Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

«Қарасақал әулие қорымы» және Айнық (Қарасақал) батыр

 

Кіші жүз шежіресін жазған Қарасақал Ерімбет Көлдейбекұлының шежіресінде Кіші жүз Бекарыстан Алау батыр, Арғымақ туады. Арғымақтан жеті руды таратса, Алау батырдан Алшын жеке туады. Алшыннан Қыдуар тентек. Қыдуар тентектен Қадырқожа (лақап аты Қаракесек), Қыдырқожа (лақап аты Байұлы) екі бала. Қыдырқожадан он екі ата Байұлы тараса, Қадырқожадан Байсары, Әлім, Шөмен үш бала тарайды. Әлімнің бәйбішесінен Жаманақ (Шекті), Қарамашақ (Төртқара), Айнық (Қарасақал) тоқалынан Ұланақ (Қаракесек), Тегенболат (Қарасақал) жеңгелей алған әйелі Кетебикеден Тойқожа (Әлім Кетесі немесе Ақ Кете) барлығы алты бала. Жаугершілік заманда әр рудан, әр елден бірлі-жарым батыр шықса, Әлімұлы Айнық (Қарасақал) руынан Айнықұлы (Қара­сақал) Сарыбас, Бақтыберліұлы Әлібек, Маң­ғытайұлы Құдайсүгір, Құдайсүгірұлы Мырза­келді, Құдайсүгірұлы Еремен (Ремен), Еременұлы (Ремен) Итемген, Еременұлы Қарымсақ, Мырзакелдіұлы Шағырай, Шағы­райұлы Түйебай, Шағырайұлы Жеке, Шағы­райұлы Жауғашар, Жауғашарұлы Ойса, Жанай­ұлы Кәдір, Жанайұлы Сәдір, Итемгенұлы Ақша, Итемгенұлы Бекше, Итемгенұлы Қабылан, Итемгенұлы Жолбарыс, Бекшеұлы Қожа, Бекшеұлы Дабыл, Қарымсақұлы Мерек, Мешітбайұлы Жайық, Пірімбетұлы Тоян, Үсенұлы Байтерек (Бақан), Мамайұлы Байқожа, Сауқым, Тайлақ, Ер Мәулім, Сәдім, Сәтім, Шабақұлы Ұзақ сияқты құба қалмақтарынан, түрікмендерден, Хиуа хандығы басқыншыла­рынан және де басқа жаулардан елді, жерді қорғаған әруақ қонған, қол бастаған атақты батырлар мен Сыр сүлейі атанған Қарасақал Ерімбет Көлдейбекұлы шыққан ру.

 

