Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

Зейнолла Шүкіровтың эпистолярлық мұрасы

 

Сыр топырағынан шыққан дарынды ақын-жа­зушы Зейнолла Шүкіровке жазылған облыстық му­зей қорындағы хаттардың әрқайсысы бір-бір эпи­столярлық әдеби шығарма. Әр жазылған хат қазақ еліне белгілі тұлғалардың З.Шүкіровке деген көз­қарасын, ішкі мәдениетін байқатады. Хаттарда әдеби тұлғалардың күйініші, сүйініші, өкініші, өмір мен саясатқа деген көзқарасы да бүкпесіз ақтарыла ай­тыл­ған. Мақалада сол хаттардың екеуін ұсынуды жөн көрдік.

Атырау облысы, Құрманғазы ауданында 1905 жылы дүниеге келіп, 90 жасқа келгенде дүние салған (1995 жыл) ақын-жазушы Әбу Сәрсенбаевтың Зейнолла Шүкіровке жазған хатын тебіренбей оқу мүмкін емес. Облыстық музей қорында Ә.Сәрсен­баевтың З.Шүкіровке жазған 3 хаты сақтаулы. Бірі 1962 жылы, екіншісі 1963 жылы, үшіншісі 1972 жылы жазылған.

 

Әбу Сәрсенбаевтың 1972 жылы Зейнолла Шүкіровке жазған хаты:

"Зейнулла! Сен тағдыр деген мейірімсіздің ма­зағына көнбейтін, ешқашан тізерлемейтін, керек болса тағдырдың өзін мазақ етерлік құдыреті бар нағыз батыр адамсың. Қас батыр деген сөз біреу­ге арналар болса мен алдымен, сол бір қасиетті атақ­ты саған ғана арнар едім! Майдангер ба­тырлардың талайын білеміз. Олардың жағдайы бір басқа. Біз кейде алтын жұлдыздыларды ғана батыр санаймыз. Ал жұлдызсыз батырлар қан­ша! Бауыржанды мен төрт рет батыр еткен бо­лар едім. Сен анау өткен жыл қайтыс болған Мың­баевты білесің. Екі қолсыз оралған еді ғой. Жа­қында маған Құсайын Өтешқалиев деген майдандасым келіп кетті. 1943 жылы, дәл жиыр­маға толған күні екі аяқтан бірдей айы­рылған. Қазір тоқпан жіліктен қалған бір сүйем тұқылға жайдақ арба байлап, қолмен итеріп жылжиды.

Ал осы батырлардың қай-қайсысы да сен­дік биіктен жоғары ма екен? Жоқ, сен жеке шың­да­сың! Әрине, деңгейлестірудің өзі де дұрыс емес! Дегенмен де сенің орның бөлек! Сен төсекте жа­тып мектеп бітірдің. Сенің білігің институт бі­тіргендердің көбінен жоғары! Алдымен, осылар­дың өзі ерлік! Ал, еңбектерің ше? Сен балықшымен бірге дүлей теңіз кешесің. Сен малшымен бірге шөл даланы, қарлы боранды кешесің. Сен сту­денттермен бірге биік армандарға самғай­сың. Сен жасыл парктардарда таңғы шықтай мөп-мөлдір махаббат кәусары боп ынтызарлан­ды­расың. Сен жас буындарды әсемдік әлеміне бағ­дар­лайсың. Биік мақсатқа, адалдыққа, адам­дық­қа баулисың. Сен  қара күштің батыры емес, аса қиын еңбектің батырысың! Анығырақ айтқанда, сен ұстаздық еңбектің батырысың! Әрине, өңіріңде алтын жұлдыздарға сен де ор­тақсың!

Деніңе саулық, шабытыңа дауылпаз қанатын тілеймін. Құшағыма қаусырып, бетіңнен сүйдім, қарағым! Ағалық адал ниетпен, Әбу Сәрсенбаев. Алма-Ата, 72. Интернациональная, 129, кв 1.".

