны, шалма мен бұғалықты, тор мен тұзақты, шаппа мен қақпанды, сере мен найзаны, садақ пен мылтықты әр дәуірге орай жетілдіре пайдаланды Саятшылықты сауық-сайран, салтанат белесіне көтерді. Нәтижесінде спорттық және кәсіптік мәні бар аңкөстіктің неше түрлі мамандары пайда болды. Аңшылықты күнкөріс көзі десек те, жаппай қырып-жоюдан аулақ болған жөн. Қазіргі кездегі аң аулау мен біздің аталарымыздың кезіндегі аң аулау кәсібі екі бөлек нәрсе. Ол кездегі мен қазіргі техниканы салыстыруға болмайды.

Аңшы, аңкөстік, аңшылық, бүркітші, қағушы, салбурын ұғымдарына көңіл аударып көрелік. Қыран бүркіт салып, қасқыр, түлкі алдыру, бидайық, лашын, сұңқар, қаршыға, тұйғын салып, аққу, қаз, құс ілдіру, жүйрік ат, қыран бүркіт, түзу мылтық ұстап, аңкөс аңшы, саяткер-бапкер, құсшы, аңқұмар ізші болу, әнші-күйші, жыршы, атшы, қосшы ертіп, салбурында саятшылық жасау, аң аулап, сауық-сайран салтанат құру, еркін табиғат ғажаптарынан ләззат алу, рахат табу, дәурен сүрудің бәрі - саятшылыққа жатады. Осы тұста аңшылық өнеріне байланысты айтылатын кейбір сөздерге түсінік бере кетейік.

Аңшы - аң аулаушы, аңды аңдушы, соңына түсіп аулап алушы. Аң аулау үшін жаңа заман техникасы мен ғылымы араласты да алуан түрлі әдіс-айла жасалды. Бұдан ұшқан құс, жүгірген аңның құтылатын лажы жоқ. Бірақ, аңды қорғау, сақтау, өсіріп-өрбіту, молайту жұмыстары жолға қойылған біздің мемлекетте аң мен құсты бет алды аулауға тыйым салынған. Ертедегі адамдар аң аулауды өмір сүрудің, күнкөрістің көзі еткені мәлім. Олардың аң аулау әдістері де әр түрлі болған.

Аңкөстік. Қазақ халқы осы сөздің тым ертедегі ұғымын еске ала отырып, аңкөс адамды өте үлкен мамандық иесі деп білген. Тас, таяқ, сойыл, шоқпар, су, түтін, тор, тұзақ, ау, қақпан, ат, ит, бірнеше түрін пайдаланып, аң аулаған адамдарды аңкөс адам дейді. Бірақ аңкөстік қару-жарақты пайдалануға ғана айтылмайды, ол адам қай аңды қай қарудың түрімен қалай аулауды білуі шарт.

Аңкөс адам әрбір аңның тіршілік ету әдісін, өсу-өрбу жолдарын білуі керек. Қай аң қандай жерде, қай жерде болады, олардың аулану маусымдағы мекендері қай жер, аңдардың күндізгі және түнгі өрістері, жыртқыштардың жортуы, қоңыр аңның жайылу, жусау, ұйықтау, өру кездері, олар нені жейді, нені жемейді, тіпті олардың құмалағына дейін, мәселен қай аңның құмалағы қандай екендігін айыра білуі қажет. Ол адам өзі жасаған жердегі аңның өзін де, сырын да білуі керек. Ол аңдар нені сезеді, нені сезбейді, олардың иіс айыруы, бақылау, қарауылдау, күзету, қарау, көру, сезіну, секем алу, сергектігі, мінез-құлқы, тағысын тағылары қай аңда қалай болатынын білетін адам аңкөс болып саналады. Аңкөстер аңның бұғу, қору, қорғалау, қашу, тосқауылдау, бұлтару, із тастау мен т.б. әдістерін білуі шарт. Тіпті, аңның еркегі мен ұрғашыларының, үлкені мен балаларының дыбыстарын айыратын болуы керек. Күн райы, жел боранның, жер бедерінің орайлы-орайсыз жақтарын да мұқият білгені абзал. Айта берсе, бұл таусылмайтын жыр. Аң мен аңшы арасындағы аңдысуды айтып бітіруге болмайтын, бәрін біліп болмайтын сырлар өте көп. Бірақ осының бәріне мән беретін адамды қазақ халқы аңкөс адам дейді.

Аңшылық - аң аулау кәсібі, аң аулауды күн көрудің көзі етушілік, тәтті етін, қымбат терісін, мамық, жүн, қауырсындарын, мүйізі мен тұяғын, тісі мен сүйегін және басқа қымбат заттарын алып дүние мүлік жинауды кәсіп етушілік.

Бүркітші - бүркітті ұстай білетін, аттылы-жаяу алып жүретін, аң мен құстан "орташа сауаты" бар адам. Жалпы алғанда, бүркітші - қолына бүркіт ұстап аңға шыққандардың тұтас ұғымы. Ал, оның ішінде бапкер де, саяткер де, құсбегі де, жай қатардағы бүркітші де бола береді.

Қағушы. Бүркітші қашанда биікті алып, бір тұрғыдан томаға тартады. Егер айналада жортқан, қашқан аң көрінбесе, бүркіт бет алды ұша бермейді. Ал, аңшылардың дыбысын, иісін, аяқ сарынын бұрын сезген түлкі болса, сол жерде бұғып жатып қалады. Немесе қашып барып, паналы жерді қорғалайды. Биікте тұрған бүркітші мен бүркітті көрген соң, ол жерден қумасаң шықпайды. Осындай жағдайда төңіректегі сай-салаға, жықпыл-жықпылға адам барып айқайлап, тебінгі қағып, дыбыстап, бұғып жатқан түлкіні қуса бүркіт соған ұшады. Қолында бүркіті жоқ, бүркітшілерге қолқанат болып жүргендерді қазақ аңшылары «қағушы» дейді.

