Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Маңғыстаудан түйген ой: Мұстафа Шоқай ескерткіші өмірге қалай келді?

 

Алаш қозғалысы тұсын­да тебінгіден тер, қабырға­дан қан жаудырған патшалық билікпен темір етіктен тең­гедей, темір таяқтан тебен­дей қалғанша белдескен күрескерлердің бірі - Мұстафа Шоқай. Ер есімі ұзақ жылдар бойына ескерусіз қалып, Тәуелсіздіктің арқа­сында азаматын ардақтауға мүмкіндік алды. Бірі ардақтылардың өмірлерін дәріптеп, дерек­көздер жинап, қолжазбалары қолдарына түскен сәттен бастап бар дүниені біріктіріп кітап етіп шығарып жатса, енді бірі көше аттарын беріп құрмет көрсетуде. Ал, қызылордалықтар өзі­нің қайсар қайраткеріне қоладан алып мүсін соғып берді. Осы ескерткіш еңсе көтерген кез­ден бастап ел арасында түрлі көзқарастар хақындағы пікірлерге құлағымызды түріп те жүрдік. Мүсінші мамандардың көзімен қарай алмасақ та, биіктігі тоғыз метр болатын мүсін­нің көркіне көзіміз тоймағаны жасырын емес.

 

Дегенмен де Қызылорда қаласында наурыз айының 28 күні ашылған Мұстафа Шоқай ескерткіші жайында ел арасында түрлі алып қашпа әңгімелер шығып, пікір қайшылықтары туындаған еді. Соның бірі - мүсіннің көзін төмен салып, мұңайған бейнесі турасындағы әңгімелер. Оған қоса "мүсіннің бедерленуі Мұстафа Шоқайға ұқсаңқырамайды" деушілер де табылды. Алаш ардақтысы, елінің ең беделді ері, алып қайраткер М.Шоқайдың мүсіні өмірге қалай келді? Қаражаттың қалай игерілгені және су жаңа мүсіннің біз біле бермейтін қыр-сырларын білу мақсатына осы мүсіннің авторы, мүсінші Көшер Байғазиевпен әңгімелескен болатынбыз.

Әдетте, бізде "ескерткішті сол жердің не жақын руының адамы қолға алу керек" деген түсінік бар. Себебі ол адам бәрін біледі, түсі­неді. Ал, К.Байғазиевтің М.Шоқайға түк қатысы жоқ.

- Мен 1957 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылында дүниеге келгенмін. Негізгі мамандығым суретші, мүсінші. 1979 жылы Шымкент педа­гогикалық институтын бітіріп, сол жылдан бастап  орта мектептерде мұғалімдік қызметті атқарып жүрдім. Қазіргі таңда тек мүсінмен ғана айна­лысамын, ешқандай арнайы мекеме, қызметтік орындарда жұмыс жасамаймын,-деді бізбен әңгімесінде.

Сонда сонау Ақтау қаласында жүріп, М.Шоқайдың мүсінін соғу батыстың аза­матының ойына қалай келген? Ол сырды автор тарих қатпарынан сыр шерте отырып, әңгі­меледі. Мұстафа Шоқай елден жыраққа кетер сәтінде Ақтау қаласында болыпты. Жан жары Мария да осы өңірдің топырағын басқан екен.

Мұстафаның маңғыстаулықтарға қандай қатысы бар? Бұл жаққа қалай келген? Көпшілік бі­ле бермейтін бұл оқиғаны түпкілікті ашу үшін Ақтау мұрағаттарын ақтаруға тура келді. Мүсінші сөзін дәлелдеу үшін Мұстафа есте­ліктері мен мақалаларына көз жүгірттік. Тарих­қа сенсек, 1918 жылы қаңтар айында Қызыл армия бөлімдері Қоқан қаласына жан-жақтан лап қойып шабуылдар бастайды. Боль­ше­вик­тер қаланы басып алып, өрт құшағына орайды. Қоқан қаласы талқандалғаннан кейін М.Шоқай бастаған Түркістан автономиясының басшы­лары жан сақтаудан басқа амалы қалмай, бас сау­ғалай бастайды. Қаладан жасырын түр­де, әрең сытылып шыққан М.Шоқай ауыр жол аза­бын артқа тастай отырып, Орынбор қала­сына келеді.

