Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Райым бекінісі

 


Ежелгі Сырдың Райымға таяу екі жағын бір заманда орыстар келіп орам (халық, мал-мүлік санағы) алғанша Кіші жүз руларымен бірге Қызылдың қиясынан қоныс аударған кәдімгі қарақалпақ ағайындар қатар жайлаған көрінеді. Әрине, қарақалпақтардың да масалы-соналы Сыр бойына өз жұртындағы жаугершілік дүмпуінен ат жалында, атан қомында арып-ашып жеткені белгілі.

Бір кездері Райымның төңірегі телегей су болған. Осы күнгі елді мекеннің арқа тұсындағы биік жар қабақты сол заманда ақ күміс жалды тау толқындар арқырай соғып жатқан. Қазір де оның белгісін, кезіндегі мол судың орнын ауылдың кез келген жеріндегі бір кездегі теңіз таңбаларынан көруге болады. Ал, жарқабақ жел-құзда кеме паналайтын айлақ үшін аса қолайлы болған. Ол Сыр өзенінен бар болғаны үш шақырым жерде. Райым үстіртінің екі жағы қадым заманнан үйрек ұшып, қаз қонып жатқан ірілі-уақты балықты көлдер. Жап-жазық үстірттің бір жағы Қамыс­тыбас темір жол бекетіне жалғасады.

 

1847 жылы Орынбор генерал-губернаторы Перовскийдің жарлығымен Райым бекінісінің алғашқы іргетасы қаланды. Мұның бәрі Ресей патшасының ат тұяғы жетер жақын тұстағы бодан елдерді отарлау саясатының ашық көрінісі болатын.

Райымға орыстар келіп орныққанша бұл жердің арғы ата-бабасына төрт түлік мал біткен ежелгі байлары Сыр бойының жазғы маса-сонасынан қашқақтап, Қазақстанның солтүстік аудандарын жайлаған. Мысалы, жаңағы мыңдап жылқы, түйе біткен байлар жазғытұрым Ақтөбе аймағындағы Үлкен, Кіші Борсық құмдарына, шөбі шүйгін, жаз жайлаулары жұмаққа бергісіз Қарақұм, Ырғыз, тіпті сонау Торғай төңірегіндегі кең даланы қашан боқырау түскенше емін-еркін жайлаған. Ал, қазақтың баршасына бірдей төрт түлік мал бітпегені мәлім. Ондай кедей-кепшіктер жалғыз-жарым сиырының ағарғанын алданыш қылып, Райым табанына қолдап төрт десятина жерге арпа, тары, бидай дақылдарын өсірумен шұғылданған.

Сонымен 1847 жылы Орынбордан орыстар келіп орныққанша Райым бағытына, қала берді күллі Сыр бойына хиуалықтардың шапқыншы­лығы үдей түсті. Мұның себебі, қазақ даласының кез келген жеріне бекініс орнатып, қамал қамтып жатқан орыстардан бұрын осы жерді өздеріне қаратып алу еді қылышынан қан тамған хиуалықтардың. Тіпті сол жылдың бесінші-алтыншы наурызында Хиуаның Уәйіс-Нияз бегі қалың қолмен келіп Ақирек, Қамыстыбас төңірегіндегі мың төрт жүзге жуық қазақ отбасыларын ойрандап, төрт жүзден астам адамын айуандықпен өлтіріп, қолға іліккен қыз-келіншектерді күңдікке алып кеткен. Бұдан кейін талай шаңырақтың түндігі жабылып, иесіз қалған.

Атақты Жанқожа батырдың қол жинап ел-жұртының етек-жеңін жау тырнағынан босатуға бел байлағаны осы тұс. Осы жылы Жанқожа батыр Райымға орныққан орыстармен келіссөз жүргізіп, хиуалықтардың шабуылына қарсы ат қоюға уағда байласқан деген де тарихи деректер аз ұшыраспайды.

Сонымен бірге қазақтар орыстың шекаралық өкімет орындарына өтініш жолдап, өздерін Хиуа, Қоқан басқыншыларынан қанаттарының астына алып қорғауларын сұрайды. Орыстарға да керегі осы еді. Өздерінің қазақ жеріндегі позициясын түпкілікті орнықтыруды көздеген орыстар хиуалықтардың, қоқандықтардың шабуылын Жанқожа жасағымен күш біріктіріп тойтаруға кіріседі.

Райымға дейін орыстар жолындағы Ырғыз, Торғай өзендерінің бойына бірнеше қарулы бекіністерін қаз-қатар орнықтырып, күш ала бастаған болатын. Кезек міне, Сыр бойындағы Райым жеріне де келіп жетті.