Ә.Сәрсенбаев пен З.Шүкіров хат алмасып тұрған. Зейнолла Қызылордада болса, Әбу ағасы Алматыдан жаңалықтар мен хабарларды жіберіп отырды. Жалпы, әдебиет тарихында астанадан алыста, шалғай шаһарларда тұрып, биік абыройға ие болған, көп оқырманы бар ақын-жазушылар аз, солардың бірі - З.Шүкіров. Ол - Аралдан алыс ұзамай, Қызылордадан әрі қия баспай, өнімді жұмыс жасаған қайраткер. Әдеби, мәдени ортада жүріп, жарыса шапқанды аңсамады дейсіз бе? Аңсады, дегенмен мүмкіндігі болмады. Бала кезінен жа­бысқан ауру тұрғызбай, төсекке таңды. Жүйрік­тердің жанында жүйріктер қоса шаппаса, тұлпардың қаны да қызбайды. Еш рекорд жасамайды. Дейтұр­ғанмен, осындай стимулсыз ортада ақындық қарқы­нын, жазушылық қабілетін жоғалтпай, жемісті еңбек еткен дарабоз - З.Шүкіров. Әбу Сәрсенбаев хатты әдетте "Зейнулла! Есен-саумысың?" деп бастайды. Музей қорында сақтаулы 3 хаттың екеуі осылай басталған.

Әбу Сәрсенбаев хатта Зейноллаға шексіз сенім мен өшпес үмітті сыйлағандай әсер қалдырады. Әбу ағалық ақ тілекпен Зейнолланы қас батырға теңеп, жас буынның Зейнолланың шығармаларымен сусындап жатқанын тілге тиек етеді. Әбу Зейнол­ланың халық үшін, әсіресе жастар үшін керек екенін аңғартады. Соғысқа барып, аяқ-қолсыз келген майдандас-замандастарының өмірге деген құл­шынысын мысалға келтіре отырып, тулап жатқан өмір дариясында еш мойымай, өз әлінше құлаш сермеуге, алға қарай ұмтылуға жігерлендіреді. Өзіне қару болған ой-жарығының, сана-сезімінің биіктігі Зейнолланың өзі жазған шығармалар кейіпкерлерінің прототипімен бірге жүрмесе де, бірге болғандай әсер қалдырады. Шығармаларынан сондай шынайы­лықты байқаған Әбу Сәрсенбаев Зейнолла Шүкіровті "ұстаздық еңбектің батырына" балаған.

Хаттан ауыр кеселдің запыран-зәрін ішіп жатса да, күн-түн демей жазып, тағдырына бас имей, ар­па­лысып, әр минуттық ғұмыры үшін тісін тісіне қойып, соңына дейін күресе білген қайсар жанды көруге болады. Әбу Сәрсенбаев хатында Зейнолла Шүкіровті батырға теңей отырып, қайықтары желге өрлеп, өмір өзенінде үйректей жүзіп, қаздай қалқып, сау-саламат жүрген жандар оның жасап жүрген ісінің біріне бара алмайтынын айтқысы келді. Өмірдің әрбір минутын босқа сарп қылмай, ел игілігіне жұм­сап жатқан Зейнолланы мақтан етеді, жақын тар­тады. "Жақсылардың ақылы азық, сөзі сусын" де­мекші, Әбу Сәрсенбаевтың ағалық ақылы Зейнолла Шүкіровке күш-қуат бергендей көрінеді. Хатта панасына алып жүрген ағалық мейірім сезіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев ауда­нына қарасты Ортақкөл ауылында 1924 жылы туылып, 1987 жылы дүниеден өткен белгілі жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың З.Шүкі­ровке 1973 жылы жазған хаты:

"Зейнолла! Аман-саумысың, денсаулық қалай? Творчество ше? Семьяң аман-сау ма? Сенің та­лантыңа бас иіп, шексіз сүйетіндігімнен өзіңмен хат жазысып, хабарласып тұруды борыш са­наймын.

Мен сені анада көріп, кітабыңды алғаннан бері шын достық көңілмен әркез еске ала жүретін болдым. Бұрыннан творчествоңды қызыға оқи­тын­мын. Сенің шексіз дарыныңа, мол мүмкін­дігіңе қайран қалатынмын.

Біздің жақта кітапқұмар жұрт өзіңді сон­шалық жақын тартып, сүйсіне атап отырады. Жазушы бақыты деген сол. Өз оқушыларыңды қуанта білу деген талант.

