"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты
Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов
Экономика ғылымдарының докторы, Лев Гумилев атындағы Евразия мемлекеттік университетінің профессоры, екі мәрте ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты болған, академик жазушы Кемел Мырзагелдінің "Ақыл қалта" деп аталатын кітабын оқып риза болғандығымнан ол кісіні іздеп тауып, сөйлесіп Астанада үйге шақырып, сырбойылық азаматтармен шағын дастархан үстінде тереңірек танысып, кеңірек білуге мүмкіндік туды. Мен де "Болмыс" деп аталатын шағын кітабымды сыйладым. Осы танысудан кейін электронды пошта арқылы хат жазысып тұрдық. Рухани аға, іні, әлеуметтік желіде дос болдық. Кітап атына сай нағыз ақыл қалта екен. Оқығанда Конфуцийден бастап әлемдегі ірі ойшылдардың түйін-тұжырымдарымен сусындайсың, ұлылармен үндесесің, өмірлік ұстанымыңда, ұрпақ тәрбиесінде қажетіңе жарарлық ғибратты әпсаналар мен мысалдарға толы әлемге енесің. Автордың ішкі мәдениетін, сыпайылығы мен сырбаздығын сезініп отырасың. Қазіргі ең көп оқылатын шығармалар, ең көп оқырманы бар жазушы Мырзагелді Кемел екені даусыз.
Жақында Мырзагелдінің "Кемел" деп аталатын бес томдығы 1000 данамен жарық көрді. Әр томына "Ойтұмар", "Ойдана", "Ойсана", "Ойтаным", "Ой-дәптер" деген атаулар берген. Осы бестомдыққа "Ақыл қалта", "Өзіме сабақ", "Өмірге көзқарас", "Өзіңді таны" деп аталатын кітаптары енген. Оқығанда өзіме ұнаған, қызыққан шығармаларды насихаттап, ой бөлісіп, ғибратты мысалдар мен аңыз, әпсаналарды зердеме тоқып, жадымнан өшіріліп қалмас үшін көпшілікке айтып жүретінім бар.
Енді Мырзагелді Кемелден Рахман ағаның мысалын айтайын. Бұрынғы бір кездері, Жібек жолының Қызылқұмды жағалап өтетін бір тармағында құмдағы сексеуілдің ескіргендерін күйдіріп көмір етіп, соны түйемен өзбектің қалаларына апарып мата-мүлікке айырбастап күн көретін, әркімнің жүктерін бір бекеттен бір бекетке түйесімен тасымалдап ризығын айырып жүретін бір түйекештің ажалы айдалада құм ішінде келіпті. Жалған дүниенің таусылып бара жатқанын сезген ол өз өмірі туралы сырын айтар, ризаласар адам таппай, түйесіне тіл қатыпты:
- Түке, айналайын, мен сенімен жиырма бес жылдай жолдас болдым, екеуміз ұдайы бірге жүрдік, ыстықты да, суықты да, аштықты да, шөлді де бірге көрдік. Сенің маған серік болғандағы еңбегіңе, төзімділігіңе, адалдығыңа ризамын. Қаншама қиын болғанымен, қандай ауыртпалықтар болса да, ешқашан менің айтқаныма қарсылық білдіріп, мінез көрсеткен жоқсың. Енді мәңгіге айрылысар сәтте мен саған ризалық беріп, сенің еңбегіңе, адалдығыңа толық қанағаттанғанымды айтқым келеді. Риза болсаң, мен о дүниеге аттанғалы жатқанда ризалығыңды бер. Сонымен бірге саған қояр бір сауалым бар: менен өткен кемшілік, көңіліңе тиген қандай жағдайлар болды, осыны айтшы, біліп кетейін, - депті. Сонда түйе тілге келіп, былай деген екен:
- Айналайын, ием менің, алдымен сізден қиянат көрмегенімді, ыстық-суықты, аштық пен шөлді, ауыртпалықты бірге көтергенімді, тағдырымда белгіленген жолымда сіз секілді қайырымды, адал адамды кездестіргеніме сізге де, құдайыма да риза екенімді айтайын. Бірақ бір рет көңіліме тиген бір жағдай бар еді, рұқсат етсеңіз соны айтайын...
- Екеуміз әдеттегідей ұзақ жолдан Қызылқұмның етегінде бірге келе жаттық. Жолда есекке мінген, екі жағына екі көзені теңдеп артып алған, суға бара жатқан бір жас әйелге кездестік. Олармен қатарласып біраз жүрдік, сіз екеуіңіз әңгімелестіңіздер, екеуіңіз де түсіп, қол ұстасып жаяу жүрдіңіздер. Біраз жүргеннен соң тоқтап, есектің қазығын жерге қадап, менің бұйдамды есектің құйрығына байластырып, бізді қалдырып, екеуіңіз құм асып кеттіңіздер. Шай пісірім уақыт өтті, келмедіңіздер. Мен зерігіп, есекпен сөйлеспекке жақындап едім, ол артын беріп, мені теппекке ыңғайланды. Аулағырақ кетейін десем, жібім есекке байлаулы. Сонда: "Есектің құйрығына байланған тағдырым-ай",- деп, өмірі біреуге тәуелді болмаған басым, тағдырыма бір рет налып едім. Сіздер біраз уақыттан кейін белден түсіп, қайта оралдыңыздар, біздердің жолымыз екі айырылды, бірақ түйе басыммен сол жолғы есектің құйрығына байланғаныма қорланғаным осы күнге дейін есімнен кетпей, көңілімнің бір бұрышында жатыр еді. Сіз сұраған соң есіме түсіп, айтып жатқаным ғой, - деген екен.
Шымкент қаласында Базарбаев Марат есімді інім тұрады. Сол Мараттың азаматтарға беретін өзіндік бағасы бар. "Базар нарқы сияқты әрбір азаматтың парқы болады. Қарапайым тілмен айтқанда, әрбір азаматтың немесе қайбір саланың болмасын, басшысының сол қатарлы қызмет атқарып жүргендер ортасында салмағы болады. Бір азаматқа көңілі толса, ол 1 кило ғой дейді. Көңілден шықпаса 100 немесе 200 грамм ғой", -дейтін.
Мараттың осы тұжырымының қисынды екенін тарқатайын. Толыққанда азамат 1 кг., содан төмен қарай 700, 500, 300 немесе 100 грамм тартатыны болады. Рейтинг сияқты ғой. 200-100 грамм тартатын басшының қарамағында білім-білігі, ұйымдастыру қабілеті, азаматтық ұстанымы 1 кг, 800 гр, 700 гр тартатын қызметкерлер отырады. Осы 1 кг. немесе 800-700 грамдық маман 200-100 грамдық басшыға бағынышты. Одан күнделікті тапсырма алады, парқы шамалы, салмағы жеңіл басшының тапсырмасы салмақты, сөйлеген сөзі де түйеден түскендей дөрекі келеді және көбіне қисынсыз болады. Осы қисынсыз бұйрықты білікті маман орындауға мәжбүр болады. Орындай алмағаны үшін сөз естиді, қысым көреді. Жұмыстан шығып кетейін десе, жаңа жұмыс табу қиын. Бала-шағасын асырау үшін амалсыз есектің құйрығына байланған түйенің тағдырын кешеді.
Қазіргі өмірдің көрінісі осыған келеді.
Сәби Аңсат,
Т. Жүргенов қоғамдық қорының төрағасы
Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.
«Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.
As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.
In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.
The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?
To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:
Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.
The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.
Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.
«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз
Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.