Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Жанқожаның серігі Боздақ батыр

 

Төменгі Сыр бойы мен Арал маңын мекендеген ата-бабаларымыздың қарақалпақ шапқыншылығы мен Қоқан, Хиуа хандарының езгісіне, орыс отарлаушыларының бодандығына қарсы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы батыр бастаған ұлт-азаттық күресінің қазақ тарихындағы алар орны ерекше.

Өзінің батырлығымен қоса әулиелігімен де, халқына деген шексіз сүйіспеншілік қасиеттерімен де аңызға айналған батыр бабамыздың ел басына ауыр күн туған алмағайып сәттерде соңына ерген сенімді жауынгер серіктері де көп болған.

Жанқожатанушы зерттеушілер тарапынан олардың есімдерін тарихи айналымға енгізу - батырдың асқақ тұлғасын асқақтатып, жас ұрпақ бойында өткенге құрмет пен отаншылдық сезімін ұялата түсері сөзсіз.

 

Осындай ерен ерлігі мен қаһармандық келбеті ел есінде қалған айтулы тұлғалардың бірі Жанқожа батырдың үзеңгілес серігі болған, Шекті жұртының бетке ұстар батыры атанған - Боздақ батыр Ақжол-ұлы. Боздақ батырдың есімі тарихи-әдеби дерек-терде аталады, көркем шығармаларға арқау болған, шежірелік мәліметтер мен ел аузындағы айтылатын жыр-қиссаларда, әңгімелерде сақталып қалған.

Белгілі қазақ тарихшысы Е.Бекмахановтың "ХІХ ғасырдың 20-40 жылдардағы Қазақстан"деген еңбегінен Жанқожа батыр бастаған Сыр елі халқының қаһармандық күресі жайлы мағлұмат-тарды кездестіреміз. Онда Қоқанға қарсы күрес бастауды ойға алған Кенесары хан Жанқожаға үшбу хат жолдап: "Сізден сұрайтыным, егер Сіз келіссеңіз, қоқандықтармен соғысу үшін Кіші ордадан жігіт жинап маған келіңіз",- деп хабар жолдайды.

Ханнан арнайы шақыру алған батырдың бүкіл үш жүздің ру-басы, би-батырлары  бас қосқан Жезді өңіріндегі Алаша хан мазары жанында өткен Хан кеңесіне барып қатысқаны жайлы деректер айты-лады. Кеңесте үш жүздің жасақтары түгел бірігіп Қоқан басып алған жерлерді қайтарып алмаққа бәтуа жасайды.

