Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды бағып, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп жүрген керемет...

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  Ойнамайтын бала жоқ. Сухомлинскийдің сөзімен дәлелдейтін болсақ, "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты...

АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Кезінде АҚШ-қа кетіп қалған көрнекті микробиолог ғалым, полковник Кен Алибек туралы (азан шақырып...

 АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.  Ауысады күнде саба, толағай.  Бірі барда бірі болмай,...

 Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

 Сыр бойы – туризм саласынан кенде емес аймақтардың бірі. Айтатыны жоқ, Қазақстан өзінің...

  • Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

    Арда туған азаматқа дем беріп,арғымақ келді жаңа жылды өңгеріп

  • Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

    Ұлттық тәрбиенің мәні – ұлттық ойындар

  • АҚШ -тағы КЕН АЛИБЕК ЕЛГЕ ҚАЙТА ОРАЛДЫ

  •  АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

    АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

  •  Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

    Қамбаш көлі туризм аймағына айнала ала ма?

Бас редактор бағаны

"Әлімсақ" журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Көбегенұлы Нұрмаханов

 Бас кеспек болса да...

Журналға тіркелу

Валют бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Мұрағат

Серіктестер

Latest News

СМАРТ БЕСІК ПЕН ЭЛЕКТРОНДЫ ЖАЙНАМАЗ ҚАЗАҚТЫҢ БҮГІНГІ ӨМІРІНЕ ӨЗГЕРІС ӘКЕЛЕ АЛА МА?

 

 

 


Қазақ қазақ болғалы қай заман!? Талай жел соқты, талай су ақты. Ғасырлар бойы аттың жалында, атанның қомында Сырдан қырға, қырдан Сырға төрт түлік мал қамымен дала төсін шиырлаған ата-бабаларымыз ұлттық дәстүріне берік ұлт болғанын білеміз.

Расында, аттың жалында, түйенің қомында тал бесігін артып, қыстаудан жайлауға, жайлау­дан қыстауға айлап көшкен қазақ пен жаңа ғасырдың жас қазақтарының айырмашылығы қазір жер мен көктей. Әуелі отарбаға, автокө­лікке ауызын ашып, жағасын ұстап таңданған қазақ келе-келе ұшаққа отырып, онан кейін айға ұшып, жұлдыздарға жол салған ғарыштық зымы­рандарға да бойы үйреніп, көзі қанықты. Таң қалудан қалғалы қай заман?! Жетпісінші жылдары ЭВМ таңсық болған еді. Ол да қолданыстан біртіндеп шығып, қолдан сусып барады.

 

Адамзат тарихының алтын босағасын осыдан он бес-жиырма жыл бұрын аттаған ХХІ ғасыр өз өзгерісін, өз жаңалығын жұртқа жаппай таныта келді. Бір заманда "айшылық алыс жерлерді заматта алдырған" радио, АТС байла­ныстарының төрін қалта телефондары басты. Ол қазір үлкеннің де, кішінің де жан серігі сияқты. Тіпті екі жасар бүлдіршіндер оны қолдануда, пайдалануда үлкендердің өзін таң қалдырып жүрген жайы бар. Ол ол ма, интернет және басқа ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары қазір айналаңда желдей еседі.

Кешегі күндері робот адамдардың қолда­нысқа енуі, адамзаттың айға ұшуы, мұхит тұңғиығында асыр салып, небір ғажайып жаңалықтарды ашқалы көрген түстей болып жүргенде өзіміздің қара көздеріміз де басқаларды таң қалдыра бастады. Жуырда интернет желісінде Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты Серікбол Шаймардан бауырымыздың элект­ронды бесік ойлап тапқанын еліміздегі бұқа­ралық ақпарат құралдары табанын жерге тигіз­бей жарыса жазғанын көзіміз шалып қалған еді.

Мұны интернет желісінен көздерімен көрген­дер де, құлақтары шалғандары да айран-асыр қалған. Қазақ баласының тал бесікке бөленіп (кейін ағаш бесікті темір бесіктер алмастырды), ана әлдиін есітпегені жоқ. Бәрі киелі бесіктен түледі. Ұлтымыз үшін бесік киелі ұғым саналған. Бесікті аяғыңмен түртуге, бостан-бос тербетуге, далаға шығарып тастауға болмайды.

Енді осындай киелі бесігіміздің орнын смарт бесік басқалы тұрған көрінеді. Оның авторы жоғарыда айтқанымыздай, магистрант Серікбол Шаймардан. Иә, уақыт өз ырқына көндіреді. Сонан да шығар, бесік сияқты киелі құнды­лығымызды осы заманғы шетелдік бұйымдар біртіндеп ығыстыра бастағаны. Тіпті сатылымға алғашқы сериясы түсе бастаған смарт бесіктің ерекшелігі жөнінде оның авторы былай дейді: "... Қазақтың ұлттық бесігіне заманға сай өзгеріс енгізіп, әрі ұлттық, әрі электронды қылып жоба­ла­ған жайым бар. Алғашында бесіктің маңыз­дылығы туралы зерттедім. Бұл жоба менің алты жылдық еңбегім".

