Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Орынбор-Ташкент темір жолы: тарих пен тағылым

 

Тәуелсіздік алғаннан кейін өз тарихымызды қайта қарап, барымызды түгелдеп, бұрын жа­зылған тарихи мұрамызды қайта саралап, тарихымызды жаңа көзқараспен, яғни, ұлттық көзқараспен жазуға мүмкіндік алдық. 2004 жылы Қазақстан темір жолына 100 жыл толуына байланысты, темір жолдың Қазақстан тарихына өзіндік ықпал жасағандығын біз тарихтан білеміз. Темір жол Қазақстанның әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуына үлкен ықпал жасады.

 

Құрылыс 1901 жылдың ерте көктемінде бас­талды. Темір жол құрылысы екі бөліктен тұрды. Орынбордан Қазалыға дейін солтүстік бөлігі (946 шақырым) және оңтүстік бөлігі Ташкенттен Қазалыға дейін (790 шақырым) болды. Сонымен бірге XX ғасырдың басында өлкеге капиталистік қатынастардың дендеп енуіне ықпал еткен Орын­бор-Ташкент темір жолы, Перовск және Қазалы уездерінің экономикалық дамуына да өз әсерін тигізді. Теміржол Қазалы уезінің сол­түстігін 387 шақырым бойы кесіп өтіп, баты­сында Арал теңізімен шектесіп жатты. Құры­лыста орыс шаруалары, кедей қазақ шаруалары-жатақтар, қарақалпақтар, өзбектер, парсылар, ауғандар, татарлар және басқа ұлт өкілдері болды. Құрылысшылардың көп бөлігі қазақтар. Олардың құрылыс кезіндегі саны (1903-1904 жж.) 10-12 мыңға дейін жетіп, жалпы құрылыс­шылардың 30-40%-ын құрады. 1904 жылдың қаңтарында Орынбор-Қазалы телімінде, ал 1906 жылдың 1 сәуірінде барлық желі бойында жүк және жолаушы пойыздарының қозғалысы басталды. Құрылыс 1906 жылы толық аяқталды. Оның жалпы ұзындығы 1736 верст болса, ал Қазақстан территориясында 1600 верст болды. Оның құрылысында бір деректерде 130 млн. сом жұмсалды десе, ендігі бір деректерде 115300070 сом жұмсалды делінеді.

Орынбор-Ташкент темір жолының іске қосы­луымен, құрамында Орта Азиялық, Закав­казъелік темір жолдар бар үлкен бірегей ком­муника­циялық жүйе құрылды. Бұл аймақтарда патша­лық Ресей позициясы күшейді. Петер­бургтен Кушка мен Красноводскіге тікелей әс­кери, жо­лау­шы жүк тасымалы орнатылды. Ба­сында әс­кери-стратегиялық мақсатпен са­лынған Орын­бор-Ташкент темір жолы өзінің басты мін­детін орындаған соң, біртіндеп орыс капита­листерінің өз капиталын көбейтетін құралға айналдыра бастады. Темір жол желімдеріне жақын орна­ласқан аудандарда дәмді-дақыл­дармен мақта егу, шөп шабу, балық және тұз шаруашылықтары дамыды. Қазақтардың дәс­түрлі өмір салты өзгере бастады, қазақ шруашы­лығына тауар-ақша  қатынастарының енуі және натуралдық шаруа­шылықтың ыдырай бастауы, шетке жұмыс іздеп кетушілер мен жұмысқа жалданушылық кең етек жая бастады.

Қазақ шаруаларының ыдырауы ауылда жаңа­дан екі әлеуметтік халық санатының: байлар мен жұмысшылардың пайда болуын туғызды. Қазақ шаруаларының осы санаттарының арасындағы аралық буын орта шаруалар болды, олар көпшілік жағдайда ауыл шаруашылық жұмысшыларының қатарын толықтырып отырды. Сонымен қатар құрылыс жұмыстары орыс шаруаларының кө­шіп келуіне жағдай жасады. Осы жағдайлардың арқасында қалалар халқының саны мен өнер­кәсіп өндірісі, әсіресе темір жол желім­деріне жақын орналасқан аймақтарда жұмыс­шылар саны мен өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты. Бірақ, Қазақстанда темір жол құрылысы мен оны пайда­ланудың ең басты нәтижесі құрылысшы және теміржолшы кадрларының қалыптасуы болды.

