Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

Шежіремен тарих шектеле ме?

 

Бұрынғылар "Ұр­пақ­тан ұрпақ туады, ата жолын қуады" деп ұрпақ жалғас­тығын айтқан бо­лар. Иә, баяғыда өмірі қолына хат, қалам ұстамаған қазақ баласы ес­ті­генін, білгенін ата­дан балаға ауызекі әң­гіме, жыр-дастан ретінде айтып кеткен. Кө­кі­регі қазына іспеттес құйма құлақ қарт­тарымыз қа­зіргідей айфон, интернет, ком­пьютер жоқ кезінде таңнан кешке, кештен таңға дейін ақыл-кеңесін ұрпақ құлағына қорғасындай құйып отырған. Соның бірі туыстық тарихы, қазіргі тілмен айтқанда, күрмеуі көп, шешімі шиеленіскен шежіре болатын.

 

Жетпіс жыл бойы бодандық қамытына же­гілген қазақ баласының ата-баба сабақ­тастығын білуге құмарлығы кім-кімді де қуан­тады. Мұның өзі "жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер, өзін ғана біл­ген ұл құлағы мен жағын жер" деген аталы сөздің айнымас төркіні десек болар. Рас, қылышынан қан тамған кеңестік кезеңнің не бір сойқанынан жүрегі шайлығып қал­ған қазақ сол тұстары ата-баба шежіресін құ­пия ұстап, сыртқа сыр шашпайтын. Елі­міз азат болғалы өткенін білуге аңсары ау­ған алаш жұрты, тіпті әрбір адамы бірінші кезекте ата тарихын білуге құштар. Сонан да шығар, қазір көкірегінің саңылауы бар зейнеткер ұстаздар, ірілі-ұсақты шенеунік­тер қалам ұстаса, одан қалды екі сөздің ба­­сын қоса алмайтын топтар да жазар­ман­дар жалдап, шежіре жазушылар қатарын кө­бейте түсті. Сонымен, ел-елде, жер-жер­де, шежірешілер "шебі" көбейіп, тіпті Жазу­шылар одағының кәсіби мүшелері де олар­дың қарасына ілесе алмай, орта жолда қал­ды. Әншейінде "жазушы" деп жұрт ат қойып, айдар таққан қаламгерлер қауымын қазір ойдан ойып, қырдан қырнап алып шежіре жазғандар қатары басып озып барады.

Бір заманда ежелгі гректер әр тайпа, әр қауымның арғы-бергі тарихын, ата тегін генеология атандырғанын тарихшылар та­ратып айта жатар. Біздің білеріміз, шежі­ре жазушылар кітаби дерек болмағандық­тан біреуден біреуге ауызекі жеткен, кей­бірі нә­күмандау деректерді ойдан-қырдан жинап, оқырмандарына оңды-солды үлес­тіріп жүр­­­геніне куәміз. Әрине, ол да ақша жа­сау­дың төте жолы екен. Сатады, пұл­дай­ды. Кейде сондай шежіренің соңы қатты-қатты ренжісулерге, біреуден басқа біреуді туғызып әбігерге әбден түсіріп жүр­генін де құлағымыз шалып, көргеніміз де бар. Бұл әркімнің өз шаруасы десек те, оның сал­дарын естен шығармауымыз ке­рек бір сәт.

Шежірені білу маңызды. Әркім өзінің шыққан тегін, оның тарихын білгісі келсе несі айып. Бірақ ел жағалап, білетін, біл­мей­тін адамдардан атүсті жүріп, асығыс жинаған деректен жібі түзу шежіре жазып шыққан адам болса, алдымен мен ақжарма алғыс айтар едім.

Тағы бір мәселе, шежірені ауызекі жаңыл­май айту - асқан өнер. Бала күні­мізде үлкендер "Әңгімені мұқият тыңда, үлкеннің айтқанын зердеңе құйып ал" деп құлағымызға сіңіріп отырушы еді. Менің немере туыс көкем болды сол кездері. Со­ғыс­қа қатысып, бір қолынан айырылып кел­ген майдангер болатын. Анда-санда ауылға келгенде кештен таңға дейін ескі әңгімелерді (ол кезде шежіре, ата-бабалар батырлығы туралы әфсананы солай атай­тын) талмай айтатын. Дастарханды жаға­лай отырған ауыл адамдары Қарагеней көкемнің аузына аңтарылып, алдарындағы шайына қол созуды ұмытып кетуші еді.