Сонымен өз жағдайыма келсем еңбектеніп жа­­тырмын. Он бірінші кітапшам жарық көрді. Бәрі де ұсақ, қауқарсыз дүниелер. Жартысы ба­лаларға арналған. Жақында шағын екі повесть пен бірнеше әңгімелерді топтап (10 б/т) тапсыр­дым. Елу жасқа келу қарсаңында жарық көріп үл­герсе деп едім. Кім білсін, ол жақ асықпайды ғой.

Сенің "Тоғысқан тағдырларыңды" әлденеше оқып шықтым. Сондай кітап жаза алсам деп арман етем!

Ішім жанып барады, ішім жанып,

Ісім қалып қойыпты, ісім қалып.

Ақ қағаздың үстінде құр толғанып

Қыса түсем қаламды құшырланып, -деп, өзің айтқандай, қаламды қыса ұстап алабұртып отырған жайым бар.

Сонымен Зеке, бауырым, көп жазып жалық­тырып жібергім келмейді. Аз жазсаң да, жағ­дайыңды хабарла, творчествоң қалай? Немен айналысып жүрсің, т.с.с. Сіздің "Ленин жо­лын­да" Досмағанбет Тасекеев  деген досым бар еді. Хат жазбайды. Баспасөзде де көрінбейді. Ол екеуіміз тұңғыш жинақтарымызды бір алып едік. Жазушы болып туған жігіт еді. Жазбай кетті. Еш жерден кездестіре алмай жүрмін. Сәлем ай­тарсың, арнайы қолын ұстап. Хат жазуға адресі жоқ.

Денің сау, көңілің қош болсын, Зекем. Екі ая­ғыңа мініп аршындай басып кетуіңе көппен бірге мен де шексіз тілектеспін. Семьяңа, достарыңа мыңдаған сәлеммен қаламдос досың Зейнел-Ғаби Иманбаев. 24/ІІ-1973".

Жазушылық еңбек пен оған берілген өнердің әр алуан талайы мен тағдыры бар. Зейнел-Ғаби жазушы өз хатында өзіне лайықты, толық құлаш сермеп шығатын тақырыбын таппай жүргендігін, Зейноллаға қызғана емес, қызыға қарап, "Тоғысқан тағдырлар" сынды еңбек жазғысы келетінін баян етеді. Зейнолланың алдында төмендедім деген ойдан аулақ, қайта мықтыны мойындау бар. Кең өмірде көлдей иен, тамаша тақырыптар арасында көп түртініп, өнімсіз жүріп қалғандығын айтып, налиды. Баспаға шыққалы тұрған кітабына көңілі тол­майтыны айтылады.

Қазақ әдебиетінде сәтімен өз арнасын таба қой­маған жазушы, Сыр елінің тумасы Досмағанбет Тасекеев те З.Шүкіровпен хат жазысып тұрған. Жазушының ең үлкен жұбанышы, оның шығарма­ларындағы кейіпкерлердің оқырманға соншалық етбауыр жақындай боп, таныса табысып кетуінде. З.Иманбаев Зейнолланың шығармаларын Алматы­ның оқырман қауымының үлкен махаббатпен қабыл алғандығын баса айтып, шабытына шабыт қосты. Осылай Зейнел-Ғаби ағасы Зейнолла інісінің шығар­машылығына қажыр-қайрат берген. Туындылары халықтың ұдайы есінде жүретін жақынындай болса, қымбаты, қимасы боп кетсе, жазушыға одан үлкен мұрат, одан асқан мақтан жоқ. Зейнел-Ғаби - Зейнол­ланың алшаң басып жүріп кетуіне тілекші жандардың бірі, айнымас досы. Хатта жігерлендіру, шын достық көңіл басым.

З.Шүкіровке жазылған хаттардан З.Шүкіровке қайсар тұлға ретінде зиялы қауымның берген баға­сы, ішкі сырлары, жан тебіреністері, т.б. байқалып, зиялы замандастарының көзқарасынан З.Шүкіровтің толықтай образы шыққан. Жазушыға байланысты жазылған хаттар Алаш ұранды классикалық әдебиетіміздің рухани құндылықтар қазынасын толықтырады деп есептеймін.

Әйгерім Беккулиева,

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану

музейінің ғылыми қызметкері

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.