Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

МҰСТАФА ШОҚАЙ - АЛАШ АРДАҚТЫСЫ

 

Алаш идеясы - қазақтың мемлекеттік, елдің ұлт­тық идеясы. Өйткені Алаш - халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш - ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш - ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді.

Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақсат етті. Сол жолда күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да - солар болды. Алаш зиялылары - елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар - барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы.

 

Қазақстан тарихының өркениетті көзқарас шеңберімен зерделейтін өзекті мәселелері жеткілікті. Кеңес өкіметінің саяси ұстанымы өз ұлтының мүддесін ойлағандарды "ұлтшыл", "сатқын" деп бөлшектегені тарихтан бәрімізге мәлім. Кеңестік тоталитарлық тәртіп ұлттық құндылықтарды жою саясатымен қаруланған­дықтан, өзіне қарсы келгендерді саяси қуғын-сүргінге ұшыратты. Алайда осындай тәртіпке мойынсұнбағандардың бірі Мұстафа Шоқай. Өкінішке орай, Кеңес өкіметі тұсында М.Шоқай­дың қызметі мен тарихи-публицистикалық жұмыстары саяси және идеологиялық тұрғыдан сынға алынып, негізсіз бұрмалаушылыққа ұшырады. Тіпті, "Қазақ Совет энциклопедиясы" мен "Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясына" М.Шоқай туралы бірде-бір мәлімет берілмейді. Себебі Түркістан автономиясы Кеңес өкіметі тарапынан аяушылықсыз құлатылғаннан кейін, Мұстафа Шоқай өз күресін тоқтатпай, Европа елдерінде жалғастырады. Ол кеңес өкіметінің, большевиктердің елге жақсылықтан гөрі қайғы-қасіретті көп әкелетінін ашып айтты. Сондықтан да кеңестермен қас болды, ол туралы ащы шындықты дүние жүзіне паш етті. Мұстафа Шоқай мен "Түркістан легионы" деген сөздер бір-бірінің синонимі, бір-бірінен ажырамас тіркес есебінде қабылданды.

1917 жылы 26-28 қарашада Түркістан мұсылмандарының ІV өлкелік төтенше құрылтайы өтті. Құрылтайға бүкіл Түркістан жерінен: Ферғана, Сырдария, Самарқанд, Бұхара, Жетісу, Закаспий өңірлерінен арнайы делегаттар қатысты. Бұл құрылтайды Мұстафа Шоқай өзі ашты. Құрылтайға жиналған делегаттардың ортақ пікірі негізінде Түркістан өлкесі Ресей Федеративтік респуб­ликасының автономиялық өлкесі болып жарияланды. Түркістан автоно­миясы уақытша үкіметінің басшысы және ішкі істер министрі болып М.Тынышбаев, ұлт­тық кеңестің төрағасы және сыртқы істер министрі М.Шоқай болып сайланды.

Ендігі жерде Түркістан автономиясы больше­виктерге қарсы күресу мақсатында одақтас іздей бастады. Осы негізде Мұстафа Шоқай Орынборға аттанып кетті. Орынборға баруының басты себебі - желтоқсан айының ортасына қарай бұл қалада кезекті Бүкілқазақтық құрылтай өтетін еді. Құрылтайдың басты мақсаты қазақтың өзін-өзі билеу құқығына құқы беретін автономия құру болатын. М.Шоқай құрылтай делегаттарына Қоқанда Түркістан автономиясы жарияланғанын және оның үкіметі жасақталғанын жеткізеді. Ол құрылтайға жиналған делегаттарға Түркістан автономиясымен бір шаңырақта болуын үгіттеп, қазақ автономиясының құрылуына өз қарсылы­ғын білдірді.

Алайда азаттықты аңсаған Алаш арыста­рының бір автономия болып шаңырақ көтеруінде көзқарас­тары сәйкес келмегенмен, мақсат-мүдделері бір арнада толысқан. Өткір ойлы Мұстафа Шоқай студент кезінде-ақ Әлихан Бөкейхановтың көзіне түскен. Сөйтіп, Әлихан оны саясатқа баулыған.

Мұстафа Шоқай 1910 жылы Петерборға келген уақытында ІІІ Дума өз жұмысын атқарып жатқан еді. Алайда, патшаның 1907 жылғы 3 маусымда Думаның сайлау заңына енгізген өзгерісі бойынша, қазақ даласы мен Түркістан губерниясының тұрғын­дарын сайлау құқығынан айырылғандықтан, Думада бірде-бір қазақ болмады. 1913 жылдың 13 науры­зында кезекті Мемлекеттік Дума отырысында Мұ­сыл­мандар фракциясының басшысы Х.Тевкелев "Мемлекеттік Думаға сайлау ережесін өзгерту туралы" мәлімдемесін жария етеді. Осы кезден бас­тап қазақтарға Мемлекеттік Думаның Мұсылмандар фракциясына мүше болуға құқық берілді. 1916 жыл­дың ақпан айында Мұсыл­мандар фракциясының төрағасы Х.Тевкелев мұсылман халқының көрнекті қайраткерлері қатысуымен мәжіліс өткізді.