Салбурын. Аң аулау маусымы кезінде аңшылар аңы мол жерге сапар шегеді. Сартабан, сарытұғыр, арқалы құр, жақсы ат, қыран бүркіт, түзу мылтық бәрі сайланады. Аңкөс аңшылар, бапкер, құсбегілер, білгір саңлақ саятшылар, құралайды көзге атқан мергендер, аңқұмар қағушылар, елгезек атшы-қосшылар бас қосады. Олардың ішінде әнші, күйші, жыршылар да болады. Олардың саны шектелмейді. Бір топта 10-15 бүркіт, 20-30 адам болуы мүмкін. Бұлар күндіз жан-жаққа аң аулап кетеді де, кешке бас қосады. Бір жағы күндіз аулаған аң терілерін дұрыстап жатса, екіншілері аң еттерін табақ-табақ, қазан-қазан етіп асып жатады. Қысқасы «сен же, мен же» болады. Ат-көлік отқа қойылады, бүркіт бапталады. Қай бүркітті қалай күтімге алу керектігі жастарға үйретіледі. Түрлі ертегі, әңгімелер айтылып, ән-жыр тыңдалады, тоғызқұмалақ, дойбы, асық ойындары ойналады. Бұл әр күні әр түрлі өріс алады. Өте көне тарихтан келе жатқан әр жылғы қыс маусымында жасалатын осы саятшылықты қазақ халқы «салбурын» деп атаған.

Соның ішінде құс салу ерекше бір түріне жатады. Құс аңшылығының ерекше, ең игілікті түрі – бүркіт салу болып есептеледі. Бүркіт салып қарнын тойғызған, тұрмыстарын жақсартқан, алдына мал салып байыған, сән-салтанат құрғандар көп болған. Қазақ құсбегілері қаршыға тектестердің молдығына қарамастан тек олардың қырандығына қарай жіктеп, қаршыға, тұйғын, қырғи, мықы сияқтыларды ғана пайдаланған. Қазақтардың ертеден мән берген аңкөстіктің бір саласы қырандар тобын пайдалану болып табылады. Қазақ құсбегілері қырандарды екі топқа бөледі.

І. Қара көздер тобы: бүркіт, ителгі, лашын, сұңқар, қарақылыш, бидайық, тұрымтай, жағалтай.

ІІ. Шегір көздер тобы: қаршыға, тұйғын, қырғи. Қырандарды аң аулау әдісіне қарай іліп алатындар және теуіп алатындар деп екіге бөледі. Аса білгір құсбегілер қырандардың түсі-түгіне, түр-тұлғасына, сүйек бітімі мен келбетіне, мінез-сезіміне қарай: қаршыға, тұйғын, қырғиды – бір, сұңқар, ителгі, жағалтайды – бір, лашын, бидайық, тұрымтайды – бір текке жатқызады да, бүркітті өз алдына жеке тек деп атайды.

Қаршыға – өте батыл, өте жыртқыш құс. Қаз, үйрек, ұлар, дуадақ, қырғауыл, құр, саңырау құрдан бастап торғай тұқымдасқа дейін ала алады. Аңнан – ақ қоян, көкше қоян, тиін, тышқан тұқымдастарын ұстайды. Сиректеу болса да түлкі, қарсақ алатындары болады. Құсбегілер қаршығаны өз ішінен – шәулі қаршыға, қара қаршыға, ақ тұнжыр, сырғақ деп бірнеше түрге бөледі.

Лашын, сұңқар ителгі, жағалтай, тұрымтай сияқты бес түрін қазақ құсбегілері сұңқар тектестерге жатқызады.

Балапан – жұмыртқадан шыққан балапан, ақ үрпек балапан, қауырсындары қатпаған балапан, темір қанат балапан, ұшпаған балапан, жетілмеген балапан болып кете береді. Ұядан алынған балапанды қол бала, тор құрып ұстап алған бала-панды «түз балапан» дейді. Кейде бір жұмыртқадан егіз балапан шығатын кездері де болады екен.

Қазақ аңшылығында үйретілген иттердің де орасан орны бар. Итті адам баласы қай кезде асыранды еткені белгісіз болса да, үй хайуандары арасында адамға иттен етене жақыны жоқ шығар. Сондықтан болар – «ит – жеті қазынаның бірі», «ит – жеті ырыстың бірі» деп атауының өзі осы қасиетіне қарай айтылған болар. Ит – күзетші, ит – бақташы, ит – абашы, ит – дыбысшы, ит – қорушы, ит – ес, ит – айбар, ит – жолдас, ит – ырыс сияқты кәделі сөз тіркестері көп айтылады. Ит төңірегінде айтылатын оқиғалар, әңгімелер мен аңыздар, әфсана, мифтер толып жатыр.

Барақы иттердің ішінен – салқам төбеттер шығады. Салқам төбеттер ит-құстан көп тайсала бермейді. Мал күзетінде қасқырға тайсалмай қарсы тұра алатын осы салқам төбеттер. Тақырлардан – тазылар таза қандылығына қарай – құмай, құмай тазы болып бөлінеді. Тазылар – ит тұқымдары ішіндегі тек аңшылыққа ғана бейім ерекше тұқым болып есептеледі.

Сайлау АБАБҮКІРОВ,

зейнеткер

Арал ауданы

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 30    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.