Сонан шапқан сайын бауырын барын­ша жаза түскен бәйге атындай өткен тарих­ты бірғауым шарлап, шеті-шегі жоқ шежі­реден басталған әңгімесін көкем барынша әде­мілеп жеткізетін. Соның арасында "Қы­рым­ның қырық батыры", "Қобыландыны" аузымыздың суы құрып тыңдайтынбыз. О кісі шежірені айтқанда тыңдаушысына көр­кемдеп, келістіріп жеткізетін. Қазір он­дай көкірегі қазына, құйма құлақ қарт­тар­ды елде емге таппайсың.

Мен естіген Қазалыдағы Қали Мәкенов, Өмірзақ Ахметов, Аралдағы Ізжан Жал­ғасов сияқты шежірені шемішкедей шаға­тын көкірегі күмбірлеген сол бір қазына қарт­тарымыздың көзін көрген, әңгімесін құ­лағы шалғандардың қатары қазір сел­діреп қалғандай.

Бір білетініміз, қазақ шежіресін көп аңыз­­­дарда Әнес сахабадан бастайды. Әнес сахабадан Жабал-Мағаз, Сахелді туғызады кө­не шежіре деректер. Онда айтылғандай, Сахелдің үш әйелі болған. Бірінші әйелден баш­құрт пен ноғай, екінші әйелден Қырым татары, үшінші әйелден Ақшолпан, Қорай тарайды. Қорайдан тараған Кавказдағы ше­­шендер мен шеркештер болса, Ақшол­паннан - Аламан, одан Алаш пен Наурызды өрбітеді әлгі деректер. Одан арғы қазақ ше­жіресінің Алаш бабамыздан бастау ала­ты­ны әркімге аян болса керек. Онан бері де Алаш­тан - Сейілхан, Жайылхан, Жайыл­ханнан Майқы, Мүйтен, Майқыдан Түмен мен Өзбек, Түменнен Айырқалпақ, одан бас­қасын айтпағанда, қазақты таратады кі­та­би деректер.

Сол атамыз Қазақ үш арыстың (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз) түп негізі болып саналады. Міне, осыдан басталған ата-баба шежіресін біздің қандастарымыз қазір хат­қа түсіріп, әркім өз білгенінше өз руын, шық­қан тегін таратып жүр. Ойдан, қиял­дан қиыстырып шығарған ондай шежіре кітаптардың кейбіріне жұрт күмәнмен қарайды.

Оның себебі, ауыздан ауызға жеткен мұн­дай ауызша шежіре деректердің бір қайнауы ішінде екені белгілі. Белгілі бола тұра әлі күнге бұрқыратып жазып, баспа жағалап, онысын ондаған емес жүздеген, мыңдаған таралыммен шығарып алып, ауыл­дан ауылға атын оздырып жүргендер жетеді. Бір қызығы, солардың кейбірі (аты-жөнін атағым келмейді) жазушылар, жур­налистер одақтарына мүше болудан дәме­лі. Тіпті көңіл жықпастықтың көлең­кесі­мен мүшелікке өтіп кеткен мұндай пысық­айлар жоқ емес, бар болуы әбден мүмкін.

Соңғы уақытта жекелеген рулардың ше­жі­релері том-томдаған кітапқа жүк бо­лып, кейбір түсінігі аздар сол кітаптарды құ­шақтап алып, өз руынан басқа адамды адам құрлы көруден қалды. Қазақты өз ішін­де жікке бөлу жақсылыққа апар­май­тын қоғамда өмір сүріп отырғанымызды тү­сінетін шақ келген жоқ па?! Біз естіген бір ауылдың екі рулы адамдары екіге бө­лі­ніп, балалары бір-бірімен төбелесіп, қы­рық пышақ болып отырғанын қалай түсін­діру­ге болады? Шежіре тобыр болуға емес, топ­та­сып, өмір сүруге тәрбиелейтінін үл­кен­дер кейінгі жастарға айтып отырса жөн бо­лар еді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, біз­дің уақытымызға дейін де шежірелік еңбек­тер болған қазақ елінде. Оның бірқатары Сәбит Мұқанов, Мұхамеджан Тыныш­баев, Әлкей Марғұлан, Халел Дос­мұха­медов, Мөңкебайдың, Дәуренбек Айбо­сын­ұлының қолжазба шежірелері, Шәкәрім қажының, Бекділда Алдамжаровтың жеке­леген еңбектерінде және басқа басылым­дық мақалаларда баяндалған. Тек шежіре жазу жекелеген рушылдықты дәріптеу ғана болмаса екен. Сонда ғана шежіреміз шы­найы шығатын болады. Әрі тарихи құнды еңбек болмақ.

Толыбай АБЫЛАЕВ,

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кім онлайн?

Қазір 35 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.