Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

І.Жансүгіровтің «Жетісу өлкесін орыстың алуы» мақаласының мәні

 

Ұзақ уақыттар бойы отандық тарихтың ақиқа-тын айту, айғақтау, ашу бағытындағы зерттеу еңбек-терге тосқауыл қойылып отырғандығы аса мәнді тарихи фактілерді ұрпақ зердесінен тыс қалдырды.

Соңғы кезеңде айналымға түсіп отырған деректік тұрғыдан маңызды зерттеулердің бірі   Ілияс Жансүгіровтің "Жетісу өлкесін орыстың алуы" атты мақаласы. Араб қарпімен жазылған мақала қолжазбасын ҚР Орталық мемлекеттік қорынан І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің "Ілиястану" ғылыми-зерттеу орталығының мамандары қазіргі жазуға көшіріп, баспадан шығарды.

 

Әдеби шығармашылықта барлық жанрда көр-кемдік қуаты мығым туындылар жазған дүлдүл дарын Ілияс Жансүгіров   өз уақытының өзекті  мәсе-лелеріне де қызу араласқан қайраткер тұлға. XX ғасырдың 20 жылдарындағы ұлт зиялысының қай қайсысының да бойындағы көпқырлылық, заман талабына орай шыңдала түскен әмбебаптық Ілиясқа да тән еді. Кенжелеу қосылғанымен аз ғана жылдар ішінде ол өзінің  ұлттық сөз өнеріндегі эпикалық дәстүрдің озық үлгілерімен дамытқан әйгілі поэма-ларын жазды.  Көркем аударма жасады. Әдебиет тарихын зерттеуде,  Абайтануда ғылыми негізді еңбектерімен қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасып, дамуына қатысты.

Сан қырлы таланттың атқарған, араласқан қыруар шаруасының бірі оның қазақ тарихына қатысты деректік, құжаттық негізде зерттеу жүргізгендігі екендігін енді-енді біле бастадық. Бұл - заманалық тұлғаның елінің игілігі үшін жасаған және бір қайырлы еңбегі.

Кішкенеден құйма құлақ болып өскен, кейін сауат ашып, оқуы кешеуілдегеніне қарамастан таңқаларлықтай құштарлықпен білімге ден қойған  І.Жансүгіровтің аталған мақаласы Жетісудың Ресей патша үкіметінің қарарына өтуін нақтылы тарихи жағдай, Жетісуды қоныстанған қазақ руларының XIX ғасырдың орта тұсындағы хал күйі туралы толымды, егжей-тегжейлі сипаттаулармен басталады.

Жетісу жерінің сол бір уақыттарда бөлшек- бөлшек болып қалған жайын еміс-еміс болжа-ғанымызбен Ілияс Жансүгіровтың аталған мақаласында жүрекке салмақ салар ауыр ақиқаттар қамтылғанын сезіндік. Бір қиыры Қытайға өткен, бір өңірін Қоқан билігі талаған, бір аумағы екпіндей жеткен Ресей әскерінің иелігіне өтіп, "қырық ру" болып бөлінген, жері тілім-тілім, тулақша талапайға түскен ел күйі соншалықты ауыр, шер, арпалыс заманымен бой көтерген осы көлемді мақалада мұрағат құжаттарымен салыстыра зерттеуді міндеттейтін, сол арқылы замананың кейінгі ұрпаққа бүркемеленіп, буалдыр күйде жеткен тарихи ахуалын ұғына түсуге септігін тигізетін мәнді, елеулі жинақтау, пайымдаулар бар. Бейтарап баяндалғандай тарихи фактілердің астарындағы қисапсыз қасірет, ұлт тарихының бұлт торлаған қаракөлеңке шақтарын Ілияс Жансүгіровтің жүрегінен өткізіп жазғанын, жаны қан жылап отырып баяндағанын сезінеміз.

"Қоқан қазаққа да  киіп жарып өкімет бола алған жоқ. Елі алым төлесе де, ішкі жұмысында өзі қожа еді. Қоқанның қолынан келгені елдің арасында жік салып, ру барымтасын қоздырып, түбі тоздырып алам ба деген ойы еді. Сондықтан Қоқан хандығы Іленің сол жағын қоныстанған Ұлы жүзді Іленің оң жағындағы Орта жүзбен ұстастырды. Арасына от салды. Неше аттаныс, жортуылдар болды. Жетісу тарихында көрнекті орын алған "Үрістем  қырғыны" осы Қоқан саясатының жемісі еді. Өйткені Іленің суағарынан солтүстікке қарай жатқан ел Қытайға қарайды деп есептелетін еді. Бұрын Жоңғарға қарап жүрген қазақтар Жоңғарды  Қытай алғанда... Қытайдікі болып шықты".