Бұл оқиғаларды баян еткен аңыз-жырлардан білетініміз, аса қиынға соққан Созақ қамалын алуда Кіші жүз сарбаздары асқан ерліктің үлгісін көрсетеді. Хан арнайы жіберген Бұхарбай батыр: "Жәке, біздің хал шынымен нашарлады, Қоқанның Созақ деген қамалын ала алмай қор болдық. Талай шаптық, бірақ түк шығара алмадық. Жұрттың бәрі кейін қайтып сізге қарап отыр",- деп, шұғыл келісінің мәнін баян еткен екен. Батырдың айналасындағылар оның аузына қарап шешімін күтеді. Сонда Жетес: "Жәке, алыстан ат сабылтып келіп отырған мына ағайынның қолқасы орынды сияқты. Бүкіл халықты, ел-жұртты ортаға салып отырған жайы бар. Ол да болса Сіздің шоқтығыңыздың биіктігі шығар. Ежелгі жау ел болмас деген ғой, ханнан кеткенмен халықтан кете алмайсыз ғой. Халық-ұлық, Сізге қолқа салып келіп отыр, аттанайық!"- деп пікір тастайды. Бекмырза, Ақтан, Боздақ батырлар да осы пікірді қуаттайды. Сол кезде Жанқожа: "Халық үшін... ел үшін... атта­найық! Әумин!"-деп, қос қолын көтеріп бата берген екен. Батыр жиналған жұрттың өкілдеріне қарап тұрып мынаны айтады: "Ал, ағайын! Менің жеті жігіттік бір жорығым, жиырма жігіттік бір жорығым, бес жүз қолдық бір жорығым бар еді. Бұл жорықты сол үшеуінің қайсысына жатқызасың­дар?"-деп сұрапты. Сонда Жетес:  "Бес жүзден кемі кем ғой",-деп табанда кесіп айтады. "Олай болса, Кішкенеден 200 жігіт ертіп мен шығам, Айдарбек - Жақайымнан 200 жігітімен Боздақ шығады. Сонда Ақтан батыр бастаған Қаракесек пен Қарасақал атам үлесіне 100 кісі тиеді. Созақ осы жерден он  күндік жер, ертең кештете атқа қонамыз, бәтуа осы!"-деп түйіндейді. Осылайша Алаайғыр алабынан аттанған Жанқожаның 500 жігіті атқа қонып, Созақ қамалына келіп ат басын тіреген екен. Бекінісі аса күшті Созақ қамалына өзгеше әдіс-айла қолдануға тура келеді. Оған Кене ханның қамалды алуға әр үш жүзге үш күннен уақыт беруі себеп болса керек. Осы үш күннің ішінде қамалды алса, алған абыройы өзінікі. Ал, қамалды бұза алмаса кезегін келесі жүздің сарбаздарына береді деген тәртібі болды. Алайда қанша шабуылдағанмен қамалды алудың сәті түсе қоймайды.

Өйткені қамал өте биік, әрі қорғанысы мықты бол­ған еді. Қабырғадағы тесіктерден оқ атқан қоқандар маңайына адам жолатар емес. Жаппай ат қоям деп талайлардың сағы сынып көп шығынға ұшырап, кезек Кіші жүзге келген болатын. Жәкең ұрыс алдында сарбаздарын жиып кеңес құрады: "Әуелі құдай, сосын аруақ деп сендерге сеніп келдім. Әр жүздің абыройы өз алдына болған соң ауырға түседі. Екі жүздің бұза алмаған қамалын есебін тауып бұзсақ абырой біздікі. Біздің адам санымыз аз болса да, жанымызды қисақ аламыз, адам баласы соғысқа түскен соң я өледі, я аман шығады. Ал енді сен­дер ар-намысымыз үшін жандарыңды қиятын­да­рыңды айтыңдар",-дейді. Сол кезде батырдың ізіне ерген көкжал нояндары бір ауыздан шу ете қалып: «Біз жанымызды қиямыз, батыр. Соғысты қалай бастасақ, аяғына дейін өзіңізбен біргеміз. Сен өлген жерде бәріміз де өлуге бармыз»-деп, ант-су ішіседі.

Сол жолы әуелі Қоқанның сырттан келе жатқан 2500 әскеріне ұрымтал жерде тұтқиылдан соққы берген батыр сарбаздары дұшпанның бас батыры Тағанды тірідей байлап, Кене ханның алдына алып келген екен. Кезегі келгенде Көкешкі атына қонып "Алаш! Бақтыбай! Алға!"- деп ұран салған Жан­қожаның ізінен  ерген Ақтан мен Боздақ батырлар бастаған бес жүз сарбаз бұзып-жарып қамалды алады деп суреттелген.

Сол жолы Шекті батырларының Сауран қамалын алудағы асқан ерліктері де тарихи еңбектерде жазы­лып қалған. "Қамалды алуды ойластырған батыр жігіттерін төрт топқа бөледі. Батыс қақпаға өзі бас болып Дабыл, Қызылбас, Батақ (Боздақ) бастаған 200 сарбазды, Шығыс қақпаға Тоғанас, Қыстаубай бастаған 80 адамды, Көкікен, Жолдасбай батырлар тобындағы 90 сарбазды оңтүстік қақпаға, ал Бердібай мен Жарқынбайдың қарауындағы 70 жігітті терістік қақпаға қарай бағыттап атойлап жанкешті ұрыс салып қамалды алған болатын",-деп баян­далады. ("Сыр өңірі тарихы").