Сонау итарқасы қияндағы Орынбордан қайтқан қаздай қаз-қатар тізілген Ырғыздан бергі жерге түрі таңсық, әскери жасақты көрген жол үс­тіндегі қазақы ауылдар айран-асыр қалды. Өйт­кені, бұған дейін ілуде біреуі болмаса қарулы орыстардың топталып бұлайша шеру тартқанын осы бірінші рет көріп тұрғандары. Орыстар болса қару-жарақтары күн сәулесімен жарқ-жұрқ етіп, талай ауылдың үстін тоқтаусыз басып өтіп келе жатыр. Бағыттары - Кіші жүздің бойындағы Райым жері.

Әскери жасауыл әдепкіде бекініске қажетті аса қат құрылыс материалдарын өздерімен бірге сайын даланың ғасырлар бойғы көнбіс көліктері - түйелі керуенге теңдеп алып келді. Ал, Райымның саз балшығы бекіністің әскери казармаларын, басқа да үйлерін әрлеуге таптырмас құрылыс материалы болды да шықты. Бекініс жұмысына осы маңайдағы отырықшы қазақтар жалданды. Олардың табатыны бар болғаны бақыр тиын еді. Әрине, оның да о кездері құны болды. Бірақ, тумысынан алты қырдан асып ауылдан ұзап шығып көрмеген қазақтар үшін орыстың қара бақырының көк тиындық құны жоқ сияқтанады.

Бекініс құрылысы жаңа-жаңа қанат жайған тұста әлгі жалданып жүрген қазақтар беттің арын белге түйіп, болар-болмас нәрсе үшін құр босқа арам тер болып жұмыс істеуден бас тартты. Бұ жердің ежелгі қожасы қазақтармен кикілжің туса, жоғары шенді офицерлер Орынбор өздерінің маңдайынан сипамайтынын жақсы білді. Сонан да жергілікті қазақтардың тілін табуға тырысты.

Жергілікті шаруалар сонау Орынбордан кіре тартып, бекініске қажетті тас, басқа да қажетті құрылыс материалдарын, азық-түлік тасымал­дап, саздан балшық илеп, қам кесек басты. Оны отқа күйдіріп әбден пісірді. Содан соң қазақ­тардың еңбеккештігін көрген, керек болған жағ­дайда қолына тиген табыстың емес, намыстың құлы болатынын байқаған бекініс бастығы подполковник Ерофеев олардың тынымсыз еңбегін жоғары бағалады. Кейбір бейбастақ офи­церлердің қазақтарға деген салқын көзқарасын жойып, оларды себепсіз жазалаудан құтқарды.

Көп ұзамай әскери бекініс пайдалануға берілген соң Орынбордағы патша шенеуніктері бұл маңайды орыстандыру саясатына көшті. Соның дүмпуі болар, алғаш жиырма алты орыс отбасылары қамал төңірегіне қоныс тепті. Бұдан кейін Ресейдің кез келген тұсынан орыс атаулы Райымға көптеп келе бастады. Оларға қазақ­тардың Қамыстыбас көлінің жағасындағы шұрайлы шабындықтары, суармалы егіншіліктері күшпен тартып алынып берілді. Кейін орыстар Ақирек алқабындағы құнарлы жерлерді де жайлап, жергілікті отырықшы қазақтар болса қаба сақал, аузы түкті келімсектерден шетқақпай көре бастады. Сірә, Жанқожа батырдың Райым әскери бекінісінің бастығы подполковник Ерофеевтің қолынан орыс әскерінің есауыл шенін алып, сол үшін беретін тәп-тәуір табысынан сырт айналып, намыс туын жоғары ұстауы жоғарыдағы жағдайдың әсері болса керек. Ақыры, батыр бекіністен атқұйрығын біржолата үзіп қайқы қылышын жай оғындай жарқылдатып, жебесін бұршақша жаудырып жауға қарсы ат қойып шықпайтын ба еді!?

Патша үкіметінің сол кездегі отаршыл саясаты үшін Сыр бойындағы Райым әскери бекінісінің саяси жағынан маңызы зор болды. Мұны Орынбор шекаралық әскери комиссия төрағасы В.В.Григорьевтің өлке генерал-губернаторы Перовскийге жолдаған хатынан айқын аңғаруға болады. "Аса мәртебелі тақсыр, Сіздің жоғары лауазымды құзырыңызға төмендегі жағдайды баяндауға рұқсат етіңіз.

