Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Мәдениет мектебін қалыптастырған жан

 

...Ұлттық әдебиетімізді майданға шығармақ үшін, ең әуелі, өз тұрмысымызды білмегіміз, үйренбегіміз, ел аузындағы әдебиетімізді жиып, тәртіпке, белгілі сарынға салмағымыз, өз жұртымызды әр жақтан білмегіміз керек. Бізге ұят: халқымыздың бай әдебиетін, оның ертегілерін, мақалдарын, күйлерін, жырларын білуге, жинауға құштарлығымыз жоқ. Егер халық аузынан жазып бір жерге жинасақ, оларды тәртіпке салсақ, әдебиетіміз, ғылымымыз үшін бір пайда шығара алатын кісілер табылып қалар еді...

 

Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың бұл сөзін ұлттық рухты жандандыру, ұлтты қайрау деп түсінген дұрыс шығар. Арғы-бергі тарихымызды таразылап, өткенге көз салатын болсақ, ұлт зиялыларының ұлтты оятудағы мүддесін айқын аңғаруға болады. Кемелдікке жетудің қадамы білімнен басталатындығы күні бүгінге дейін айтылып келеді, айтыла береді де. Ал, ағартудың жолы кемелдікке, кемелдік кеңдікке жол бастайды. Бұл ретте сананы оятып, рухани күш беруде кітаптың берері мол. Расында, өткен мен бүгінді сабақтас-тырып, елден-елге жеткен халық мұраларын сақтап, оны кейінгі буынға насихаттау тек кітапханашылардың міндеті деп емес, тұтас елдің міндеті деген көзқарас орнауы қажет.

ХХІ ғасыр руханият, мәдениет, ақпараттық дәуірдің шағы. Ал, ақпараттың басты қайнар көзі - кітапта екенін көзіқарақты оқырман жақсы біледі. Дамыған елдердің қай бұрышына барсаңыз, кітап мәдениетінің биік деңгейге жеткенін байқайсыз. Себебі рухани байлық мәдениеттің өлшемін таразылайды. Сондықтан руханият саласының өзекті мәселелерінің бірі кітапханалар жағдайынан айналып өте алмай-тынымыз шындық.

Материалдық құндылық алға шыққан уақытта руханиятты әлсіретіп алмау қажет. Қоғам көзқарасынан тыс өмір сүру мүмкін емес. Ел ішінде жүріп кітапхананың жағдайына мән берудің бүгіні туралы көп айтыла бермейді. Әсіресе, аудан тарихының өткені сақталатын аудандық кітапханалардың әлеуеті қаламға арқау етілмейді. Осы себепті біз журнал оқырман-дарына мәдени-ағарту ордасы саналатын Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне арнайы тоқталуды жөн көрдік.

Әлімсақтан тамыр тартсақ, аудан тарихында кітапхана ісінің толыққанды белең алуы сонау 1962 жылдан бастау алады. Сол жылдарда кітапхана аудан халқына ақпараттық қызмет көрсетіп, ағарту саласында жемісті жұмыс жүргізді. Міне, осы уақыттан бері аудан орталығы мен барлық ауылдық кеңестер жанында кітапханалар жұмыс жасап, 1977 жылдан бастап орталықтандырылған кітапхана жүйесі ретінде қызметін бастайды.

Оқырмандарды ел тарихына, мәдениеті мен әдебиетіне, сиясы кеппеген жаңа туындыларға деген қызығушылығын арттырып, рухани мәдениетті көтеруді мақсат тұтқан кітапха-нашылар соңғы жылдары электронды каталогқа уақыт ағынымен көшіп, қызмет жүйесін өзгертуге күш салуда. Бұл оқырманға қажетті кез келген кітапты аз уақыттың ішінде табуына жәрдемін береді. Қала да бұл тиімділігін дәлелдеп үлгерді.

Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұлттық мүдденің қалып­тасуына, рухани құндылықтар мен иман­дылықты жете бағалау және тарихты тану мен мәдениеттің артуына бағытталған игі істері мол. Қазіргі таңда кітапхана жүйесінде 538320 кітап қоры сақталған. Алуан түрлі кітаптарды оқуға келетін кітапхананың 27547 оқырманы бар. Әлбетте, талғамы әртүрлі оқырман түрлі жанрдағы кітаптарды оқуға мүмкіндік алып отыр.

Соңғы жылдары билік тарапынан кітапханаға көңіл бөлініп, толымды тірліктер атқарылғанын естіп те, көріп те жүрміз. Айталық, 2016 жылдың тамыз айында Шиелі кенті, Дәулеткерей көшесіндегі "Шапағат" емханасының ескі ғимараты қайта жандандырылып, мердігер "Нұр-Талап и К" ЖШС арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, осы ғимаратқа "Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" көшіріліп, кітапханашылар қызмет жұмысын жанданған ғимаратта жалғастырды.