Бұл тарихи деректерден Боздақ батырдың жас та болса талай қанды шайқастардың ыстық-суығын  Жанқожамен бірге көтеріскен сенімді досы, үзең-гілес серігі болғандығына көз жеткіземіз.

Патша әскерлерінің алғаш Сыр жеріне аяқ басқан тұсындағы Боздақ батырдың осы өңірді жайлап жатқан Шекті жұртының бас батыры ретіндегі орны арқау болған тарихи, әдеби дереккөздері бар.

Бұл кезде қазақтың кең байтақ жеріне бұрыннан көз тігіп, оны түпкілікті басып алуды көздеп жүрген орыс патшасының отарлау саясатын жүргізуге бағыт­талған іс-қимылдары күшейе түскен еді. Әуелі Перовскийдің бастап келген жорығы сәтсіз аяқталады. Құрамында 4000 солдаты, 200 түйеге артқан жүктері мен зеңбіректері бар қарулы отряд 1839 жылғы қарашаның қақаған қара суығына ұрынып, Шошқакөлге әрең жетіп, Арал маңында амалсыз қыстап шығуға мәжбүр болады. Бар күшінен айырылып әбден титықтаған отряд келесі жылдың маусым айында Орынборға қайтып барып, бұл жорығын абыройсыз аяқтайды.

«Енді міне 2-3 айдың жүзі болды. Орыстың қалың қолының Райым тауына табан тіреп бекініс сала бастағанына. "Арал теңізін зерттейміз" деген желеумен 1600 түйе жеккен 300 арбаға, екі жүз солдаттың күзетуімен артынып-тартынып үлкен керуеннің келіп жеткенін айтып жатты жұрт. Ұзынқұлаққа қарағанда, осы жерде екі үлкен кеме жасап  теңізге шығармақшы».

"Ұзамай патша ұлығының жергілікті ру басы­ларына арнайы адам жіберіп,  келіссөз жүр­гі­зуге шақырған хабары да келіп жетті",- деген жолдарды оқимыз. "Алдымен шақыру тиген осы төңіректегі Жақайымның бетке ұстарлары Жетес би мен Боздақ батыр. Олар әскер басшысымен ауызба-ауыз сөй­лесіп, хабарын Жанқожаға айтып келеді. Өздерінің көрген-білгендерін, бекініс бас­тығымен болған әңгіменің бүге-шігесіне дейін қалдырмай баяндап береді. "Батырдың өзі келсін, күтем!"-деген арнайы сәлемін де жеткізеді.

Сәрсенбінің бір сәтті күні осы сапардың да реті келеді. Жанқожа бастаған Шектінің ел ағалары атқа қонады. Жанына Жетес пен Үмбет билерді, Ақтан мен Боздақ батырларды, өзі Әлімге хан сайлаған Бекмырзаны ерткен батыр жолай "Кәрібөгетте" отырған Сәйеке ишанды қосып алады. Батыр қайда барса да, өзі пірі санайтын ишанды жанынан таста-майды екен, оның әрі-бері көнбегеніне қарамайды. Бірде ишан екеуі келе жатып арбаның ізін ұшы­ратыпты. Ол кезде орыстардан басқа ешкім арбаға мінбейді екен. Екеуі аттарының басын тартып тоқтай қалады. Сәйеке маңайындағы қарашаларына: - Кейін қайтыңдар, орыстың жолын аттамаймын"-дейді. Сөйтіп арбаның ізін айналып өтпек болады, бірақ қанша шиырлап арба ізінің ұштығын шығара алмай­ды. Сонда ишан өзінің көзін орамалмен байлатып, арба ізін кесіп өткен екен.

