Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Адамды адам еткен кітап, адамзат еткен кітапхана

 

Облысымызда биыл бесінші рет Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Кітапханадағы түн-2017" акциясы өткізілді. Шараның басы "Рухани жаңғыру - ұлттың жаңғыруы" атты кітап көрмесінен басталды. Көрмеге Елбасының жариялаған мақаласы аясында түрлі мате­риалдар қойылған. Қоғамның рухани жаңғы­руына халықтың дәстүрі мен ұлттық мәдениеті негіз болу керек екені айтылған мақаланы түпкілікті түсіндіріліп өтті. Бұл бағытты бағдар ету - кешегі күн мен бүгінді, осы шақ пен бола­шақты ұштастырар айтулы дүние. Осыған байланысты кітапхана ұжымы бұл көрмеде Елбасы мақаласындағы тапсырмаларды орындай отырып, ондағы көрсетілген жобаларға басты назар аударыпты.

 

 

Тарихтың ең құнды шежіресі, рухани құндылықтар, өмір айнасының ең әсем көрінісі - кітап екені даусыз. Олжас Сүлейменов те "Жақ­сы кітап - ұлттың антологиясы" деп атаған бола­тын. "Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан, жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес", - деп қазақтың нағыз серке азаматы болған Серке Қожамқұлов жастарға кітап оқуды әдетке айналдыруды ұсынған еді. Ал, Әлішер Науаи "Кітап - ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына" деп, дөп айтқан. Байқап тұрғанымыздай, ұлылардың ұлық ұстанымының ең көбі кітап оқуды меңзейді. Қызылорданың ең бірінші орнындағы үздік кітапхана осы жайттың бәрін ескеріп, кешқұрым әдемі кеш өткізді.

Ерекше стильдегі "Кітапхана түні" - жастарды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған басты шара. Кітапхананың кіре берісінде лық толы адамды көріп, қызықты шараның өтіп жатқанын сезінесің. Кітап пен оқуды халық арасында насихаттау мақсатында өткізілген қызықты да тағылымды іс-шараға келушілер "Сиқырлы қала" алаңындағы "Кітап мұхитының маржандары" атты көрмемен таныса отырып, "Ертегімен есейем" атты ертегі шоуды тамашалады. Ертегілердің көбісін тамашалаушылар - ата-аналар. Себебі кішкене бүлдіршіндер қазақтың танымал ертегілерін қойылымға айналдырып, оны келушілердің көңілі үшін керемет етіп сахналап берді. Сәтті шыққан көріністерге көрермендер қол соғып, кішкентай актерлерге ыстық ықыластарын білдірді. Балалар әдебиетінің барынша насихат алған тұсы ертегінің ерекшелігімен есте қаларлықтай әсер қалдырды.

Дегенмен кейбір шаралар көп тізімнің қатарын толықтырып тұру үшін ғана жасал­ғандай болып қалғаны да жасырын емес. Шалағай ұйымдастырылғандықтан келушілерді әбігерге түсіріп, кештің сәнін кетірген "Кел, шыр­қайық!" атты караоке-шоу келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін жасалған дүние болар. Алайда, ән айтатын аппараттың әлсіздігі, әуен­дер­дің тым ескілігі және кітап пен кітапхана деген ұғымға түк қатысы жоқтығы келушілердің ығы­рын шығарып жіберді. "Шырқайын десем, шыр­қай алмай жүрген жоқпын ба?"- деп, караоке қолданушылар жүр бір жағынан мысқылдап. Соның өзінен жоқтан бар құрап, өз ыңғайына келтіріп, ән айтып жатқандар да болды.

"Кітапханадағы түн-2017" кешінің ұтымды тұстары да бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Себебі "Әдеби шаңырақта" болған кездесу - нағыз кітапхананың деңгейін көтеріп тастайтын өзгеше дүние. Үлген ғимарат ішіне құрылған қазақтың киіз үйі көз тартып, өзіне елітіп әкетеді. Бұрынғы­ның көзіндей болар үйге нағыз сөз шеберлері шақырылған. Қатира Жәленова, Дастан Сәтбай, Қаршыға Есімсейітова және жоғарғы оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары жиналған. Дөңгелек үстелде әдеби әңгімелер айтылды. Оған қоса Қорқыт ата атын­дағы Қызылорда мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша оқып жүрген студенттер қазақтың бетке ұстар ақын­дарының өлеңдерін киіз үй ішінде оқып берді. Әдеби кеште ұлттық тағамдардан дастархан жайылып, ұйымдастырушылар қонақтардың ризашылығын алды.

"Әдеби шаңырақ" алаңқайы мұнымен тоқтап қалмады. "Кешкі сырласудан" соң, "Ашық микрофон" сынды шара жалғасын тапты. Және де "Әдеби кафе" келушілердің қызығу­шылығын тудырды. Сан түрлі әдебиет әлемінен қойылған сұрақтарға жауап берсеңіз, осы кафеден қалаған сусыныңызды іше аласыз. Білетіні бар, білмейтіні бар, бәрі таласып-тармасып, сұраққа жауап беруге ұмтылып, білім деңгейлерін көпшілік алдында сынға салды. Көбісі - қарапайым сұрақтар. Мысалы, "Ғылым таппай мақтанба" кімнің өлеңі? Келушілердің басым бөлігі білетін жеңіл-желпі сұрақтардың өзі ойынды қыздырып әкетті.

