Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Тіл тектіліктің төрінде тік тұруы тиіс

 

Әр ұлттың ұлығы, алтын діңгегі, терең тамыры, тағылымды тарихы, діні мен ділі, шынайы үні ол - ана тілі. Тіл тақырыбында толғанбаған тұлғалар кем де кем шығар. Қазақтың сөздік қорына жететін құндылық жоқ. Иә, сондай заман болған бұрын. Бірақ, бүгіндері алтын ғасырлардан қазақтың нағыз қалыптасқан бай сөздері бүгінде кедейленді, жұпыланды. Тіпті бодандықтан босау бойына байырғы бай­лығынан айырылған қазақтың сөздеріне "вирус" болып еніп жатқан түрлі өзге елдің терминдері сөз мәдениетін орнынан тайғақ­татты. Оған куә - халықтың өзі. Оны дәлелдеп, дәйектеп көр­сетудің де қажеті шамалы. Басқасы былай тұрсын, күнделікті өмірде қолданылатын ауызекі әңгімелердің өзі құлағыңа түрпідей тиетін күйге жеттік. Нәрі жоқ, сәнді болғанмен мәні жоқ сөз саптаулар жастардың желігін желпілдетіп тұр. Ал, орынсыз қолданылатын сөздер көргендіктен сөйлемесе де көрегендіктен сөйлейтіндердің ашуын туғызды. Бұның бәрі бүгінгі заманның әсері ме, әлде шынымен санаға сіңген орыстың боданынан босап шығу үшін 26 жылдың аздық еткені ме, беймәлім?!

 

Құлагердей құлазыған көңіліміздің күйінуі де орынды екені даусыз. Сонда да сіздерге тіліміздегі әлгінде айтқан "вирустар" жайында талқылап, талдап айтып берейін. Әуелі шалабайлап, ілініп салынып, әупірімдеп жүрген шала қазақтардың шұбыртып тұрып ана тілімізге орысшаны төкпелете қосып, сөйлеп жүре беруін жөн деп есептейсіз бе? Мысалға, төл әріптерімізге тілдері келмейтіндер көгілдір экраннан сөйлегенде дауасыз дерттің емі жоқтай көрінеді, тап-таза тілімізді ластайтын дүниелер қаптап кетті. Мына сөзге қараңызшы, "Бары Нурсултан Назарбаев­тин аркаси" (тыңдаған кезде осылай естіледі). Ниеті түзу секілді, бірақ тілі шұбар. Бойымыздың үйренгені сондай, таңқалмайтын болдық шұ­батылып сөйлегендерге. Енді өзге тілде сөйлеу өз алдына, өзге тілде ойлау бұдан да қауіптірек болып барады. Содан болар, ұлтын құлай сүйетіндер үшін шалақазақтың аузынан шалажансар сөз есту тірілей өлгенмен бірдей болып тұр.

Бұл былай тұрсын, басқасы-басқа қаракөз қарындастарымызды қор қылып жүргеніңізді өзіңіз де білмейтін шығарсыз. Айтайын білмесеңіз, біліп жүріңіз. "Қарындас фигураңыз ат екен!" деген ел арасында көп қолданылатын сленг сөз. Нұржан Төлендиевтің авторлық сөзі. Қазақ халқы тез қабылдағыштығы арқасында ел аузында хит болған тіркесті сөздер бұл. Ойпырмай, бұл сөзді-ай. Мағынасына үңілсек түңіліп кетесің. "Фигура", яки мүсін. Қазақ қарындасына мүсінің әдемі екен деп, өлсе де айтпаған. Бірен-саран Цин-гандықтар Қазақстанда өмір сүрмесе. Ол ол ма "ат" сөзінің түп тамыры қайдан шығатынын іштей бағамдап отырған да боларсыз. Қазақтың әдебиеттерінде де, малшы ауылдарда да кестірілген жылқы малын "ат" деп атайды. "Ұят болады" деген қазақтың тәрбиелік сөзін ысырып тастап аузына келген сөзді айта салу ар алдындағы ожданнан ауыр іс, қазақ үшін. Сол себепті сөзге ұқыпты түрде мән берген елміз. Ой түйіндеңіз. Осынша ақпараттардан соң салыстырыңыз не айтып, не қойып жүргеніңізді. Жігіттік намысыңыз болса, келесі жолы бұл жаргон сөзден бойды аулақ салған ләзім. Жалпы, жаргон қосып сөйлеудің  шұрайлы тілді қазаққа қажеті шамалы.

Тізе берсең тілдегі немқұрайлықтар тау­сылмайды. Облыстардың ішінде қазақылығы ең жоғары дейтін Қызылорда көшелерінің өзінде өзге тілде сайрап тұратын түрлі жарнамалар, билбордтар, өздерінше керемет жазылған мекеме немесе көңіл көтеру орындарының атаулары көздің жауын алып тұр, тура мағынасында айтқанда. Дүркіретіп, дүбірлетіп, ат ойнатып, атойлатып той өткізетін тойханалардың атаулары да қазақшаға жарымапты. Олардың қатарында "Bystreet", "Жанетта", "Золотой дракон" және де тағысын тағылар. Түнгі клубтар да шет елдің сөзін пайдалануға дәнігіп алған. Шетелше атау қойсақ, көпшілікті қызықтыра түсеміз деп ойлайтын болар, бәлкім. Әйтсе де елді елең еткізетін дүние ол емес. "Техас", "Мая Мая", "Гудзон", "Дубай", "Fashion", "Esperanzo", "Sabor" сынды жастарды "жынды" қылатын түнгі өмірдің белсенділері, ауыздарынан тастамай айтып жүретін өздерінің "кәлимасына" айналған түнгі орындар атаулары қазақшаланса, жастар да қазақтың сөзін айтып жүрер еді. Әй, бірақ, әуелі Абай айтқан "өңкей қиқымдар" ұлттық құндылық дегенді түсінер ме екен дейсің  іштей қапа болып.