Шетке жұмыс іздеп кеткен қазақ шаруа­ларының саны ондаған мыңға жетті. 1880-1890 жылдарда Семей облысында олардың саны 18-25 мың адамға, ал Сырдария облысында 1910 жылы - 39 мың, 1911 жылы - 41653 адамға жетті.

Табыс табу үшін шетке жұмыс іздеп кетушілер, әсіресе темір жолдарға, су жолдары мен өнеркәсіп ошақтарына жақын жерлерде кең тарады, өйткені бұл жерлерде жұмыс күшіне деген сұраныс көп болды. Көптеген уездерде кәсіппен айналысатын шаруашылықтар жалпы шаруа­шылықтың жартысына дейін құрады: Мысалы, Перовск уезінде - 45,7 %, Темірде - 45,3 %, ал кей кезде жартысынан да асып түсті, Мысалға, Семей уезінде 64,6%, Абешинскиде - 61,7 %, Омбыда - 60,4 %, Петропавлда - 59,2 %- ға жетті: ал темір жолдарға алыс орналасқан уездерде табыс іздеп кетушілік нашар дамыды, мысалы, Атбасарда - 15,2 %, Қапал мен Жаркентте -   10,0%, Зайсанда - 9,9 %-ды  құрады.

Қазақ жұмысшылары Қазақстандағы темір жол құрылыстарына белсене қатысты. Қазақ жұмысшылары көбінесе ақшасы аз төленетін, ешқандай біліктілікті қажет етпейтін ауыр қара жұмыстарға жалданды. Ф.Шербина экспеди­цияның "Материалдарында" атап өтілгендей, 1901 жылы Перовск өзінде қазақ халқынан шыққан табыс іздеп кетушілер арасында 3033 қара жұмысшы болған, олардың көпшілігі темір жолды жөндеу, және вагондарға жүк тиеу жұмыс­тарын атқарған, ол жұмыстар жылдың әр түрлі уақытында және әдетте ұзақ мерзімде жүргі­зілетін еді. 1909 жылы Қазалы уезінде 2472 қара жұмысшы қазақ, яғни уезд қазақтарының жалпы саны 16,1%-ды құраған. Бұл қара жұмысшы­лардың едәуір бөлігі Орынбор-Ташкент темір жолының жол жөндеу жұмыстарына жалданған.

Қазақстан темір жолдарындағы жұмысшы­лардың қатарын қала кедейлері және темір жолға жақын жатқан қала кедейлері толықтырып отырды. Жұмысшылар саны әрқашан да жеткі­лікті бола бермеді. Генерал-майор Милеант 1908 жылы: "Орынбор-Ташкент темір жолы үшін өлке­нің басқа қалаларынан төтенше жағдайларды жұмысшылар жалдауға тура келеді" деп атап өтті.

Күйзеліске ұшыраған қазақ шаруалары кедей қоныс аударушылар, күйзеліске ұшыраған қолөнершілер мен іскерлер, міне осы топтар Қа­зақстан темір жолындағы жұмысшы кадрларын қалыптастырды. Айта кету керек, бұлардың көпшілігі біліктілігі төмен және ақша аз алатын жұмысшылар еді, олар белгілі бір техникалық мамандықты және кәсіби дайындықты керек етпейтін қарапайым жұмыстарды атқарды.

Темір жолдар ірі капиталистік кәсіпорын сияқты өз уақытының жетік технологиясымен жабдықталғандықтан, біліктілігі жоғары жұмыс­шылар қажет еді, ал олар кей жерлерде, дәлірек айтсақ, Қазақстанда мүлдем болмады. Осы мәселе бойынша 1908 жылы, Милеант: "Орын­бор-Ташкент темір жолы толық тек 1905-1906 жылдары іске қосылды, сондықтан жауапкер­шілігі жоғары және дайындықты керек ететін мамандықтарды дайындап үлгере алмады. Құ­рылыстан кейін қалған жұмысшылардың қыз­меттік сапасы темір жолды пайдалануға сай келе бермеді" деп атап өтті. Осы жағдай Қазақстан­ның басқа темір жол желілерінде де байқалды. Сондықтан темір жолшы кадрларының көп бөлігі Ресейдің орталық және басқа аймақтарынан кел­ген, негізінен орыс жұмысшыларының есебінен толықтырылды. Бұл жұмысшылардың арасында царизм антиүкіметтік іс-әрекеттері үшін қуда­ланған адамдар көп болды. Генерал-майор Ми­леант "Орынбор-Ташкент темір жолына негізінен бұрынғы қызмет орындарында жолы болмаған­дар жұмыс іздеп келеді" деп жазды.

