Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Балалар конкурсы таланттылардың бағын ашты

 

Жақында Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, колледж оқытушысы, күміс көмей әнші Қаракөз Ақдаулетова мен Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері, колледж түлегі, дәулескер күйші, композитор Төлепберген Тоқжанов атындағы І облыстық балалар конкурсы болды. Конкурстың мақсаты айқын, балалар музыка мектептері, музыкалық студия, өнер мектептеріндегі халық аспап­тары, ән салу бөлімдерінде білім алушы­лардың шығармашылық тұлғасын дамыту, дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету және шығармашылықтарын көтеру. Конкурс негізінде домбырамен халық әнін орындау, академиялық және эстрадалық ән салу номинациялары бойынша жас талант­тылардың өнері сарапқа салынды.

 

Айтуымыз керек, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің түлектері талай белестерді бағындырып, Сыр елінің намысын қолдан берген емес. Ол, әрине, мықты ұстазға байланысты. Колледждің атын аспандатып жүрген Қаракөз Ақдаулетова мен Төлепберген Тоқжанов - Сыр елінің мақтаныштары. Олардың атында конкурстың ұйымдастырылуы заңдылық.

Қаракөз Ақжігітқызы Ақдаулетова 1981 жылы Алматы қаласында Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында қазақ бұлбұлы, профессор Бибігүл Төлеге­нова­ның класын бітірген. 1985 жылдардан бері Қызылорда музыкалық училищесінде тынбай жұмыс жасап, шәкірт тәрбиелеп келеді. ҚР Еңбегі сіңірген әртісі. Қаракөз Ақжігітқызының класын бітірген оқушылары Перуза Арғынбаева, Бибігүл Жанұзақ, Самал Байсейтова, Мақсат Мақұлбеков, Тахауи Рахметов, эстрада жұлдыздары Алмас Кішкенбаев, Руслан Садықовтар, Дияс Омар, Айтбай Зульфия халық қошеметіне бөленіп жүрген жұлдыздар.

Ал, Төлепберген Төреахметұлы Тоқжанов 1984 жылы Қызылорда музыкалық учили­щесін, 1991 жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1992-2012 жылдары Қызылорда музыкалық кол­леджінде оқытушы, 2012 жылдан бастап Қазақ Ұлттық Консерваториясының Қауымдастық профес­соры. ҚР мәдениет қайраткері. ҚР компо­зиторлар одағының мүшесі.

Төлепберген Сыр бойының жыр-дастан­дарын, әнін-музыкасын нотаға түсірді. Арал-Қазалы өңірінің мақам-саздары енген "Сырлы сарын", "Даланың даналық дәстүрі" атты кітаптары жарық көрсе, Қармақшы өңірінің мақам-саздарын "Аталар аманаты", "Көрұғлы" еңбектеріне жариялады. Төлепберген - музыка әлеміне, өнертану ғылымына Сыр бойының саз-сарындарын алғаш ендірген музыка маманы. Тағы бір үлкен жаңалығы, Сыр бойының жыр-термелерін партитураға түсіріп, оркестрмен орындатуы. Бүгінде еңбектері Тұрмағанбет атындағы ұлт аспаптар оркестрінің репертуарына енген.

Саналы ғұмырын Сыр бойында өткізген Төлепбергеннің шығармашылығына, ән-күйлеріне өзек болған туған жері десек артық айтқандық емес. "Сыр-Ана (домбыра мен фортепианоға арналған 3-бөлімді концерт)", "Сыр термесі", "Сүйемін сені Сыр елі" шығармалары бұл күнде еліміздің барлық өңірлерінде орындалады. 2014 жылы Ақтау қаласында өткен домбырашылардың республикалық конкурсында Төлепбергеннің "Сыр-Ана" концерті конкурс бағдарламасына міндетті орындалуға тиіс шығарма ретінде енді. Ал, "Жырау", "Қамажай" т.б. шығармалары консерваторияның мемлекеттік емтихандарын­да орындалып жүр.

Төлепбергеннің ұстаздығы бөлек әңгіме, бұл күндері әлемге әйгілі болған "Ұлытау" тобының, "Музарт", "Jado" топтарының домбырашылары - Төлепбергеннің төл шәкірттері.

Конкурс талай талантты балалардың бағын ашты. Қызылорда облыстық телеарнаның концерт залында қорытындыланған аталмыш конкурс нәтижесінде «Домбырамен халық әнін орындау» номинациясы бойынша І орын Асланбек Оразалы, ІІ орын Гүлдана Нұртуған, Нұрсәуле Нақыпова, ІІІ орын Батырбек Өтепов сынды Қазалы ауданынан қатысқан жас таланттылармен бірге шиелілік Бекзатхан Әбдімәжитовке бұйырса, «Академиялық ән салу» номинациясы бойынша І орынға Ғалымжан Болатбек, ІІ орынға Заңғар Шегебай, ІІІ орынға Диас Кенжебаев, Нұрбек Шәдібеков, Абылай Өтегенов ие болды. «Эстрадалық ән салу» номинациясы бойынша бас жүлдені Динара Төлеген, І орынды Арал ауданының жас таланты Жаннұр Аманбаева, Әли Акмай, Бақдәулет Исабеков, ІІ орынды Арслан Толыбек, Нұржан Жұмағали, Аруна Абдоллақызы, ІІІ орынды Шұғыла Оспанова жеңіп алды.

Бір қызығы, домбырашылар номинациясы бойынша өнер көрсету ересек, орта, кіші топтар арасында тартысты өтті. Қазылық еткен Әлімжан Әбсадықов (төраға), Нұрадин Ахметов, Сәуле Бижановалардың шешімімен бас жүлдеге Мұхамеди Көшербай, І орынға Сырсұңқар Базар-байұлы, Дәулет Досқалиев, Мадияр Жайсаңбаев, ІІ орынға Жүсіп Нұрасыл, Мағжан Әбдіразақұлы, Майра Жалғасбаева, ІІІ орынға Амандық Шердар, Асылхан Еркебұлан, Еңлік Бақытбекова, Медеу Көшековтер лайықты деп танылды.

Конкурсқа қатысушылар және Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің жас өнерпаздары, үлкен өнерге баулыған үрдісті еңбектері үшін көптеген оқытушылар дипломдар, бағалы сыйлықтар, алғыс хаттармен марапат-талды. Сондай-ақ, жүлдегер жас домбырашылар күйші-сазгер Төлепберген Тоғжановтың өз атынан ұсынған қаржылай сыйлықтарға ие болғанын айрықша атап өткен жөн.

Жас дарындыларды дер кезінде қолдау, қолпаштау олардың үмітін үкілеп, жігерін жаниды. Өйткені талант – Алланың сыйы, ұлттың қазынасы.

Т.НҰРЖАН-БАЛТА

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Кім онлайн?

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.