Қазақ халқының ұлттық атау алған алғашқы кезi XV ғасырда қазақ хандығы құрылып жатқан тұста қазақ пен қалмақ арасындағы соғыс 1520 жылдары басталып, аз ғана үзілістермен 1771 жылдарға дейін созылғаны тарихтан белгілі. Осындай жаугершілік жағдайдағы заманда атақты батыр тұлғалардың рөлі маңызды болғаны анық. Осыған орай "Қазақ Совет эн­цик­лопедиясы" кітаптарына көптеген мағлұматтар бер­ген, 89 жасында дүниеден өткен  шежіреші Қызылбай Қарабалаев (1896-1985 ж.) ақсақал­дың айтқан бір әңгімесінде: "Ертеде қазақ пен қалмақ (негізінде Шыңғысхан ұрпақтары болуы мүмкін Т.Т.) соғысып, барымталасып жүрген кезі екен. Бір күндері қазақтың ханы қалмақтың жиі, тұтқиыл шабуылынан мезі болып, қалмақта кеткен мал-жанын қайтару үшін қол жинап жорыққа аттаныпты. Барса қалмақтар жау келе жатқанын біліп, қорған ішінде тұрып таспен, садақпен атып, қазақтарды қорғанға жолат­пайды. Сөйтіп, бірнеше тәулік қамалды қорша­ғанымен  жауды ала алмай, ханның әскері қайтуға бет алады. Айнық пен Тегенболат өздерінің аздаған сарбаздарымен ханға келіп: "Қамалды алудың бір жолы бар, әскеріңізді бір күнге кідіртіңіз", - дейді. Басқа шарасы таусылған хан келісімін береді. Хан әскері күн бата еліне қайтқан болып, таң қараңғысында аттарының аяғына киізден шұлық кигізіп, Айнық пен Тегенболат бастаған көп қосын қорғанға жаяу еңбектеп келіп, қамал қақпасын балталап бұзып, қалың атты әскерді ішке кіргізіп, қалмақтарды жеңіп, мал-мүлкін олжалап еліне қайтыпты. Ел шетіне келген соң олжа бөлісіпті. Олжа бөлушілер бірінші бөлісті ханға, екінші бөлісті билер мен әскер басыларға, үшінші бөлісті ханның ұсынысымен "қара сақалды екі батырдың арқасында жауды жеңіп, олжа салып отырсыңдар, сондықтан да үшінші бөліс олжаның билігін сол екі қара сақалды батырға беріңдер"-депті. Хан нөкерлері "екі қара сақалды" батырды көрдіңдер ме?"- деп, қалың сарбаз ішінен көп іздепті. Ол кезде Айнық пен Тегенболат қасындағы сарбаздарымен көл жағасында жуынып жатса керек. Хан нөкерлері екі батырды тауып, хан алдына апарып, олжадан үле­сін беріпті. "Айнық пен Тегенболат екі батыр­дың "Қарасақал" атануының мәнісі осылай бол­ған екен" деген әңгіме бар. Айнық пен Теген­болат жауға шапқанда "Аллажарлап" шапса керек, содан Қарасақал руының ұраны "Аллажар" болған.

Айнық өте батыр адам болыпты. Бірде тұтқиылдан жау (қалмақтар әлде Шыңғысхан ұрпақтары Т.Т.) шауып, соғыста жүз адамға пай бермейтін, сауыт-саймансыз, тұсаулы атына жете алмаған Айнық (Қарасақал) батырға "Оймауыт" жеріндегі Жем бойында қапылыста оқ тиіп, қаза тауыпты. Он жас шамасындағы баласы Сарыбасты жау алып кетіпті. Сол кеткеннен Сарыбас қалмақтың Кесеарқам деген жерінде сол елдің батыры бала қылып алып, елу жыл тұрып, үйленіп, Өзен, Өзден, Майлы, Сайлы деген төрт батыр балалы болыпты. Олардың ұрпағы "қазіргі кезде монғол ішінде "Сарыбас" деген ұраны бар, төрт болыс ел бар екен" деген әңгіме бар. Сонымен Сарыбас батырды асырап алған әкесі қара қасқа тұлпарын мініп жаугершілікке жұмсаса, өз баласы, "дорба түбінде келген қазақ қара қасқа тұлпарға мінбейді, оған мен мінемін"- деп таласса керек. "Сарыбас батыр сол елдің үлкендерінен сұрас­тырып жүріп, батыстағы Айнық батырдың баласы екенін біліп, еліне қайтқан екен. Алпысқа келген шағында туған еліне келіп, кәрі шешесі арқасындағы меңінен таныған екен" деген ел аузында әңгіме бар. Келген соң ағайындары үйлендіріп, Бақтыберлі, Была атты екі балалы болған.

"Әлімде алты жүйе, бес шекті көп,

Айтатын әдетім жоқ, сөзімді ептеп.

