Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ

 

Қазақ жазба әдебиетінің ұлттық тарихындағы ерекше жылдар тізбегінде Алаш қозғалысы дәуірінің алар орны зор. Көркем проза, драма, әдеби сын жанрдың алғашқы үлгілерінің туып қалыптасуы ұлттық жазба әдебиетінің жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін байқатты. Бұл бағытта Алаш қайрат­кері М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" туындысы тұңғыш роман болса, Алаш қозғалысы өкілдері Ж.Аймауытовтың, М.Әуезовтің, Қ.Кемең­гер­ұлының драмалық туындылары осы жанрдың алғашқы қарлығаштары болғаны белгілі.

Қазақ халқының бойында елжандылықты, ұлт­шыл­дықты қалыптастыруды мақсат еткен М.Дулатов "Оян, қазағын", А.Байтұрсынұлы "Маса­с­ын" жазса, Ғ.Қараш "Бала тұлпары" туындысы арқылы әдебиеттегі елшілдік ұранды күшейтті. Бұл жаңашыл дәстүрді Жүсіпбек, Мағжан, Сұлтан­махмұт, Мұхтар, Бейімбет секілді жас дарындар тың қырынан жалғастырып әкетті. Соның нәтиже­сінде, Алаш қайраткерлері қазақтың тұң­ғыш ­романдары мен драмалық шығар­маларын, ал­ғаш­қы әдеби-сын мақалаларын дүниеге келтіріп, өмірді бейнелеу тұрғысынан да, жанрлық жағынан да, көркемдік сипатынан да осы уақытта жазба әдебиеттің қалыптасу кезеңіне нық қадам басқанын байқатты. Шамасы он-он бес жылдың ішінде Алаш қаламгерлері ұлттық әдебиеттің жаңа кезеңін қалыптастыра отырып, сөз өнерінің халық тағдырын­дағы рөлі мен маңызын, тарихи миссиясын көрсете алды.

 

Алаш әдебиеті өзінің көркемдік қырынан әр түрлі болды. Атап айтқанда, ХІХ ғасырдың аяғынан бері келе жатқан әдебиеттегі ағартушылық пен сыншыл­дық реализммен бірге романтикалық, сентимен­талистік тәсілдері кеңінен көріне бастады. Ол М.Жұмабаевтың тұтас шығармашылығынан байқа­ла­ды. Көркемдік тәсілдің алуандылығы ұлттық сөз өнерінің жаңа деңгейге аяқ басқанын аңғартты. Бұл азатшыл әдебиеттің беті мен екпіні, бағыты мен мазмұны Алаш қаламгерлері жазықсыз жазалана бастаған 1920 жылдардың соңына дейін жалғасты. Алаш ұранды әдебиет өкілдерінің дәстүрлері 1920-30 ж.ж., одан кейінгі кеңестік кезеңде де жалғасын тауып жатты. Алаш қаламгерлерінің есімдері мен еңбектері 1980 жылы ақталып, қазақ қоғамының мәдени-рухани болмысына әлі күнге дейін ерекше әсер етіп келеді.

Алаш қайраткері А.Байтұрсынұлының есімі мен еңбектері төңкеріске дейінгі кезеңде-ақ қалың ел, дүйім көпшілікке кеңінен мәшһүр болатын. Ел ішінде Ахметтің есімі ұстаз ретінде ғана емес, әділетшіл аза­мат, сондай-ақ ақын ретінде де мәлім бола бастай­ды. А.Байтұрсынұлының әдеби мұрасы сан салалы, әрі қомақты. Алайда, оның творчестволық қалыптасуында айрықша мәнге ие екі жинағын атаған абзал. Оның халыққа аудармашы ақын ретінде танытқан тұңғыш жинағы 1909 жылы Петербургте жарық көрген "Қырық мысал" да, екіншісі 1911 жылы жарық көрген "Маса" жинағы. "Қырық мысал" еңбегіне А. Байтұрсынұлының орыстың әйгілі мысалшы ақыны И.А.Крылов­тан аударған қырық мысалы енген. Жинақ­тың "Қырық мысал" аталуының мәнісі де осында.

1911 жылы Орынборда жарық көрген "Маса" - Ахмет Байтұрсынұлының төл өлеңдерінің топ­тамасы. Бұл кітаптың XX ғасыр басындағы қазақ­тың қоғамдық өміріндегі үлкен әлеуметтік мәселелерді батыл көтеріп, өз дәуірі үшін елеулі мәнге ие болғаны, қазақ қауымы ортасында салиқалы ой туғызғаны белгілі. Жинақтың мақсаты оның "Маса" аталуынан да танылады. Ақын кіріспе өлеңінде масаны ызыңымен елді енжарлығынан, жалқаулығы мен ұйқысынан оятуға септігі тиетін бейне етіп алады. Кітаптағы өлеңдердің тақырып­тық-идеялық мазмұнынан автордың ағартушылық көзқарасы да жақсы танылады. Халық тағдырына жаны күйіп, оны ұйқысынан оятуға, серпілтіп, жігерлендіріп, алға жетелеуге күш салған азаматтың үні естіледі. "Қазақ салты", "Қазақ қалпы", "Жиған-терген", "Жұртыма", т.б. өлеңдері - бұған дәлел. "Қазақ салты" өлеңінде ақын қазақ қауымының әртүрлі өкілдерінің мақсаты мен өмір-тіршілігін сын көзімен саралай келіп, "ұмтылып талап ойлап талпынбаған" елінің енжар, жайбасар халіне күйініш білдіреді. Елінің бұл халіне оқыған азамат ретінде өзін де кінәлі санай отырып өлең аяғын: "Бұл бір сөз қасірет етіп хатқа жазған, Қалмаған түк қасиет, қазақ азған. Байға-мал, оқығанға шен мақсат боп, Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан",-деп, азаматтық үлкен қиналыспен бітіреді.