Осы жылдар тұсында Алаш автономиясы жарияланған Орынбордағы ІІ Жалпы қазақтық сьезге Мұстафа Шоқай да қатысады. Ол "Алашорда" қозғалысының төрағасы Әлихан Бөкейхан басқарған үкіметке мүше болып кі­реді. Бұл кезде Кеңес үкіметі Мәскеуде, Пет­роградта және Түркістанда толық орнаған болатын. Алайда, орыс буржуазиясы өкілдері бұратана халыққа автономияны да қимай­тындықтарын айқындай түсіп, 1918 жылы 4 қарашада мемлекеттік кеңес "Алашорда" үкіметінің қызметін тоқтату туралы қаулы шыға­руы соның нақты дәлелі болды. Түркіс­таннан басталған сәтсіздік М.Шоқайға барар жер, ба­сар тау қалдырмады. Айналаның бәрін больше­виктер басып алып, кеңес үкіметін орнатып жатты. Осы кезде М.Шоқайдың ба­сын әкелген адамға сыйақы тағайындалады. Мұндай күйге түскен М.Шоқайға шетел асу­дан басқа амал қалмайды. 1918 жылдың қақа­ған қысында ең әуелі Торғай жеріне келіп, сосын Орал қазақ­тарының арасында болып, Гурьев уезінің жері арқылы, соңында Маң­ғыстауға келеді.

Оның Маңғыстауға келуінің бірнеше себеп­тері болған. Соның бірі ол кезде Маңғыстау өлкесінде Түркістан және Алашорда үкімет­терінің төменгі буыны болып саналатын жер­гілікті, уездік "Уақытша Халықтық Кеңес" атты Шоқайдың кезінде өзі құрып, Маңғышылақ уезі құрамына кірген билік органының қара­мағында болуы еді. Бұл өкімет уезде 1918 жыл­дың күзінде, дәлірек айтсақ, 20 қыркүйек күні Фортта құрылады. Яғни, Мұстафа келер алдында аз-ақ бұрын құрылған. Басшы болып уездік қызметін О.Көбеев басқарған. Құра­мына 7 адам енген басшылық органы сайлап алынады. Бұл кездері өлке аймағынан тыс жерде жүруіне байланысты Жалау Мыңбайұлы бұл өкіметке мүше бола алмайды. Енді М.Шоқай­дың өлкеге келуінің тағы бір себебі, Маңғышылақ уезд билігі ол кезде Кеңес өкіметін мойынсұнбаған күштердің қолында, яғни кезінде өздеріне идеялық жағынан жақын адамдардың басшылығында болуы. Кезінде Ж.Мыңбайұлы бас болып Қоқан қаласына келген Адай жұртының делегациясынан да ол хабардар, оның әлі ізі суи қоймаған, сондықтан ұмытыла қоятындай уақыт та өткен жоқ-ты. Мүмкін олармен жақын танысқан да шығар. Бізге жеткен бір деректің ұштығы "М.Шоқай Адайдың, оның ішінде Құнанорыс Айты­манның жиені" дегенді айтады. Бірақ та бұл туралы болашақта анықталып, әлде де зерттеуді қажет етеді. Сонымен М.Шоқайды Маңғыс­таудың игі жақсылары О.Көбеев, Ж.Мың­байұлы, Ш.Кендірбаев, Қ.Жаншуақов, Ш.Бекна­заров, О.Иманғазиевтар қарсы алып, лайықты құрмет көрсетеді. Бұл айғақты кейін 1937 жылы ОГПУ тергеушілеріне берген жауаптарында жергілікті азаматтар, сол күн­дердің куәлары Қ.Тәжиев, О.Шымыров және кезінде "Мұскеңестің" белсенді мүшелерінің бірі болған Ж.Молдабергенов те қуаттап, өз­дері берген айғақта былай көрсетеді: "1918 жылы Форт қаласына қашып бара жатып, М.Шоқай деген келіп, қаланың адамдарын жинап, жиналыс ашты. Мұның ішінде "Мұсыл­ман кеңесінің" мүшелері болды. М.Шоқай Алашорданың құлайтынын, болшевиктердің өкіметі алатындығын және өзінің шетелге кетіп бара жатқанын айтты".