Мақалада сол тұста қырық бөлшек болып талан-ған Жетісу өлкесіндегі әркелкі билік жүйесі туралы толымды мағлұматтар қамтылған. Келешек түбегейлі  зерттеулер үшін қажетті деректер мол. Дәуірлік дүбірлердің тарихи алғышарттарын егжей тегжейлі баяндаған Ілияс Жансүгіров қазіргі отандық тарих ғылымы ескеріп отыратын деңгейдегі жинақ-таулар мен саралауларға түпкілікті пайымдаулар жасайды. Көшпелі елдің құрылымдық, тұтастық қалпындағы рулық, ақсақалдық институттардың біртіндеп ыдырауындағы ықпалды билік жүйесі туралы ой толғамдарындағы тарихи ұстаным, пайымдау өресі назар аударады. Кеңестік кезең идеологиясындағы шетжағалап, қарайлап қойып айтқанның өзінде ішінен алып зерделеген сұңғыла пайымы бөлек көрінеді.

"Қазақ ол кезде руға бөлінген, ақсақалға жүгін-ген, мал баққан көшпелі ел еді. Көшпелі қазақтар шаруа түрін Ресейден келген сауда айырбасына, тауар алыс-берісіне табан тіресе алмай, әлсіреген кезі еді. Қазақ ішінде бектің бір түрі де бар еді.  Хандар, төре, сұлтандар, ақсүйектік, қара бауырлық, төлеңгіт дейтін сойлар - сол бектік  құрылыстың бұтақтары еді. Бірақ бұларды жалпы қазақтың күшті қоғам түрі деуге болмайды. Қалың ел, көпшілік көбінесе аламан, ақсақалшыл дәуірде еді. Ескі билер, ақсақалдар, батырлар, ру басылары болатын. Ру мен бектер ашық, жабық аянбай тартысты. Ру құрылысын жаныштап, жарыққа шығатын бектік дәуірі қазақта қанша танылғанымен дәуірлей алмады. Өйткені оған қазақтың көшпелі түрі, өрісті, мал шаруашылығы, ру құрылысының күштілігі мойынсұнбады. Сондықтан қазақ ішіндегі әлсіз бектік құрылысы өзін көтеру үшін орыс өкіметіне қол артты. Ханы, төресі, сұлтаны орыстан шен шекпен алып, қазаққа орыс күшімен үкім етпек болды. Қазақ даласына тамыр жаю үшін орыстың сауда капиталы саяны қазақ ішіндегі бектерден тапты.  Аға сұлтан, төре сұлтандар  ауылдарына орыс саудагері малын сақтап, қойға салған Ащының науасындай құйылды. Орыстың саудасын қазақ даласына кіргізуге мұрындық болды. Орысқа "бағынамын" деп уәде бергендер қалай да қара қазақты орыс үкіметіне қарауға, орыс саудасын таратуға  үндеді. Елдің орысқа шабатын шабуыл-дарына іріткі болуға, орыстың түскен қалаларына көмекші күзетші болуға қайрат қылды. Сауда керуендеріне жәрдем беріп, оларды қазақ даласына аман-есен өткізіп, Қытаймен, Орта Азиямен тұ-тастануына көмегін көп көрсетті".

Ілияс Жансүгіров  қазақ мемлекеттілігінің  тари-хына қатысты терең саяси-әлеуметтік, экономи-калық зерттеулерге негіз боларлық бастамашыл ойларды сол уақыттың өзінде биік қоғамтанушылық өремен айтқан.

"Кешегі Абылайдан кейін қазаққа белгілі, көпті бауырлап билеген хан болған жоқ. Қазақтың тұтас өзін билеген дәуірінің аяғы Абылай деуге болады. Одан кейінгі бектік талабы бытыраңқы болды. Әр төре, әр хан қазақтан өзіне бөлек үйір салып, жеке бек болмақ ниетінде болды. Әр жерде "алдияр" молайды".

Ілияс Жансүгіров Жетісудағы Ұлы жүз, Орта жүзді орысқа бағындырған, өздерін елге "сұлтан" болдық деп санаған төрелерді түгендеп, атап шығады.

Садыр төресі - Бөлек,

Матай төресі - Қарақ, Жанбөбек, Жәңгір.

Ұлы жүзде: Жалайыр төресі - Сөк.