Мәжілісте фракция жанынан депутаттармен тең құқылы бюро құру туралы қаулы қабылдан­ды. Бюро құрамына мүшелікке Кавказ, Түркістан және Қырым өкілдері шақырылады. Бюроға Солтүстік Кавказдан Ахмет Цаликов, Қазақ уәлаятынан Ә.Бөкейханов, Уфа губерниясынан Ш.Мұхамедьяров пен З.Валиди енеді.

Әлихан Бөкейханов Түркістанның бір өкілінің болуы керектігін және оған Мұстафа Шоқайдың лай­ық екендігін айтып мәселе көтереді. М. Шоқай Бюро жұмысына 1916 жылдың 1 қарашасынан бастап кіріседі. Бұл құрылым өз алдына мәселе шешпе­генімен, халықтың арыз-шағымдарын, мұң-мұқта­жын Мұсылман фракциясына, ол арқылы Дума мүшелеріне, жұртшылыққа жеткізуде, фракция мүшеле­рін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.

Мұстафа Шоқайдың Алаш қайраткерлерімен байланысы мұғажырлық кезеңінде де жалғасқан. Тіпті, қазақ жерінде жүргізіліп жатқан Кеңес өкіметінің саясатын білу мақсатында жергілікті мерзімді баспасөз материалдарын, арнаулы еңбектерді арнайы тапсырыспен алдыртып отырған. Мұстафа Шоқайдың Ножан сюр Марн қаласынан 1927 жылдың 3 мамырында немере інісі Байдаулет Дабыловқа жолдаған хатында "алдағы күндері Қызылорда қаласында "Тар жол, тайғақ кешу" деп аталатын кітап шығуы тиіс. Осы кітапты және Абайдың кітаптарын таба алсаң, маған жіберші",- деп өтініш білдіреді. Осы деректе Сәкен Сейфуллиннің әлі жарыққа шықпаған кітабын сұратқаны арқылы М.Шоқайдың С.Сейфуллинің тікелей өзімен немесе қазақ қайраткерлерімен байланыстың жақындығын байқауға болады.

Орынборда өткен Бүкілқазақ сьезінің жиналысына Мұстафаға 1916 жылы көтерілістің жетекшісі Амангелді Иманов бастаған бір топ Торғай қазақтары келіп, құрылтайдың шешіміне риза еместігін білдіреді. Ру намысы туралы сөз болады. Олардың ойларынша, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов бастаған басшылар­дың пікірін арғын­дардың бел алуы деп қабылдайды. Осы арғындар бастаған өкіметіне қарсы күресте қыпшақ баласы Мұстафа Шоқайды өздеріне жетекші болуына ұсыныс жасайды. Бұл ұсыныс­қа "осындай қиын-қыстау уақытта тұтас ел қамын бірігіп ойлаған жөн, сіздердің бұлай бөлінулеріңіз жарамас", - деп жауап береді. Осыдан Мұстафа Шоқайдың тек қазақ халқының азаттығы жолында ғана емес, күллі түркі жұртының бірлігі, тәуелсіздігі мақсатында күрес жүргізгенін аңғаруымызға болады.

Мұстафа Шоқайдың өмірі Түркістан халық­тарының кеңес билігіне қарсы жүргізген демок­ратиялық күрес тарихының маңызды бір бөлігі болып табылады. Оның жан дүниесі, дүниетанымдық көзқарасы, ақыл-парасаты дәстүрлі дала мәдениеті мен батыс мәдениетінің өзара тоғысында, ұлт-азаттық қозғалысының өрлеуі жағдайында қалыптасады. М.Шоқай үшін студенттік шағынан неміс ауруханасында көз жұмғанына дейін тәуелсіздік идеясы - басты мәселе, ұлттық бостандық - ең жоға­ры құнды­лық, өмірінің мән-мағынасы, халыққа қызмет ету жолындағы шығар биігі болып қалады.

Қазақ халқы М.Шоқайды мақтан тұтады, оның сіңірген еңбегін жоғары бағаламау мүмкін емес. Дегенмен де, Мұстафа Шоқай тек қазақ халқының ғана емес, барлық түркі халықтарының көрнекті қайраткері. Түркі халықтарының жүректерінен орын алған оның идеялары мен күресі қазіргі заманғы барлық түркі әлемі қайраткерлері үшін үлгі болып, оны өз өмірін қазақ халқы мен басқа да түркі халық­тарының бостандығына арнаған нағыз көрнекті тұлғаға айналдырады. Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы төбемізде нұрын желбіреп шашып тұрғанда, тәуелсіздіктің қайтпас күрескері Мұстафа Шоқайдың уақыт өткен сайын рухы ашыла түсіп, жоғарылай беретіні анық.

 

Қуаныш Бектұрғанов,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің

магистранты

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

"Рухани жаңғыру" идеясын қалай түсініп жүрсіз?

Ұлттық құндылықтарды қайта жаңғырту - 56.3%
Адамның өзін-өзін жетілдіруі - 6.3%
Тарихты тірілту және өткенді зерттеу - 0%
Ата-тегіңді түгендеу - 6.3%
Тарихи мұраларды шетелге таныту - 31.3%

Дауыс саны: 16
The voting for this poll has ended on: 10 Қаз 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 22 23
24 25 26 27 28 29 30

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.