М.Шоқай Фортқа жаяу-жалпылап жалғыз келмепті. Өлкеге аяқ басқан кезде Мұстафа­ның қасында антибольшевиктік көзқарастағы Түркістан кезеңінен бері серіктес болған Вадим Чайкин бастаған 18 адам болған. М.Шоқайдың Маңғыстауға қашан келген, қай уақытта келді, қашан, қалай, қайда аттанып кетті деген мәселе төңірегенде бірізділік бай­қалмайды. Белгілі тарихшы-ғалым Т.Омар­беков "Мұстафа 1919 жылы Форттан әуелі Крас­новодскіге, содан теңіз арқылы Бакуге аттанып кетті" деген дерек айтса, жазушы өлкетанушы Ә.Спан оны "Фортта бар болғаны 2-3 күн ғана аялдап, осы жерден Бакуге тіке­лей кетті" деген деректі алға тосады. Журна­листер Ж.Аупбаев, Ж.Нұрмаханова "Егемен Қазақстан" газетінде жариялаған "Порт-Артур шайқасына қатысқан қазақ" атты мақаласында осы пікірді қолдап, М.Шоқайды "өлкеге 1921 жылдың күзінде келіп кетті" деп жазған еді. Бірақ, М.Шоқайдың өзі берген деректерге сүйенсек мұның бәрі басқаша.

Бұл үшін Мұстафаның кейін эмиграцияда жүріп жазған естелік мақалаларын алға тартса жеткілікті. Париж қаласынан шығатын "Пос­лед­ние новости" аталатын газеттің 1921 жылғы 26 қарашадағы санында жарияланған "Қазақ жеріндегі ашаршылық" деген мақаласында ол большевиктік листовкалар, тұрғын халықтан алынған мүлік пен малды қайтару үшін берілген құжаттардың қазақ жерінде қаптап кеткенін айта келіп былай дейді: "Мұндай құ­жатты мен (және серіктес орыстар) 1918-1919 жылдары қыста Маңғыстауда болғанда көп кезіктірдім..." Мұстафа Шоқайдың өз қолы­мен жазылған осы айғақтың өзі-ақ "оның Маң­ғыстауға 1918 жылғы қараша, желтоқсан айла­рында және 1919 жылдың көктеміне дейін болып кеткен" деген қорытынды жасауға бола­ды. М.Шоқай теңіз арқылы шығу қауіпті болған соң, көктем шыға құрлық арқылы құпия түрде жолға қамданған. М.Шоқайды шығарып салуға сенімді адамдар іріктеліп, іріктеу тағы Ж.Мыңбайұлына түседі. Қасына О.Иманға­зиевты қосып, оларға қоса қорғау және қауіп- қатерден сақтану үшін жергілікті адай жігіт­терінен жасақталған қарулы бөлім жібереді. М.Шоқай­дың құрлық жолымен аттанды­рылғанын тағы да өз сөзіне жүгіне отырып дәлелдеп көрелік. Ол жоғарыдағы мақала­сында: "1918 жылы бүкіл жаз бойы және 1918-1919 жылғы қыста Торғай, Орал және сыртқы Каспий облыста­рын­дағы қазақтардың ортасында болдым",- деп жазады. Бұл жерде Сыртқы Каспий облы­сындағы қазақтар деп отырғанына сөз жоқ. Красноводск уезіне таяу Жаңғақтың бойын жайлаған 4 және 5-адай болыстары тұрғын­дары екендігіне ешқандай шүбә келтіруге болмас. Ол сапар барысында елмен сұхбат­тасып, жағдайларымен танысып, біліп отыруға тырысқандығы байқалады.

