Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Мұстафа Шоқай және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

 

Белгілі жадитшіл ағартушы Қоңырқожа Қожықов Қазақстан мен Түркістан аймағында болған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу үшін жіберілген жазалау отряды мен орыс мұжықтарының мейірімсіз және айуандық іс-әрекеттерін Түркістан генерал-губернаторы Куропаткинге баяндап жазады. Сонымен бірге Ташкентте эсер В.Чайкиннің редакторлығымен шығып тұрған "Голос Туркестана" газеті редакцияның ұсынысына қосылып, Түркістанға Ресей Мемлекеттік Думасы мұсылмандар фракциясының уәкіл­дерін шақырып, көтерілістен кейінгі репрес­сия нәтижесімен танысуды талап етеді. Осыған байланысты 1916 жылы Түркістанға келген Тевкелеев, Керенский, Шоқаевтарға Қ.Қожы­қов жазалау отрядының мейірімсіз және айуандық іс-әрекеттері туралы бар құжаттарын тапсырады [Бәкірұлы Ә. Мұстафа Шоқай әулетінің қуғынға ұшы­рауы //М. Шоқай. Таңдамалы шығар­малар. Үш томдық 3-т.- Алматы: "Қай­нар".-2007. - 336-375 бб.].

 

Патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы әділетсіз жарлығының қасіретті зардаптары осындай болды. Ресей либерал-демокра-тиялық қозғалысының өкілдері 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы шығуының ең басынан-ақ оның заңсыз екенін көрсетіп, егер бұл әділетсіз жарлық жүзеге асырыла бастаса, халық толқуларының пайда болуы анық екенін ескерткен еді. 1916 жылы шілде айында-ақ мұсылмандар, кадеттер мен трудовиктер фракциясының өкілдері болып табылатын Мемлекеттік Дума мүшелері Ішкі істер министрлігі мен Әскери министрлікке жар-лықты жүзеге асыру шарттарын дереу анық­-тауды талап еткен болатын. Бірқатар депу­таттардың сауалдарын талқыға салған Мем­лекеттік Думаның мүшелері патша жарлығын жүзеге асырудың заңдылығы мен мүмкін­діктері және зардаптарын мәселе ретінде қарастырады.

1916 жылы тамыз айында Мемлекеттік Думаның депутаттары А.Ф.Керенский мен К.Б.Тевкелев өз фракцияларының тапсыруы-мен Түркістанға барады. Комиссияның құра-мында мұсылман фракциясының бюро мүшелері М.Шоқай мен Ш.Мұхаммедияров та бар еді.

Бұл туралы М.Шоқайдың зайыбы Мария Яковлевна өз естеліктерінде былай дейді: "М.Шоқайды мен 1916 жылдан бері танитын-мын. Сол жылы тыл жұмысына қарсы қазақ-тардың көтерілісі болды. Көтеріліс басыл-ғаннан кейін Түркістанға Петербургтен Мемлекеттік Думаның мүшесі А.Ф.Керенский мен сенатор Тевкелев бастаған тексеру комис-сиясы келді. Мұстафа Шоқай да осы комиссияның құрамында тілмаш болатын. Осы комиссияның Түркістандағы тексеру жұмыс-тары кезінде Мұстафа Шоқай бірнеше рет біздің үйге келген еді". Мемлекеттік Дума-дағы трудовиктер фракцияның жетекшісі А.Ф.Керенский қазақ даласында болып жатқан оқиғаларды орыс тарихының масқара беттері деп сипаттама береді. Ол бұл оқиғалар туралы былай деп мәлімдеме жасайды: "...25 маусым-дағы жоғары патша жарлығын ...жариялау және жүзеге асыру кезінде Ресей империясының негізгі және негізгі емес заңдарының бәрі қаншалықты мүмкін болса соншалықты бұзылған" [Гейнс А.К. Собрание литературных трудов. - СПб.: Тип. М.М. Стасюлевича, 1897. - Т.1. - с.117].

Осылайша Керенский Түркістаннан Петербургке келгеннен кейін Мемлекеттік Думада түрік мұсылмандардың мүддесін қорғап сөз сөйлеп, онда "бұратана халықтардың еңбекке жарамды жастарын майданның қара жұмысына жаппай алу дұрыс емес, оларды өз жерінде пайдаланған дұрыс" деген. Деректер бойынша Мемлекеттік Думада бұл мәселе қайта қаралып, бұратана халықтардың әскерге шақыру жасына іліккендерге көптеген жеңілдіктер жасалынған.