Екеуі алты Әлімнің Қарасақал,

Ішінде бізді айтады, Сарыбасы",-деп жазған екен шайыр, шежіреші, Сыр сүлейі атанған Қарасақал Ерімбет Көлдейбекұлы. Кейбір шежірешілер Әлімнің алты баласын лақап аттарымен "Шекті, Төртқара, Қарасақал, Қаракесек, Кете" деп бесеуін жазып, алтыншы баланы түгелдей алмай, Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мұхамеджан Тынышбайұлының жазған шежірелеріндегі Шөмен баласы Шөмекейді Әлімнің алтыншы баласы есебінде қосқан қателігін, кейінгі шежіре жазушылардың көбісі қайталап жүр. (Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1980 ж, 177 бет және ҚСЭ - 2 том, 38-бет). Нақтысы Байсары, Әлім, Шөмен бір туғаны туралы көне терме-әңгімелерде, өлең жырларда айтылғандай:

"Бітеді қамыс қатар еменменен,

Байсары бірге туған Әлім, Шөменменен.

Бозаншар әкесінен жастай қалып,

Қайғының қарнын тіккен тебенменен".

Олар алты Әлімнің екі баласы Айнық пен Тегенболатты лақап аттарымен Әлімнің бір баласы "Қарасақал" деп санап кеткен. Нақты­сында "Әлімнен Жаманақ (Шекті), Қарамашақ (Төртқара), Айнық (Қарасақал), Ұланақ (Қаракесек), Тегенболат (Қарасақал), Тойқожа (Ақкете немесе Әлім кете), міне Әлімнің алты баласы осы",- дейді шежіреші Қызылбай Қарабалаев ақсақал. Ал, Шөменнен Шөмекей, Дөйт екі бала туған. Дөйтте ұрпақ болма­ғандықтан Шөмекейдің ұраны "Дөйт" болған. Шөмекейден Тоқа, Көнек, Аспан, Бозғыл төрт бала. Атырау мен Қызылорданың аралығында өсіп-өнген Әлім мен Шөменнің шежіре білетін үлкен кісілерінің бірде-бірінің бұған күмән келтіргенін естіген адам жоқ. "Батыр Қарасақал" аталған Әлімнің үшінші баласы Айнықтан Сарыбас жеке туған. Айнық Жем өзенінің бойында жау қолынан қапылыста өлген соң әйелі Ырыстыны әмеңгерлік жолымен Әлімнің бесінші баласы Тегенболатқа (Қарасақал) некелеген. Тегенболаттың жеңгелей алған осы әйелінен Шіңгір, Пұсырман туып, бір анадан туған үш баладан тараған ұрпақ "Үш Қарасақал" аталып жүр. Ал, Қазақ Совет энциклопедия­сының 1975 жылы Алматыдан шыққан 6-томының 497 бетінде: "Қарасақал - Кіші жүз Әлімұлының бірлестігінің руы. Қарасақалдан Сарыбас, Пұсырман және Шіңгір ұрпақтары тарайды. Ел арасында бұларды "Үш Қарасақал" деп атайды. Қарасақал атауы-Тегенболат деген кісінің лақап аты. Қарасақал ұрпағы Ұлы Қазан революциясына дейін Сырдария мен Қасқадария (Сырдарияның бұрынғы арнасы) арасындағы Ақсеңгір, Көксеңгір деген жерлерде қыстап, жазда Торғай даласы мен Тобыл бойына дейін жайлаған. Қарасақалдың рулық таңбасы ^, Ұраны "Алдияр" деген анықтама бар. Нақтысында таңбасын жебе, ұраны "Аллажар" деп оқыған дұрыс. Айнық ерте қайтыс болған соң, ұзақ өмір жасаған Тегенболатты "Қарасақал" деп таныған болуы керек. Әлім-Шөмен балаларының ішінде көнеден қалған сөз бар: ХІХ ғасырдың ішінде Әлім-Шөменнің игі жақсылары жиналған бір жиында "би кім, батыр кім, мырза кім?" деген сұрақ қойылыпты. Сонда: "Би - төртқара (Төртқарадан Әйтеке, Басықара, Көбек, Бәймен, Сапақ, Үмбет тағы көптеген билер шыққан), батыр - Қарасақал (Қарасақалдардан Айнық, Сарыбас, Тегенболат, Мырзакелді, Итемген, Қарымсақ, Шағырай, Кәдір, Сәдір, Ақша, Бекше, Қаблан, Жолбарыс, Жайық, Мерек, Дабыл, Түйебай, Жеке, Жауғашар, Тілеуберлі, Есіркеп, Айғыр, Байқожа, Ойса, Сауқым, Тоян, Байтерек (Бақан), Тайлақ, Тұрлы, Төртім, Ер Мәулім, Сәдім, Сәтім, Ұзақ сияқты атақты көптеген қол бастаған батырлар шыққан), мырза - Шөмекей (мал баққан Шөмекейден бай-мырза көп шыққан) деген екен. Бұл сөзге сол кездегі үлкендер тоқтап, әлі күнге дейін айтылып келеді.