Қазақтың жерін ғана алып қалмай, ой-санасын да отарлауға айналған патшалық озбырлық пен большевиктік қызыл қырғын кезеңдерде әдебиет пен саясат майданында халқына қапысыз еңбек етіп, ұлттық сананы қалыптастырған Ахмет Байтұрсын­ұлын­дай ұлы тұлға тарихымызда сирек. Жалпы, А.Байтұрсынұлы шығармашылығы XX ғасыр басындағы демократтық әдебиетке тән дәстүрлі ағартушылық, сыншылдық сипатта қалыптасты.

XX ғасырдың басы - талайдан бері өз ырқы өз қо­лынан шығып, телімге түсіп кеткен қазақ халқы­ның томаға-тұйық қалыптан оянып, бас көтере бастаған шағы. Әлеуметтік-саяси жағынан алған­да, бұл кезең патша өкіметінің қазақ даласында отаршылдықты күшейтіп, шаруашылық жағдайы онсыз да оңала алмай жүрген панасыз елге езгісін асыра түскен жылдар еді.

Сол жылдары Әлихан Бөкейханды, Ахмет Байтұрсынұлын үлгі етіп, ұстаздарына санаған Міржақып Дулатов қазақ қоғамының өзекті мәсе­лелерін күн тәртібіне шығара білді. Қазақты отарлау саясаты көзі ашық, санасы ояу, халқының қамын ойлайтын, озық ойлы азамат М.Дулатұлына қозғау салды. Ол да Алаш зиялыларына еріп, адамзаттың тарихи көшінен қалтарыс қалып, тымырсық жатқан елдің тығырықтан шығар жолын іздестіріп шарқ ұрды. Бастапқыда таза ағарту­шылық сарында туындап, сонан соң барып саяси сипат алған бұл қозғалыс патшалық биліктің саяси дағдарысқа ұшырауы, елдің түрлі аймақтарында, әсіресе түркі тілдес халықтар арасында ұлт-азаттық, либерал­дық-демократиялық тұрғыдағы сана-сезімнің ояна бастауы жағдайында анық әлеуметтік құбылыс дәрежесінде бой көрсетті. Міне, осындай тарихи ахуалда Міржақып ұлы мақсаттар мен асыл мұрат­тар жолында құлаш сермейтін кеңістікке қарай бойлады.

М.Дулатов Санкт-Петербург сапарынан Торғай­ға белсенді қайраткер, саяси күрескер ғана емес, сонымен бірге шабытты ақын да болып оралады. Жылдам жазып, түрлі тақырыптар төңірегінде ой толғаған тебіреністері бірер жылдың ішінде толыққанды жинақ болып түзіледі. Ақын оны Уфа қаласындағы "Шарқ" баспасынан "Оян, қазақ!" деген атпен 1909 жылы кітап бастырып шығарады. "Оян, қазақ!" қолдан қолға, ауыздан ауызға тарап, шамалы уақыт ішінде ақынның атақ-даңқын алты Алашқа әйгілі етті.

Мағжан Жұмабаев тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны "хакім" деп атады, ұлы ақынның "мың жыл жұтса дәмі кетпес" сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты. Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты М.Жұмабаев "Шын сорлы" өлеңінде ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерсе, "Ләззат қайда?", "Жазғы таң", "Өнер-білім қайтсе табылар", "Балалық шақ", "Қазағым", "Қарағым", "Осы күнгі күй", "Мен сорлы" шығармаларында халқын өнер-білімге шақырды.

Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін М.Жұмабаев ұлт-азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктерге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі - отаршылдық деген шешімге келді.

Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып, қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды. Оған "Туған жерім - Сасықкөл" өлеңі дәлел. Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп "Мен жастарға сенемін"  өлең­дері жарыққа шықты. М.Жұмабаев поэзиясын­дағы құнарлы арнаның бірі - түркі тақырыбы. Түркі халықтарының бірлігі тақырыбы Мағжан поэзия­сының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті.

Ақын "Шолпан" жинағындағы "Орал тауы" өлеңінде: "Қосылып батыр түрік балалары, Таптатпа, жолын кесіп, тізгінге орал", - деп жазды. Ерекше атап өтетін бір жайт - М.Жұмабаевтың түрік халқының шет ел басқыншыларына қарсы азаттық қозғалы­сына үн қосуы. Мұнда реалистік,  романтикалық сарындар бір-бірімен астасып, бірге өріліп отырады.

Алаштық идея әрбір саналы қазақты ойлан­дырғанына, ойландыра беретіндігіне күмән жоқ. Өйткені, Алаш қозғалысының мақсаты - ұлттық тәуелсіз мемлекет құру. XX ғасырдың басында ұлтының дербестігі үшін бірігумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің еңбегі Алаштың өкшебасар ұрпақтарының есінен кетпейтіні анық. Алашшылдық сана қазіргі қоғамда тереңдей түсті. ХХІ ғасырдың әдебиеті қанатын кең жайып, халқымыздың ұлттық өресінің биіктеуіне ықпал етіп келеді.

Әйгерім Беккулиева,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің магистранты

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Қазір қай бағыттағы кітаптар оқылады?

Бизнес туралы - 53.8%
Әдеби - 7.7%
Мотивациялық - 0%
Шытырман оқиғалы - 7.7%
Саяхат туралы - 30.8%

Дауыс саны: 13
The voting for this poll has ended on: 17 Мам 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 22 23
24 25 26 27 28 29 30

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.