Халық өкілдерін әскер басының өзі адамдарын ертіп шығып құрметпен қарсы алады. Сәлемдесіп, қол алысып жылы жүзбен қауышқанмен де бірден шүйіркелесіп кете қоймайды. Ұлық орта бойлы, ұзын мұртты жігіт ағасы шамасындағы қызыл­шырайлы адам екен. Оның қырағы көзі аттан түскен қонақтардың алдында тұрған еңгезердей, сақалы белуарына түскен қарасұр шал мен оның астындағы кемедей көк атына түсе береді. Тау жағалай самса­тып тігіп тастаған көп шатыр, сап түзеген әскер. Шенді ұлықтар қызмет істеп, бәйек болып жүр. Қонақ­тарды кіргізген еңселі ақ шатырдың іші хан сарайындай болып жайнап тұр.

- Ал, мырза, жерімізге басып кірген көршіге «қо­ныс жайлы болсын» деп айту жөн емес, дегенмен  қа­зақ атамыздың салт-дәстүрі солай,- деп сөз бас­таған Жанқожа шені үлкен мұртты сарыға қарады.

Ол да жалма-жан: «Рахмет, батыр, рахмет!»-деп қолын қусырып басын изеді. Іле-шала: - Олай демеңіз, батыр. Басып алды деп айта көрмеңіз"-деп, шап ете қалды да: - Бірден бәле сала келетін батырлардың салты емес пе?-деп кеңкілдеп күле сөйлейді.

"Шамасы талай батырды көргенсіз ғой"-деп Бекмырза сөзге араласты.

"Бұйырғанын көріп келеміз, дос. Басымен алысқан Кавказдың батырларын да, адамнан үркетін Сібірдің батырларын да көрдік қой.

- Солардың бәрі бәлеқор болды ма, өздерің болып шықпасын, мырза. Баса-көктеп бір елдің үстіне кіресіңдер. Жерді иесіз дедіңдер ме, елді иесіз дедіңдер ме?-деп батыр тіктеле түскен еді.

- Алла сақтасын, қойыңыз батыр. Біз халықтан рұқсат алғанбыз Киргиз елі, алдымен Кіші жүз "өз еркімізбен Ресейге қосыламыз"деп патшаға қарар  берген, Сіздің оны білмеуіңіз мүмкін емес қой,-деп ыржия күлді  ұлық сонда.

Батырдың іші біліп отыр, ұлықтың меңзеп отырғаны 1730 жылдың 10 қазаны күні Әбілхайыр хан бастаған Кіші жүз руларының орыс патшасының қол астына кіру жөніндегі берген анты. "Әбілхайыр хан да қайбір жетіскеннен бодандық қамытын мойнына ілді дейсің"-деп ойлаған батыр осы сәттегі өзінің жағдайын да ой елегінен өткізген еді. "Біздің ауылдың бәрін алып келіп отырған қу екенсің ғой" деді де қойды. "Қайбір бізді жарылқауға келгенмін дейсің"-деп күбірледі Сәйеке ишан. "Өзім деп келгенің жақсы екен, жауласа келсең қайтер едік"-деп сөз қосты Бекмырза. "Жауласқаны құрысын, жау­ласа, жауласа болдырған жоқпыз ба?"-деп отыр­ғандардың жүзін шолып өтті Ақтан батыр. "Дұрыс айтасыз, жауласу - қан төгу. Не керегі бар оның?"-деген әскер басының сөзін Жанқожа бөліп кетті: "Айтылғанның бәрі орынды, ал енді сол халқыңа не алып келдің, немен жарылқайсың, соны айтшы". Осы кезде дастарханға үлкен ас келіп, өрбіп келе жатқан әңгіме одан әрі үзіліп қалған еді...

Қонағасының соңында батыр мен әскер басы арасында құпия кездесу болды, екеуі Хиуа ханына қарсы бірлесіп соғысудың жайын талқылады.