Журналист Айжарық Сәдібекұлының Қызылорда облыстық "Сыр бойы" газетіндегі (1998 жыл, 11-12 тамыз) "Бақтыбайлап ұран салғанда" және Қазақстан Журналистер Одағы­ның мүшесі, облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Камал Бердәулетовтің Қызылорда қалалық "Ақмешіт апталығы" газетінде "Еліне ұран болған Бақтыбай батыр" мақалаларында Ақтөбе өңірінде өткен тарихи тұлға, кіші жүздің батыры Бақтыбай Төлесұлының (1698-1758 ж.) туғанына 300 жыл толған тойына Қызылорда облысы­нан шақырылып, қатысқандарын әңгімелей келіп, «Бақтыбай батырдың мәйіті Ақтөбе облысындағы Байғанин ауданы (бұрынғы Табын ауданы) Жем өзенінің бойындағы "Қарасақал Әулие" қоры­мында жатыр, ол мемлекеттік көне тарихи ескерт­кіштер санатына тіркелген»,- деп жазғандарын оқыдық.

Шежіреші Қызылбай ақсақалдың: "Жас кезімізде шежіре айтқан үлкендерден естігеніміз Айнық батыр Жем өзенінің бойында "Оймауыт" деген жерде қалмақтың тосын шабуылынан қапылыста оқ тиіп өлген,"-деген сөзі естен кетпейді. Жергілікті халық "Қарасақал Әулие" қорымы деп ұмытпай атап жүрген жерде көне бейіт орны төбешік (құлаған үй там болуы керек) болып жатыр. "Қарасақал әулие" бейіті деп жергілікті халық зиярат жасап тұрады екен. Шежіре жазушылар әр аталықты 30-35 жылдан (орташа 33 жыл) есептеген. Әлімнің белгілі та­рихи тұлғаларының туған жылдарымен салыс­тыра отырып есептегенде, Айнық (Қарасақал) шамамен 1420-1450 жылдары 28 жасында, ал Тегенболат (Қарасақал) 1425-1500 жылдар шамасында ұзақ өмір сүрген (20-30 жыл айырма болуы мүмкін) деуге болады. Үлкендер «Айнық (Қарасақал қорымы) шамамен 28 жас жасап, елін, жерін монғол (құба қалмақтарынан) басқын­шыларынан қорғауда батырлығымен, киелі­лігімен "Қарасақал батыр", "Қарасақал әулие" атанған Айнық батырдың жерленген бейіті, кейін қорымға айналған» -деп ұрпақтан ұрпаққа айтып келеді. Айнықтың (Қарасақал) інісі Әлімұлы Тегенболат (Қарасақал) Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының оңтүстік бетінде, бұрынғы "Диар" совхозы, қазіргі "Бесбай" шаруа қожалығынан 5-6 шақырым жердегі Жем өзенінің бойында "Қарасақал Тегенболат" аталған бейіттің бар екені айтылып жүр. Ағайын адамдардың жай тапқан жерлерінің ара қашықтықтары атпен жүрсе, жобамен 100-120 шақырым шамасында екен. Тегенболат (Қарасақал) батырдан Болық­ұлы Тілеуберлі, Қосайұлы Есіркеп, Исатайұлы Зархон, Тілекеұлы Сазан, Наймантайұлы Айғыр, Төртім, Тұрлы сияқты батырлар шыққан аталық.

