Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Қазалы уезінің құрылу тарихы

 

Қазалы бекетінен оңтүстікке қарай 12 шақырым жерде Сырдарияның оң жағына орналасқан Қазалы қаласы ең алғаш рет 1847 жылы Қазалы форты болып негізін қалады. 1853 жылы №1 форт деп аталатын әскери бекініс құрылды. Патшалық Ресейдің шенеуніктері жергілікті халықтың арасынан шыққан өте беделді, артынан елді ерте алатын, сауатты, оқыған адамдарды осы бекініс-қалалардың құрылысына кеңінен қатыстырған. Жергілікті оқығандар қала салуға қай жердің ыңғайлы екенін, патша шенеуніктеріне қарағанда жақсы білген. Орыс тілін терең меңгерген, суретші, зауряд-хорунжий Сердалы Бекшоринді, би Рахмет Айтов, би, әрі хорунжий Үмбет Молдағалиұлы, Жақайым руының биі Жетес Қыстаубаевтарды Қазалы қаласының құрылысына пайдаланған. №1 форттың жобасы әскери құрылыс инженері Богдановтың жобасы бойынша жасалып, 1853 жылдың күзінде құрылыс жұмыстары жүргізіле бастайды. Форттағы әскери горнизонды, башқұрт жұмысшыларын, инженерлерді азық-түлікпен қамтамасыз етуді патша үкіметі арнайы реттеп отырған. Қазалы №1 форт болып құрылғаннан кейiн оның алғашқы тұрғындары Райым бекiнiсiнен қоныс аударғандар, Орынбор казактары, Арал флотының матростары, солдаттары болды. Кейiннен мұнда Орал казактары, қырғыздар, өзбектер, татарлар қоныстанды. Ресейдің Бұқара, Ташкент, Хиуа қалаларымен сауда байланысының дамуынан керуен жолы өтедi. Бiрте-бiрте Қазалы 1867 жылы iрi уездік қала болды. Орал казактарының көшiп келуiнен балықшылық пен қолөнер кәсiбi дами бастайды. Қалада 650-дей күйдiрiлген кiрпiштен салынған үй, уездік мекеме, почта-телеграф, қалалық училище, бастауыш мектептер, қоғамдық кiтапхана, монша, шiркеу, мешiт болған. Қала тұрғындары 12 мың адам. Өнеркәсiптiк өндiрiстен iрi сыра дайындайтын зауыт жылына 60 мың кiрiс әкелдi. Қалада жел диiрмен, ұсақ сабын қайнататын зауыт болды. Қала маңына бау-бақша егiлдi. Кейін келе аядай Қазалы үлкейе бастаған. Көптеген әдемі үйлер, мешіттер салынған. Шаһар Сырдарияға өте жақын болғандықтан бау-бақшаға бөленіп, сол төңіректегі көрікті жерлердің біріне айналған. Қаланың шет жағында патша ұлықтарының демалатын орны, жергілікті халықтың айтуынша, Ояз бағы болған көрінеді. Онда діңіне құшақ жетпес қара ағаштар, теректер бой сылаған. [Шерекенов Т., Алдамжаров Б. Қазалы көріністері//Лениншіл жас. - 1968. - 1 қазан.].

 

1867 жылы 11 маусымда Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғаннан кейін [Галузо П.Г. Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867-1914 гг. - Алматы: Наука, 1965.  - с. 33], №1 форт атауы өзгертіліп, Қазалы қаласы Сырдария облысының құрамына кірді [Добросмыслов А.И. Города Сыр-Дарьинской области: Казалинск, Перовск, Туркестан, Аулие-Ата и Чимкент. - Ташкент, 1912. - стр. 8-12]. Қазалы уезінде 1868 жылғы 1 сәуірден бастап 6 болыс құрылады. Олар: Қарақұм, Райым, Қостам, Сарытоғай, Қарабастоғай және Заңғар. Қазалы уез басшысы Қаракөл, Қостам, Сарытоғай болыстарында адам санының өскеніне байланысты тағы да 3 болыс құру керектігін, тіпті уездегі 7 болыстан 14 болыс құруға болатынын, оның әрбір болысында 1000-1600-дей үй бар екенін хабарлайды. [Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағаты (ҚР ОММ) 267 қор, 1 т., 4 іс. 2 п.].