Албан-Суан төресі - Тезек, оның інісі Әбілейіс.

Үйсін, Шапырашты, Дулат төресі - Әділ.

Хандық биліктің жойылу себептері, жөндері тұрғысында нақтылы алғышарттар мен іс-әрекет-терге тұтас қазақ өлкесіндегі ахуал арқауында көз тоқтатып, мән-жайға баға беріп, төрелік айтып отырып, автор біртіндеп өзі көтеріп отырған мәселеге   Жетісудың орысқа қарауындағы шешуші факторлар мен  фактілерге бұрылады.

 "1818 жылы Қаратал мен Іленің ортасында көшіп жүретін Жалайыр төресі Сөк Абылайханов Қоқан хандығының қол астынан шығуға талпынып, Қытай-дан көмек ала алмай, орысқа 55 мың жанмен қара-дым деп ант ішеді, қағаз береді. Қоқаннан қорға-нуға Ресейден көмек сұрайды. Сөктің ұсынысын орыс патшасы қуаныш-құрметпен қарсы алады. Бір жағы Қытай, бір жағы Қоқанның қолтығыңда жатқан жалпақ елдің ортасының ойылып, орысқа қараймын дегені орасан олжа болады. Сөкке 8-кластың шенін сыйлайды. Сөктің қасындағы рудың бастықтарына да әртүрлі награда береді. Қаратал бойынан қазына ақшасына үй, мешіт салуға жарлық болды. Сөкке әскер жәрдемін беруге жарлық болды. Бірақ бұл жарлықтар қазақ даласына жаңа закүн шығумен қарбалас болып, іске аспай, біраз созылады. 7 жыл өткен соң, 1825 жылы Қаратал бойына орыс отряды жіберіліп, үй салынады".

Сол тұста Қытай жағы жер біздікі деп, Жетісуда орыстың орнығуы сәл іркіліс тапқанымен, саудасы біртіндеп Жетісуға аяқ баса бастайды. Орта жүздің Жошыұлы Сарт атты төресі Батыс Сібір генерал-губернаторына Аягөз маңайында окружной приказ ашуға тілек қылған.

1831 жылы Аягөз округі құрылып, Сарт аға сұлтан болып сайланады. Бұл округтік приказдың ашылуы - орыстың Жетісу табалдырығын алғаш аттағаны еді деп түйеді Ілияс Жансүгіров.

Сыбанқұлдың орысқа қарсы шабуылдары, ақыры Қытай жағынан да қысым көріп, қолға түсіп жазалануы, 1841 жылы Томск губерниясында айдауда жүріп өлгендігі, содан соң елдің басылып қалғандығы туралы айтылған деректердің де Жетісу өлкесінің талапайға түсуіндегі себептерді нақтылы атап, саралап өтуімен мәнді.

Билікке ұмтылған Сыбанқұлдың әуелде Қытай жағын арқаланып, орысқа қараған рулармен дау-жанжалда болуы ақыры өзі үшін де, ел үшін де зардапты болған.

"Сыбанқұлдың қолға түсуі елірген елдің жыға-сын түсіреді. Орыс үстемдігін көтереді. Қытайға қарай сырғып көшкен ел өз қоныстарына қайта қонады. Сыбанқұл бастап жүрген рулар орысқа қарауға ұсыныс қыла бастайды. Орыс "ауыл", "болыс" жасауға кіріседі. Қаракерей, Садыр тып-тыныш орысқа қарайды. Бұлардың ішінен болыстар жасалып, сұлтандар тұрады".

Ілияс Жансүгіров Орта жүздің Матайдан басқа рулары бұл кезде орысқа әбден қол қойып, бағынып орныққан кезі еді дейді.  Ел басынан өткен дүрбелең шақтарды нақтылы мәнде егжей-тегжейлі тарқата баяндайды.

"Орыс келіп Садырды қаратып жатқан кезде Лепсі мен Қаратал арасын мекендеп жүрген Матай деген ел орысқа қарамас үшін Ілеге қарай үркеді. Бұлардың ішінде Қоқан қолының жүздей адамы болады. Медведьев бастаған орыс әскері бұларды Қаратал мен Көксудың арасында қуып жетеді. Қазаққа орыс кісі салса да ел көнбей, орысқа қазақ соқтығады. Қоқанның туы қолында, казақ-орысқа Ташкен адамдарының бастығы қазақты бастап қарсы шықты. Әскер мылтық пен зеңбірек атады".

Мақалада сол кезде зеңбірек оғы бір қазақтың басын жұлып әкеткенінде ел ішіне тараған өлең жолдары келтірілген.

