Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Сырлы бояу шеберлері Сыр елінде

 

Сурет өнері - ең күрделі және кез келгеннің қолынан келе бермейтін өнер саласының бір бөлігі. Қылқаламмен жазушылар сөз өнерінің айшығын бейнелеу арқылы өмір шындығын суреттесе, суретшілер көз көретін заттарды бояудың сиқырымен керемет етіп бейнелейді. Тылсым табиғаттың түрін, сұлу әлемнің сырын тартымды етіп көрсете алатын да осы - суретшілер қауымы.

Сурет әлемін жыға тану үшін ішіне сәл еніп көрейік. Дүниені көзбен көріп, тану негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы бейнелеу өнері бір атағанда сізге мәлім дүние. Негізінен бұған кескіндеме, мүсін, графика жатады. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарас­тыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде әлемнің көркем бейнесін жасайды. Әрбір ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайтыны, құны да әжептәуір болғаны тарихтан белгілі. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қыз­метімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен айрықшаланады.

Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шынды­ғын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысын жан-жақты көркемдік қуатпен беретін де су­ретшілер. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, компо­зиция, ырғақ жатады. Шығыс және батыс бейне­леу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрларды тоғыстырып, бар шабыттарын шың­дап, Қазақстанның бірнеше өңірінен суретшілер Сыр еліне жиналды. Жай келген жоқ, Сыр елінде алғаш рет өткен республикалық симпозиумда бас қосты. Сөйтті де өнерлерінің шарықтау шегіне шейін шабыттарын жеткізіп, Қызылорданың көрікті жерлерін аралап, ақ қағаздың бетіне майлы бояумен салып шықты.

Иә, Қызылорда облысы әкімінің қол­дауымен Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Қызылорда облыс­тық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруы­мен 2017 жылдың 27 сәуірі мен 3 мамыры аралы­ғында Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай "Жайнай бер, Қызылорда" атты республи­калық суретшілер симпозиумы өткен болатын. Суретшілер ең алғаш көркемсурет галереясында симпо­зиумның ашылу салтанатында бас қосты. Қазақстанның әр облысынан келген қылқалам шеберлерінің барлығы дерлік өз істерінің майтал­мандары. Себебі Астана, Ақтөбе, Алматы, Тараз, Павлодар, Шымкент, Петропавл, Өскемен, Қарағанды, Орал сынды Қазақстанның ірі қалаларынан келген 24 суретшінің барлығы да - өз аймағының мықтылары. Атап айтар болсақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Өсербай Шоранов, академик Ғани Баянов және өнертану ғылымдарының кандидаты Жамбыл Нәтбаев, Мәдениет қай­раткері Мәлік Хайдаров, Қазақстан Республикасы Академиясының академигі Бақытнұр Бүрдес­беков­тер келсе, Мәдениет қайраткерлері Мәжит Бәйтенов, Динара Нүргер, Каир Оразғалиев, Құдаш Нұрсадықов, Сейіт Мәжібаев, Ерғали Палымбетов, Лилия Беликовалар суретшілер қатарын толықтырды. Қызылордалық сурет­шілер де белсенді. Олардың арасында есімдері белгілі мәдениет қайраткерлері Иассауи Ағытаев, Рахым Шегебаев, Амангелді Кененбаев, Қуаныш Ембергенов, Шәкірбек Саменов, сондай-ақ Арал қаласынан ат терлетіп келген Берік Бөкешов сынды Қазақстанға танымал қылқалам шебер­лері де келді бұл симпозиумға. Жастар да төбе көрсетті. Үлкеннен тәжірибенің молын алып қалуды міндет тұтқан жастар да жалындап тұр, осал емес ешбірі. Мысалға жас талантты суретші Аққали Закиров, Айнұр Сейткеримова, Дулат Айтбай сынды жас суретшілер де осында. Басқосуда майлы бояуды серік еткендер бейнелеу өнерінің түрлі жанры бойынша салынған жаңа туындылармен бөлісіп, өз шеберліктері мен қабілеттерін шыңдау үшін пікір алмасуларды да қалыс қалдырмады.

Тұран ойпатының төріне орныққан өңір тарихи, табиғи байлықтардан кенде емес. Соның бәрінің керемет көрінісін жансыз бейне етіп, ақ қағаздың бетіне түсіру үшін су­ретшілір арнайы көлікпен өңірдің көрікті жерлерін аралап шықты. Шығармашылық топ өкілдері өздерінің пленэрлік жұмыстарын Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата кешенінен бастады. Одан әрі жұмыстарын Қаратау жоталарында, Қамбаш көлі мен Бесарық өзеніне дейін барып, өз көздерімен көрген та­биғат көріністерін бейнеледі. Қызылорда қаласы­ның ішкі көріністері де шет қалмапты. Темір жол вокзалы, Сырдарияның сол жағалауымен байланыстыратын соңғы салынған көпір, және өзге де көрікті жерлер суретшілердің сырлы бояула­рына жан бітірді. Жеті күн бойы суретшілер жетпістен астам суреттер салып шыққан. Сурет салып жүріп те суретшілеріміз жастарға мастер-класстар өткізіп, білім қорларымен бөлісті.

Сапар қорытындысы ретінде республи­калық суретшілер симпозиум көрмесі  көркем­сурет галереясында ұйымдас­тырылды. Салын­ған суреттер көрмеге ілінген. Атаулары да ерекше. "Көпірдің ашылу салтанаты", "Бесарық өзені", "Қамбаш көлі", "Темір жол вокзалы" сынды сан алуан суреттерден керемет көрме жасалды. Облыс әкімі Қырымбек  Көшербаевтың өзі келіп суретшілерге ал­ғысын білдіріп, алдағы жоспар­ларын да айтып берді.