Қазалы уезі Сырдария облысының солтүстiк-батыс бөлiгiне орналасты. Солтүстiк-батысында Торғай облысымен, оңтүстiкте - Әмудария бөлiмi­мен, оңтүстiк-шығыста - Перовск уезiмен, батыс және солтүстiгiнде - Арал теңiзiнiң жағалауларымен шектестi. Уездің жер көлемi 87020 шаршы шақырымды алды. 1909 жылы 1 қаңтарда 179000 адам қоныстанды. Негiзiнен тұрғындары қазақтар болды. Уездің халқы мал шаруашылығымен, суармалы егiншiлiкпен айналысады. Астық, бақша, техникалық дақылдар егiстiктiң 22000 десятина жерiн алған. Балық аулау шаруашылығы дамыған. [Муканов М. С. Этническая территория казахов в ХVІІІ-начале ХХ веков. - Алма-Ата, 1991.  - с.51].

Уезд тұрғындарын Кiшi жүз қазақтарының әлiмұлы тайпасы мен оның шектi, қаракесек, төртқара, шөмекей және қарасақал рулары құрады. Арал теңiзiнiң жағалауында шектiлер, Сырдария жағалауында қалған рулардың қыстақтары орналасты. Уезді қоныстаған осы аталған рулардың ара қатынасы мынандай болған: шектi - 40%, төртқара - 15%, шөмекей - 30 %, қаракесек - 4%, қарасақал-7%. Мұнан басқа 4% сұлтандар, төлеңгiттер, қожалар, Сырдария жағасында қарақалпақтар тіршілік еткен. [Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. - Алматы: Ана тілі, 1995. - 68 б.]. Қазалы қазақтары жазда көшiп Ырғыз уезiнiң жерлерiне, Егiзқара тауларына, Бұратал, Ашыбұлақ, Үшқамты, Жарбұлақ, Қандай өзендерiне дейiн барған. Шектi руы Мұғаджар таулары мен Ембiге дейiн көшiп-қонып жүрген.

1867 жылғы әкімшілік реформадан кейiн Сырдария облысы әскери губернаторы Қазалы уездік басқармасына капитан Соболевке ұйымдастыру комиссиясын құру туралы 1867 жылы 23 желтоқсанда Ташкеннен хат жiбередi. [Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағаты (ҚР ОММ), 2 п.]. Ұйымдастыру комиссиясының төрағасына уездің басшысын, құрамына Новокрещенов, титулдық кеңесшi Карловты енгiзiп, тапсырманы нақты орындау керектiгi және ұйымдастыру комиссиясы қай күнi бекiтiлсе, сол күнi жұмысқа кiрiсуi қажет екенiн ескертедi. Ұйымдастыру комиссиясының мақсаты - уездерде болыстар мен ауылдар құру. 1867 жылғы 21 желтоқсан мен 1868 жылдың 1 ақпанына дейiн 1217 сом 33 тиын күмiс ақша, ақпан айына 379 сом ақша комиссияның жұмыс iстеуiне бөлiнедi. Комиссия жұмысы кезiнде Қазалы уезін басқару №1 форт коменданты майор Юнийге тапсырылады. Осыған орай Қазалы уезінің бастығы болыстар мен ауылдар құру жөнінде ұйымдастыру комиссиясының жұмыстар жүргiзiп жатқандығы туралы, Сырдария облысының әскери губернаторына 1868 жылы 2 сәуiрде мәлімдеме жолдайды.