Жаңалық иесінің айтуынша, электронды ұлттық бесік автоматты түрде тербетіліп, бала тәрбиесіне сәйкес таңдамалы әлди әуендері дыбысын шығарады. Бала жыласа, қалауы­ңызша әлдилеп шуылсыз тербетеді. 12 вольттық кернеумен жұмыс жасайтындықтан бала үшін қауіпсіз. Керек болса, батареямен де жұмыс істейді. Пультпен бұл смарт бесікті алыстан да басқаруға әбден болады. Бір қызығы, бала дәретке отырып қойса, көрпесі ашылып қалса хабарлайды, температурасында өзгерістер бола қалған жағдайда автоматты түрде сезеді. Бесіктің ұзындығы 100 см, ені 40 см, биіктігі 60 см. Стандарт бесіктің сыртына кигізілетін қалып немесе бесікті орнататын жиналмалы тұғыры бар. Бесікті 5 режим бойынша ақырын не жылдам тербетуге болады. Тербету уақытын 90 минутқа дейін созуға болатын смарт бесікке магнит орналастырылған. Айтпақшы, бесіктегі бірнеше құрылғының әрқайсысы бөбектің дене қызуын, жөргектің ылғалын анықтап, егер бала жатқан бесіктің қызуы бөлме температурасынан түсіп, не асып кетсе, "Балаңыз тоңып қалды" не "Балаңыз сырқаттанып қалды" деген дыбысты ескерту айтылатын көрінеді. Тербетілгенде қондырғыға енгізілген "Бесік жыры" ойнап, бөбекті жұбататыны тағы бар.

"Смарт бесіктің арнайы құрылғыны қосқан­дағы жалпы бағасы 50 мың теңге, бесікті смартбесікке айналдыратын тербет­кіштің құны 39 мың теңге" делінген интернет парақшасында. Сонымен осы жаңалық жөніндегі жұртшылық пікірін білмек үшін бірнеше адамға сауал жолда­ғанбыз.

Мұқан ӘБСАХИЕВ:

- Мен ауылда дәрігер болып қызмет атқа­рамын. Әрине, бесіктің ауылдық жерде көп қолданыста болатындығын жақсы білесіңдер. Смарт бесік уақытпен бірге біздің өмірімізге енді ғана енгізілетін жаңалық, оның пайдасы ауылдық жердегі жас аналардың жұмысын жеңілдетеді. Естуімше, бөбектің жүйке жүйесіне күш түсірмейді. Бағасы да онша қымбат емес".

М.ӘЛИМАҒАМБЕТОВА, зейнеткер:

- Мен әжемін. Өз балаларымның бәрі есейіп үйлі-баранды болып кеткен. Немерелерімнің алды балалы болып, шөпшегімнің қолынан су ішкен бақытты анамын, балаларымның бәрін тал бесікке салып, тербетіп өсірдім. Үй шаруа­сына бала тербете жүріп уақыт табатынбыз. Бұған қоса жасы тоқсаннан асқан қайын атам мен енеме бәйек болған кезімде де бала жатқан бесікті бір сәт көзден таса қылмай­тынбыз. Электронды бесік туралы әңгімеге келсек, несі бар, ол да уақыттың жаңалығы. Бірақ сол смарт бесігің келіндерді жалқау­лыққа бой алдырып, баласына деген аналық сезімінен алшақтатпаса болғаны. Меніңше, анасы өз дауысымен әлди жырын айтып, бауырына басып отыратын тал бесікке не жетсін.

Мұсылман қауымы бес уақыт намазын қаза қылмай, тізесінің астына жайып жіберіп оқитын жайнамаз жайында оны неге, қай уақытта пайдалануға болатындығы туралы ел-жұрт жақсы біледі. Бұл мұсылман баласын намазға жығуда қолданатын бірден-бір қасиетті дүние. Сондықтан уақыт озып, өмір жаңарып, жаң­ғырған сайын адам тұтынған қандай бір зат та өзгеріске ұшырап жатады. Бірі қолданыстан шығып, бірі адамдар­дың сұранысына сәйкес қолданысқа енгізілетіні заң­дылық.