Рас, тіліміздің тынысын тұншықтыратын жайттар жетіп артылады. Өзінің меншігіндегі ғимарат болса, солай тіркелсе, қазір кім қай жерге не жазам десе де ерікті. Бірақ, қате мен үйле­сімсіздік және жұрт жауыр болған атаулар немесе кез келген сөзге "әлемі", "әдемі" мен "хана" сөздерін тіркестіре салып, сауда орнының атауын қоя салу сәнге айналды. Тіл мамандары "хана" сөзі сөз тудырушы жұрнақ, оның өзіне тиесілі меншікті және тұрақты сөздері бар, соларға ғана тіркелу тиіс" дейді. Оны ескеріп жатқан олар жоқ. "Біз ашылдық" деп аталатын дүңгіршектерге де көз үйреніп кетті. Тіпті қазіргі кезде көпшіліктің еті үйреніп кеткендей бұларға. Көрсе де көрмегендей, білсе де білмегендей жүре беретін болған көбі. Қызылорданың А.Байтұрсынов көшесінің бойымен жүрер болсаңыз, тойха­налардың, ойынханалардың, клубтар мен түрлі мекемелердің атауларының 90 пайызы өзге тілде десек жалған емес. Көзді бір сүзіп шық­қанның өзінен орыс мен ағылшын тілінен көз ашпайсыз. Сосын "не мағына береді екен?" деп, сауда орта­лықтарының қазақша баламасын іздеп жүреміз. Сонда "жаңаша даму, жаңғыру" дегеніміз осы ма? Өзге тілде көше атауларын өзгертіп шықсақ, дамудың даңғыл жолына жол ашы­латын болғаны ма?

Бүгінгі қазақстандықтарға өз тіліңнің нәрін, өзге тілдің бәрін біліп, құрметтеуді ұсынар едік. Жетпіс тіл білген Әл-Фарабидей болу үшін жетелі түрде руханиятымызды тірілту маңызды орында. Жаһандануда көш бастаймыз деп, ұлттық қағидаттарды ысырып қоя тұруға бол­майды. Айтпақшы, "Қазақ тілі үш тілдің бірі емес, бірегейі болады" деп айтылды. Әттең, жетім сөзден не қайыр, тыңдаушысы болмаса! Біре­гейлік болатын болса, тілді тірілтер күн туды емес пе? Тіл тектіліктің төрінде тік тұруы тиіс! Сондықтан ұлттың жаны саналатын тілдің қазіргі халіне жүрегі қазақ деген әрбір азамат бей-жай қарамауы керек.

Тағы бір ескерер жайт, "ауызда жиек жоқ, тілде тиек жоқ екен" деп, ойына келгенді айта беруге де болмайды. Маңыздысы үйдегі балаға да өз тіліңмен емес, өз тілімен сөйлеу керектігін ата-аналар да ұмытпағаны жөн. Өз тілің - бірлік үшін, өзге тіл - тірлік үшін ғана керек. Тілден тілдің кеңдігі болғанымен, кемдігі жоқ дегенмен, кемсеңдеп тұрған қазақтың дана тілі өз қотырын өзі қасып тұрған шерлі күйде, Қорқыттың күйіндей күңіреніп тұр. Шынында да Қорқыт пен Қазақтың тіліндегі ұқсастық, екеуі де "Мәңгілік өмір" үшін күрескерлігінде. "Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт" деп жүрміз. Мәңгүрт демекші, жақында бір мылқау жігіттің ойын білдім. Аты-жөнін толық атамауды сұрады.

- Тілім мүкіс болғанмен ойым сау, менің ана тілімде сайрап сөйлегім, ұрандатқым келеді. Қазақтың байтақ даласында айқайлап, жүгіру арманым. Әттең, қазір қанаты қырқылған қыранмын. Қанатынан қан тамған құстай шарасыз күйдемін. Күйінетінім қандас­тары­мыздың он екі мүшесі сау болса да, ана тілде сөйлемеуі мені қынжылтады. Өлең де жазғам септігі тиер деп.

Тіл сұра, діл сұра, дін сұра деймін тектіден,

"Қазақ тілде" сөйле деймін сөйлегенге ептіден.

Мен мылқау емеспін, мылқау жандар ке­рісінше, Ана тілде сөйлей алмайтындар деп білем.

Бұл өлеңнің жалғасы бар. Бірақ, сөз түсін­бейтіндерге оны айтып шаршаудың да қажеті жоқ-ау, сірә.

Мағжан Жұмабаевтың:

"Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың.

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың",- деп толғағаны есімізде. Бабамыздан жан-дүниеміздің айғағы - жер мен тіл, өткенімізді тірілтер шежіре мен тарих қалды. Бұлардан айырылсақ, қасиетімізден айырыламыз! Одан кейін не боларын кім білсін?! Ойланған ауыр. Қалай десек те, мұраға қалдырған қазынаны келесі ұрпаққа кіршіксіз күйде табыстай алмасақ, ата-баба аманаттаған ұлттығымызға, азаматтығымызға сын. Намысымызды қажайық, рухымызды тірілтейік!

Айдар САЙЛАУОВ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Кім онлайн?

Қазір 34 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.