Қазақстанның темір жолдарында жоғарғы білікті мамандарға деген сұраныс әрдайым білінді. Сондықтан мұндай жұмысшыларды Ресейдің басқа темір жолдарынан ауыстырып алып келді, ал қиын жағдайларда оларды қызмет бабымен белгілі бір уақытқа жіберді. Жол қа­тынастар министрлігі 1911 жылы Орынбор-Таш­кент темір жолында қосымша 24 разъездің ашы­луына байланысты, және астықты тасуды жеңіл­дету үшін мұнда 50 разъезд басшысының кө­мекшісімен 100 стрелочниктерді қызмет бабымен жіберді. Бірақ, білікті мамандардың жетіс­пеушілігіне қарамастан, Қазақстан темір жолда­рында арнайы мамандандырылған әскери бө­лімдер, темір жол батальондарын күштеп жұмыс істету онша таралмады. Аймақтық басты ма­гистралы Орынбор-Ташкент темір жолында көрші Орта-Азиялық темір жолға қарағанда оларды мүлдем пайдаланбайды.

Қазақстан темір жол желілерінің бойындағы станциялар мен разъездегі үйлерде тұрған халық жұмысшылар беріп отырды. Бұл халықтың саны тез өсті: 1906 жылы Орынбор-Ташкент темір жолындағы үйлерде 40846 адам тұрса, ал 1913 жылы 58000 адам тұрды, 10 ай ішінде 42 %-ға өсті. Бұл жерде айта кету керек, қазақ далала­рын­да пайда болған темір жол станциялары аймақты жаңа экономикалық, саяси және мәде­ниет ошақ­тарына айналып, сол кездегі халық көп шоғыр­ланған жерлерге айналды. Ірі деген станция­лар­дағы халық саны бірнеше мыңға жетті: Мысалы, 1916 жылы Орынбор станциясы - 9720, Ақтөбеге - 3163, Шалқар -5300, Қазалы - 3600, Перовскіде - 1852, Түркістан - 2984 адам тұрды.

Құрылыс жұмысшыларының кадрлары XX ғасырдың басында  күрт өсе бастады, әсіресе Орын­бор-Ташкент темір жолының (1901-1906 жж) құрылысы кезінде. 1901 жылдың күзінде темір жол құрылысында 4 мың адам жұмыс істесе, 1902 жылдың мамыр-маусым айларында - 17 мыңнан астам, ал 1902-1904 жылдары - 30 мыңға жуық адам жұмыс істеді. Жұмысшылар  Ресейден келіп жатты. Бірақ жұмысшы­лардың көп бөлігін жергілікті халықтар: қазақтар, өзбектер, татарлар және басқа шаруалар, сонымен қатар қоныс аударып келген орыс және украин шаруалары құрады.

Балмұрын деген жерде (Шиелі станциясына жақын жерде) 1500 жұмысшының ішінде 1902-1904 жылдары орыстар - 6-8 %, өзге  ұлттар 92-94 % болса, ал 1905 жылдың жазында ал­ғашқылары - 12-14 %, кейінгілері - 86-88 % болды. 1905 жылдың мамыр айының ортасында бұл жердің жұмысшыларының ұлттық құрамы: қазақтар - 31,5 %, қарақалпақтар - 31,2%, пар­сылар - 19 %, орыстар - 13,6%, ауғандар - 2,5%, татарлар - 1,2 %, Кавказдан шыққандар - 1% болды. Құрылыс жұмыстарының қызған шағында (1903-1904 жж) жұмысшы қазақтардың саны 10-12 мыңға жетті, яғни жалпы массаның 30-40% құрады. Газеттер "сырттан келген жұ­мыс­шылардың саны болмашы" деп жазды, ал жолдың кейбір бөліктерінде, мысалы, Перовск және басқа уездерде "құрылыс жұмыстары тек қырғыз халқына берілген" делінді. Осыған қарай Орынбор-Ташкент темір жолының құрылыс жұмыстарына қазақтар белсене қатысқанын көреміз.