Бұл тұрғыда электронды жайнамаз мұсыл­ман қауымы, оның ішінде басын сәждеге қойып, бес уақыт назамын қаза қылмайтын бауыр­ларымыз үшін жүрдек уақыт тосқан соны жаңалық болды. Осы электронды жайнамазды қолданып, намаз оқу сабақтарын кәдімгідей оп-оңай меңгеріп алған Тасбөгет кентінің тұрғыны Нұролла Садықов былай дейді:

- Мен Пайғамбар жасы 63-тен асқан соң намазға жығылуды, намаз сабақтарын үйре­нуді мұрат тұтқан көпшіліктің бірі едім. Байқай­мын, жас келген соң оған бірден дағды­ла­ну мен үшін қиынға соқты. Осындай тұста маған көмекке электронды (смарт) жайнамаз көмекке келді. Бір басында бірнеше құрылғылары бар смарт жайнамаз намазға жығылған уақытта дыбысты ескерту арқылы бағыт-бағдар беріп отырады. Сен тек соны қайталап орындасаң болғаны. Міне, осындай жолмен мен аз ғана уақыт ішінде намаз сабақтарын үйреніп алдым. Оның зияны жоқ, пайдасы көп деп білемін.

Сонымен біз соны жаңалықтар ретінде тұрмысымызға соңғы кездері ене бастаған электронды бесік пен жайнамаз жөнінде кезекті әңгімемізге арқау еттік. Заман ағымы­на сәйкес алғашқысы сатылымға шыққан, екіншісі мұсылман бауырларымыз пайдалана бастаған екі дүние жөнінде оқырман ой-пікірлерін ортаға салдық. Лайым, бұл жаңалықтар өмірімізге дендеп еніп, қолданыс­тағы құндылықтары арта бергей.

 

Т.НҰРЖАН-БАЛТА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныс саны
Жаңарту

Іздеу

Сауалнама

Бүгінде журналистерге қай сала мамандарынан ақпарат алу қиын?

Медицина - 57.1%
Прокуратура - 0%
Сот - 0%
Департаменттер - 14.3%
Облыстық басқармалар - 28.6%

Дауыс саны: 7
The voting for this poll has ended on: 29 Шіл 2017 - 00:00

Жоба туралы

Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухына арналған «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

 «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы Зейнолла Шүкіровтің рухына арнап биыл төртінші рет дәстүрлі «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты талантты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы - М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Нәбира Ешниязова.

 

 

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:

Әлеуметтік желілер

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кім онлайн?

Қазір 24 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

As we continue our list of fantasy football”s top 101 PPR players of 2017 we have three players who have recently finished in the top-15 at their positions.

In fantasy football there will always be players who have an unexpected drop or rise from one year to the next. One player on today’s list was a top-six wide receiver in 2015. The next year,Vince Wilfork Jersey he wasn’t even a top-20 wide receiver.

The same can be said about a running back on today’s list who was a top-five running back in 2015. Last year, he wasn’t even a top-18 running back. Who are these players and what should we expect from them in 2017?

To be clear,J.J. Watt Jersey the top 101 PPR players are for re-draft leagues only. Here’s a look at players ranked No. 38-36:

Last season Patriots wide receiver Julian Edelman finished fourth in the NFL in receptions with 98. He also set a career-high in receiving yards with 1,106. In the end,Brian Cushing Jersey Edelman finished 2016 as the 15th PPR wide receiver. Unfortunately for Edelman, I see a regression coming his way in 2017.

The 2016 season was only the second time in Edelman’s eight-year career he played in all 16 games in a season. The other time came back in 2013. Going into 2017, the odds are against the 31-year old receiver to play in all 16 games in back-to-back years for the first time in his career. Even if he somehow manages to stay healthy for all 16 games, he’s sure to lose targets and receptions.

Last year Patriots star tight end Rob Gronkowski had a career-low 25 receptions. Gronk was never 100 percent during the 2016 season and only appeared in eight games. Going into 2017,DeAndre Hopkins Jersey he will be back to full strength. Also, the Patriots traded their 2017 first-round pick for Saints wide receiver Brandin Cooks. The former Oregon State Beaver will be the team’s new No.1 wide receiver.

Журнал туралы

«Әлімсақ» журналы – рухани серігіңіз

 Қазақтың ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан, әлімсақтан келе жатқан хатқа түскен тарихының, ұлттық болмыс-бітіммен астасқан әдебиеті мен мәдениетінің, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бірден-бір насихатшысы, Сыр бойының тарихында алғаш рет әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта жарық көрген «Әлімсақ» журналының оқырманына жол тартқанына алты жылға жуық уақыт болып қалды. 2009 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы нөмірі жарыққа шыққалы бері қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мақалаларды ортаға салып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін насихаттап, облысымыздың бүгінгі мәдени, әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді ақпараттандыруда журналдың қосып келе жатқан үлесі салмақты.