Әрияайдай, арбаның дөңгелегі,

Кейін қалды ауылымның бір бөлегі.

Кейін қалмай қайтеді бір бөлегі,

Шыдатпады кәпірдің зеңбірегі.

Сол күндерде орыс әскері қоқандықтармен алғаш түйіскен.

Әрі қарай да зерттеуде көп тарих баяндалған. Үріккен елдің жансауға іздеп, бірде Қытайға, бірде Орысқа, бірде Қоқанға баруы, өз басын өзі байлап бергендей кіріптарлыққа түсуінде алатайдай бүлігіп, руаралық қырқысудың да кесірі аз болмағанын аңлаймыз. "Бас-басына би болған өңкей қиқымның" Абай айтқан "ел сиқын бұзуы" ойға келеді...

"Матай осы үріккен бетімен осы күнгі Матай тауы атанған жердің маңайында болыпты да, бірақ Матай өздері кезбас болып екіге бөлініп, бірін Күлшан Тастанбек бастап, бірін Қыдыралы Тәнеке бастап, екеуі екі жаққа тартады".

Мақалада қазақтың өз алдына тұтас жұрт болған ұйытқысы бұзылған соң жартысы орыс, жарымы қоқанға қараған тұстағы тарихта "Рүстем қырғыны" аталып қалған руаралық ірі шабыншылық жайы да ақиқат деректер ауқымында баяндалған.

"Кенесары Қасымұлы бастаған азаттық күрес тарихын толықтыра жазуда ескерілуі тиіс деректер назар аударады. Кенесары барлық қазақ руларының басын қосып, жеке мемлекет жасауға талпынды... Ол қазақтың не орысқа, не сартқа, не қытайға қарауына разы емес еді. Ташкенмен де жау еді...

Кенесары осы жөнмен кейде Сібірде, кейде Орынбор даласының маңында он жылдай ашық көтеріліс, жорықтар жасап жүрді".

Бұл еңбектегі деректер қазіргі қазақстандық тарих ғылымында қаншалықты айналымға тартылып  отырғандығы   бір мәселе. Мақаланың  келесі бір өзектілік өрісі Жетісудағы осы бір тарихи кезең туралы әдеби шығармашылықтағы көрініс табуы.

Ілияс Жансүгіровтің осы зерттеуі, Жамбыл жырлаған Сұраншы батыр, Саурық батыр туралы дастандардың азаттық күрес тарихындағы мәні, әдеби мұрада сақталған. Әдеби мұрада сақталған Жетісу тарихына тиісті деректер тұрғысында арнайы зерттеулер жүргізілуі отандық тарихтың елеулі кезең-дері туралы ғылыми танымды байытуда қайырлы бір іс болар еді.

Сия сауыт, қаламсыз,

Дәптер, кітап, қағазсыз

Ой қозғаған домбыра,

Сөз қозғаған домбыра.

Болған кезде Жамбылдың

Домбырамен жазуы -

Жырланып еді осы жыр.

Жырламаймын десем де

Ел тілегі қоймады:

Таудан құлаған тарғыл тас,

Тарығып шығып көзден жас,

Кыспақ заман кездесіп,

Қайғы басып қарындас,

Тарыққанда сүйенер

Ел батырын ойлады,

Ойламасқа болмады.

Қабағы түсіп қамығып,

Батыр ұлын сағынып,

Ескіні еске түсіріп,

Жырым еді сондағы.

 

"Зар-заман" деп ат қойған,

Зарланған халық сонан ғой.

Зарлануы халықтың -

Шектен асып ушықты.

Айдаһар жұтып аюды

Шоңбас жеді шымшықты.

Лек-лек солдат айдатып,

Мойнына шекпен байлатып,

Оралдан өрлеп Алтайға

Алуға патша ынтықты.

Садақ тартқан қазаққа

Түтіндетті мылтықты,

Ертістен өтіп, жоғары

Жетісуға қол сұқты...

 

Бұрынғы қожа Құдияр

Қазанатын мінісіп,

Қомпаң-қомпаң желісіп,

Жағасыз көйлек киісіп...

Ел тарихын түгендеуде, оның әдебиет тарихын-дағы ықпалды шығармашылық өріс түзгендігін бағалап саралауда зер салып зерттейтін елеулі мін-деттердің бағытында Ілияс Жансүгіровтің "Жетісуды орыстың алуы" зерттеуі айрықша мәні бар еңбек.

Айман Айтбаева,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ доценті

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.