Біз Қызылорда облысы, Қазалы ауданының бір топ "үш қарасақал" атанған Айнық пен Тегенболаттың ұрпақтары 2014 жылдың қыркүйек айының 26-28 күндері Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс елді мекенінен 60 шақырым жердегі Жем өзенінің оңтүстік бойындағы көптеген бейіт қойылған қорымның батысында орналасқан төрт темір қада, сыммен қоршалған бес ғасырдың үстінде  бұдан 560 жыл шамасында салынып, бұл күнде құлап төмпешік болған  "Қарасақал әулие" бейітіне зияраттауға бардық. Жол бастаушыларымыз аудан орталығы Қарауылкелді елді мекенінің тұрғындары Өтесбай Қалиев, Алтай Елубаев және 82 жас­тағы осы өңірдің тарихын зерттеумен ұзақ жылдар бойы айналысқан, көптеген атақ пен марапаттардың егесі, ардагер ұстаз, бірнеше кітаптардың, көптеген мақалалардың авторы, Қаражар ауылының тұрғыны Бисен Жақанов ақсақал болды. Осы кісілермен кездесу бары­сында біз еліміздегі бұрыннан айтылып жүрген шежіредегі Қарасақал Айнық батырдың Жем өзені бойында өлтірілгенін және баласы Сары­басты жау алып кеткені туралы үлкен кісілердің айтумен және жазумен бұл өмірден өткенін айттық. Тарихта ХҮ-ХҮІІ ғасырда Әлім тайпа­лары, оның ішінде Қарасақал, Төртқара рулары Борсық, Жем, Сағыз, Ырғыз, Тобыл, Жайыққа дейін жайлағаны айтылады. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универ­ситетінің аға оқытушысы, филология ғылым­дарының кандидаты, 2003 жылдан бері Сыр бойы халқының тарихын зерттеумен айналысып жүрген Қуандық Әбдіразақовтың "Қазалы" газетінің №39 (726) 27.05.2015 жылғы  жарияланған "Жайықтан ауған көш" мақала­сында Әлім тайпасының орта ғасырда Ақтөбе, Батыс Қазақстан өңірінде ғұмыр кешіп, Төртқара, Қарасақал, Қаракесек, руларының Жем, Сағыз бойында қалғаны айтылады. Қазақстан тари­хында 1710 жылы Қарақұмда үш жүз өкілдерінің Жоңғар феодалдарына қарсы күрес ұйымдас­тыруға арналған сьезі болып, кіші жүз рулары Ресейге бодан болып Еділ бойына орналасқан құба қалмақтарынан ығысқан жалпақ ел Сыр бойына қарай ауған. Үдере көшу басталып, Аралға жеткен көштің алды Арал теңізін жағалай қоныстанып, ру ақсақалдары жер бөлісін бастап, қалғандары дау-дамайсыз Сырдарияның екі бетін өрлей, біртіндеп шежіредегі ата жолымен орналасқаны айтылады.

