Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Серіктестер

АЛАШ ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

 

Алаш партиясының қазіргі тәуелсіз еліміздің мемлекет болып қалыптасуында маңызы зор. Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға қойылған мақсат, еліміздің ең алғашқы құрылған ұлттық-демократиялық, саяси партиясы болып табылады. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін төл тарихымызда да жабық тақырыптарға жол ашылып, бұрынғы тотали­тар­лық жүйенің күштеп таңуымен орнығып келген қатал тарихи шындықтар ашыла бастады. Тарихшыларымыз жазуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтар да ашыла баста­ды. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің негізінде қайта обьективті зерттеуді талап етіп отырған мәселе Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының қызметі және ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен күрделі тағдырлары екені тарихи шындық.

 

"Алаш" партиясының құрылуы, мақсаты мен қызметі 1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық-демократиялық қозғалысы жетекші­лерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреуінен туындады. Өйткені Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеумет­тік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізуін жалғастырды. Өзінің мәні жөнінен империалистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселелерді шешуді қолға алған жоқ. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-демократиялық автономия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті Уақытша үкімет ақтамады. Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бөкейхановтың көзқарасы күрт өзгерді. Ә.Бөкейхановтың кадет партиясынан іргесін аулақ салып, енді қазақ автономиясын құруға мұрындық болуға тиісті ұлттық-саяси партия ұйымдас­ты­руға бел шеше кірісуі үлкен саясаткерге тән батыл қадам болды. Бірінші бүкілқазақтық сьезд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Ферғана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты. Сьезге қатысушылар саны аз болғанына қарамастан (20 адам), оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді.

1. Мемлекеттік басқару формасы. 2. Автономия құру мәселесі. 3. Жер мәселесі. 4. Халық милиция­сын құру. 5. Сот ісі. 6. Дін мәселесі. 7. "Алаш" саяси партия­сын құрып, оның бағдарламасын жасау. 8. Құрыл­тай жиналысын шақыру. 9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы. 10. Жетісудың ашыққан халқына көмек. 11. Халық ағарту ісі. 12. Земство. 12. Әйелдер­мәселесі. 13-14. Киев қаласында болатын бүкіл Ресей федерациясы съезіне және Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.

Х.Досмұхамбетовтың төрағалығымен, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың және А. Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші жалпы­қазақтық сеьзд делегаттары осы 14 мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай сьезіне дайындық және қазақтың саяси партиясын құру проблемаларына аударды. Бірінші жалпықазақтық сьезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі - қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды. Жаңадан құрылған партия "Алаш" деген атқа ие болды. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сьезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, Семейден Әбікей Сәтбаев, Торғайдан Әлжан Байғарин, Оралдан Жаһанша Досмұхамбетов, Бөкейден Уәлихан Таңашев, Жетісудан Базарбай Мәметов, Сырдариядан Мұстафа Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақтың либералды-демократиялық интелегенция­сының көсемдері басқарған Алаш партиясының құрамына қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері - М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торай­ғы­ров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов т.б. кірді. Олардың басым көпшілігі 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда социалистік идеологияны, таптық прициптерге негізделген күрес бағдарламасын қабылдаған жоқ, өйткені Алаш партиясы қайраткерлерінің пікірінше, сол кездегі қазақ қоғамы тұтас алғанда оған дайын емес еді. Сондықтан да, олар өз күресін жалпыұлттық мүлдеге негізделген "қазақ халқын отарлық езгіден құтқару үшін" деген ұранның астында топтастыруға бағыт алды. Бұл бағытты жүзеге асырудың басты құралы - бірінші жалпы­қазақтық сьезінде дүниеге келген Алаш партиясы болу керек деп түсінді. Сьездің күн тәртібіндегі 14 мәселе бойынша қабылданған қарарлар 1917 жылғы "Қазақ" газетінде қарашаның 21-күні жарияланған Алаш партиясы бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты. Алаш 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар жалпыұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне қойып, оларды шешу жолында айтарлық­тай қызмет атқарды. Бұл ең алдымен, партияның бағдарламасының жобасын дайындаудан, қазақ ұлттық мемлекетін құру ісіне белсенді түрде кірісуден, қазақ қауымынан Құрылтай жиналысына депутаттар ұсынып, оларды сайлау ісіне қажырлылықпен атсалысудан аса айқын көрінеді. Бұл әрекеттердің барлығы 1917 жыл­дың екінші жартысында жасалды. 1917 жылғы шілде айынан бастап Алаш партиясы сол кездегі мүмкін­діктер аясында саяси күреске белсене араласа бастады. Бұл күрестің түпкі мақсаты қазақ халқын отарлық езгіден құтқару мен жаңа үлгідегі оның мемлекеттігіне қол жеткізу болды.