Тағы да айта кететін бір дерек, құландылық Теңел Төкенов ағамыз үлкендерден естігенім деп осы бір сапарда Мұстафа, Жалау мен Отарбай Шайхының демеуімен Үстірт үстін­дегі Жұзадым жерінде жатқан нағашы атасы Айтыманның бейітінің басына барып рухына бағыштап садақа берген деседі.

"Алтын кездік қап түбінде жатпайды" де­мек­ші, Мұстафа мен Жалауға байланысты бұл де­ректі кім айтса да ойдан шығармағаны ақи­қат.

Жалау Мыңбайұлының азық-түлік тасымал­дай­тындықтан қолында карта болды. Жолдар­дың бағытын көрсететін құжат, сол кездегі азық-түлік бөлімінің бастығы Е.Красно­дембский мен Ж.Мыңбайұлы қол қойып бекіткен 1917 жылы облыстық орталық ста­тистика-есеп комитетіне жіберілген ақпар бо­латын. Ұзақ жолды артқа тастап, Красно­водскіге келген жолаушылар қарулы жасақты қала маңына қалдырып, Жалау Мұстафамен се­ріктерін Ашхабат қаласына алып кетеді. Облыс орталығына аман-есен жеткен ол сол жер­­ден М.Шоқайды Бакуге аттандырып жібереді.

М.Шоқай зайыбы Мария Яковлевна ол жүрген жермен ілесе Фортқа келеді. Ол өзінің кейінгі жазған естеліктерінде "М.Шоқайдың хатын әскери киім киген қазақ адам берді" дейді. Ол сөз жоқ полковник О.Көбеев бола­тын. Ол ерімен мамыр айында Баку қаласына қашқанын жазады.

Жалау Мыңбайұлы қайтар жолда ағылшын­дар интервенттерінің тұтқынына түсіп қалып, 14 күн абақты азабын тартады. Өзінің азық-түлік комитетінің қызметкері екенін дәлелдеп, өз дегендеріне көндіріп босап шығып, еліне қайтып келеді.

Бұл оқиғаның барлығы Көшер Байғазиевтің көңіл сүзгісінен өтіпті. Мүсіншіге шабыт бе­ріп, М.Шоқай мүсінін Маңғыстауға орнатуға ниет қылады. Бұл ұсынысын сол кезде Маң­ғыстау облысының белді азаматтары да қолдай кетеді.

Мүсінші толғанысынан туған туынды жөнінде өз әңгімесінде "көптеген ой-толға­ныстың тоғысқан тұсы осы мүсіннің бейнесі" деген болатын. Одан мүсіннің өмірге қалай келгенін толығырақ айтып беруін сұрадым.

- Мұстафа Шоқай - қазақтың азаттығын тілеген текті тұлғаларымыздың ең елеулісі. Қайраткердің бейнесін сомдап шыққаныма қуанатыным да осы. Мүсінді дайындап шығу үшін менің 4-5 жыл уақытым кетті. Жылдар жылжып жатқан сайын көңілім де құбылғыш болып, көптеген ойларым осы мүсіннің айналасына тоғысып жатты. Тоғыз рет өлшеп, бір мәрте кескен мүсінім болды бұл.

Негізі, бұл мендегі дайын жұмыс болатын. Маңғыстау өңіріне орнатам деп жүргенде күт­пе­ген қиындықтар кезігіп, бұл ойым жүзеге аспай қалды. Жығылғанға жұдырық, Қырымбек Көшербаев  Сыр өңіріне әкім­дікке ауысып кетті. Ал, жасап шыққан еңбегім қо­лымда қалды. Болмайтын дүние ғой деп лақ­тырып тастауға да қимай алып қойғанмын. Құдай сәтін салды ма, уақыт өте келе Қызыл­ор­да қаласында Мұстафа Шоқай ескерткішіне конкурс жарияланды. Ұмытпасам, бес-алты ұсыныс түскен болатын. Соның ішінде менің жұмысым жеңіп шығып, мүсінді орнатуға мүмкіндік алдым.