Біздің пайымдауымызша, Райым әскери бе­кінісінің саяси жағынан да, әскери іс-қимыл жа­ғы­нан да маңызы зор болғаны даусыз. Әсі­ресе, біздің үкіметіміздің қарамағындағы қазақтарды Орта Азиядағы Хиуа, Қоқан бас­қыншылары тарапынан болып жатқан алым-салықтан, зорлық-зомбылықтан кез келген уақытта қорғау­да Сырдария өзеніне таяу жердегі бұл бекіністің атқаратын қызметі анағұрлым зор болмақ".

Иә, шекара комиссиясы төрағасының ха­тынан аңғарғанымыз, хиуалықтар мен қоқан­дықтар басып алған Сыр бойындағы қазақ­тардың халі бұл кезде тым мүшкіл еді. Әсіресе, шамадан тыс ауыр алым-салық, зорлық-зом­былық, ұлын құлдыққа, қызын күңдікке айдап кетуге сол кездері Сыр бойы қазақтары жиі-жиі қарсы шығып, аттан салып көтеріліс ұйым­дастырды, аламан жинап, ат үстінде алдаспан намысын қайқы қылышқа жаныды. Хиуалықтар мен қоқандықтардың қазақ жеріндегі бас­қыншылық саясатының күшеюі патшалық Ресей мен Орта Азия арасындағы халықаралық қатынасты келе-келе тым шиеленістіріп жіберді. Содан да болар, генерал-губернатор Перовский­дің өзі бастап қоқандықтарға, хиуалықтарға қарсы әскери экспедиция ұйымдастырғаны. Бірақ тарихтан белгілі болғанындай, орыс әскерінің бұл жорығы сәтсіз аяқталды. Дегенмен, Ресейдің бұл Орта Азияға қарай бір адым болса да алға басуының маңызды қадамы болатын.

Осындай әскери іс-әрекетке қарамастан әсіресе, қоқандық билеп-төстеуші Әлімхан тарапынан Сыр бойындағы бейбіт еңбекпен шұғылданған қазақтарға қарсы шабуыл көпке дейін созылды. Әсіресе, басқыншылар жолындағы Ұлы жүздің Шымкент, Сайрам, Құрама, Түркістан қалаларын басып алып, қазақтарды айуандықпен жазалады. Топан судай тұс-тұстан ағылған олар Сыр бойына дейін келіп, бабамыздың қасиетті қаны тамған киелі топырақты ат тұяғымен иледі.

Кейін қазақ жасауылдары күш біріктіріп, орыстардың көмегімен басқыншыларды Сыр бойынан біржолата қуды. Бұл жерде асай-мүсейін асынған әскери бекіністің атқарған қызметі анағұрлым зор болғаны сөзсіз.

Осы жерде бір айта кететін жайт, Украина халқының ұлы ақыны Т.Г.Шевченконың Бутаков кемесімен Арал теңізі, Сыр өзені арқылы жүзіп келіп Райымда болуы. Кезінде бұл жөнінде талай-талай тарихи мағлұматтар да жинақталды. Бекініске таяу жерден осыдан отыз жылдай бұрын №72 Райым орталау мектебінің ұйым­дастыруымен сонадайдан көз тартар ескерткіш тақта орнатылды.

Сол кездегі Райым елді мекеніндегі көзі­қарақты, көкірегі ояу көнекөз қарттардың айтуынша, бұл маңайда әскери бекініс үстемдік құрып тұрған тұста бір офицер қайтыс болған көрінеді. Кейін арадағы жүз жылға таяу уақыттан кейін бекініс орнынан археологиялық жәдігер іздеуші жәутең көздер қат-қат топырақтың терең қабатынан қалың пішенге көмілген офицердің мүрдесіне кезігіпті. Пішен жаңа ғана орылғандай көкпеңбек. Ал, әскери киімімен жерленген офицер денесі де сол күйінде. Түк болмаған.

Ауыл қарттарының ақылымен офицер мүрдесі сол дүре тимеген күйінде қайта жер­леніпті. Айта берсек, бекініс ішіндегі казарма, қару-жарақ қоймалары көп уақытқа шейін сақталыпты. Қазір бұдан жүз жетпіс жыл бұрынғы патша әскерінің айбынын асырған бекіністің бұл жерде ізі ғана жатыр. Үстін жыл сайын жазғытұрғы жасыл шөптер өрнектеп, қоңыр күзде қайта солады. Уақыт деген осы.

Міне, баяғыда етегіндегі шаруа ауылға зеңбіректері зәр шашқан қазақ үшін құбыжық тәріздес аса қорқынышты бекіністің бар тарихы осындай.

Толыбай АБЫЛАЕВ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.