Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Құран оқудың құдіреті

 

Алла Тағаланың адам баласына қасиетті Құран Кәрімді түсіруі - өз пенделеріне көрсеткен шексіз мейірімі. Құран Кәрім - мұсылман баласының тура жолдан таймай, өмір бағытын дұрыс тауып жүруіне арналған басшы кітап. Құран Кәрім - сіз бен бізді жаратқан, бүкіл ғаламдардың иесі, ақырғы есеп-қисап күнінің жалғыз қожайыны Алла Тағаланың сөзі.

Құран - тілмен оқылатын, жүрекпен қабылданатын, құлақпен тыңдалатын кітап. Онымен байланыста болу - ең абзал ғибадаттардың бірі әрі Аллаға жақындаудың бір жолы. Бұл кітаптың әрбір әрпінде он жақсылық бар. Жай оқығанның да, мағыналарына ой жүгіртіп оқығанның да бұл жақсылықтардан несібелері болмақ. Алла Тағала Құран мазмұнына бүкіл ғылым атаулының негіздерін сыйғызды. Онда үкімдер, шариғат талаптары, мысалдар, өнегелер, аспан әлемінің жүйесі тағы басқа көптеген мәселелер керемет дәлдікпен берілген.

 

Қасиетті Құран жайлы сүйікті Пайғамба­рымыз (с.ғ.с.) былай деген: "Құран сондай бір кітап - оның ішінде сендерге дейінгі уақиғалар, сендерден кейінгі хабарлар және араларыңда шығарылатын үкімдер бар. Ол - ешбір әзілі жоқ төреші кітап. Оны менсінбей тәрк еткендерді Алла құрдымға батырады, ал одан басқадан тура жол іздегендерді адастырады. Өйткені, ол - Алланың мықты арқаны һәм хикметке толы сөзі, әрі ол - тура жол. Онымен жүргендер адаспайды, оны арқау еткен тілдер шатаспайды. Ғалымдар оны қанша оқыса да, әсте тоймайды. Көп оқылғаннан ол ескірмейді, ғажайыптары сар­қылмайды. Жындар оны естігенде, "Шынды­ғында, біз аса ғажап Құран естідік" деп таңданыс­тарын жасыра алмады. Кім оған сүйеніп сөйлесе, туралық айтады, онымен үкім етсе, әділ болады, оны ұстанып өмір сүрсе, мол сауапқа кенеледі, оған шақырған тура жол табады".

Алла Тағала Құран Кәрім туралы былай деді: "(Мұхаммед (с.ғ.с.) егер бұл Құранды бір тауға түсіргенімізде, оның Алладан үрейленіп быт-шыт болғанын көрер едің. Ал, мұндай мысалдарды адам баласы ойлансын деп келтіреміз". ("Хашыр" сүресі, 20-21 аяттар).

Міне, Құран - осыншалықты зілбатпан жүк һәм салмағы ауыр аманат. Аталмыш аят бізге маңайымыздан күнде көріп жүрген асқар-асқар тауларды адам жүрегімен салыстыруға да мүмкіндік береді. Енді ойланып көрейікші, тастан жаралған қатпарлы қалың тау көтере алмас батпан салмақ адам баласының жұдырықтай жүрегіне тапсырылып отыр. Алғаш рет бұл жүкті Алланың сүйіктісі, ғаламдардың мақтанышы Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қабылдап алып еді. Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) уахи түскенде, оның түр-тұлғасының қатты құбылуы да екі дүниенің арасына көпір болудың рухани ауыртпашылығынан болса керек.