- Сырдың қасиетті де қастерлі топырағы көркемөнер саласында атағы көпке жайылған таланттарды дүниеге әкелді. Қазақтың тұңғыш ұлттық драма театрының сахна көркемдеушісі болған халық шебері Ләтипа Хожықовадан бастап, ағайынды Қожахмет және Құлахмет Хожықовтар, Сахи Романов пен Салихитдин Айтбаевтар қазақ бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосып, қайталанбас өнер өрнегімен айрықша із қалдырды,- деп, өткенді бір еске алғаннан кейін:

- Елбасының "болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында көптеген мәселе көтерілген. Соның ішінде руханиятқа байла­нысты, тарихи жәдігерлер мен орындарды жаңғыртуды да атап айтқан болатын. Сол себепті де осы шараны ұйымдастырып отырмыз. Қа­зақтың тұңғыш астанасы болған Қызылор­даның 200 жылдығы аясында да біраз шаралар өткізіледі. Осы шараның аясында көптеген жұ­мыстар атқа­ры­луда. Соның бірі осы республика­лық сурет­шілер симпозиум көрмесіне сіздерді шығарма­шылық шабытпен келді деп есептеймін. Қы­зылорда тарихи орындарға бай, тағылымы те­рең, көптеген тарихи оқиғалардың куәгері екенін білесіздер. Сіздердің осы аймақтың суретін салып көрмеге әкелгендеріңізге үлкен рахмет. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүр­леріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы пат­рио­тизмнің көрінісі. Болашақта да "Жаңа қалаға" келіп, шығармашылық шабыт­тарыңызды шың­дайды деген үміттемін. Республикалық сурет­шілер симпозиумы көрмесіне өз қолтаң­бала­рыңызды қалдыр­дыңыздар, бұл көрме тарихи айтулы дү­ниелердің бірі болып қалады, - деді аймақ басшысы қонақтарға жылы ықыласпен.

Облыс әкімі суретшілерге марапаттарын табыстады. Бағалы сыйлықтарын да беріп, суретшілердің өнерін жоғары бағалады. Және де облыс әкіміне "Қамбаш көлі" картинасын сыйға берді. Әкім суретті көрмеге естелік ретінде табыстап, көрмені аралап, барлық салынған суреттермен танысып шықты.

Осы "Қамбаш көлі" картинасы ең үздік деп танылды. Қамыстыбас көлін керемет етіп салып, сурет өнерінің айтулы туындысын дүниеге әкелген Өсербай Аманжолұлы Шуранов бізге сұхбат берген болатын.

- Қызылорда қаласы да, халқы мен табиғаты да маған қатты ұнады. Қонақжайлылығына сөз жоқ. Ұйымдастырушылар аяғымызды жерге тигізбей барынша құрмет көрсетті. Сол еңбекке рахметімізді сурет салу арқылы қайтардық деп ойлаймын. Әуелгіде қолымыз үйренбей суретті сала алмағанбыз, кейіннен керемет туындылар өмірге келе бастады. Мен өзім алты сурет салдым. "Қамбаш көлі" картинасынан да асып түсетін керемет туындылар бар еді, бірақ комиссия осы суретімді таңдапты. Біз де салған сурет­терімізбен қоса "Павлодар облыстық су­ретшілер Одағы" қоғамдық бірлестігі атынан "Баянауыл" дейтін керемет картинаны сыйға тарттық. Бірақ біздің өңір мен осы жақты салыстырып қарағанда, Павлодар көркемсурет галереясы әлдеқайда жоғары екені рас. Сол деңгейге жету үшін, енді ашылып жатқан Қызылорда көркемсурет галереясы сурет қорымен танымал болады деген сенімдемін,- деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ө.Шуранов.

Тәуелсіз еліміздің болашағы болар жас ұрпақты ұлттық дүниетаным негізінде тәр­биелеудің баға жетпес, теңдессіз құралы ретінде сурет өнерін қолдануға  болады. Ұлттың тари­хын, салт-дәстүрін, өткен тұрмыс-тіршілігін бейнелі әрі ұғымға жеңіл де көрнекті түсіндіретін сырлы сурет салу Сыр өңірінде де қарқынды қалып­тасып келеді.

Қазақстанның әр жерінен келген су­ретшілер Ұлы даланың қанық бояуларын танытып, Сырдың сыршыл келбетін ашып, қызылорда­лықтардың көңілінен шыға білді. Өнер тұлға­ларының өзара мәдени байланыс жасау, сурет­шілер өз шеберліктерін шыңдау және тәрбие алмасуға бағытталған бұл сим­позиумға 8 облыстан жиналған суретшілер өздерінің ең жақсы деген туындыларын ала келіпті. Қызылорда көркемсурет галереясында барлық туындылар тарихи жәдігер ретінде сақталады. Бір аптаға созылған симпозиумның соңында суретшілер керемет сезімде елдеріне қайтатындарын айтты. Естелік ретінде де Сыр бойында салған бірер суретті өздерімен бірге ала кетпек. Соңғы күні өзге өңір суретшілері Қызылорда атынан қатысқан тоғыз суретшіні өз өңірлеріне қонаққа шақырып, бір-бірін қимай тарқасты.

Айдар САЙЛАУОВ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Кім онлайн?

Қазір 24 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.