Уездік басқарушылар генерал-губернатордың бұйрығымен тағайындалды. Қазалы уездік басқарма қызметiн 1867 жылдан 1905 жылға дейiнгi аралықта капитан Леонид Николаевич Соболев (1867 жыл, қаңтар - 1869 жыл, 12 наурыз. Николаев Академиясында бiлiм алған), полковник Андрей Степанович Голов (1869 жыл, 12 наурыз - 1877 жыл, 30 сәуiр. Мамандығы бойынша топограф), подполковник Иван Николаевич Абграл (1877 жыл, 30 сәуiр - 1882 жыл, 1 қараша), полковник Владимир Александрович Геруа (1882 жыл, 1 қараша - 12 қарашаға дейiн), подполковник Александр Владимирович Девел (1882 жыл, 12 қараша - 1883 жыл, 30 қыркүйек), полковник Александр Петрович Сумароков (1883 жыл, 30 қыркүйек - 1884 жыл, 5 мамыр), капитан Петр Николаевич Панкратов (1884 жыл, 5 мамыр - 7 маусым), полковник Александр Петрович Сумароков (1884 жыл, 7 маусым - 1887 жыл, 1 қаңтар), полковник Алексей Густавович Реймерс (1887 жыл, 1 қаңтар - 1889 жыл, 31 тамыз), полковник Александр Николаевич Черневский (1889 жыл, 31 тамыз - 7 қазан), капитан Василий Федорович Киселев 1889 жыл, 26 желтоқсан - 1892 жыл, 5 тамыз), полковник Степан Романович Путинцев (1892 жыл, 5 тамыз - 1898 жыл, 12 ақпан), полковник Эраст Феоктистович Билинский (1898 жыл, 9 наурыз - 1905 жыл, 25 мамыр), полковник Иван Львович Арзамасов (1905 жылғы 9 маусымы) атқарған. [Добросмыслов А.И. Города Сыр-Дарьинской области, стр. 13-15].

1898 жылы наурыз-мамыр айлары бойынша 1-Түркістан бөлімінің инспекторының журналының көшірмесінде далалық саудагерлер туралы жазбалар бар. Далалық саудагерлер осы жылы далалық жерлерге 3 ай зат жіберуді, былтырғы жылмен салыстырғанда кеш бастады. Оның себептері, біріншіден, көктемнің кеш шығуы, екіншіден, ақпандағы жұт, үлкен көлемде азық-түлікті сатылатын малға айырбастауға келтірмеді. Оның үстіне саудагерлер осы көктемде далалық базарлардың ашылуына үміт артты және осыған байланысты болыстық басқармалармен келісімінің соңын күтті. Бірақ болыстық басқарушылар, біріншіден, бұл мәселені шешуге асықпай жазға дейін созды, екіншіден, олардың көпшілігі базар ашуға қарсы болды. Бізге белгілі болғандай, тек үш болыстық билеуші ғана базар ашуға келісті. Тіпті оның біреуіне егер Қамышлыбаста базар ашылмаса, сауда лавкаларын салуға рұқсат етілмейтінін ескерткеннен кейін келісті. Қазалы уезi құрылғаннан кейiн 1898 жылы қалада арнайы базарлар ашылды. 

Аққыр және Қалымбас болыстарының көшпендiлерi үшiн Мұзбел және Манасбай-Сор жерiнен,  Райым болысы үшiн Заузан жерiнен,  Қаракөл және Қаратөбе болыстары үшiн Қамышлыбас және Көлқұдық жерiнен,  Қалымбас болысы үшiн Қуандарияның жағалауынан базарлар ашылды. Қалған болыстардағы халыққа базарлар қажет болмады. 1867 жылғы әкімшілік реформадан кейін Қазалы уездік қала болып қалалық басқарма құрылса, ал уезде болыстар құрылды. Уезді басқару мен уезд басшыларының қызметі осы реформаның ережелеріне сай жүргізілді. Уездік қалаға сай ссудный касса, почта арнайы ережемен жұмыс істеді. [Әділбекова З. Қазалы қаласы мен уезінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы 1867-1917 ж тарихи аспектілер.].

Қорыта айтқанда, Қазақстанның оңтүстігінде Сырдарияның төменгі ағысындағы терең тарихы бар қалалардың бірі - Қазалы қаласы. 1928 жылы сәуір пленумының шешіміне сәйкес Қазақстан әкімшілік-аймақтың бөлінісіне байланысты Қызылорда және Қазалы уездері таратылып, бұрынғы екі уездің негізінде Қызылорда округі құрылды. Округтік комитеттің Қазалы және Қызылорда уездерін аудандастыру жөніндегі қаулысы бойынша 1928 жылғы 12 мамырда республикада алғашқылардың бірі болып Қазалы ауданы құрылды. Алпыс бір жыл бойы уез орталығы болған Қазалы аудан атанды.

Р.Алдоңғарова,

Ақмешіт филиалының экскурсовод қызметкері

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.