Сахабалардың білдіруінше, уахи түсіп жатқан сәтте Алла елшісінің (с.ғ.с.) ажары қатты өзгеріп, жаны мен тәні ерекше сипат алған. Уахидың түсірілуі мен оны қабылдаудың негізгі ақиқаты бізге белгісіз. Оны толық сипаттауға мұршамыз жетпесі хақ. Алайда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) уахи түсіп жатқанда: "Раббым, мына аятты тағы бір қайталай гөр!" деп тілемеген. Керісінше, Құран уахи етілген сәтте оны ұмытып қалмау үшін тездетіп қайта-қайта оқуға тырысқан. Сол сәттердің бірінде Рахман Иеміз: "(Уа, Расулым!) Құран түскенде тезірек жаттауға асығып, тіліңді қозғалтпа. Шын мәнінде, уахиды сенің жүрегіңде жинау және оны оқыту Бізге тән іс. Ал, оны Біз оқығанда, оның оқылуына ілес" деген аят түсірді. ("Қиямет" сүресі, 16-18 аяттар). Олай болса, уахидың негізгі сырын тек бір Алла біледі. Бірақ әрбір мұсылман жүрегі осынау қасиетті кітапты орнықтыруға лайық етіп жаратылған. Өйткені Алла Тағала ешкімге көтере алмайтын жүк артпайды. Құранда айтылғандай: "Әркімге шамасы келетін міндет қана жүктеледі". ("Бақара" сүресі, 233-аят).

Мұхаммед Иқбал былай дейді: "Жастау кезімде әрбір таңда намаздан кейін екі сағат Құран оқитынмын. Әкем не істеп отырғанымды көрсе де, әр күні келіп: "Балам, не істеп отырсың?" деп сұрайтын. Ал мен қолымдағы Алланың кәламын көрсетіп: "Құран оқып отырмын", - деп жауап қайыратынмын. Сөйтіп екі жыл ішінде сан рет қолымдағы қасиетті кітапты көріп тұрып, немен айналысып отырғанымды сұрап жүрді. Бір күні әдеттегідей сол сұрақты тағы қойды. Мен: "Әкетай, Құран оқып отырғанымды көріп отырсыз ғой. Неге сұрадыңыз, әлде бір нәрсе түсіндіргіңіз келе ме?" - дедім. Әкем былай деді: "Иә, балам, қолыңда Құран бар, оны білемін. Бірақ мен оған жай қарағаныңды емес, шынайы оқығаныңды қалаймын. Балапаным, Құранды ол саған сөйлеп тұрғандай сезіп оқысаң, одан керегіңді алып оқысаң, шын мәнінде оқыған боласың және одан пайдаланған боласың".

Адамзат баласының ең ардақты тұлғасы Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көптеген хадистері осыған шақырады. Мәселен, бір хадисте былай делінеді: "Кімде кім Құраннан бір әріп оқыса, оған бір жақсылық жазылады, ал әрбір жақсы амал үшін он сауап жазылады, мен "Алиф, Ләм, Мимді" бір әріп деп айтпаймын, жоқ, "Алиф" - бір әріп, "Ләм" - бір әріп және "Мим" - бір әріп". (ат-Тирмизи ). Міне, Құранды көп оқушылар осындай сүйіншілеріне асыға берсін.

Бұл Құранды оқушылар үшін. Ал, оны оқи алмайтындар не істейді? Өздері оқуды үйреніп алғанша, өзгелердің оқуын тыңдайды. Әсіресе, ғылым мен техниканың ғасырында небір қаз дауысты қарилардың Құран оқығанын үнтаспаға жазып алып тыңдауға мүмкіндік көп. Сөйтіп оны тыңдау арқылы құлшылық жасауға, Жара­тушымыздың рақымына бөленуге болады. Бұл туралы да Қасиетті Құранда былай делінеді: "Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып тыңдаңдар да үңдемеңдер. Осылайша рақымға бөленерсіңдер". ("Ағраф" сүресі, 204-аят). Иә, Құранды тыңдаудың өзі - мұсылман баласы үшін Алланың рақымына қол жеткізудің бір жолы. Құранның мұсылман баласына берер пайдасын санап тауысу мүмкін емес. Алла елшісінің хадистерінің бірінде: "Егер адамдар Алланың үйлерінің бірінде жиналып Құран оқып, оны өзара талқылайтын болса, оларға міндетті түрде жан тыныштығы түседі және оларды рахымшылық бүркеп, періштелер қоршауына алады. Алла оларды Өзінің құзырындағылар жанында еске алады",- дейді (Муслим).