Көктеммен бірге келген кеш аруларды да шабыттандырған сыңайлы. Ақындардың басты музасы да осы сұлулар емес пе? Сол себепті ме екен, әйтеуір кітапхана ұжымы оқырмандардың қатысуымен "Көктем аруы" байқауын да шарадан шет қалдырмапты. Ол да өз деңгейінде қызықты өтіп, қойылған сұрақтар кітаптың төңірегінен алынғасын кітапхана кешіне жарасымды болады деген ой түйдік.

Шебердің қолы алтын. Бұл сала өзінше бір әлем. Оқып үйрене алмағанмен көріп түсінуге болатын қолөнер бұйымдары көздің жауын алып, таңдай қақтырар өнер жауһарлары. Тарихтан белгілі қазақтың қолөнерге келгенде "Дала данагөйлері" деген атқа кір келтіре қоймайды. Кітапхана ұжымы осыны ескерсе керек, "Кітапхана арбаты" алаңында қолөнерге баулитын шеберлік сыныптары өткізілді. "Фотосуреттер галереясында" жастардың өз қолдарымен жасалған акварельді картиналар мен фотосуреттер қойылды. Ал, "Әсемдік салонында" сән әлемінің түрлі қызметтері көрсетілді. Қызығы сол, қыздармен жағаласып, ер жігіттер де бет ауыздарын боятып жатты. Сырт көзге әбестік болар, бірақ, бұл күндері өнер жыныс тал­ғамайтын болды ғой. Сонымен қатар жастар қауымы "Сән өнері" костюмдер дефилесін тама­шалады. Қолдан жасалған халықтың сұраны­сындағы қолөнер бұйымдарын қолдарымен ұстап көріп, келушілер де жақсы бағаларын берді.

Би өнері де қалыс қалмады бұл кеште. Қуан­тарлығы, ұлттық билер мен түрлі халықтардың билері кештің көркін қыздыра түсті. Жастардың ең көп шоғырланғаны да осы би алаңы. Билеуге икемі бар жастар "Сиқырлы би әлемінде" ырғақты көңіл-күй сыйлайтын билерді және ұлттық, заманауи би номерлерін орындап, өз өнерлерін көрсетті. Бірақ, қысқа киімдегі мектеп оқу­шыларын бақылаусыз қалдырған үлкендер жастардың ашық-шашық киіммен билеуіне тыйым салмаған екен. "Заманауи би билейміз" деп ашық киіну, қысқа киіммен билеу кітапхана мәдениетіне де ерсі емес пе? Рухани дүниені насихаттайтын кітапхана ұжымы оқырман­дар­дың әр нәрсеге сын көзбен қарайтынын ұмыт­паса нұр үстіне нұр болар еді.

"Кітапханадағы түнде" әр саланы мейлінше толықтай қамтуға тырысқан. Оның ішінде спорт та бар. "Biblio спорт" алаңында шахматтан әлем чемпионатының жеңімпазы Абдуали Самалмен бір мезгілді ойын сеансы өткізіліп, жастар белгілі шахматшымен ойнау құрметіне ие болды.

Қызықтар бұнымен бітпейді. Кітапхананың цокольды қабатында қорықпайтын, батыл деген қатысушылар үшін "Елестер лабиринтіндегі қызықтар" атты ойын-саяхаты фантастикалық шытырман шығармаларды еске түсіреді. Қатысу­шылар кітапхананың жұмбақ қорымен танысты. Жолда түрлі кедергілерге кездесіп, ойындар да ойнатылды. Осы шараның жалғасы іспеттес ашық аспан астында жастардың қатысуымен "Ымырттағы оқулар" өткізілді. Оқырмандар мен көрермендер "Рахмет, саған кітапхана!" атты тақтаға жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жазып қалдырды.

- Бұл шара "Бір ел бір кітап" жобасы аясында өткізіліп жатыр. Кітапхананың барлық бөлігін қамтып, түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Негізгі мақсатымыз кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайта түсу. Бұл акцияның пайдасы зор. Жасыратыны жоқ, облыстық кітап­хананы білмейтіндер де бар. Сондықтан бұл кеш керемет жарнама десек те болады. Осыдан кейін кітапхана өміріне қызығып, ертеңіне келушілер көбейеді. Ал, шараға қатысқан қатысушылар өздерімен бірге кітап әкеткісі келеді, оқу үшін. Сондықтан алдағы уақытта бұл біздің жоспа­рымызға еніп қалуы мүмкін. Бірақ, бүгін бізге тұрақты оқырман болып жазылушылардың қарасы қалың,- деді оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ләззат Байтенова.

Қаламы қарымды жазушы Мұхтар Әуезовтің "Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады",- деген сөзі ойға оралады осындайды. Ал, Әбіш Кекілбаев "Адамды адам еткен - кітап, адамзат еткен - кітапхана", - деп ой тұжырымдаған. Сондықтан сарқылмайтын байлық берер кітап әлеміне бір еніп, кедейленген рухани әлеміңізді байытыңыз. "Кітапханадағы түн - 2017" акциясына қатысқан әрбір азамат бір кітапты оқуды бастап кетсе, ол кітапханашылар еңбегінің еш болмағаны. Осы шарадан соң кітап оқуды мен де бастап кеттім.

Айдар Әділжанұлы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Кім онлайн?

Қазір 22 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.