Кез келген қызметті білікті кадр алға сүйрейді. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 32 кітапхана қызмет көрсетеді. Оның 26-сы ауылдық кітапханалар, 6-ы аудан орталығында орналасқан. Жүйеде әдістемелік бөлім меңгерушісі Н.Рысбек, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ұ.Нұрмағанбет, аудандық балалар кітапханасы-ның меңгерушісі Ұ.Ешмаханова, кітап қоры бөлімінің кітапханашысы Қ.Қалдыбаева, бас есепші Р.Ержан, суретші-безендіруші Р.Ыбраев, кітапханашылар - Г.Серікбаева, Р.Нұрекеева, Н.Махмудова, М.Ержан, Г.Қоңыратбаева, С.Сәрсенбаева, Ә.Рахымбекова, А.Садықова, Н.Жұманазар, Ә.Ермағанбетова сынды мамандар жемісті еңбек етіп келеді.

Бір қарағанда, кітапхана ісі көпке оңай болуы мүмкін. Әсте олай емес. Оқырманды тарту, жаңадан қосылған тың туындыларды таныстыруда кітапханашылар тер төгеді. Біз сөз етіп отырған "Шиелі аудандық орталықтанды-рылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Гүлдана Көпболсынқызы да бұл қызметке бірден келе салған жоқ. Мәдениеттің мектебінен өткен басшы түрлі бағытта - Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында "Әдебиет бөлімінің меңгерушісі" қызметінде, 2005-2011 жылы Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде жетекші маман, кітапхана меңгерушісі ретінде қызметтік баспалдақтардан өткен. Бүгінде директорлық қызметті атқара жүріп кітапхананың даму жолына қолтаңбасын қалдырып келеді. Еңбектің еленгені маңызды. Ал, қажырлы еңбектің құрметін сезініп, марапатқа бөлену мерейіңді үстем етеді. Басшылық қызметтің тізгінін ұстаған Гүлдана Жақыпова қызмет барысында әр жылдары аудан әкімдігінің, облыстық тілдерді дамыту басқармасының, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасы Тіл Комитетінің "Құрмет грамотасымен", аудан әкімдігінің "Ең үздік мемлекеттік қызметкер" номинациясының иегері атанған.

Мекеме директоры Гүлдана Көпболсын-қызының айтуына қарағанда, заман талабына сай цифрлық қызмет көрсету жүйесі кітапхана саласына басымдық беру тың дүниелерді ел назарына шығаруға сеп. Әсіресе, өлкетану жұмысына байланысты шыққан кітаптарды сканерлеп, Ұлттық кітапхананың кітап қорына енгізу жұмыстарын тиянақты орындау күні бүгінге дейін жалғасын табуда.

Биыл ұлттық сананы қалыптастыру, өткен мен бүгіннің рухани сабақтастығын қайта жалғауда мазмұнды жыл десек болады. Себебі Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласындағы ойлар мен межелі міндеттер рухани саланың тынысы ашылғандай әсер берді. Көпке келелі ой салды. Мұндайда елді рухани азықтандыру жолында кітапханаға артылар міндет екі еселенеді. Бұл ретте аудандық орталық-тандырылған кітапхана жүйесінде елеулі жұмыстар бар. Мәселен, Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған "Қара сөзге дес бермеген" тақырыбындағы пікірталас, "Жемқорлықсыз қоғам - жастар таңдауы" атты суретшілер байқауы, "Салтым-асыл қазынам" атты қазақ ұлтының салт-дәстүріне арналған сайыстары мәдени бағыттың дамуына күш салуда. Сондай-ақ, 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап күніне орай Шиелі аудандық орталық кітапханасында "Кітап - даналық қазына" атты оқырман бенефисін өткізу жаңашылдыққа жол бастайды.

- Шығармашылықпен жұмыс істейтін кітапханашыларды анықтау, кітапхана қызметкерлерінің белсенділігін дамыту, кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, кітапханалар мен кітапхана мамандығының беделін жоғарылату мақсатында  "Мамандығым - мақтанышым" атты шығармашылық байқауын өткіздік. Бұл кітапхана қызметкерлерінің жұмысын көрсетіп, қызметкерлерді демеп, шабыт берді,-дейді Гүлдана Көпболсынқызы.

Байқауда 9 кітапханашы байқаудың 4 шарты бойынша сынға түсіп, І дәрежелі жүлдені №1 қалалық кітапханасының кітапханашысы А.Сәрсенбаева, ІІ орынды орталық кітапхана кітапханашысы Н.Махмудова мен "Көкшоқы" кітапханасының кітапханашысы Э.Бектұрғанова, ІІІ орынды Р.Нұрекеева мен Г.Қоңыратбаева иемденген.

Кітапхана - тек қана кітап қоймасы емес, ол мәдениет мектебі. Рухани кемелденудің ізгі жолы бола білген кітапхана талайларға өмірлік азық жинар тәжірибе береді. Ұлт тәрбиелеудің игі мұрат жолында жүрген қызметкерлердің еңбегін елеу, көрсету -  міндетіміз.

А.ҚАРАКЕСЕК

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.