Мұнда "Оқыса, өзара талқыласа" делінген. Демек, Құранды өзара талқылау - маңызды іс және мұсылмандарға қойылып отырған талаптардың бірі. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі де одан шет қалмаған. Жыл сайын Рамазан айында Жәбрейіл періште түсіп, екеуі Құранды сабақ қылып қайталайтын. Көктің аманатын арқалаушысы мен жердегі ең сенімді аманат иесі Құран Кәрімді бірге оқитын.

Тақырыбымызды Хафыз Мүнәуиден жеткен бір оқиғамен аяқтағалы отырмын: "Бір жас жігіт Құранды толық жаттауға кірісіп жүрген шағында түн ұйқысын қиып, оны толық оқып шығатын болады. Ертесіне әбден шаршаған, талған күйде ұстазына келеді. Ұстазы істің мән-жайын дәрістегі басқа оқушылардан сұрайды. Олар: "Ұстаз, бұл шәкіртіңіз, әр түнде таңға дейін көз ілмей, Құранды толық оқып шығады",- дейді. Сонда ұстазы Құран Кәрімді бұлай оқуды қаламайтынын білдірейін деп әлгі шәкіртіне: "Шырағым, балам, Құран қалай түскен болса, солай оқылуы керек. Енді сен Құранды бұған дейін оқып жүргенің сияқты емес, мені қарсы алдыңда отырғандай сезініп, оны маған емтихан етіп өткізіп жатқандай оқы",- дейді.

Шәкірт барып Құранды ұстазы айтқандай етіп оқып, таңертең алдына келеді. Келіп: "Ұстаз, бүгін Құранның тек жарымын ғана оқи алдым", - деп жағдайын айтады. "Жақсы, енді бүгін Қасиетті Құранды Алланың елшісінің алдында тұрғандай сезініп оқы",- деп кеңес береді. Оқушы бұл түні "Құран түскен адамның көзінше оқып тұрмын, дұрыстап оқуым керек" деп бұрын­ғыдан да қатты уайымдап, әрбір әріпті өз тәрті­бімен оқиды. Ертесіне ұстазына келіп тек төрттен бірін ғана оқи алғанын айтып мұңаяды. Сонда мұғалімі: "Ал, енді оны Жәбірейіл періштенің Алла елшісіне (с.ғ.с.) түсіріп жатқанда оқығанындай етіп оқы",- деп, сынды одан да күшейте түседі. Шәкірт келесі күні: "Уаллаһи, ұстазым, бүгін тек бір-ақ сүре оқи алдым",- деп келеді.

Ең ақырында ұстазы: "Енді балам, бұл Құ­ранды бүкіл ғаламдардың иесі Аллаһ Тағаланың алдында тұрғандай оқы. Алла Тағала сенің оқып жатқаныңды тыңдап тұрғанын ойла",- дейді. Бала ертеңіне жылап тұрып: "Уа, ұстазым, Әлхамдулилләһи раббиль аламин. Аррахманир рахиим. Мәәлики йаумиддин" дедім, алайда "Ийәкә нәғбуду" дегенді айта алмадым. Айтар едім-ау, бірақ мен қазір қаншама көп нәрсенің соңына түсіп кеткенмін. Енді Алла Тағаланың дәл қасында тұрғанын шынайы сезінгенімде, ол аятты айтуға арым жібермеді",- деген еді. Мінеки, Құранды сезіне оқудың бір үлгісі осы болса керек.

Асылбек ӘУЕЗХАНҰЛЫ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.