Рай Ақтемісов деген кісінің әкесі Тілегенұлы Ақтеміс ақсақал 1940 жылдары "бұл қорым Әлімнің қорымы"-деп айтқан екен және қорым­ның батыс бетінде мал баққан Төлекен Айтжан деген кісі "Қарасақал әулие бейіті, Төлекен Айтжан, № 3 Қалдайбек фермасы, 1967 ж." -деп, сым темірмен күйдіріп жазып, басына төрт метрлік емен тақтайды тікесінен көміп, бейітті мал баспайтындай төрт темір қазық қағып, сыммен қоршап, қараудар болып жүрген екен. «Ол кісі 1980 жылдар шамасында 80 жастың үстінде дүниеден өткен»,-деді Бисен аға. Өте ертеде құлаған бейіт төмпешігінің жанына жақын жылдары Бақтыбай Төлесұлына (1698-1758 ж.) ұрпақтары кесене салып, құлпытас орнатыл­ғанын көрдік. Біздің түсінбегеніміз, осы кесене алдындағы құлпытас жанына қосымша Битілеу балалары атынан және Орынбай неме­ресі Марат атынан жақын жылдары қойылған екі кішкене құлпытастарға "Бақтыбайдың халық қойған аты Қарасақал екен" деп жазыпты. Бақтыбай батырдың туғанына 300 жылдық тойына қатысқан делегация мүшелерінің жазуында, Ақтөбе жерінде өткен ғылыми конференция кезінде "Қарасақал Әулие" қоры­мына жерленген деген сөз бар да, Бақтыбайдың лақап аты "Қарасақал" екен деген сөз жоқ. Қорым басындағы бейіттерге қойылған біркелкі мыңға жуық тақтатаспен қаланған бейіттер, құлпы­тастар бұдан шамамен 100-250 жылдар бұрын қойылған болуы керек. Құлпытастардың өрнектері, жазулары ертеде жасалғанымен кере­мет әдемі ақ тастарға ойып жазылған. Ерекшелігі, әйелдерге қойылған құлпытастардың  ұшында  сәукеле бейнеленсе, ер адамдарға дулыға, қы­лыш, найза, қалқан бейнеленгендері бар. «Тас­тарды "Жел" таудан 100 жылдың арғы жағында 40 нармен тасып әкеліп, Келіс деген шебер жасаған»-деді Бисен аға. Жалғыз "Қарасақал әулие" бейітінде құлаған мазар орнындағы үйілген көне топырақтан басқа, құлпытас ештеңе қойылмаған. Соған қарағанда  бұдан шамамен 565 жыл бұрын жау қолынан 28-30 жас шама­сын­дағы жаугершілік заманда жастай қапылыста қаза болған Айныққа (Қарасақал-шамамен 1420-1450 ж.) дұрыс белгі қоя алмауы, қойса да көнерген болуы, әлде үйінді астында қалуы мүм­кін. Ал, Бақтыбай батыр (1698-1758 ж.) кемеліне келген, атақ-даңққа бөленген алпыс жастағы бұдан 250 жыл бұрын қайтыс болған батырға қорымдағы жерленген азаматтар сияқты ел қатарлы құлпытас қойылмауы, мазар салынбауы қалай?! "Қарасақал әулие қорымы" деп 1758 жылдан бұрын да аталып келе жатыр емес пе? Неге "Бақтыбай батыр қорымы" деп аталмаған? Қонысы бөлек бұл елмен қатынасы жоқ, Қазалы жеріндегі ертеде өмір сүрген қарасақал ағайындар Жем бойында (жаңа туған нәрестелердің 16-шы атасы) Айнық (Қарасақал) атамыз жатыр деп шежіреде бекерден айтып жүрмеген болар деп ойлаймыз.

Осы жөнінде бізге жол басшы болып барған, жергілікті Қаражар ауылының тұрғыны тарихшы-ұстаз Бисен Жақанов ақсақалдан сұрағанымызда:

- Біздің естуімізде ертеде Әлім тайпасы  қо­ныс­танған жер екені даусыз. "Қарасақал әулие" бейітін иеленіп жатқан азаматтар болма­ған­дық­тан кейінгі ұрпақтары  Бақтыбай батырға теліп жүрген болуы керек. Сіздердің шежіре­леріңізге қарағанда, бұл Әлімнің Қарасақал руының батыры және әулиесі Айнық (Қарасақал) деп есептеймін.  Себебі осы уақытқа дейін Бақтыбай батырды лақап атымен "Қарасақал" деп атағанын еш уақытта естіген емеспіз,-деп елдегі үлкен кісілер де күмәнмен қарайды.  Кезінде   Байғанин аудандық ардагерлер Кеңесінің төра­ғасы, бұрын партком хатшысы, совхоз директоры қызметтерін атқарған  Ибрагим Ермекбаев деген азамат  12.10.2003 жылы аудандық  "Жем-Сағыз" газетінде, "Осы кезге дейін қай жерде, қандай жағдайда қайтыс болғаны белгісіз болған Бақтыбайды енді аяқ астынан осы кісі деп жармаса кетулері қалай болды. Ал егер анық болса, айғақты деректер келтіре отырып, жергі-лікті тұрғындармен неге бір рет кездеспеген?»-деп қарсылық пікірлерін білдірген болатын. “Бұл бейіттің Бақтыбай батырдікі еместігі туралы менің де жазған мақалаларым 2003 жылғы облыстық «Атамекен» газетінде басылып, «Өмір өткелдері» атты кітабыма да енген болатын” - деді.

2016 жылдың 28-31 шілде күндері Ақтөбе қаласында болғанымда Ақтөбе облысында танымал, кезінде көптеген лауазымды қызмет-тер атқарған, бұл күнде зейнеткер «Әйтеке би» қоғамдық қорының төрағасы Еркін Құрман-беков ағамен сұхбаттасқанымда:

- Кезінде менде, облыстық баспасөзде «Қарасақал Бақтыбай ма, Бақтыбай Қарасақал ма?» атты мақала жазып, «Қарасақал әулиені» Бақтыбай батырға телудің дұрыс емес екенін білдіріп, пікірімді жазған едім”-деген болатын. Ақтөбе қаласының бұрынғы тұрғыны, соғыс және еңбек ардагері, Өзбекстан және Қарақалпақстан Республикасына еңбегі сіңген экономист, экономика ғылымдарының кандидаты бұл күнде марқұм болған Жұмабаев Дәулет ақсақал да 07.09.2008 жылғы «Табын» газетінің №3 санында «Қарасақал әулие зираты және Қарасақал руы туралы кейбір ойлар» атты мақаласын жариялаған екен. Біздің тарихы-мыздың түбірі осындай ауызша айтылған аңыз әңгімелерден, шежірелерден шығып жүр емес пе? Қарасақал ұрпақтары кезінде Кеңес заманындағы атеистік, коммунистік идеоло-гиялық көзқарастан арылмағандықтан және қоныстың бөлектігіне байланысты бас қосылғанда айтып қана келсек, ендігі жастардың шыққан тегіне, бабаларының мәңгілік жай тапқан жерлерін зерттеуге қызығушылығы зор екені байқалады.

Осы мәселеге байланысты кеңінен таны-самын деген оқырмандарға Ақтөбе облыстық С.Бәйішев атындағы орталық кітапханаға және С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің кітапханасына, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік Университетінің кітапха-насына сыйға берілген Төлепберген Тілеуқабылұлының 2016 жылы Алматы қаласынан шыққан «Кіші жүз Әлім аталығының шежіресі» атты  кітабынан оқып танысуға болатынын еске сала отырып, келешекте бұл жерде Айнық (Қарасақал) батыр ма әлде Бақтыбай батыр ма, алғаш кімнің жерленгенін анықтауды Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасы, зиялы қауым, өлке-танушы-ғалымдар зерттеп, талқылап бір шешімге келер, әділетін айтар деген ойдамыз. Әлімұлы Айнық (Қарасақал) батырдың жерленгені нақтыланған жағдайда, Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының және мәдени-тарихи ескерткіштерді қорғау бөлімінің келісімдерін ала отырып, ұрпақтары бейіт басына құлпытас белгісін қойып, кесене салу ниетінде жүр.

Төлепберген ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫ,

Қызылорда облысы,

Қазалы ауданы.

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.