Біз бұл деректерден ел тағдырының ертеңін ойлаған Жанқожаның жанына ерген жас та болса еліне бас болған үзеңгілес серіктері Жетес би, Бекмырза хан, Үмбет би, Боздақ батыр сияқты ай-бынды бабаларымыз жайлы мағлұматтар аламыз. Көркем шығармаға арқау болған бұл оқиға жайлы күмәнды пікір де болмауға тиіс. Өйткені осы оқиғаларды ізін ұзатпай қағаз бетіне түсірген орыс зерттеушісі В.Аничковтың еңбегінде, Райым бекінісін салған генерал-майор Обручев Жанқо-жаның "онымен армасын айту үшін әдейі келгендігін" сөз етеді. Батыр да оларға деген жылы ықыласын танытқан, "орыс солдаттарына 100 қой сойып үш күн бойы қазақтың қонақжайлық құрметін көрсеткені жайлы деректер бар.

Шежірелік деректер бойынша Боздақ батырдың руы - Жақайым, оның Көлімбеті, Мөңке аталығынан, Жетес, Үмбет билермен қатарлас өмір сүрген. Ұрпақтарының берген мәліметі бойынша 1822-жылдар шамасында дүниеге келген. Әкесі Ақжол да өз заманында жаужүрек батырлығымен көзге түскен. Құмбазар жотасының етегінде "Ақжолдың тақыры" деп аталатын жер аты бар. Өзі жат жер­лік­термен болған шайқастарда ерен ерліктер көр­сетіп аты әйгілі болған Асау Барақ батырдың үзең­гілес серігі екен. Әрі оның Оңай атты туған қарын­да­сын алған, Боздақ содан туады. Ел аузында қалған әңгімелерде Боздақтың ерен күштің иесі, жүрек жұтқан батыр, аса сұлу жүзді тұлғалы адам бол­ғандығы айтылады. Кейінгі бір жылдары Қазалыға генерал-губернатор келетін болып, алдынан жергілікті жердің адамынан кімді шығарамыз деп ойласып жатса керек. Сонда "ондай адамыңның сөзге жүйріктігі Жетестей болсын, мырзалығы-Құлба­рақтың Сердалысындай болсын, көркемдігі Боз­дақтай болсын"-деп айтылатын сөзді әлі  күнге дейін ел арасынан естуге болады. Боздақ жайлы жырлар да  болған. Көнекөздер 1944 жылы Қазалының Ақтүбек деген жерінде Сәуел деген жыраудың "Боз­дақ  батыр" қиссасын бір  түн бойы жырлағанын тың­даған екен, бірақ үзінділерді айтқаны болмаса есінде қалмаған.

Жанқожа батыр қаза болғаннан кейін Қазалы-дағы орыс әкімшілігі оның орнына Сыр, Арал өңі­ріндегі Шекті руларының басқарушылығына арнайы жарлық шығарып, Боздақ батырды тағайындаған. Көп жасаған Бақа деген көріпкелдігі  бар қарт батыр оның қайтпас қайсарлығы мен кесек мінезді ісіне тәнті болып: "Балам-ай, бағың болар-ау, өміріңді білмеймін"- деп сәуегейлік айтқан. Соның айтқаны келіп, Боздақ бұл қызметті ұзақ атқармаған, 1866 жыл шамасында қастасқан қаскөйлер қолынан қаза табады. Өкімет мемле-кеттік тапсырманы орындау жолында шейіт болған батырға құрмет көрсетеді. "Боздақ-Шүңгіл" деген жерді ұрпақтарына өмірлік пайдалануға беріп, жас қалған балаларын есіркеп, Кәдірімбет пен Нарым-бетті екі болысқа судья, Мақанды уезге полицей етеді. Олар осы дәрежелерін өле-өлгенше атқарып өткен екен. Келер жылы ақ патшаның Сыр қазақтарын басқару жөніндегі жарлығы шығады. Хан билігі жойылып, ел басқаруда екі-үш руға бір болыс, ру ішіндегі ата бас сайын бір ауылнай,болыс сайын бір судья сайланады. Айдарбек-Жақайым болыстығына Орынбай би,Тілеу-Қабақ болысы болып Есет батыр, Төртқараға -Үмбет би, Құрма-най-Құттыққа Итже­мес, кейін Құлбарақ болыс болып сайланады. Жетес би уездік жер қазысы болып белгіленеді, оның міндеті әр болыстың қонысын, егісі мен өріс жерін бөліп беру, ел ішіндегі дау-шарларды шешу.