Енді теміржолшылардың орташа жасына келетін болсақ, Орынбор-Ташкент темір жо­лында жұмыс істейтін теміржолшылардың жасы 40-45-тен аспағандар, 70-75 % құрайтын, ал әйел­дер бірен-сараны болмаса, 30 жастан аспайтын, қазақтар мен басқа жергілікті халық өкілдерінен шыққан теміржолшылардың жасы 30-35-тен аспайтын, өйткені жұмыс берушілер бұл жастан асатын адамдарды жұмысқа алмауға тырысты. Орынбор-Ташкент темір жолының жұмысшы­ларының 6,4 %-ын әйелдер құрады. 1917 жылға дейінгі Қазақстан темір жолдарының жұмысшы кадрлары көп ұлтты болды, бірақ олардың көп­шілігі орыс ұлтының өкілдері болды. Мысалға, Орынбор-Ташкент темір жолында 1908 жылы тұрақты жұмыс істейтін және қызметкерлердің 92,86 %-ы орыстар, өзгелері - 7,14 % болды. Осы топтың ұлттық құрамы мынандай еді: поляктар - 3,11 % (271 адам), қазақтар - 2,2 % (194 адам), немістер - 0,72 (63 адам), парсылар -0,40% (35 адам), татарлар - 0,22 % (19 адам), еврейлер - 0,15 % (13 адам) болды.

Келтірілген деректерге қарап, қазақтар саны бойынша орыстар мен поляктардан кейін үшінші екенін көреміз. Бұл бізге егер 1913 жылы Орын­бор-Ташкент темір жолында тұрақты жұмыс істейтіндер мен қызметкерлердің саны жоғарыда көрсетілгендей 2,2 % болса, қазақтар 250 адамға жуық болды.

Бұған қарама-қарсы жағдай, теміржолшы­лардың басқа санаттары кесімді және уақытша жұмысшылардың арасында байқалатын. Олар­дың ішінде жергілікті халықтың өкілдері, ең алдымен қазақтар көп болды. Мәселен, Орын­бор-Ташкент темір жолының Тоғыз-Сапақ учаскесінде барлығы 467 теміржолшы болатын, оның 86-сы, яғни, 18 %-ы қызметкерлер, 381 адам, 82 % - жұмысшылар. Жұмысшылардың 47 %-ы (180 адам) және қызметкерлердің - 7 % (6 адам) қазақтар болды. Қазақтардың көпшілігі ке­сімді жұмысшылар болатын, 248 кесімді жұмыс­шылардың 173-і немесе 70%-ға жуығы қазақтар болды. Бұлар негізінен ақша аз төленетін қара жұмысшылар, жүк тасушылар және т.б.

Орынбор-Ташкент темір жолының ірі стан­циялары - Ақтөбе, Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан, Арыс және т.б. ескі Орынбор арқылы өтетін Орта Азия мен Ресейді қосатын сауда жолының бойында жататын еді. Сонымен қатар олардың географиялық-экономикалық жағдай­лары бір-біріне ұқсас  және темір жол желілерінің бойында қазақ халқының саны ба­сым болды. Ыстық климат, су жетіспеушілігі, ауыр тұрмыс жағдайы мұнда жоғарғы білікті маман­дардың келуіне кедергі келтірді, сондықтан кесімді жұмысшылардың орнын толтыру жергілікті қазақ халқының есебінен жүргізілді. Генерал-майор Мелиант 1908 жылы "кесімді жұмысшылар, ең алдымен жол қызметі үшін (жол жөндеу) қыр­күйек пен мамыр аралығында жергілікті қырғыз халқына жасақталады, ал қалған уақытта орыс­тар, парсылар, сарттар және басқалар жұмыс істеді" деп жазды.

Жоғарыда келтірілген деректерді саралай отырып, Орынбор-Ташкент жолының Ақбұлақ станциясынан Келес станциясына дейінгі (1600 верст) желімде жұмыс істеген 5,5 мың кесімді жұмысшының 3,8 мыңға жуығы немесе 70 % қазақтар болды. Ал, осы жолда тұрақты жұмыс істеген, жалпы қазақтардың саны 1913 жылы 4 мыңнан асты.