Тұғырына қонған туындым көңілімнен шықты. Менің Мұстафа Шоқай образында назары төмен, ойлы күйде таяғына сәл сүйене, жел серпіп кеткен сырт киімінің омырауына да мән бермей, ауыр ойда тұрған көрінісін таңдауымның мәні мынада:

Ол - жалынды, саяси қайраткер, күрескер. Мұстафа әлеміне енген сайын оның көңіл-күйін, аласапыран терең сезімін сезінуге болады. Мен сол кейіптегі кейіпкерді бергім келді. Тағдырдың сан түрлі соқпағында жүр­ген М.Шоқайдың мүсінін аңғарып қарасаңыз, назары төменге алынған, ойлы және де қабағы қатулы тұр. Бұл дегеніңіз өзінің армандаған ойына жете алмаған тұлғаның өкінішін ашу мақсатында алынған образ,-деп, мүсінші өзінің ойын бүкпесіз айтып берді.

Оған қоса Қызылорда қаласына орнатылған мүсінге мін тағушылардың ең көп айтатыны мүсіннің сыртқы киімі үйлесімсіз болып қал­ға­нында. Тұғырдың да бітпей қалған жұмыс­тары көзге түрпідей тиеді. Алыстан қараған адам, мүсін Мұстафаға ұқсамайды деп жат­қан­дар да кездесті. Бұл сөздерді мүсіншінің өзі де біліп жүрген көрінеді. Себебін сұраға­нымызда:

- Негізі мүсіннің нақты бейнесі ашылды. Оған дәлел жаңа айтып өткен көңілдегі өкініш - бет пішінімен берілу әдісі. Ал, сыртқы киім­ге келер болсақ, ол тұтастай бір образға кері әсе­рін тигізбейді. Мысалға, киімде ілгек те­сік­терінің болмауы, тағысын тағылар. Мүсін өз кейіпкеріне ұқсайды деп толық сеніммен айта алам. Тұғырдың жұмысына келсек, ол жердегі мін менің кінәмнан туындамаған. "Тұғырдың үстіңгі жағы уақыттың тығыз­дығына байланысты бітпей қалатын болды, бұл олқылықты алдағы уақытта жөндейміз" деп құрылысшылар сөз берген болатын.

Көшер Байғазиевпен болған әңгіме тарихтан сыр шерте отырып, тағылымды ой қалдырды. Бұл жұмысы үшін ол еңбек­ақы­сына 4,5 миллион теңге көлемінде қаржы алғанын да жасырмады. "Мүсінге бөлінген 49.346.000 теңгенің қалған бөлігі құрылыс жұмыстарына кетті" дейді. Мүсін тасын әкелу, құю, қашау, тасымалдау сынды жұмыстарға жұмсалыпты. Ал, алдағы уақытта бұрынғы орындалмай қалған маңғаз Маңғыстауға Мұстафа Шоқайдың мүсінін орнату ойын қайта жаңғырту әлі де бар екен. Бірақ, бұл жолы Мұстафа Шоқай жалғыз болмайды. Жоғарыда айтып өткендей, шетелге әуелі М.Шоқай соңынан Мария кеткен еді. Осы бір көріністі әсем мүсін етіп соғу, сомдау - мүсін­шінің жоспарындағы келесі жоба.

Алаш ардақтыларын ұрпақтары бүгін қалай құрметтеймін десе де жарасады. Тек осы әдемі үрдістің легі үзіліп қалмаса игі.

Айдар САЙЛАУОВ

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кім онлайн?

Қазір 108 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.