Туған жерінің азаттығы жолындағы күресте ойып алар орны бар Боздақ батырдың жеке тұлғалық қасиеттері жайлы әңгімелер ел ішінде сақталып қалған. 50-жылдарда "Октябрь" колхозының жерін су басып қалу қаупі төнеді. Сыр өңірінде көп жылдар бойы ауылдық кеңесті, колхозды басқарып елге сыйлы аға болған Шынтемірдің Жұмахметі деген кісі: "Үш күн түсіме Боздақ атам еніп  аян берді, менің жатқан жерімді су басады, денемді басқа бір жоғарылау жерге көшіріп апарыңдар дейді. Денесін қазып алып Құмбазардағы қорымға қайта жерледік, сонда арада қаншама жылдар өтсе де бұзылмай, аппақ күйінде өзгерместен жатқанына таң қалып едік"- деп еске түсіреді  екен.

Бұл күндері батырдың Әйтеке би кентінде тұратын немере ұрпағы Әлқуат Мақашұлының ата-тегінен дарыған кейбір қасиеттеріне кім-кім де болса таңырқай қарағандай. Сексен жастың сеңгіріне аяқ басқан қария деуге келмейтін бақуатты ақсақалдың бойындағы күштің халық емшісі ретінде көрініс беріп отырғанын көрдік. Арнаулы орындардың мұқият тексеруінен өтіп, "халықтық және дәстүрлі емес медицина тәсілімен сауықтыруға рұқсат" сертифи-катын алған. Халықаралық Емшілер қауымдас-тығының құрметті мүшесі. Ақсақал өзінің бойын-дағы тылсым күшті ғарыш кеңістігі арқылы берілетін белгілермен байланыстырады. Осы қасиеті арқылы ол алдына келген сырқат жанның науқасын анықтап, ем-дом жасайды, түрлі болжамдар жасауға мүмкін-дік берілетінін айтады. Аян арқылы берілген елес бейнені сол сәтінде қағазға түсіріп, кейін майлы бояумен өрнектеп салатын суретшілік қабілетіне таңдана қарайсың. Боздақ атасының бейнесін де осы қабілетінің арқасында салғанын түсіндіре-ді. Ақсақалдың ел-жұртының салт-санасы, тарихы жайлы айтар зерделі ой-пікірлері көп-ақ. Соның бірінде оның осы күндері ұрпақтары өсіп-өркендеп үлкен елге айналып отырған Көлімбет баба жайлы айтқан болжам-дәйектері бізді де ойландырып тастайды. Баба сүйегі Ақтөбеден Орскіге баратын күре жолдың арқа бетінде 25 шақырым жердегі Қос Естек деген жерде деген дәйекті алға тартады, жанында немересі Тәңірберді бірге жерленген. Сол маңайда "Әйтімбет" деген мекеннің бар екендігін де қосып  қояды.

Біз бұл мақаламызда ел есінде қалғанмен есімі ескерусіз келе жатқан Жанқожа батырдың ізіне ерген айнымас серігі Боздақ батырдың қилы тағдырын, қаһарман ерлік жолдары жайлы дәйекті деректерді ұсына отырып, жас ұрпақ санасында өткен тарихымызға деген құрмет сезімін тудыруды мақсат еттік.

Үргенішбай  ҚУАТ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.