Орынбор-Ташкент темір жолының құры­лысы барысында құрылысшылардың саны 30 мыңға жетті. Оның 12-14 мыңы қазақ халқының өкілдері болды. Құрылыс аяқталғаннан соң да тұрақты жұмысшылардың көп бөлігін құраған қазақтар болды. Теміржолшылардың ең көп шо­ғырланған жерлері ірі және орташа станция­лардың шеберханалары мен деполары болды. 1906 жылғы Орынбор-Ташкент темір жолының 14693 жұмысшысы мен қызметкерлерінің шеберханалар мен деполарда 4071 адам жұмыс істеді, бұл бүкіл теміржол желісінің теміржол­шыларының - 28,4 %-ын құрады. Қазақстанның басқа темір жолдарында шеберханалармен деполарында жұмысшылармен қызметкерлердің саны осы шамада болды. Мысалы, Сібір және Рязань-Орал темір жолдарында жұмысшы­лардың бұл бөлігі бүкіл жұмысшылардың 25%-ын (Сібір темір жолының шеберханалары мен деполарында 15808 адам, Рзань-Орал темір жо­лында - 12966 адам) құрады.

1906 жылдың аяғында Орынбор стансасы­ның басты шеберханаларында 741 адам жұмыс істесе, станциялардың учаскелік шеберхана­ларында: Орынборда 317, Ақтөбеде 151, Шал­қарда 159, Қазалыда 151, Перовскіде 159, Түр­кістанда 168 адам жұмыс істеді. Сонымен қатар осы станцияларда көптеген депо жұмыстары шоғырланды. Бір ғана Орынбор-Ташкент темір жолының өзінде 1906 жылы олардың саны 1979 адамға жетті.

Қазақстанның оңтүстік аудандарының экономикалық және саяси өмірінде ең маңызды рөл Ташкент желісі болды, ол тек Сырдария об­лысының орталығы (оған қазіргі Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыс­тарының территориялары кіреді) ғана болып  қойған жоқ, сонымен қатар құрамына қазіргі орта азиялық республикалар: Өзбекстан, Түрік­менстан, Тәжікстан, Қырғызстан террито­рия­лары кірген, бүкіл Түркістан аймағының орта­лығы болды. Сондықтан Ташкентте тек Сырда­рия облысының ғана билік органдары емес, сонымен қатар Түркістан генерал-губернатор­лығының да билік органдары орналасты. Таш­кент қаласының рөлі - Орта Азия темір жолын, әсіресе Орынбор-Ташкент темір жолы салынған соң бірден өсті. Екі жолдың тоғысында орна­ласқан Ташкент Ресейдің тауарларын Түркістанға таситын транзиттік пункттерге айналды.

Халық саны бойынша Ташкент елдің ең ірі қалаларының бірі болды, ал Ресейдің азиялық бөлігіндегі ең халқы көп қала болды: 1897 жылы мұнда 155 673 адам тұрса, ал 1911 жылға қарай 234 289 адамға жетті. Сонымен қатар Ташкент Орта Азияның ірі өнеркәсіп орталығы болды, қала жұмысшыларының саны 1906 жылы 8 мыңға (2,5 мың адам фабрика, завод және басқа кәсіпорындардың жұмысшылары болса, 5250 адам қара жұмысшы болды) жететін. Ташкент, сонымен қатар, бүкіл Орта Азиядағы ең ірі темір жол пункті болды, сондықтан мұнда көп темір жол жұмысшылары шоғырланды. Тек мұндағы екі темір жол шеберханаларының жұмысшы­ларының саны мыңнан асып кетті: 1906 жылы Орынбор-Ташкент темір жолының шеберхана­ла­рының жұмысшыларының саны 285 адам болса, Орта Азия темір жолының шеберхана­ларында - 767 адам жұмыс істеді.

Орынбор-Ташкент темір жолы қазақ шаруа­ларының өмірінде елеулі рөл атқарады. Осы темір жолдың құрылысымен он мыңдаған кедей қазақ шаруалары жұмыс істеп, жан сақтады. Біртіндеп көшпелі өмірден отырықшы өмірге өте бастады. Темір жол бойындағы станцияларда қалалар халқының саны күрт өсті. Темір жолға жақын орналасқан халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірін өзгертті.

Кенже Ахметова,

Ақмешіт филиалы музейінің меңгерушісі

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.