Мемлекеттік Думаның 1916 жылы 13 желтоқсандағы жабық мәжілісінде Түркістан өлкесінде болған оқиғалар талқыға түсіп, мәжілісте баяндама жасаған А.Ф.Керенский Түркістан өлкесінде 1916 жыл ойранын ұйым-дастырған және бастан аяқ "бұл іске жауапкер тек патша өкіметі" деген тұжырым жасап, "кінәсіз ондаған мың адамды өлімге душар еткен" отарлық жүйені өзгертуді, Түркістанды басқаруда жергілікті халықпен санасатын жаңа тәртіп енгізуді күн тәртібіне қою керектігін ұсынған болатын [Бартольд В.В. Туземцы и русская власть. Сочинение. - Москва: Наука, Т.2. 1963. - 189 б]. Белгілі қайраткердің бұл мәлімдемесі Түркістан өлкесіндегі отаршыл билік жүйесінің терең дағдарысқа ұшыра-ғандығын Мемлекеттік Дума мінбесінен ашық мойындаудың өзі болатын.

Керенскийдің түркістандықтарды Мемле-кеттік Думада қорғап сөйлеуінде М.Шоқай-дың ықпал етуі мүмкін еді. А.Ф.Керенскийдің қазақ даласына жасаған сапарына кезінде М.Шоқай былай деп анықтама берген болатын. Ол Керенскийдің Ресей империясының билігіндегі орыс емес ұлттар арасында өзіндік орны бар адам дей отырып, былай дейді: "Кезінде ол біздің ата мекеніміз Түркістанда едәуір беделге ие еді. Оның 1916 жылы Ресей Мемлекеттік Думасы Мұсылман фракция-сының басшысы марқұм Құтлұғ Мухамед мырза өкілмен бірге Түркістанға жасаған сапары, Ташкент, Әндижан және Ниһайат-тардағы, мемлекеттік Дума мінбелерінен патша өкіметі саясаты туралы Түркістанда дүрбелең тудырған себептерді айтқан сөздері Керенскийдің атын тек Түркістанда ғана емес, Ресейдің күллі түріктер қоныстанған аймақтарына белгілі етті. Ол кезде патшалық Ресейдің астында езіліп жатқан біздерге Керенскийдің революциялық тұлғасы үміт жұлдызындай көрінген еді. Мен Керенскийдің Түркістан сапарына марқұм Құтлұғ Мәмет мырзамен бірге болдым. Сол кездегі Керен-ский сөздерінің жалпы мазмұны ғана емес, тіпті кейбір тұстарының нақтылы мәтіндері де әліге дейін менің есімде. Егер жаңылмасам, 1916 жылы 22 тамыз күні Керенский Әндижан-дағы Жәмиғат мешітінің ауласында түркістан-дықтар мен орыстардың достық, адамгершілік қатынастарына арнап дұға бағыштатқан болатын" [Шоқай М. Таңдамалы. Алматы: Қайнар, 1998. 104-105 бб].

М.Шоқайдың Керенскиймен бірге қызмет істеуі оның іс жүзінде мұсылмандық және түрікшілдік идеяларды қолдауына алып келді және отарға түскен түрік тілдес халықтардың азаттық күрес бірігу қажет екенін түсінді. Жалпы, М.Шоқай Керенскиймен тығыз байланыста болған. Оны Қазақстанның Саяси Бас Басқармасынан табылған құжаттан көре аламыз. Онда былай делінген еді: "Мұстафа Шоқай ...кейін Уақытша Үкіметті басқарған Александр Федорович Керенскиймен бірге оқыған. Гимназияны бітіргеннен кейін екеуі де Петербургтегі университеттің заң факульте-тінде оқиды. Сол кездері Шоқай мен Керенс-кий тұңғыш рет революциялық ортамен жүздесіп, социалист-революционерлердің бағдарламасын қолдаған. Империалистік соғыстың бас кезінде Керенский Ресейде қалса, Шоқай Ташкентке келіп, қазақ зиялы қауым өкілдерін біріктіруге күш салады [Бәкірұлы Ә. Мұстафа Шоқай. - Алматы: Бастау, 1997. - 98 б]. Мұстафа Шоқайдың сая-си көзқарастарының өткірлігі сонда, Керенс-кийдің өзі Мұстафа Шоқаймен саяси тақырып-тарға ашық сөйлесетін. Ол туралы Мұстафа: "...мен және Керенский 1916 жылғы қарашада өз үйінде біздің дала қазақтары мен өткізген бір сұқбатын есіме алып отырмын. Торғай уалаятынан келген өкілдер түркістандық-тардан алынатын жұмысшылардың орнына он мың ат бергісі келетіндіктерін, осыған өкімет-ті көндіру үшін Керенский екі арада жүруін өтінген еді. Сонда Керенский оларға: "Мен сіздерге мынадай кеңес бергім келеді. Орыс үкіметіне сенуге болмайды ол сіздің жылқы-ларыңызды алады да, одан соң жігіттеріңізді жұмысқа жегеді"-деген болатын [[Шоқай М. Таңдамалы. Алматы: Қайнар, 1998. 105 б]. Міне, Керенскийдің патша үкіметінің отар-шылдық саясатын бүркемелей ашық айтуының өзі Мұстафаны қадір тұтатынын көрсетеді. Мұстафаның Керенскиймен арадағы байла-ныстары, оның саяси көзқарастары мен ұлттық тәуелсіздік туралы идеялары кеңейе түседі.

Асылхан Асуатов,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.