Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Дарындыларды демеу – басқосудың басты тақырыбы

 

Микажла Фудолинг, Акрит Ясвал, Тейлор Уилсон, Камерон Томпсон, Джейкоб Барнетт, Итан Бортник, Таниш Мэттью. Бүгінде бұл есімдер жер шарын мекендеген жұмыр басты пенденің есінде сақталып қалды. Көптің ішінен көрініп, ел назарына түскен ерекше қабілетке ие бұл балаларды мыңның ішінен даралайтын бір ғана қасиет бар. Ол – дарындылық. Ойлауы өзгеше да-рындылардың үзеңгілестерінен оқ бойы озып, алдына қамшы салдырмай жү-руінде табиғи сыр бар. Бұл бойға біткен туа бітті талантқа тіреледі. Әрине, ел аузында жүрген қазақтың қара домалақ балаларының ішінде де дарындылары аз емес. Талантымен талайды тамсан-дырып төрткүл дүниенің назарын өзіне аударған тума таланттылардың өз ішімізден шығып жатқаны көңіл қуан-тып, жан семіртеді.

 

 

Рас, білімі мен дарыны ұштасқан жас дарындыларды қолдаудың бүгінін жақсы бағалауға болады. Түрлі деңгейдегі байқаулар мен мемлекеттік марапаттар шын дарынның шабытына шабыт қосып, көңілін марқайтады. Әйткенмен, ел ықыласына бөленіп жүрген дарынды балалардың ішкі әлеміне үңіліп, сырласып, ой бөлісу жағы кемшін түсіп жатқаны көрініп қалады. Бұл білім белесінде жүрген жас дарындыларды қолдаудың ерекше жолы болар еді. Дарындыларды демеп, жастарға жігер беруді мақсат тұтқан «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры маусым айында дарынды балаларды қолдаудың бүгінгі жағдайын таразылауды мақсат тұтып, аймақтағы білім саласының мамандары мен жас дарындылардың басын қосып, дөңгелек үстел ұйымдастырды. Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық қорының қолдауымен болған басқосу «Дарынды балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау, оның ғылыми негіздері, жаңашылдығы, тәжірибелілігі» тақырыбын арқау етіп алды. Жиынға ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Жұмабай Жәнібеков, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының бөлім бастығы Болат Махмутов, «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының директоры Қарлығаш Ақышева, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к. Айман Айтбаева, Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалім-модераторы София Төлепбергенова, «Білім инновациясы» лицей-интернаты директорының орынбасары Ләззат Микеева, Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Рита Мұқашева, М.Шоқай атындағы №187 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жадыра Рахметова, «Ер Тарғын» балабақшасының әдіскері Тұрсынхан Саржанова қатысып, ойларын ортаға салды.

 

Дарынды балаларды қолдаудың бүгінін бағамдап, бәсекеге қабілетті зияткер ұрпақ тәрбиелеудің жолдары мен проблемаларын талқылау және дарындылық қабілетті арттыруда жаңа идеялармен бөлісу – жиынның негізгі мақсаты.

 

Педагогтар мен сала мамандарының кездесуі дәстүрлі ресми жиын деңгейінен бөлек, еркін сұрақ-жауап форматында өрбіді. Білім саласында тәжірибесі бар Жұмабай Жәнібеков жиын барысында дарынды балаларды қолдау ұстаз шығармашылығы мен ізденісіне тірелетіндігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол дарынды балаларды даярлаудың өзгеше формасын қалыптастыру қажеттігін сөз қылды.

 

Барлық бала бірдей емес. Тиісінше, әр баланың қабілеті мен қарымы белгілі уақыт ішінде қалыптасады деп кесіп айту қиын. Демек, дарындылықтың ұшқынын байқаған ұстаз өз уақытында баланың қоғаммен байланыс орнатуына, көпшіл болуына жағдай жасау керек. Мұндай пікірді жиында ғалым Болат Махмутов та қолдай түсті.

 

- Біреулер өнердің биік шыңын біртіндеп бағындырса, енді біреулер жетістіктерге басқалардан әлдеқайда жылдамырақ қол жеткізеді. Себебі оның бойында осы іске деген туа біткен бейімделік бар, оның басқаларға қарағанда алғырлығы басым болады. Ғалым ретінде ізденісте жүреміз. Жақында ауылдан бір бала келіп, өзінің ғылыми жобасын баяндап, тіпті жобалық есептерін шығарып, алдымда қорғап берді. Идеясы бүгінгінің инновациясына сай келеді. Шындығын айтқанда, ауыл-ауылдарда көпке көріне алмай жүрген талантты балалар жетеді. Міне, осы жастарды қалаға әкеліп, ортаға бейімдеу керек. Меңінше, аймақта жас дарындылардың ғылыми-практикалық зерттеу мектебін ашу қажет. Мұнда оқушылар түрлі зерттеу жұмыстарымен айналысып, ғылымға үлес қосуды ерте кезден бастауға мүмкіндік алады,- деді Болат Бижанұлы.

 

Шындығында, педагогикада нашар бала деген ұғым жоқ, оқуда үздік болмағанымен өзге де бағытқа бейімі жоғары болады. Бұл ретте «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының директоры Қарлығаш Ақышева жастарды қолдаудың жайын ортаға салып, алдағы күндері билік тарапынан жас дарындылардың академиясын ашу жоспары бар екенін айтып қуантып қойды.

 

Дөңгелек үстел барысында дарынды балалардың қарым-қабілетін ашудың жолдары таразыланды. Зияткер оқушылардың білімін шыңдауда дербес білім беру ұйымдарының тәжірибесін ескеру маңызды. Осы ретте №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернат директоры Балзия Абдуллаева Сыр елінде дарынды оқушыларға бағытталған мектеп-интернаттың көптеп ашылу қажеттігін ұсыныс ретінде қарауды ұсынса, «Білім-инновациясы» мектеп-интернаты директорының орынбасары Ләззат Микеева оқушыларды елге белгілі кәсіпкерлермен кездестіріп, мотивация беру мәселесіне тоқталды.

 

Жиынға арнайы шақырылған  №3 мектеп-ли­цейінің дарынды оқушысы Алмас Аппазов «Қобыланды батыр» рухты жырынан үзінді оқып, жиынға жиылған қонақтардың көңілін көтеріп, бір марқайтып тастады. Сондай-ақ, жастардың басын қосатын арнайы ұйым құру керектігін қаперге салды. Ал, «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының директоры Нұрлан Нұрмаханов ерекше қабілетке ие дарынды оқушылардың ортақ сайтын жүзеге асыру туралы идеяны ортаға тастады. Жиналғандар бұл ойды бір ауыздан қолдап, алдағы уақытта айтылған ұсыныстардың орындалуына тілектестігін білдірді.

 

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30    

Кім онлайн?

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.