Петроградта төңкеріс жеңіске жетіп, Қазақ-станда Кеңес өкіметін орнату процесі жүріп жатқан кезде, "Қазақ" газетінің 1917 жылы қарашаның 21-інде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Жоба 10 бөлімнен тұрды: 1) Мемлекет демократиялық республика болу. Үкімет басында құрылтай жиын мен Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты­ министрлер арқылы басқару, ол министр­лер құрылтай жиын мен Дума алдында жауапты болу. Депутаттар түгел, тең, төте құпия сайлаумен сайла­нады. Сайлау құқығында дін, еркек-әйел тең болу. Заңды жалғыз ғана Дума шығару. 2)Жергілікті бостандық Қазақ жүрген облыстардың бәрі бірдей, өз басқаруы өзінде болып, қазақ елі Ресеймен бір болу, немесе өз алдына жеке болу. "Алаш" партиясы әділдікке жақ, халыққа жақын, жәбірлерге жау болады. 3)Негізгі құқық Ресей респуб­ли­ка­сында дініне, жынысына қарамай, адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіндік беру, сот шеші­мінсіз, ешкімді тұтқынға алмау; 4)Дін ісін мемлекеттен бөлу. Дін ұстануға ерік берілу. 5)Сот жүйесі әр халықтың билік пен соты тұрмыс ыңғайына карай бейімдеу. 6) Ел қорғау үшін елде жаппай шақыртулар жүргізу. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, сол жерде қызмет ету: әскерге берген­де туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару. 7)Салық әл-ауқаты, табысқа қарай байға, кедейге мүмкіндігінше әділ жолмен міндеттеу. 8)Жұмысшылар заң аясында жұмыс істеу. 9)Ғылым-білім үйрету оқу ордалары барлығына ашық ақысыз болу; кітапханалар ашу, жұртты жалпы оқумен қамту. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу; қазақ өз тілінде орта мектеп, универ­ситет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу; үкімет оқу ісіне аралас­пау. 10) Жер мәселесі жергілікті жұртқа берілу; қазақтарға тиесілі жерлерге орналасқанша, қазақ жеріне қоныс ауда­рушылардың келмеуі; бұрын тартып алынған жерлерді қазаққа қайтару; қазаққа тиесілі жерді жергілікті комитеттер арқылы шешу деп көрсеткен. Жобаны жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов.

"Алаш" шын партиясы аз уақытта, саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға өту "кезеңін" бастан кешірген өтпелі саяси ұйым болғанына қарамастан, қоғамдық-саяси өмірге араласа бастаған кезден түбірлі екі ұлттық мақсатты - қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамының өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысана етіп белгіледі. Осы негізгі мақсаттарды және олардан туындайтын басқа да әлеуметтік-саяси міндеттерді шешуді Алаш басшы­лы­­­ғы эволюциялық реформа жолымен жүзеге асыруды көздеді. Өздерінің алдына ел тағдырына байланысты, елдегі билік жүйесіне байланысты үлкен мақсат қойды, елдікке ұмтылды. Бірақ, бұл мақсаттарына жете алмай, алаш зиялылары, интеллегенциялары сол жолда құрбан болды. Әйтсе де, "Алаш" партиясы және оның қайраткерлері төл тарихымыздан үлкен орын алып, халықтың жүрегіне елдікке деген сенім мен үміт ұялатты. Сол аумалы-төкпелі қара түнек кезеңде сәуле­дей жарқырап шыққан Алаш партиясының тағдыры осылайша қатал аяқталды.

Бүгінгі таңда ғасырлар бойы аңсаған тәуел­сіздікке қол жеткізген қазақ халқы үлкен тарихи сынның алдында тұр. Ол - ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздігімізді баянды ету, мемлекет­тігімізді әлемнің дамыған елдері­мен теңестіру.

 

Сәкен Серікбаев,

тарих ғылымдарының кандидаты

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінгі күні оқушылар мамандықты қалай таңдайды?

Ата-анасының қалауымен - 60%
Өз таңдауына сүйенеді - 0%
Гранты бар мамандықтарға барады - 0%
Көпшілік таңдауына мән береді - 10%
Шет аймақтардағы ұпайы аз мамандықтарға беттейді - 30%

Дауыс саны: 10
The voting for this poll has ended on: 17 Қаң 2018 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 22 23
24 25 26 27 28 29 30

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.